Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Днекер тінні талшыты рылымдары мен коллагеніні бзылыстары..docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
25 Кб
Скачать
☆

2.10. Ретикулярлы талшықты құрылым. Оның бұзылыстары

Ретикулярлы тін тармақталған ретикулярлы жасушалардан және ретикулярлы талшықтардан тұрады. Көпшілік ретикулярлы жасушалар ретикулярлы талшықтармен байланысып, тармақтары арқылы жанасып үш өлшемді тор түзеді. Ретикулярлы талшықтар қан түзуші мүшелердің стромасын түзеді.

Ретикулярлы талшықтар – ретикулярлы жасушалардың синтезінің өнімі. Олар күміс тұзымен импрегнациялау кезінде байқалады, сондықтан оны аргирофильді депте атайды. Бұл талшықтар әлсіз қышқылдар мен сілтілердің әсеріне төзімді болып келеді.

Аргирофильді талшықтар топтарында өздік ретикулярлы және преколлагенді талшықтарды ажыратады. Өздік ретикулярлы талшықтар – құрамында ІІІ типті коллагені бар соңғы түзіліс. Преколлагенді талшықтар эмбриогенезде және регенерация кезінде коллагенді талшықтардың алғашқы түзілу формасы болып табылады. Ретикулярлы талшықты құрылымдар коллагеннен тұратын болғандықтан оның бұзылыстарынан туындайтын аурулар да коллагенездер болып табылады. Оның пайда болу себептері әр түрлі дәрі-дәрмектер (гидролизин, антибиотиктер, сульфаниламидтер, вакциналар, сарысулар), инфекциялық факторлар (стрептококк, вирусты инфекция) және сыртқы тітіркендіргіш әсерлерінен (ультракүлгін, инфрақызыл сәулелер, радиация, суық тию) болады. {7}

Қорытынды.

Дәнекер тіні жасуша және жасушааралық заттан тұрады. Жасушааралық заттың өзі - негізгі аморфты зат пен коллаген,ретикулярлы және эластинді талшықтардан тұрады.

Коллаген (грек. kolla – желім және ген) – склеропротеидтер тобына жататын фибриллалы белок, адамдардың дәнекер ұлпасының коллаген талшықтарының бір бөлігі. Коллагендік аурулар – коллагеноздар деп аталады. Коллагеноздар –дәнекер тінінің және қан тамырларының зақымдануымен, иммунитеттің төмендеуімен сипатталатын аурулар. Коллагеноздарға клиникалық белгілері әртүрлі болғанмен, негізгі зақымданатын дәнекер тіні мен қан тамырлары болғандықтан бірнеше аурулар біріктірілген: ревматоидты артрит, қызыл волчанка, склеродермия, дерматомиозит, түйінді периартрит. Аталған коллагеноздардың ішінде балаларда жиірек кездесетін түрі – ревматоидты полиартриттер.

Дәнекер тіннің талшықты құрылымдарының Коллагендік ауруларын кортикостериодты және гормондық препараттармен емдейді.

Пайдаланылған әдебиеттер.

1. Әділман Нұрмұхамбетұлы «Патофизиология» 2011ж

2. Н.А.Мухин. В.С. Моисеев Пропедевтика внутренний болезней, Москва 2004.

3. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9

4. Б.Н. Аитбембет Ішкі аурулардың пропедевтикасы оқу құралы «Кітап» Алматы.. 2005ж

5. Жаманқұлов Қ. А. «Патофизиология негіздері». Алматы, 2007.

6. Б.С. Калимұрзина Ішкі аурулар І, ІІ том Асем истем 2005

7. Қаражанова Л.К. «Патофизиология семиотикасы негіздері», Семей. 2007.Пропедевтика внутренний болезней, под редакции Василенко, А.Л. Требенева М:.

8. Қаражанова Л.К., Мусина А.А., Карибаев Қ.Р. Дәнекер тіннің диффузды аурулары. Семей, 2000.

9. Тапбергенов С.О «Медициналық биохимия». 2009ж Алматы.