Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Маг Программа ФиАс на каз 2016-2017.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
239 Кб
Скачать
☆

1.2. Кәсіби міндетті пәндер блогі үшін

№

Құзірет

Қалыптасу критерийі

Динамикалық хаос теориясы ұғымын, динамикалық хаос режиміндегі физикалық жүйелер мысалдарын, көрсетілетін хаостық тәртіпті бейсызық динамиканың негізгі эталондық жүйелерін, хаостық қозғалыстың негізгі характеристикаларын біледі және динамикалық хаос режимінде болатын жүйе өзгерісіне сандық анализ жасай алады.

Матлаб программалау ортасында дифференциалдық теңдеулерді шешуді, математикалық маятниктің тербелісін, еркін тербелісті, автотербелмелі жүйені (Ван-дер-Поль генераторы), логистикалық бейнелеудің бифуркациялық диаграммасын құруды, үш өлшемді фазалық кеңістіктегі динамикалық жүйені біледі.

Негізгі педагогикалық технологияларды, жоғарғы мектепте оқыту әдістерін, физика және астрономия пәндері үшін лекциялық және практикалық сабақтарды өткізу мен ұйымдастыру әдістерін біледі. Заманауи компьютерлік технологияларды, яғни интерактивті әдістерді қолдана отырып физика, астрономия, астрофизика пәндерін жоғары оқу орнында оқытудың икемділігін және практикалық қабілеттілігін біледі. Ғылыми-педагогикалық қызметте пайда болған есептерді профессионалды білімге сүйеніп шеше алады.

Оқу қызметіндегі негізгі заңдылықтарды игерген, жоғары оқу орнында физика және астрономия пәндерінен сабақ беру барысында оқытудың әдістері мен принциптерін, жаңа әр түрлі заманауи әдістерді қолдана алады, сабақ өту формасын, білім жүйесін қалыптастыра алады. Тәжірибеде физика және астрономия пәнін жоғары мектепте оқытудың әдістерін қалыптастыра алады. Ғылыми аумақта байланыс жүргізуге икемділік қабілетіне ие, ғылыми-педагогикалық ұжым жұмысына қабілетті, ғылыми-профессиональді қызметте өзін-өзі жетілдіру және жақсы қызмет үшін еңбек етуді біледі.

Заманауи астрометриялық фотометрияның әдістерін, есептерін біледі. Жұлдыздық фотометрия нәтижелеріне әсер ететін факторлар жайлы, жүйелік қателіктерге сәйкес келетін есептеу әдістері жайлы жалпы мағлұматқа ие. Заманауи астрономиялық фотометрияның әдістерін және инструменталды базаны қолдана алады.

Астрофизиканың эксперименталды әдістері курсында оптикалық диапазонда космостық көздерден электромагниттік сәуленің көлемін шығаруды бірнеше мың ангстремнан бірнеше мың микрометрге дейінгі диапазонда өлшеу дәлдігі үшін өлшейтін әдістерге қатысты мәліметтерге ие.

Жұлдыздардың ішкі құрылымы жайлы заманауи ақпараттарды, атмосфера және оның қойнауында өтетін физикалық процесстерді, бастапқы қалыптасу этапынан соңғы стадиясына дейінгі жұлдыздар эволюциясын біледі. Осы процесстерді басқаратын физикалық заңдылықтарды түсінеді. Өзінің мамандығы бойынша алған білімін, қабілеттілігін тәжірибеде қолдана алады.

Жұлдыздар атмосферасы мен оның қойнауында болып жатқан физикалық процесстерді, физикалық заңдылықтар негізіндегі жұлдыздар эволюциясының жолдарын біледі. Өзінің мамандығы бойынша ғылыми зерттеуде алған білімін қолдана алады. Астрофизика облысында заманауи ғылыми-техникалық әдбиеттерді қолданады.

Белгіленген норма және стандарттар бойынша ғылыми-зерттеу жұмысын жоспарлап, оны іске асыруға өзіндік қабілеті бар.

Ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізудің этикасын біледі. Қажетті информациялық дерек көздерін таба алады, зерттеу программасын құра алады. Мәліметтер жиынын өңдеп, талдап, қорыта алады. Ғылыми-зертттеу жұмысының мақсаты мен зерттеу әдістерін талдап, өзіне таңдай алады.

Ғылыми мәселені анықтай алады. Ғылыми гипотезаларды анықтайды және оларды тексеру үшін эксперименталды әдістерді ұсынады. Ғылыми-зерттеуді қаржылық қолдау жүйесін біледі. ҚР ғылым мен техника саласындағы басымдылықтарды біледі.

Ғылыми танымның әдістерін, принциптерін және ғылыми қызметтерді ұйымдастырудың құрылымын біледі.

Әдістеме, зерттеу әдістері, ғылыми парадигма секілді ұғымдарға еркін сүйене отырып, мазмұнын түсінеді. Ғылыми танымның негізгі әдістерін біледі. Оқытудың физикалық әдістерін және технологиялық әдістерін дайындауды таңдауды түсіндіруге қабілетті.

Эксперименталды астрофизиканың заманауи әдістері жайлы жалпы мағлұматқа ие және космостық базаландыру және жердегі өлшеу жүйелерінің ғылыми-техникалық даму тенденциялары, жиналған мәліметтер базасының қашықтан технологиялық бақылауды біледі.

Категория жүйесіне, эксперименталды астрофизиканың ғылыми-техникалық мәселелерінің терминдеріне бейімделген. Эксперименталды астрофизиканың негізгі даму тенденцияларын және оның заманауи даму этаптарын біледі. Мәліметтер базасына заманауи интернет технология арқылы қол жетімділікке бейімделген.