Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Жалпы рецептура нсауы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
88 Кб
Скачать
☆

Жұмсақ дәрілік түрлер

Жағылма Unguentum-Құрамында бір немесе бірнеше емдік заты және негізі бар сыртқа қолданатын дозаланбаған жұмсақ дәрілік түрі. Негізі ретинде вазелин, ланолин, жануарлар майы, синтетикалық негіздер пайданылады.

Recipe: Unguenti Zinci 50.0

Da. Signa. Теріге жағуға

ПАСТА PASTA –қою жағылма, себебі құрамында 25-65% ұнтақ заттары бар.

Бүл сыртқа қолданылатын дозаланбаған өндірісте жасалынатын дәрілік түрі.

Recipe:PastaeZinci 50.0

Da.Signa. Теріге жағуға

ЛИНИМЕНТ LINIMENTUM – сұйық жағылма, негізі сұйық өсімдік майлары, вазелин майы. Сыртқа қолданылатын жұмсақ дәрілік түрі.

Recipe: Linimenti Synthomycini 5% – 20,0

Da. Signa.

БАЛАУЫЗ СУППОЗИТОРИЙ SUPPOSITORIUM –бөлме температурасында қатты дене температурасында ерітін дозаланған жұмсақ дәрілік түрі.Құрамында

Емдіқ зат және негізі – какао майы болады. Балауыздың екі түрі болады: ректальды және вагинальды.

Қарапайым балауыздың жазылуы:

Recipe: Suppositorium cum Glycerino 1.5

Da tales doses numero 10

Signa. 1 бал. Тік ішекке

Күрделі коммерциялық атауы бар балауыздың жазылуы:

Recipe:Suppositoria» Anusolum» numero 10

Da. Signa. 1 бал. Тік ішекке.

.

Сұйық дәрілік түрлер

ЕРІТІНДІ SOLUTIO –құрамында бір ерітілген зат және еріткіш болады. Еріткіштер: су, сұйық майлар, этил спирті. Ерітінділердің түрлері: сулы, майлы, спиртті. Қолдануына байланысты бөлінуі: сыртқа, ішке, егуге. Сыртқа қолданатын ерітінділер көз, мұрын, құлаққа тамшы түрінде және шаюға, жууға, басуға түрінде тағайындалады.

Ерітіндінің концентрациясы үш түрлі болады:

1)проценттік (100 мл ерітіндідеғі дәрінің мөлшері)

2)қатынаста (көп дәрежеде сұйытылған кезінде)

3)салмақ-көлемдік қатынаста

Recipe:SolutionisNaphthyzini 0.1%-10ml

Da.Signa. Мұрынға тамшы

#

Recipe:SolutionisFuracilini 1: 5000-500 ml

Da.Signa. Ауызды шаюға

#

Cпиртті ерітінділердің жазылуы:

Recipe: Solutionis Iodi spirituosae 5%-10 ml

Da. Signa. Теріге жағуға

#

Майлы ерітінділердің жазылуы:

Recipe:SolutionisCamphoraeoleosae 20%-50 ml

Da.Signa. Бұынды сылау.

Ішке қолданылатын ерітінділерді шай, ас немесе арнайы қасыктармен қабылданады. Бір ас қасық 15 мл, орташа қасық 10 мл, шай қасық 5 мл тең, ал 1 мл сулы ерітіндісінде 20 тамшы.

Recipe:SolutionisNatriibromidi 3%-200ml

Da.Signa. 1 ас қысыктан күніне 3 рет

Түндырма мен қайнатпа infusum et decoctum

Өсімдіқтін шикізатынан жасалатын сұйық дәріліқ түрі. Тұндырманы өсімдіктің жұмсақ, ал қайнатпаны қатты бөліктерінен жасайды су арқылы су моншасында үйде не дәріханада.Рецепт қысқа түрде жазылады:

Recipe:Infusiherbaeleonuri 20.0-200 ml

Da.Signa. 1 ас қасықтан күніне 3 рет

#

Recipe: Decocti cortices Quercus 30.0-300 ml

Da.Signa. Ауызды шаюға

#

ТҰНБА TINCTURA–өсімдіктен спирт арқылы өндірісте жасалынатын

Сұйық дәріліқ түрі. Рецепте жазылуы:

Recipe:TincturaeCrataegi 25 ml

Da.Signa. 25 тамшыдан күніне 2 рет

СЫҒЫНДЫ EXTRACTUM –өсімдіктен өндірісте жасалатын дәрілік түрі. Оның үш түрі болады: сұйық (fluidum), кою (spissum), құрғақ`(siccum), рецепте сығындының түрі анықталады.

Recipe: Extracti Viburni fluidi 25 ml

Da. Signa. 20 там. Күніне 2 рет.

ЖАҢАГАЛЕН ПРЕПАРАТТАР –балласты заттардан тазартылған

Тұнбалармен сығындылар. Бұл препараттар ішке, сыртқа егуге қолдануға болады. Рецепте жазылуы:

Recipe: Adonisidi 15 ml

Da. Signa. 20 там. Ішке күніне 2 рет.

ЭМУЛЬСИЯ EMULSUM-өзара ерімейтін сұйықтықтардан тұрады. Ішке және сыртқа арналған дәрі. Рецепте жазылуы:

Recipe: Emulsi olei Ricini 20.0-200 ml

Da. Signa. Ішке бір рет қабылдауға

СУСПЕНЗИЯ SUSPENSIO –дисперсты сұйық ортада ерімеген дәрілік қатты заты бар. Ішке, сыртқа, егуге арналған. Рецепте жазылуы:

Recipe: Suspensionis Hydrocortisoni acetatis 0.5%-10 ml

Da. Signa. Көзге тамшы.

#

МИКСТУРА MIXTURA-құрамында екі не оданда көп емдік заттары бар сұйық дәрілік түрі. Рецепте жазылуы:

Recipe: Infusi herbae Thermopsidis 0.5-200 ml

LiquorisAmmoniianisati 5 ml

Misce. Da.Signa. 1 ас қасықтан күніне 3 рет.