Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Технология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84 Кб
Скачать
☆

Ғылыми көпшілік әдебиеттерді, оқулық және оқу-әдістемелік құралдарды оқып-үйрену және оларды талдау.

Ғылыми-көпшілік әдебиет, ғылыми-танымдық әдебиет – белгілі бір ғылым туралы, сол ғылымды дамытқан ғалымдар жөнінде жазылған шығармалардың жалпы атауы. Ғылыми-көпшілік әдебиет, негізінен, сол саланың маманы емес адамдарға түсінікті тілмен жазылады. Тақырыбы жағынан ғалымдар ғұмырнамасын, іргелі және қолданбалы ғылымдар саласын, жиһанкездер саяхатын, т.б. қамтиды. Ғылыми-көпшілік әдебиет ғылымның жетістігін көпшілік қауымға насихаттаушы болып табылады. Лукреций Кардың «Заттың табиғаты» және М.В.Ломоносовтың «Шынының пайдасы туралы хаты» осы бағытта жазылған шығармалардың алғашқылары. Кейін Ф.Ф.Павленконың «Пайдалы білімдердің кітапханасы», В.В.Лункевичтің «Ғылыми-танымдық кітапханасы», «Тамаша адамдар өмірі» (200 кітап), т.б. елеулі еңбектер жарық көрді. Қазақ тілінде жарық көрген «Өнегелі өмір» сериясын, «Негеш», «Шаңырақ» энциклопедияларын осындай еңбектер санатына жатқызуға болады

Дидактикалық көрнекі материалдарды дайындау және оқып үйрену.

Оқушы оқу үдерісінде теориялық материалдар бойынша тапсырмаларды орындау барысында қиындықтарға кездеседі. Осындай жағдайда көптеген оқушылар оқулықтан үйренгеннен гөрі мұғалімнен сұрап білгенді жөн көреді. Сондықтан жеке оқушылардың тақырыпты игеруіне арналған дидактикалық материалдар жасау қажеттілігі туындайды. Көптеген мұғалімдер дидактикалық материалдарды білімді бақылау барысында қолданады. Бұл материал оқушылардың танымдық қызығушылығын, ойлау қабілетін белсендіріп, тақырыпты тереңдетілген түрде игеруге мүмкіндік береді.

Көрнекі құралдардың түрлерін білу мұғалімнің оларды дұрыс таңдап алуына және оқытуда тиімді түрде пайдалануға, сондай-ақ өзінің немесе балалармен бірге көрнекі құралдардың дайындап алуына мүмкіндік береді.Көрнекі оқу құралдарды табиғи және суретті құралдар деп бөліп қабылданған.

Дайындау тұрғысынан алғанда көрнекі құралдар баспахана тәсілімен немесе фабрикада дайындалған және мұғалімнің немесе балалардың өздері қолдан жасаған көрнекі кұралдар деп бөлінеді.Қолдан жасалған құралдар дайын көрнекі құралдарды толықтырады: бұлар - есептер кұрастыру үшін әр түрлі суреттер мен чертеждер құрастырмалы геометриялық фигуралар, цифрлар мен жеке сөздерді алмастыруға болатын таблицалар, көбейту мен қосудың электрлендірілген таблицалары т. б. Көрнекі құралдарды жасауға балаларды қатыстырып отырған пайдалы мұнын білімдік және тәрбиелік маңызы зор, білім мен біліктерді саналы түрде және берік меңгеруге, белгілі бір еңбек дағдыларына төселдіруге көмектеседі.

Еңбек технологиясы және кәсіпке оқыту жүйелерінің ұғымы.

Қазіргі уақыт талабына сай, кез-келген маман иесінің бойындағы жеке тұлғалық қасиеттер және кәсіби іскерлік қасиеттер мен қабілеттерге баса назар аударылуда. Себебі, бұл қасиеттер мен қабілеттер қазіргі кездегі техника, технология қоғамдық қатынастардың дамуына байланысты оларды қанағаттандыру қажет.

Кәсіпке баулу мұғалімінің басты міндеті - өз кәсіби құралдарымен болашақ кәсіпке оқыту. Кәсіби оқыту педагогына өте үлкен талаптар қойылады. Ол жаңа адамды қалыптастырады. Кәсіби оқыту педагогының кәсіби-педагогикалық қызметі кәсіби-техникалық білім беру аймағының ерекшелігімен сипатталады. Негізінен ол педагогикалық міндеттерді техника және технология құралдарының көмегімен орындайды.