- •. Қазақстан республикасындағы сот билігінің конституциялық-құқықтық маңызы және мәні
- •Сот билігінің теориялық құқықтық ұғымы және оны сипаттайтын белгілер
- •Қазақстан Республикасындағы сот билігінің конституциялық құқықтық атқаратын қызметі
- •2. Құқықтық реформа және қазақстан республикасындағы сот билігінің қазіргі таңдағы рөлі
- •Қазақстан Республикасындағы құқықтық сот реформасының дамуы және мәселелері
- •Медиация институты және Қазақстан Республиканың қазіргі таңдағы сот жүйесі: теория мәселелері мен еңгізу тәжірибесі
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған дереккөздер тізімі
Медиация институты және Қазақстан Республиканың қазіргі таңдағы сот жүйесі: теория мәселелері мен еңгізу тәжірибесі
Қазіргі таңда өзін-өзі реттеу механизмдері маңызды мәнге ие, мұнда қоғамдық қатынас субъектілері өзіндік түрде тәртіп ережелерін бекітіп, оларды бақылау мүмкіндігіне ие болады. Азаматтық айналымға қатысушылардың жауапкершілігі мен белсенділігінің өсуі мемлекеттік азаматтық қоғам институттары аясындағы өкілеттілігін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Шетелдік тәжірибелерде дәлелденгендей, құқықтық дауларды шешу мен реттеу осындай біріне жатады. Осылай, континенталды Еуропа елдеріндегі ХХ ғасырдың екінші жартысында жүргізілген сот реформаларының қорытындыларын сараптау кезінде «мемлекеттік патериализмнен (құқықтық дауларды шешу тек қана құқық қолдану қызметі барысында орындалуға міндетті шешімді шығару арқылы жүргізілген кезде)» жалпылама бастарту мен «плюралистік әдіске» көшу байқалған, яғни татуластыру процедурасын қолдану мүмкіндіктерін ұсыну жолымен келіспеушілікті реттеу әдістерін таңдауды қамтамасыз ету қажеттіліктерін мойындау болып табылады.
Бүгінгі күні Қазақстанда азаматтық істерді шешу мен реттеудің сот талқылауы мен басқа да юрисдикциялық механизмдері бұзылған құқықтық бостандық пен заңды көзқарастарды қорғаудың негізі әдістері болып табылады. Бірақ азаматтық қоғамның динамикалық түрде дамуының қазіргі шарттарында олар өте тиімсіз болып қалатынын жоққа шығармауымыз қажет. Даулы құқықтық қатынастарға қатысушылар қолданылатын процедура мен оның нәтижелерін бақылауды жүзеге асыру кезіндегі пайда болатын келспеушіліктерді тиімді негізде реттеу барысына назар аудара бастайды. Мұндай қажеттіліктер сот процедурасы аясында толық қанағаттанылмайды, сондықтан құқықтық дауларды реттеудің басқа да әдістері дамуда және зерттеулер жүргізілуде. Соңғы уақытта татуластыру процедурасының мәселелеріне көп назар аударылуда. Көптеген жылдар бойы құқықтық дауларды сотсыз шешудің маңыздылығы Қазақстан Республикасының мемлекеттік билігінің жоғарғы органдары басшыларының баяндамаларында көрсетілген.
Қазақтан Республикасының 2010-2020 жылдар кезеңіндегі құқықтық саясатының концепциясы айқындалды, мұнда азаматтық сот өндірісіне қатысушылардың құқықтарын жүзеге асыру, тұлғаның бостандығы мен құқықтарын, қоғам мен мемлекет көзқарастарын қорғау, азаматтық іс жүргізу заңдарын жүзеге асырушырлар, сот арқылы немесе соттан тыс тәртіп бойынша құқықтық келіспеушіліктердің арасындағы ымыраластыққа жету қарастырылады.
Осыған сәйкес медиация институтына байланысты барлық сұрақтарды тиімді әрі кешенді шешу мақсатында «Бітістіру процедуралары жайлы» заң жобасын дайындау қажеттілігі туды. Берілген заң жобасында бітістіру процедурасы жайлы түсінік берілген, оның негізгі қағидалары, қолдану сферасы, бітістіру процедурасының кепілдігі, медиаторлардың құқықтық мәртебесі, медиаторларға қойылатын талаптар, бітістіру процедурасын ұйымдастыру ережелері, медиаторлар қызметінің төлемі және т.б. көрсетілген.
Берілген заң жобасының мақсаты мынада болатын - бітістіру процедураларын енгізу, азаматтық айналым қатынасындағы келіспеушіліктердің деңгейін төмендету, сот жүктемесін азайту мен өздігінен ерікті тәртіп бойынша орындалған сот шешімдерінің көлемін ұлғайту. Заң жобасын реттеу құралы бітістіру процедурасы бойынша шешудегі қоғамдық қатынастар болып табылады [29].
Заң жобасын қабылдау мынадай мүмкіндіктер туғызды:
Дауларды жеке өрістенпікірталас өрісіне көшіру арқылы, олардың келіспеушіліктерін төмендету;
Сотқа дейін жеткізбей бітістіру процедурасын қолдану ұйымдар мен азаматтарға байланысты нақты жүзеге асыратын жүйені құруға мүмкіндік береді;
Сот жүктемесі мен сот қарайтын істер көлемін төмендету, осының нәтижесінде дауларды қарастыру сапасы жоғарлайды;
Атқарушы өндірістер көлемін төмендету, сот орындаушыларының жүктемесін төмендету;
Дауға қатысушылардың үнемділігін, барынша төмен шығындарын қамтамасыз ету;
Медиация процедурасына өмірлік тәжірибесі мол адамдарды, жоғары білімді, орган қызметкерлерін қатыстыруды қарастыру мүмкіндігі;
Медиацияны құқықтық іс жүргізу гуманизациясы ретінде кеңінен қолдану;
Даудың барлық қатысушыларынан қолданыстағы заң нормаларын күнделікті өмірде қолдану білімділігі мен қабілеттілігін талап ететін құқықтық мәдениетің дамуына тұтастай ықпал ету;
Сыбайлас жемқорлық (коррупциялық) құқықбұзушылық аясын қысқарту, себебі медиация шарты бойынша қабылданған шешім екі тарапқа да тиімді болады.
