- •«Жер қойнауын пайдалану негіздері» пәнінің мазмұны, мақсаты, міндеттері
- •1:200 000 Масштабты геологиялық зерттеулердің мазмұны
- •Асыл металдар мен асыл тастарды барлау мен өндіру операцияларын жүргізудегі құқықтық қатынастар
- •Барлау мен өндіруге жасалынатын келісімшарт түрлері
- •Барлаумен және өндірумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және пайдалану
- •Геологиялық ақпаратқа меншік құқығы және ақпаратты беру тәртібі
- •Гбж сатылығы. Игерулік барлаулар
- •Геологиялық барлау мен іздеуде қолданылатын ұңғымалық бұрғылау түрлері
- •Геологиялық зерттеу сатылары. Іздеу мен барлау сатылары
- •Геологиялық зерттеу сатылығы. Геологиялық барлаудың мазмұны
- •Геологиялық зерттеудің түрлері мен әдістері
- •Геологиялық зерттеудің түрлері мен әдістері
- •Геологиялық зерттеу сатылығы. Іздеу сатысы мазмұны
- •Геологиялық зерттеулерде қолданылатын техникалық құралдар
- •Геологиялық пен тау-кенді бөлу
- •Жеке және заңды тұлға ұғымдары
- •Жер астылық тау-кен қазындылары
- •Жер қойнауы мен жер қойнауын пайдалану заңының негізгі принциптері
- •Жер қойнауы мен табиғи ортаны қорғау шаралары
- •Жер қойнауы, жер қойнауын пайдалану анықтамалары
- •Жер қойнауы зерттеудің сатылығы. Аймақтың геологиялық зерттеулер түрлері
- •Жер қойнауы қорғауға қойылатын талаптар
- •Жер қойнауы мемлекеттік геологиялық зерттеу
- •Жер қойнауы мемлекеттік сараптама
- •Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды жүргізудің жариялылығы
- •Жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссияның функциялары
- •Жер қойнауын пайдалану саласындағы конкурстық комиссияның функциялары
- •Жер қойнауын пайдалану салықтары түрлері
- •Жер қойнауын пайдалану қолданылатын салық түрлері. Орны толатын және толмайтын шығындар
- •Жер қойнауын пайдалану шектеу және тыйым салу
- •Жер қойнауын пайдаланудың субъектісі мен объектісі
- •Жер қойнауын пайдаланудың ұтымды факторларын атаңыз
- •Жер қойнауын пайдаланушының құқықтары
- •Жер қойнауын пайдаланушының негізгі міндеттері
- •Жер қойнауына, пайдалы қазбаларға, техногендік минералдық түзілімдерге және минералдық шикізатқа меншік құқығы
- •Жер қойнауына, пайдалы қазбаларға, техногендік минералдық түзілімдерге және минералдық шикізатқа меншік құқығы
- •Жер қойнауына, пайдалы қазбаларға, техногендік минералдық шикізатқа меншік құқығы
- •Жер қойнауының мемлекеттік мониторингі
- •Жергілікті атқарушы органдардың құзыреті
- •Жобалау құжаттары
- •Заңды тұлғалар, түрлері мен формалары, құқықтары мен міндеттері, тіркелуі мен тарқатылуы.
- •Инветициялық бағдарламалар конкурсына қатынасу жобасы мазмұны
- •Келісім шарттар. Түрлері мен мазмұны
- •Келісім шарттың жұмыс бағдарламасы мазмұны
- •Келісімшарт, келісімшарт аумағы
- •Келісімшарттың жылдық бағдарламасы
- •Кенорын сынамасын пайдалану
- •Кенорындарды экономикалық бағалауға әсер ететін факторлар
- •Кенорынды игерудің оң тәжірибесі дегеніміз не?
- •Кенорыны, пайдалы қазба, минералдық шикізат терминдері
- •Кенорынның сынаманы пайдалану
- •Коммерциялық табу мен жазылатын бонустар
- •Коммерциялық табулар
- •Қазақстанның мұнай-газ провинциялары
- •Қазақстанның негізгі тау-кен аудандары
- •Қауіпсіз жер қойнауын пайдалану дегеніміз не?
- •Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
- •Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның құзыреті
- •Қр азаматтарының кәсіптік қызметі
- •Қр геологиялық барлау жұмыстарының сатылығы
- •Қр жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасы міндеттері
- •Қр жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының мақсаттары мен міндеттері
- •Қр жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасының міндеттері
- •Қр үкіметінің құзіретінің негізгі түрлері
- •Құзіретті органдардың функциялары
- •Құзіретті органның өкілеттіктері
- •Құзіретті орган өкілеттіктері
- •Минералдық шикізат сапасы және технологиялық қасиеттері
- •Моделдік келісімшарт
- •Мұнай мен газ саласындағы уәкілетті органның құзреті
- •Мұнай мен газды барлау мен өндірудегі құқықтың қатынастары
- •Мұнай операцияларын жүргізудің шарттары
- •Мұнай-газ саласындағы құзіретті орган реттейтін мәселелер
- •Мұнай-газ саласындағы операцияларды реттеудегі қр Үкімет құзреті
- •Мұнай-газ саласындағы уәкілетті органның функциясы
- •Пайдалы қазба қорларын есептеу әдістері
- •Пайдалы қазба қоры, сапасы мен саны
- •Сервитуттар
- •Теңізде мұнай операцияларын жүргізуге қажетті қоршаған ортаны қорғау бағдарламасы мазмұны
- •Теңіздегі ғылыми зерттеулер
- •Техногендік минералдың түзілімдер және оларды пайдаланудың құқықтық негіздері
- •Уәкілетті органдар. Жер қойнауын зерттеу мен пайдаланудағы құзреттілігі
- •Уәкілетті органдар. Жер қойнауын қорғау мен адамзат өмірін сақтаудағы құзреттілігі
- •Ұлттық компаниялар құзреті
- •Ұлттық компаниялардың жер қойнауын пайдаланудағы құзреттілігі
- •Іздеу жұмыстарының мазмұны
- •Іздеу мен бағалау сатысының мазмұны
- •Ілеспе және табиғи газды жағу
Геологиялық барлау мен іздеуде қолданылатын ұңғымалық бұрғылау түрлері
Бұрғылау- ұңғымалары барлау мен іздеуде кеңінен қолданылатын техникалық құралға жатады. Оның ұтымдылығы-салыстырмалы арзандығы, өтудің жоғарғы жылдамдығы, ал кемшілігі тек ұңғымадан алған таужынысы үлгісін ғана зерттеу мүмкіншілігі.
