Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Молек. Сессия ОТВЕТЫ.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
102 Кб
Скачать
☆

12. Днқ репликациясы.Репликация этаптары

ДНҚ молекуласының ең маңызды қасиететрінің бірі оның өздігінен екі еселенуі (репликациялануы) болып табылады. ДНҚ реплиеациясының негізінде тұқымқуалаушылық туралы ақпарат ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз, тең мөлшерде беріліп отырады және ұрпақтың жалғасуын қамтамасыз етеді. Көптеген тәжірибелер нәтижесінде ДНҚ молек-ң репликациялануы жартылай консервативтік жолмен жүретіндігі дәлелденді. Алғаш болып 1958 жылы Мезельсон және Сталь E.Coli жасушасында байқаған.

Рэпликация процесі 3 сатыдан тұрады:

Инициация кезеңі – репликация басталуы үшін аналық молекула қос спиралінің ширатылуы жазылып, бірбірінен ажырауы қажет. Содан кейін бір-бірінен ажыраған спиральдар 2-ші спиральдың синтезделуі үшін матрица (қалып) қызметін атқарады. 2-ші спиральдың синтезін ДНҚ-полимераза ферменті өз бетінше ДНҚ синтезін бастай алмайды. Ол үшін 31 –ОН ұшы бар ұйытқы қажет. Ал ондай ұйытқы рөлін РНҚ ұйытқы атқарады. РНҚ ұйытқы ДНҚ синтезін комплементарлы принципте бастайды да, әрі қарай жойылып кетеді. ДНҚ молек-ң спиралдары бір-біріне антипаралельді болып келеді. Яғни репл-қ ашада оныі 31 және 51 ұштары бір-біріне қарама-қарсы орналасады. Демек ДНҚ синтезі спиральдың 51 ұшынан 31 ұшына қарай жүреді. Сондықтан репликативтік ашаның 1 спиральында ДНҚ үзіліссіз синтезделеді. Оны бастаушы тізбек деп атайды.

Эллонгация кезеңі . 2-ші тізбек үзіліп-үзіліп жүреді. Оны артта қалушы тізбек деп атайды. Артта қалушы тізбекте синтезделетін ДНҚ үзінділері Окадзаки фрагменттері деп атайды. Себебі бұл құбылысты 1968 жылы Окадзаки ашқан. Окадзаки фрагменттері ДНҚ лигаза ферментінің қатысуымен бір-біріне жалғанады.

Терминация – ДНҚ репликациясының аяқталуы.

18. Теломералар және теломеразалар.

Теломералар қызметі:

1 Мехникалық- хром ядро матриксіне беуіне қатысады, хроматидаларының ұштарын бір бірімен тіркестіреді.

2 Тұрақтандырушы - егер жасушада теломераза болмаса, үзілген хромосома ұштарын тұрақтандырады.

3 Гендердің экспрессиялануына ісер етеді - теломераға жақын орналасқан гендер экспрессиясы төмен болады, мұнда транскрипциялық үнсіздік немесе сайлинсинг деп а.

4 Есептеу қызметі - ДНҚ теломерлік бөлімдері теломеразаыз жасушаның қанша рет бөлінуін есептеп отыратын репликометр б.т.

Теломеразалар - хромосома теломераларының ДНҚсының g тізбегін ұзартатын ерекше ферменттер б.т. теломеразалар 450 нуклетидтерден тұратын теломеразалық РНҚ байланысқан. оның ортаңғы қысқа учаскесі теломеразалардың 1,5 теломерлік қайталануына комплиментарлы болады.

Теломераза қызметі, ол қысқа жаңадан синтезделген тізбекті ұзартпайды, ескі аналық ұзын тізбекті ұзартады.

аналық тізбектің 3прим ұщына теломераза бірізділікпен бірнеше ондаған гексонуклеотидтерді жалғайды. осыдан кейін Оказак ферментінің синтезделуі үшін матрица қызметін атқарады.

19.Генетикалық код, ген-қ код туралы түсінік, қасиеті, құрамы

Генетикалық код дегеніміз – тұқым қуалаушылық ақпараттың, яғни 20 аминқ-р туралы ақпараттың, ДНҚ молек-ғы 4 нуклеотидтер (А,Г,Ц,У) арқылы қысқаша жазылуғ сақталу және жүзеге асу жүйесі б.т.

Қасиеттері:

Триплеттілігі – қатарынан орналасқан 3 нуклеотид 1 кодон немесе трипледті құрап, 1 аминқ-н кодтайды.

Үздіксіздігі – кодондар бірінен кейін бірі үздіксіз бірізділікпен орналасқан.

Қайта жабылмайтындығы – кодондар бірін-бірі жаппайды, әр нуклеотид бір кодонның құрамына кіреді.

Коллинеарлығы – кодондар реті белоктағы аминқ-ң ретіне сай.

Артықшылығы – бір аминқ-н 1-6 жуық кодондар анықтауы мүмкін. Өйткені кодон спны 64, аминқ-ы 20.

Жүйелілігі – кодондағы нуклеотидтің ақпараттық маңыздылығының бірдей болмауы. 1-ші, 2-ші нукле-р маңызды болып саналады, ал 3-ші нуклеотид әртүрлі болуы мүмкін.

Арнайылылығы – әр кодон тек белгілі бір аминқ-н анықтайды.

Универсалдығы – барлық тірі органзмдерге ген-қ код бірдей.

Құрамы: 1954 жылы америка ғалымы Г.Гамов теория күйінде ген-қ код 3 нуклеотидтерден тұруы мүмкін деген болжам айтқан. Шынында да 4 нуклео-ден 64 әртүрлі үштіктерді (43=64) құрастыруға болады, және 64 кодон 20 аминқ-ы үшін әбден жеткілікті. 64 кодонның 61-і мағыналы кодондар, яғни 20 аминқ-ң біреуін анықтайды, ал 3-еуі (УАА, УГА, УАГ) мағынасыз кодондар, яғни ешқандай аминқ-ы анықтамайды. Олар ақуыз синтезінің аяқталуын бақылайды, сондықтан оларды стоп кодондар, кодон - терминаторлар деп атайды. ДНҚ молек-ң кодтарына сәйкес келетін а-РНҚ триплеттерін кодондар деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]