Демек, соңғы ерекшелік медиация процесінің мазмұнынан туындайды: медиация – бұл өзара келісім мен ерікті түрдегі конфиденциалды келісім процесіне негізделген, оның барысында дауласқан тараптар бейтарап тұлға (медиатор) көмегімен берілген дауды реттеуде тиімді шешімді табуға тырысады. Оған қоса ерікті медиация аясында да нақты тәуекелдер де кездеседі, кейбір зұлым ойлары бар іске қатысушылар бар, мысалы сотта талқылануды кейінге қалдыруды немесе мәселені созуды ойлайтын тұлғалар.
Сот жүйесі және Қазақстандағы медиацияның болашағы – мемлекеттің негізін құрайтын, еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси жаңғыруы жолындағы демократиялық даму тетіктерінің бірі болып табылады. Азаматтардың мемлекеттік құқықтық саясатқа қатынасы және қоғам тарапынан билікке сенім білдіру деңгейі сот төрелігін тиімді жүзеге асыруға тікелей байланысты. Пәрменді және тәуелсіз сот билігі мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы үйлесімді өзара байланыстың принципті кепілінің бірі, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың басты құралы болып табылады.
Қазақстан Республикасының сот жүйесі тәуелсіздік жылдарынан бері ғана шын мәніндегі даму мүмкіндігіне ие болды. Елбасымыз әрдайым съездерде «сот халықтың ар-ожданы, олардың құқықтары мен бостандықтарының әділ түрде қорғалуының кепілі. Соттар қызметінің тиімділігі мен олар шығаратын шешімдердің заңдылықтарға сай болуы және мүлтіксіз орындалуы кез-келген мемлекеттің демократиялық негізі» деген [2]. Бағдарламада көзделген іс- шараларды орындау қолданыстағы заңнаманы жетілдіруге және қабылданатын нормативтік құқықтық актілердің сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Медиация соңғы уақытта шыққан процесс емес. Ертеден бері қандай да бір сұрақты шешу үшін өте ақылды, сыйлы және әділ адамдардың көмегіне жүгінетін. Берілген тәжірибенің тарихы мен мәдени тамыры терең болып табылады.
Медиация қазіргі жаңаша түсінік ретінде 20-шы ғасырдың екінші жартысында дами бастады. Ең бірінші англо-саксонды құқықтық мемлекеттерде – АҚШ, Австралия, Ұлыбритания, одан кейін Еуропа мемлекеттерінде кеңінен тарала бастаған. Медиацияны қолданудың бірінші мүмкіндіктері, ереже бойынша, отбасы қатынасы сферасындағы дауларды шешу үшін қолданыла бастады. Нәтижесінде медиация отбасы дауларынан бастап коммерциялық және көпшілік сферасындағы күрделі көпжақты келіспеушіліктерді шешу кезінде де қолданылатын болды.
Әлемдік тәжірибе медиацияның заңды түрде бекіту мысалдарын көрсетеді. Негізге сәйкес актілер АҚШ, Австрияда, Германияда қабылданған. Еуропалық комиссия медиатор кодексін бекітті, ал Еуродақ бір қатар директиваларды шығарды. Медиация жайлы типтік заңды халықаралық сауда құқығы бойынша БҰҰ комиссиясы дайындаған, оның қосымша түсінік хатында медиация барысындағы келісім міндеттемелері мен заңды тиімділіктері көрсетілген. АҚШ тәжірибесі өте қызықты, мұнда құқықтың барлық жүйесі көптеген дауларды сотқа дейін ерікті түрде шешімін табуға бағытталған, ал сот төрешісі сотты бөліп, тараптарға медиатормен жұмыс жасауға кеңес береді. Бұл мемлекеттегі экономика, саясат, бизнес саласында медиаторсыз ешқандай келісім процесі өтпейді, медиация мәселелерін қозғайтын журналдар шығарылады. Пікірталастарды шешетін халықаралық институттар бар, олар медиацияның жаңа әдістерін дайындаумен айналысады, медиацияның жеке және мемлекеттік қызметтері де жұмыс жасайды. Американдық арбитражды ассоцияция үлкен әсер етеді, ол ішкі дауларды қарастыруда қолданылатын медиация ережелерін бекіткен болатын. 2001 жылы АҚШ- та медиация жайлы бірыңғай заң қабылданған, онда жеке штаттардағы көптеген заңдар келісілген (2500 нормативті құжаттар). Оған қоса американдық заңгерлер соттан тыс дауларды реттеу процедурасының жиырмадай түрін қарастырған [30].
Жалпыға бірдей қабылданған болып табылатын,дауларды альтернативті түрде шешуге бөлудің мынадай негізгі түрлерін қарастыруға болады:
Келіссөз – дауды басқа да тұлғалардың қатысуынсыз реттеу.
Делдалдық – дауды тәуелсіз бейтарап делдалдардың көмегімен реттеу.
Делдалдықта делдал тараптардың келісімі бойынша тағайындалады. Ол даулы сұрақтарды әр тараппен талқылау жолын қолдана алады.
Бітістіру. Көптеген заңгерлер үшін «делдалдық» және «бітістіру» мәндес ұғымдар болып табылады. Шынында, бітістіру делдалдылыққа ұқсас болып келеді, бірақ олардың бір ерекшелігі бар: бітістіру «дауды әділ шешу» деп аталатын екі тарапқа да тиімді болып келетін дауды шешу шарттарын анықтайды. Бітістірушінің шешімі тараптарға қабылдануы мүмкін немесе келесі келіссөздерге негіз болатындай кеңес ретінде ұсынылады. Ұсыныс тараптар үшін міндетті емес болып табылады. Осылай, егер делдал дауды шешу нұсқаларын таңдап және талқылауды бақылай отырып, тараптардың өзара келіссөздеріне қатысып, тараптармен келіссөздер жүргізуге міндетті болса, онда бітістіруші дауда өзінің нақты позициясын дайындайды және тараптарға дауды шешу үшін өзінің болжамын кеңес ретінде ұсынады.