Ұңғыма бұрғылаудың бірнеше түрлері бар. Құбырлы, қанатты-соқпалы, роторлық-турбиналық, шарқашаулы, шанақты, соқпалы-айналмалы.
Құбырлы бұрғылау-бұрғылау барысында бүкіл ұңғымаға тиісілі таужыныстар түгелімен емес, тек сол ұңғыма шеңбері бойымен ғана уатылатын түрі. Нәтижесінде тесіліп өтілген
таужыныс қабаттарының кәдуілгі бағанаға ұқсайтын «керн-бұрғылау тасбағаны»деп аталынатын үлгісі бұрғылау құбырының ішінде бөлшектенеді де ол жер бетіне көтеріліп алынады.
Роторлық бұрғылау- бұрғылау жабдығының өз осінен айналуы ротор көмегімен жүзеге асырылатын айналмалы бұрғылау түрі.
Шарқашаулы бұрғылау-бұрғылау сайманы ролін «шарқашауыш» деп аталатын үнемі айналып тұратын бұдыр-бұдыр деталдар атқаратын бұрғылау түрі.
Шанақты бұрғылау- бұрғыланған таужыныстар ұңғыма оқпанынан оның ернеуіне «шанақ» деп аталынатын арнаулы жабдық көмегімен көтерілетін айналмалы бұрғылау түрі.
Соқпалы-айналмалы бұрғылау-ұңғыма оқпанындағы таужыныстарды уату құрама әдістер көмегімен, яғни бұрғылау сайманымен соққылау және оны айналдыру нәтижесінде жүзеге асырылатын бұрғылау түрі.
Геологиялық зерттеу сатылары. Іздеу мен барлау сатылары
Перспективасы төмен нысаналарын зерттеуге қаржы шығынын жасамау үшін геологиялық барлау жұмыстарын әдетте жекеленген сатылар мен этаптарға бөлінеді; сөйтіп әр бір келесі жұмыс сатысының қажеттілігі алдыңғы саты қорытындысы бойынша анықталады.
Пайдалы қазбаларды табудың төте белгілерін анықтау мақсатында жүргізіледі. Іздеулер пайдалы қазбаның түріне және типіне байланысты 1:200 000 -ден 1:100 000 масштабтары аралығында орындалады.
Іздеу жұмыстары ауданының шекарасы, әдетте аймақтық геологиялық зерттелуі нәтижесінде анықталған (табылған) перспективті зоналар (бөлікшелер) шекарасы көлемінде, олардың топографиялық планшеттегі орынына қарамай жүргізіледі.
Іздеудің ұтымды әдістер комплексі бұрынғы тәжірибені пайдалана отырып, ауданның геологиялық құрылысына, пайдалы қазбалардың ықтималды белгілеріне және аймақтық ландшафтық-географиялық жағдайына байланысты таңдалынып алынады.
Іздеудің қорытындысы бойынша зерттеуге алынған ауданның пайдалы қазбасының болу мүмкін-ау деген масштабының жалпы болашағы бағаланады.
Іздеу жұмыстары, әдетте сол ауданда белгілі бір шикізат түріне деген қызығушылығы бар инвестордың қаржысымен іске асырылуы тиіс. Жұмыстар нақтылы шикізат түріне тәуекел ету жағдайында жүргізіледі.
Кенорынын барлау жұмыстары оны игеруге техникалық жоба жасауға қажетті алғышарттық мәліметтер алу үшін жүргізіледі. Ол бүкіл кенорыны көлемінде немесе жеке оның бірінші кезекті игерілетін бөлекшесінде бірінші кезекті игерілетін жүргізілуі мүмкін.
Зерттеу нысанасы пайдаланушыға геологиялық бөлу түрінде беріледі.
Геологиялық бөлу дегеніміз- барлау жұмыстарын жүргізуге құқығы бар жер қойнауын пайдаланушыға берілетін жер қойнауы бөлікшесін сұлбалық кен сипаттамалық жағынан айқындайтын барлауға және бірлескен барлау мен өндіру келісім-шартына қосымша берілетін, оның ажырамас құжаттық бөлігі.
Барлау жұмыстары кенорынын игеру сатысында өндіріс орынының шикізат базасын ұлғайту мақсаты үшін жүргізіледі.
Барлау жұмыстары нәтижесінде кенорынын геологиялық құрылысын жер бетінен зерттеу аяқталып, кен денелерінің пішінін, мөлшерін және жатыс жағдайларын терең қабаттарды дәйектілікпен зерттеу басталады. Одан бөлек кенннің созылымы бағытындағы технико-экономикалық есебін жасау үшін геологиялық, гидрогеологиялық, инженерлік-геологиялық және технологиялық ақпараттар жинақталады. Барлаудың қорытындысы бойынша қоры есептелген есепнама құрастырылып, мемлекеттік сараптамаға беріледі