«Кіші талқылау». Ол коммерциялық дауларды шешу кезінде кеңінен қолданылады. Өзінің кіші талқылау атауын сот процедурасына сыртқы ұқсастығына байланысты алды, бұл әдісте дауды реттеу үшін корпорация басшылары, заңгерлер мен үшінші тәуелсіз тұлға қатыса алады. Бұл процесте өзінің көзқарасын баяндайтын тарап өкілдері қатысады. Жағдайдың мәнін баяндау қатаң шектелген уақыт ішінде жүзеге асырылады. Осы процедураның мақсаты жағдайдын қысқаша мазмұнын талқылау ғана емес оппоненттерпозияциясының әлсіз жақтарын қарастыру болып табылады. Осының нәтижесінде жоғарғы атқарушылар өздерінің көзқарастарын қалыптастырады.
1995 жылы Аргентина «Медиация және келісім» жайлы Заң қабылдады, оған сәйкес көптеген арыздар бойынша медиация процедурасының міндеттемелері бекітіледі. Бейтарап делдалдардың қатысуымен өтетін бітістіру процедурасы Ұлыбританияда да өте белгілі, онда арнайы жедел желі қызметі де болды, ол жерге қандайда бір мемлекетпен хабарласып, келіспеушілікті сипаттап, өз көзқарастарын айта алады және сіздің талабыңызға сәйкес келетін мамандар тізімін ұсынады. Процедура міндеттемелерінің жоспарына Ұлыбритания ымыраластық нұсқасын таңдады: егер қандайда бір тарап сот процедурасы ұсынған медиациядан бастартса, онда ол барлық сот шығындарын көтеруге міндетті.
Германияда медиация сот өндірісінің жүйесіне үйлесімді түрде байланысқан. Мысалы, делдалдар сотта тікелей жұмыс жасайды, ол әлеуетті сот жүктеме көлемін төмендетеді. Қазір медиация неміс соттарында тек қана отбасы мәселелері емес, әкімшілік, юрисдикция соттары бойынша интеграцияланған. Көптеген неміс елінің құқық мектептерінде медиацияның тұрақты курсы енгізілген. Яғни заң факультетін бітірушілер медиация курсын өтеді.
«Медиатор» кәсібі барлық мемлекеттерде жеке кәсіп ретінде мойындалмады. Оны жиі қосалқы мамандық ретінде қарастырады. Австрияда медиатор кәсібі кәсіптер номенклатурасына енгізілген. Оған қоса Австрия 2004 жылы медиация жайлы федералды заңды қабылдаған мемлекет болып табылады, ол заң медиаторлар дайындығы мен дайындықтың анықталған нормативтерін реттеп отырады. Таңғажайып факті – Австриялық заңда сот төрелігіне байланысты өткізілетін медиация нәтижелері бойынша келісімді сот қабылдайды, сол уақытта сотқа дейінгі медиация нәтижесі сот қорғанысын ала алмайды.
Үндістанда керсінше, егер шешім медиация барысында қабылданса, онда ол шешім аралық сот (арбитражды) шешімімен тең болып саналады. Гонконгта медиация нәтижесінде қабылданған келісім Үндістан мемлекетіндегі ұқсас болып келеді, бірақ тек тараптар арасындағы қарым-қатынаста жүзеге асырылады.
Эксперименттік бағалар бойынша Қытайда даудың 30% соттан тыс тәртіп бойынша шешіледі. Бұл салада оған қоса Венгрия мен Кореяда, егер медиация аясында келісімге жетсе және оны сот тәртібі бойынша бекітсе, онда мұндай келісім аралық соттағы (арбитражды) шешім күшіне ие болады және сәйкес тәртіп бойынша орындалады. Берілген процедура әлемдік келісім үшін қарастырылған медиация қорытындылары бойынша келісімді бекітуді және медиативті келсімге мемлекеттік бақылау жүргізуді қарастырады.
Делдалдық процедура, яғни дәстүрлі түрде ішкі дауларды шешу құралы ретінде Жапонияда да кеңінен қолданылады. Жапонияда іскерлік дауларды баламалы әдіспен шешу этикалық тараппен тығыз байланысты болған – мемлекеттік сотты келіспеушілікті реттеу әдісі ретінде таңдауға қатысты кері әсері байқалған.
Осылай, дауларды шешудің ескі әдістерін негізге ала отырып, өткен ғасырдың 60-70-ші жылдары АҚШ-та делдалдық процедурасының келіспеушіліктерді шешу процесі ретінде концепция дайындалған болатын. Ол процедура «медиация» деген атауға ие болды, латынша «mediare» - делдалдық. 80- жылдары медиация Англия, Франция, Бельгия, Нидерланды, ГРД, Италия, Швецария сияқты мемлекеттерде құқықтық дауды шешу кезінде қолданылды. Кейінен бұл тәжірибе әлемде кеңінен қолданыла басталды және азаматтық, отбасылық, еңбек қатынастарында орын алатын құқықтық келіспеушіліктерді шешу үшін қолданылады, оған қоса қылмыстық істер бойынша да пайда болған құқықтық келіспеушілікті реттеу кезінде де қолданылады [31. 41 б.].
Медиация институтының белгілерін билер институтынанда байқауға болады деп есептейміз.
Мысалы: бұл дегеніміз, қазіргі уақыттағы жұмыс жасап жатқан медиация институтын салыстыруға болады, яғни билер институты арқылы әділ және ортақ шешім қабылдауға ықпал етті. Қазақ қоғамының дәстүрлі құқық жүйесін жасау қызметінде билер сотының алар орны ерекше болатын.
Қазақтың билер соты өзінің шынайылығымен халыққа ең жақын құқықтық орган болған. Құқықтық құрылымы және сот ісін жүргізуде өзіндік қалыптасқан бай тарихы бар, әлемдік үлгідегі классикалық соттарға қай жағынан да үйлесе алатын бірегей сот жүйесі екеніне дүниежүзіндегі ғалымдар нақты көз жеткізді.
Би – бірінші кезекте халыққа сот төрелігін шынайы әрі турашылдықпен жүзеге асыруда әділ билігімен танылған, соттық функцияны атқаратын мемлекеттік қызметші. Ол сот ісін жүргізгенде өзі қадағалайтын тәртіптілікті қатаң сақтай отырып, істің күрделілігі мен екі жақ тараптардың ықылас-мүдделеріне баса назар аударған. Сонымен бірге, іске қатысатын тараптардың өкілдері мен өзге де қатысушылардың мүмкіндігін шектемей, жариялықты қатаң сақтайтын әділ төреші болған. Би соттың дәлелдеу қорытындысында екі тараптың бірі жеңіп, бірі жеңіліп емес, екі жаққа да шындықты мойындата білген. Халық алдында өзінің шынайы шешімімен тараптарды татуластырса ғана әділ ісімен даңқы артқан. Ондай билердің атақ-абыройы бүкіл елге тарап, мыңдаған шақырымдардан даушылар іздеп келіп, жүгінуге отырған.Сондықтан, қазақ елінің билер соты барша жұрт алдында кәсіби жағынан әбден шыңдалған, тәуелсіз сот билігі ретінде сақталып келді.
Қазіргі таңда медиация Қазақстан Республикасында да белсенді түрде дамуда, 2011 жылдың 28 қантарында «Медиация туралы» және «Медиация мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданған болатын. Бұл заңдарды қабылдау барысында келіспеушіліктерді шешудің тиімді, баламалы әдістерін іздеу мақсатында халықаралық тәжірибедегі бітістіру процедурасына байланысты сұрақтарды меңгеру тұрғысында үлкен жұмыс атқарылды [32].
Берілген заңда жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасылық және басқа да құқықтық қатынастарда туындайтын әлемдік дауларды реттеу үшін медиацияны қолданады, оған қоса орта және жеңіл ауырлықтағы істер бойынша қылмыстық сот төрелігі барысында да қолданылады.
Әлемнің бүкіл мемлекеттеріндегі және Қазақстан Республикасындағы медиацияның таралуы мен осының маңыздылығына байланысты мынадай сұрақ туады: Бұл процедураның ерекшелігі неде, осы беталысты қалай түсіндіреміз? Әлемде кең қолданысқа ие болып жүрген медиацияның жеке сипаттамаларын қарастырайық.
Бізге белгілі болғандай, медиация бұл тараптарға келіссөздер жүргізуге көмектесетін және тараптар арасында тиімді келісімге жетуге көмектесетін тәуелсіз тұлғаның көмегімен келіспеушіліктерді реттеу процедурасы болып табылады. Оған қоса медиация процедурасында дауды шешу нұсқасын өзі анықтайтын тараптардың өзі бақылап басқарып отырады. Басқаша айтқанда, даудың субъектілері медиацияда белсенді роль атқарады, олар өз еріктермен медиацияны қабылдайды және оған қатысады, өздігінен медиаторды таңдайды, процедуралық ережені анықтайды, келіссөздер жүргізеді және келсімге келеді, осылай жалпы процесті бақылайды, дауды тараптардың өздері ретке келтіреді. Сот қабылдаған шешімдер көп жағдайда орындала бермейді. Психологтар өктемдікпен әмір ету адам табиғатына тән тітіркену туғызатынын түсіндіреді, мұндай тітіркену қарсы әрекетке себеп болады. Егер адамдар шешім қабылдау процедурасына қатысса, бағалаудың үлкен мүмкіндігі туатын еді [33. 47 б.].
Оған қоса, сот төрелігінің қызметі іс жүргізу нысанын анықтаумен әшкереленеді. Сот шешім қабылдау кезінде заңсыз әділдік, мақсаттылық пен сол секілді инстанциялар жайлы ұсыныстарды басшылыққа алмауы қажет. «Заң» мен «Әділдік» ұғымдары бір-біріне жиі сәйкес келе бермейді. Заңды шешім формалды түрде тараптардың «субъективті әділдік» жайлы ойларына қарама-қайшы келеді. Медиация аясында келісімге келу мүмкіндігі даулаушы тараптарға субъективті әділдікке жету мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Әр тараптың көзқарасын қарастыра отырып қабылданған келісім өзара тиімді болып табылады, бұл процедураны келіспеушіліксіз аяқтауға мүмкіндік береді. Дауласу шешімінің нәтижесінде дауласушы субъектілердің көзқарасы қарастырылып, қорытындыланған келісімнің орындалуы медиацияның тиімді қасиеті деп аталады.
Медиацияның екінші бір жетістігі – берілген процедура барысында дауды реттеу күйзелістерден қорғаныс жасалған психологиялық ыңғайлы жағдайда жүзеге асырылатындығы. Медиация аясында психологиялық басымдылық пен қысымшылық болмайды, себебі дауды келісімді түрде реттеу дауды шешу бойынша іс жүргізудегі өзара мәдениетті қатынасқа сай серіктестік құруға жол ашады. Оған қоса, медиацияны қолданушы субъектілер өзі жеңіске ие болатынын біледі.
Медиацияның даңқы қолжетімділігімен, әділ шығынмен, процедураның кезектілігімен түсіндіріледі. Ісінің сотта қаралуы тараптар үшін де, мемлекет үшінде қаржылық шығыны жоғары бағаланады. Сот шығынын төлеу – істі қозғау мен сотқа беру үшін міндетті шарт болып табылады. Мемлекеттік төлемнен басқа, заңды көмек көрсеткен тұлғалар қызметін, сараптама жүргізуге, куәгерлерді шақыруға, дәлелдемелерді оқиға болған жерде тексеруді жүргізуге және заңда қарастырылған басқа да шығындарды өтейді. Медиацияда көрсетілген төлемдер болмайды. Медиация процедураны ұйымдастырып, жүргізуге қатысты шығындар болуын, сондай-ақ медиатордың көрсеткен қызметіне төлем жасауды қарастырады. Қаржылық үнемдеумен қоса медиацияға жүгінген дауласушы субъектілер уақыт шығынын да қысқартаалады. Бірақ, волонтер ретінде медиатордың ақысыз қатысу мүмкіндігі қарастырылуы да мүмкін.
Медиацияның сәтті процедурасы сот ісін жүргізумен салыстырғанда дауды шешуге жедел түрде кіріседі. Жалпы алғанда медиация бірнеше сағаттан, бірнеше айға дейінгі ғана уақытты алады, онда қатаң іс жүргізу және дәлелдемелер, ережелер болмайды, іс жүргізу ыңғайлы аз уақыт кезеңінде келіспеушілікті реттеуге мүмкіндік береді. Берілген іс жүргізудің жеделдігін қарапайым медиациямен түсіндіре алмаймыз, оны түсіндіру үшін басқа да факторлар қатары бар, олардың ішінде дауласушы субъектілердің соңғы келісімге жету мерзіміне дейінгі іс жүргізуді бақылап отыруы мүмкіндігі болып табылады [34. 7 б.].
Медиация нақты және қайта қарау бойынша кезекті инстанцияны талап етпейтін іс жүргізу болып табылады, ол берілген іс жүргізудің жылдамдығына ықпалын тигізеді.
Медиацияның тағы бір жетістігі – оның құпиялығы болып табылады. Құпиялылық ақпаратты артық келіспеушіліктерден қорғауға мүмкіндік береді. Процедураның құпиялылық щарттары заң мен және тараптардың келісімімен қарастырылады. Процедураны өткізу мен медиацияда іс жүргізудегі факторлар жарияланбайды, оған қоса келешектеде осы ақпараттардың құпиялылығы сақталады. Құпиялылық тек қана нақты ақпаратты ғана емес, іскерлік беделді сақтауға мүмкіндік береді, оған қоса құқықтық келіспеушіліктерді жарияламайды.
Медиацияның толық құпиялылығы нәтижесінде процедура тиімді болып, медиация барысын бақылауға, тиімді келісім қабылдауға мүмкіндік береді, ол медиацияны оң кезеңдермен қамтамасыз етіп отырады. Медиация барысында кері процестер болмайды, керсінше іскерлік қатынастар және іскерлік серіктестіктер жалғасын табады. Оған қоса келіспеушілік субъектілері дауды шешудің басқа механизмдеріне жүгіну мүмкіндіктерінен айырылмайды.
Медиация құқықтық келіспеушіліктерді реттеу бойынша спецификалық процедура ретінде көптеген оң сипаттарға ие болып табылады, осыған байланысты оның кең қолданылуы мен тиімділігі түсіндіріледі.
Сонымен, медиация бұл – өзара тиімді нәтижеге жету барысында үшінші тәуелсіз тұлғаның көмегіне жету кезіндегі дауды шешу процедурасы болып табылады. Оған қоса тараптар «тараптар еркінің автономиясына» сүйенеді. Яғни, ешкім ешкімді медиация іс жүргізуіне қатысуға, қандайда бір келісім орнатуға және сол келісімді сақтауға қинай алмайды. Егер біреуде дау пайда болса және осы жағдай жөнінде іс жүргізу ұзаққа созылса, онда пайда болған мәселені шешудің бірден-бір нұсқасы – ол медиацияны таңдау [33. 29 б.].
Медиация дауды шешу процедурасы ретінде «достық келіссөздер» әдісі бар болғандықтан тиімсіз болып көрінуі де мүмкін, ол әдісте дауды шешуге де болады, ал егер оппонент байланысқа түспесе – онда сотқа немесе арбитражға жүгінеді. Көп жағдайда тараптар бір-бірін дұрыс түсінбей жатады. Көбіне тараптар ымыраластыққа баруға дайын тұрады, бірақ қайсы-бір моралдық ұстанымдар - жеке, ұлттық және басқа, қарсы тараптың дәлелдерін қабылдауға кедергі болады. Бұл жағдайда дауды шешуде мамандарға жүгінуге болады, оның негізгі міндетті осындай құрылымдарды болдырмау мен дауласушыларды тиімді шешім іздеуге бағыттау болып табылады. Медиацияның бірыңғай процедурасы қарастырылмаған. Барлық процедуралық сұрақтарды тараптар талқылай алады және тараптардың өзі сессияның орнын, уақытын, кезектілігін таңдауға құқылы. Процедураның өзі ерікті процедура болып табылады әрібарынша ыңғайлы шартта жүргізіледі. Оған қоса, медиаторлардың әрбір мекемесі тараптарға іскерлік кездесулерді жүргізу мен дауды реттеудің келісімшарттарын анықтау үшін ықтимал шарттарды ұсыну мақсатында медиация процедурасын өткізуде өзінің регламентін бекітуге тырысады [35].
Қандайда бір дау пайда болған кезде дауға қатысты тараптар қарама-қарсы тараптарға сотқа дейінгі медиация процедурасын жүргізу жөнінде жазбаша мәлімдейді. Мұндай жағдайда адресатқа хаттамада көрсетілген мерзімге дейін жауап берілуі қажет. «Медиация туралы» Заңның 20 бабының 5 бөлімшесіне сәйкес медиация жайлы келісімшарты қорытындылау мерзімі медиация процедурасының ресми бастамасы болып табылады. Медиация барысында келісім болмаған жағдайда, бастамашы тарап құзыретті органға жүгіну құқығынан айырылмайды. Оған қоса медиация процедурасын өткізу жайлы ұсынысты сот немесе қылмыстық тергеу органдары ұсынады. Осылай, заң шығарушылардың анықтауымен келіспеушіліктер бойынша медиация, яғни қылмыс барысындағы медиация қылмыстық сот төрелігі барысында жүргізіледі. Медиацияға қатысу фактісі сот өндірісіне қатысушының кінәсін мойындау дәлелі болып табылмайды.
Медиация құралдары жеке және заңды тұлғалардың қатысуымен азаматтық, еңбек, отбасы және басқа да құқықтық қарым-қатынаста пайда болатын даулар болып табылады және жеңіл немесе орта ауырлықтағы қылмыстар туралы істер бойынша қылмыстық сот төрелігі барысында қарастырылады. «Медиация туралы» Заң мәтінінде тікелей бұйрықтар жоқ, бірақ мынадай қорытындыға келуге болады, заң шығарушы орган азаматтық құқықтық даулар арасындағы және де қылмыстық сот төрелігі барысында қарастырылатын келіспеушіліктер арасындағы ерекшеліктерді айқындайды [32].
Медиацияны өткізуді қамтамасыз ететін медиаторлар мен мекемелердің құқықтық жағдайы қандай.
Медиатор – дауды реттеу үшін тараптардың келісімін қамтамасыз ететін тұлға болып табылады. Медиатор функцияларын орындауға келісім берген және медиаторлардың реестріне тіркелген, тараптардың келісуімен таңдалған тәуелсіз жеке тұлға медиатор қызметін атқара алады. Медиаторлар кәсіпқой және кәсіпқой емес болады. Медиатордың қызметі кәсіптік қызмет болып табылмайды, сондықтан дербес кәсіпкерлік ретінде құрлымды есепке алуды қажет етпейді. Кәсіпқой емес медиаторлардың реестрін қала әкімі, ауыл, аудан әкімдері жүргізуге міндетті. Кәсіпқой емес медиатор қырық жастағы және кәсіпқой емес медиаторлар реестрінде тіркелген тұлғалар бола алады. Ол үшін қала әкіміне жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың, медициналық анықтама, наркологиялық және психоневралогиялық мекемеден анықтама, сотталмағандық жөнінде анықтама көшірмесін беру қажет.
Кәсіпқой медиатор – жоғары білімі бар, жиырма жасқа жеткен, Қазақстан Республикасы Үкімет анықтаған тәртіп негізінде бекітілген медиаторлар дайындығының бағдарламасы бойынша оқығандығы жөнінде дәлелдейтін құжаты бар және де кәсіпқой реестрінде тіркелген тұлғалар бола алады.
Сонымен, медиатор мынадай дербес сапалардың кең спектріне ие болу қажет:
жаксы қарым-қатынас дағдыларына ие болу;
мәселелерді шешу мен келіссөздер жүргізе алу;
түсіністік таныта білу;
ұлттық мәдениет пен қауымдастықты жақсы меңгеру;
өзінің пікірін және болжамдары мен көзқарасын анықтап, жеткізе алу;
бейтарап позициясын сақтап, объективті болу;
басқа да адамдардың негативті эмоцияларымен күресе білу;
шыдамды болу;
тараптарға жағдайды басқару құқығын ұсынып, іс жүргізуді бақылай білу.
Осы мәселелердің барлық аспектілерін жан-жақты түсіндіруге ұмтылмай-ақ,бірнеше тәжірибелік пункттерге тоқтала кеткім келеді, жоғарғы сот және заң шығарушы инстанциялар заңды және әкімшілік ірі мұз секілді үлкен және негативті әлеуеттерін қарауға мүмкіндік бермейді [36. 11б.].
Мысалы, медиация процедурасындағы дауды шешу нәтижесі мен тараптардың бітімгершілік келісімге келу жөніндегі азаматтық істер бойынша сот төрелігінің аяқталуына байланысты сұрақтарға тоқталайық. Құқықтық нәтиже мен бітімгершілік келісімдер арасындағы ерекшелік. Мұндай бастаманы соттар өркениетті және халықаралық нәтижелер ретінде дұрыс деп қабылдауы керек. Бірақ оның нақтылығы күткен болжамдардан қатаңдау. Ия расында да, бірақ бірінші инстанция соты азаматтық істер бойынша бітімгершілік келісімге келуге қызықтырмайды.
Ең алдымен, статистикалық және аналитикалық есептілік бойынша оң көзқарас тек шешімі шыққан істерден ғана беріледі. Тараптардың бітімгершілік келсімге келуі туралы соттың бекіткен анықтамалары «екінші сортты» нәтижелерге жатады. Мұндай анықтамалар сот жүктемесі мен оның жұмысының нәтижелерін анықтау кезінде қарастырылмайды. Сот төрелігінің бірде бір мінездемесінде, сол сот төрелігі барысында бітімгершілік келісімге келген істердің көлемін таппайсыз.
Егер тараптарды бірінші инстанциядағы сотта бітімгершілік келісім болуы мүмкіндігіне қайта-қайта сендіріп, кейіннен апелляцияда немесе кассацияда осындай келісім жасалса, онда оны бекіткеннен кейін бірінші инстанциядағы сот шешімі бұзылуға жатады.
Сонымен, материалдық және процессуалды құқық нормаларының қандай да бір бұзылыстарының болмауы барысында бірінші инстанция соты мен сот төрелігінің шешімін жоққа шығарады, яғни ол кері көрсеткіш ретінде қаралады. Мұны әділдік деп айтуға болама?
Қазіргі азаматтық іс жүргізу заңдылығында тараптардың бітімгершілік келісімін мәжбүрлі атқаруға деген қатынастың тәртібін реттейтін нормалар жоқ.
Осының нәтижесінде сотта бітімгершілік келісімшартында мәжбүрлі атқару түрлері болады. Мысалы, жалпы юрисдикция соттарында бітімгершілік келісім барысында тараптардың бірінің шарттарды орындамауына байланысты арыз түскеннен кейінгі атқару парақтарын жедел беру сирек кездеседі. Мұндай тәжірибе тиімсіз болып табылады. Атқару парағы басқа тараптарды тыңдамай беріледі (азамат ауырып қалуы немесе қаза болуы мүмкін, заңды тұлға жойылып кету, қайта құрылуы мүмкін). Атқару парағын берудегі соттың іс жүргізу іс-әрекеті тоқтатылған істер бойынша жүргізілуі қажет. Осыған байланысты заңды нонсенс пайда болады: іс жоқ, бірақ ол бойынша мәжбүрлеп орындау ісі бар [37. 22 б.].
Сонымен, сот жүйесін жүзеге асыру, оның имиджі мен тиімділігінің жоғарлауы сот реформасының нәтижесі болып табылады.
Сәтті медиация нәтижесінде «Медиация туралы» Заңның 27 бабына сәйкес дауды реттеу жайында тараптар келісімге келеді, ол келісім жазбаша түрде рәсімделінеді және тараптардың қолы қойылады. Мұндай келісімде медиация тараптары жайлы мәліметтер, дау нысандары, медиатор жайлы мәлімет, келісімшарттар, ол шарттардың орындалу әдістері мен мерзімі және орындалмау нәтижелері көрсетіледі. Дауды реттеу жайында келісім азаматтық құқықтық келісім ретінде қарастырылады, тараптар ерікті түрде шарттарды орындауға келіседі; мұндай келісімді орындамаған жағдайда Қазақстан Республикасының заңдылығы бойынша жауапкершілікке тартылады [29].
Егер дау сотта қарастырылса, онда бұндай келісімді азаматтық іс жүргізу заңдылығына сәйкес сот бекітеді. Осыған байланысты дауды реттеу келісімі мен бітімгершілік келісім екеуі екі түрлі ұғым болым табылады.
Егер келісім тараптардың қолы қойылғаннан кейін ғана күшіне енсе де, дауды реттеу жайлы келісімді сот бекітетіндігі түсініксіз болып келеді. Келісімге бір ғана тарап қол қойып орындаса, ал сот мұндай келісімді бекітпеген жағдайлар болды ма? Егер заңға қарсы келсе және әлдекімнің құқығын, бостандығын және заңды көзқарастарына қарама-кайшы болса, дауды реттеу жайлы келісімді және бітімгершілік келісімді сот бекітпейді. Бұл кезең бітімгершілік келісім мен дауды реттеу келісімін жақындастырады. Бірақ ерекшелік бар: дауды реттеу жайлы келісімге жеткен жағдайда төлеген мемлекеттік баж кері қайтарылады.
Егер мемлекеттік төлем соммасы көп болса, онда оны медиация келісіміне сәйкес қайтарып алады. Дауды реттеу жайындағы келісім бойынша оппоненттер өзінің міндеттемелерін орындамаған жағдайда да дауды реттеудегі келісімшарттарды орындамау жайлы дауды қарастыру кезінде өте күшті әсер етуі мүмкін. Талап арызды қабылдаудан бас тартудың негізі медиация тәртібінде дауды реттеу келісімінің болуы болып табылады.
Дауды реттеу жайлы келісімді сот бекітсе, ал нақтырақ айтқанда дауды реттеу келісімін бекітуді анықтаса, онда дауды реттеудегі келісімді бекітудегі сот анықтамаларын мәжбүрлі орындау секілді тәжірибеге жолығамыз. Бітімгершілік келісімді бекіту жайлы анықтамаларды мәжбүрлі орындау туралы сұрақ 2009 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының №6 «Азаматтық істер бойынша сот актілерінің орындалуына байланысты сұрақтар туралы» Нормативтік қаулысын қабылдағанға дейін даулы сипатқа ие болды, мұнда 6-шы бөлімде былай делінген: «Сот актілері аясында (мәжбүрлеп орындауға жататын) сот шешімдері, оған қоса сот бұйрықтары, келісімшарттарын бекіту жайлы анықтамалар, апелляциялық немесе кассациялық инстанция сотының қаулылары түсіндіріледі» [38].
Маслихат депутаттарының саны заңмен жеке маслихаттар үшін әртүрлі белгіленген. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» конституциялық заңның 12 бабының 16) тармақшасында мәслихаттар депутаттарының санын әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiс халқының мөлшерiне сәйкес Орталық сайлау комиссиясының анықтайтындығы реттелген. Демек, әкімшілік-аумақтық бірліктердегі мәслихаттар депутаттарының саны олардың халқының санына қарай белгіленеді. Мәслихат депутаттарының саны «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы заңына сәйкес мынадай шектерде белгіленеді: - облыстық мәслихатқа, Астана және Алматы қалаларының мәслихаттарына - 50-ге дейін; - қалалық мәслихатқа - 30-ға дейін; - аудандық мәслихатқа - 25-ке дейін [39]. Депутаттар санын аталған шектерде Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi. Бұл сандар тиісті мәслихатқа сайланатын депутаттар санының жоғарғы шегі. Олардың төменгі шегі Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 1999 жылғы 8 шілдедегі №12/200 қаулысымен бекітілген «Әкімшілік-аумақтық бірліктердегі халық санына сәйкес сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын белгілеу Ережелерінде» анықталған. Нақты көрсетсек, облыстық, Астана және Алматы қалалық мәслихаттар үшін сайланатын ең төменгі депутаттар саны - 20, басқа қалалық мәслихаттар үшін - 10, аудандық мәслихаттар үшін - 9. «Әрбір деңгейдегі мәслихат депутаттарының санының шектелуі Қазақстан тұрғындарының тең емес демографиялық құрамымен және аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуымен себептелген» 6. Тиісті ережеге сәйкес мәслихатқа сайланатын депутаттардың санын белгілеу кезінде мынадай ереже пайдаланылады: Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгiлеген оның депутаттары жалпы санының кемiнде төрттен үшi сайланған жағдайда мәслихат заңды болып есептеледi.
Осылай, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының дауды реттеу жайындағы келісімді бекітуге байланысты сот анықтамаларын мәжбүрлі түрде орындау міндетті болып табылады және жергілікті сот органдары осындай ұғыммен мәжбүрлі тәжірибені басшылыққа алуы қажет болып табылады.
Қазіргі конфликтология әлеуметтік конфликтологияның бірнеше анықтамаларын айқындауға мүмкіндік берді, оның ішіндегі кеңінен таралған анықтамаға байланысты Ф.Глазл келіспеушіліктің себептерін де анықтаған: «әлеуметтік келіспеушілік екі тараптың ойлары мен пікірлері сәйкес келмеуіне байланысты пайда болған қатысушылардың теріс іс-әрекеті болып табылады». Бұл анықтама барысында негізі психикалық қызмет деңгейінде (ойлау, сезім және ерік) басқа адамдармен келіспеушіліктер туатынын түсіндіреді. Бұл келіспеушіліктер заңды құбылыс болып табылады, себебі әрбір адам өмірді әртүрлі қабылдайды, әртүрлі тілегі мен сезімдері болады, олар басқа адамдардың психологиялық қызметтерімен сәйкес байланысты осындай қарама-қайшылық адамның ойын, сезімі мен талпынысын жүзеге асыруда қауіп көзі деп қабылданады. Егер ол нақты қауіп болып табылмаса да, ол қызметтік қылмысқа қатысты келіспеушіліктерге жиі әкеп соқтырса, онда ол залал мен зиянды әрекет туғызатын жағдай болып табылады, оның нәтижесінде қылмыскер мен жәбірленуші арасында, және қылмыскер мен қоғам арасындағы терең келіспеушілік пайда болады [40. 121 б.].
Қазақстан заңдылығына сәйкес криминалды келіспеушілікпен алғашқы жұмыс сот өндірісі деңгейінде басталады және оны арнайы мамандар жүргізеді (тергеуші, адвокат, прокурор және т.б.). Бұл деңгейде криминалды келіспеушілікке қатысушылардың кінәларының деңгейі анықталады және осыған байланысты кінәлінің жаза көлемі де анықталады. Келіспеушілікті жағдайды шешудің мұндай түрінде келіспеушіліктен шығу мақсатында зорлық- зомбылық (кінәлінің еркіне қысым көрсету) қолданылады, жаңа келіспеушілік жағдайлардың алдын алу мен нәтижелері минимизацияланады. Тәжірибеде көрсетілгендей криминалды келіспеушілікпен жұмыс әдісі адекватты емес және жеткіліксіз құрал болып табылады, себебі ол келіспеушіліктің пайда болуының себебіне әсер етпейді, сондықтан жаңа келіспеушіліктердің пайда болуы үшін превентивті шара болып табылмайды. Оған қоса келіспеушілікті шешудің бұл әдісін қолдану нәтижесінде жаңа келіспеушіліктер пайда болуы мүмкін.
Жоғарыда айтылғандарды жете түсіну қазақстандық құқық қолдану тәжірибесінде криминалдық шиеленістерді шешудің тағы бір әдісін пайдалануға алып келді, оны коррекциялық немесе терапевтикалық деп атауға болады.
Бұл әдіс тұлғаның ішкі келіспеушілігіне байланысты қылмыстың себептерімен жұмыс жасауға бағдарланады және көп жағдайда кәмелеттік жасқа толмаған құқық бұзушылармен жұмыс кезінде қолданылады. Іс жүзінде бұл Қазақстан Республикасында ювеналды заңнама мен сот ісін жүргізу элементтерінің пайда болуымен және кәмелетке толмаған құқықбұзушылардың жеке басын түзетумен шұғылдануға және олардың әлеуметтік айналасын позитивті өзгертуге ықпал етуге талпынатын арнайы әлеуметтік қызметкерлер мен психологтардың пайда болуынан көрініс тапты.
Осы екі әдіс те келіспеушілікті шешудің қажетті әдісі болып табылады, бірақ оларды пайдалану жеткілікті болып табылмайды. Себебі көрсетілген екі әдісті жүзеге асыру кезінде кәмелетке толмаған құқықбұзушы құқықтық бітімгершілік қызметінің объектісі ретінде шығады: бірінші жағдайда кәмелетке толмаған құқықбұзушы құқық нормаларын жүзеге асыру объектісі болып табылады, екінші жағдайда – қызметті тұтынушы болып табылады. Оған қоса кәмелеттік жасқа толмаған құқықбұзушы мен жұмыс барысындағы келіспеушілікті шешудің көрсетілген екі әдісі де оқшауланған. Бұл олқылықтың орны кәмелетке толмаған құқықбұзушылармен, оның ішінде бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеушімен жүргізілетін жұмыстарға медиация қағидалары мен әдістерін енгізумен толықтырыла алады. Кәмелетке толмаған сотталғандармен медиация процесін медиаторға сәйкес барлық талаптарды қанағаттандыратын пенитенциарлық психолог айналысады: психологиялық білімнің болуы медиация әдісін жеңілдетеді. Біздің пікірімізше, медиатор қызметінің критерийлерінің бірі болып, үміткердің психология және психиатрия бойынша курстардан өтуі талап етіледі. Заңда осы ерекшеліктердің болуына қарамастан, біздің ойымызша тек білім мен тәжірибе ғана емес, арнайы курстардан өткені туралы сертификаттау қажет.
Ел Ата Заңы егемен мемлекет құру жолында қазақ ұлтының тарихы, жері, тілі ең басты объективті алғышарттар және факторлар болғандығын, болып отырғандығын және бола беретіндігін ресми түрде мойындап қана қоймай, олардың осы ресми дәрежелерін одан әрі бекіте және дамыта түсу керек екендігін де паш етіп отыр. Ата Заңның талабы – жалпы адам құқықтарын құрметтеу, нақты адамды қадірлей білуден бастау алатыны. Әрине, бүгінгі Қазақстан халқы және қазақстан қоғамы үшін де адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең асыл құндылықтар болып табылады. БҰҰ декларациясында әр түрлі әлемдік, аймақтық және мемлекетаралық келісімшарттар мен өзге де құжаттардағы оның негізгі жағдайларының іске асуы, глобальды ауқымдағы тәжірибелік іс болуда. Әлем мемлекеттері құқықтық мемлекет құрудың әр түрлі сатыларын бастан кешуде. Кейбір (мысалы Швеция, Норвегия, Финляндия) елдер оның аяқталу сатысында; Еуропаның басқа елдерінде (Ұлыбритания, ГФР, Франция, АҚШ және Канада, Жапония) оның негізі берік қаланған. Еуропаның кеңестік елдерінде (Венгрия, Польша, Румыния, Словакия) және кеңестік кеңістікте қалыптасқан, жаңа тәуелсіз мемлекеттерде (Ресей Федерациясы, Қазақстан Республикасы және т.б.) құқықтық мемлекеттің негізі енді ғана қалануда. Әлемнің басқа бөлігінде бұл қағида басты саяси ілім ретінде меңгеріліп жатыр.
Мемлекет пен құқықтық әлемдік теориясы уақыт өте келе, құқықтық мемлекет елдерінде, оның ішінде Қазақстанның жеке жағдайларында құрудың, теориялық тәжірибесін меңгеру негізінде баи түседі [41].
