- •Мекеменің сипаты
- •Тәжірибе өтетін мекеме мен кафедраның сипаты.
- •2 Дипломдық проект тақырыбы бойынша жұмыс пен зерттеу.
- •2.1 Зерттеудің мақсаты мен мәселелері.
- •7 Және 8 – сұйық жіберілетін каналдар, 9 – бұрғының сыртында газдарды сыртқа шығарып тұратын саңылаулар,
- •Дипломалды тәжірибе барысындағы мақсаттар мен мәселелер (ғылыми жетекшімен келісілген жасалған жұмыстың кестесіне сай).
- •2.5 Теориялық бөлім бойынша қорытындылар
- •Жұмыстың практикалық бөлімінің талдау нәтижелері.
- •Кафедра бөлімінде «Дипломдық проект тақырыбы бойынша жұмыс пен зерттеу» баяндамасы мен презентация.
- •Қорытынды (жасалған жұмыс бойынша шешімдер, дипломдық проекттің қорғауға дайындығының дәрежесі
- •Әдебиеттер тізімі.
- •6 Есепке қосымша
Қорытынды (жасалған жұмыс бойынша шешімдер, дипломдық проекттің қорғауға дайындығының дәрежесі
Жердің төменгі потенциалды жылуын пайдалану мақсатында жылу сорғыларының жылуалмастырғыштарын орнатуға арналған ұңғыларды дайындау үшін электрогидроимпульстік технологияны пайдаланудың маңызы өте зор.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында электрогидроимпульстік технологиямен жұмыс істейтін бұрғының тәжірибелік қондырғысы жасалып, бұрғылауға арналған жер қойнауының бұрғыланатын ұңғыма бағандары бойынша геологиялық қимасы құрылды. Жер қойнауында кездесетін әр түрлі қалыңдықтағы тастарды үгіту және алынған нәтижелер бойынша тәуелділік графиктері тұрғызылды. Тау жыныстарын электрогидравликалық әдіспен бұрғылау кезіндегі электродтар жүйесінің металдық бөлігінің желінуін зерттеліп, микроқұрылымдық талдаулар жасалды. Сонымен қатар электрогидравликалық бұрғылау кезіндегі импульстік қысымның таралу үдерісін зерттеуге арналған тәжірибелік қондырғы құрастырылып, нәтижелері талданды.
Жылу сорғыларының жер қойнауына орналастырылатын ұңғыдағы жылуалмастырғыш құбырларындағы сұйыққа жер тарапынан берілетін жылуды зерттеу мақсатында тәжірибелік қондырғы жинақталып, бақылау және есептеу жұмыстары жүргізілді.
Ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері бойынша мынадай қорытынды жасауға болады:
шектелген кеңістіктегі жер асты жылуын қолдану мақсатында ұңғымаларды электрогидравликалық бұрғымен дайындау тиімді болатындығы анықталды;
электрогидравликалық қондырғының көмегімен жер қойнауында кездесетін табиғи тастарды ұсақтаудың тиімділігі су астындағы разряд энергиясы көмегімен бағытталған соққы толқындарды тарату негізінде жүзеге асырылатындығы дәлелденді;
разряд энергиясының үнемді жұмыс істеуі разряд кернеуінің 20÷35 кВ, конденсатор батареясының сыйымдылығы 1÷3 мкФ және электрод арақашықтығының 8÷12 мм мәндеріне сәйкес келетіндігі анықталды..
Дипломдық жұмысты қорыта келгенде, жылуалмастырғыш ұңғыларды электргидравликалық әдісті қолдану арқылы бұрғылау тиімді екені көрсетілді. Дәстүрлі бұрғылау әдістеріне қарағанда, бұл әдіс уақыт жағынан ұтымды және энергия шығыны аз болатындығымен ерекшеленеді. Бұрғылау қондырғысы шағын көлемді болғандықтан жабық ғимараттарда бұрғылау жұмыстарын жүргізуге болады. Сол себепті жаңа әдіс дәстүрлі бұрғылау тәсілдеріне қарағанда біршама тиімді болып табылады. Дипломдық жұмыс нәтижесі ұңғы бұрғылаудың бұл әдісін қатты тау жыныстары кездесетін топырақты, күрделі бұрғылау жұмыстарын жүргізуді талап ететін жағдайларда қолдануға мүмкін болатынын көрсетті. Бұл технологияны енгізудің техникалық – экономикалық көрсеткіштері оңтайлы болады, өйткені қондырғының өзіндік құны салыстырмалы төмен, ал оны эксплуатациялау көп шығынды талап етпейді.
Ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелерін бойынша мақалалар басылып шықты (Қосымша А). Сонымен қатар студенттер арасында өткізілетін конкурсқа қатысып, сертификат алынды(Қосымша В).
Әдебиеттер тізімі.
www.kgu.kz
Рей Д., Макмайкл Д. Тепловые насосы. Пер. с англ. - М.: Энергоиздат, 1982. - 224 с.
Федянин В.Я., Карпов М.К. Использование грунтовых теплообменников в системах теплоснабжения // Ползуновский вестник. - 2006. – № 4. - С. 98-103.
Амерханов Р.А. Тепловые насосы и их роль в решении проблем энергосбережения и защиты окружающей среды // Менеджер-эколог. - 2008. - № 3. - С. 65-68.
Басок Б.И., Беляева Т.Г., Рутенко А.А., Лунина А.А. Анализ экономической эффективности при реализации теплонасосных систем для теплоснабжения // Промышленная теплотехника. - 2008. - Т. 30. - № 4. - С. 56-63.
Доброхотов В.И., Поваров О.А. Использование геотермальных ресурсов в энергетике России // Теплоэнергетика. - 2003. - № 1. - С. 2-11.
Беляев В.Е., Косой А.С., Соколов Ю.Н. Теплонасосные установки нового поколения и их использование в качестве высокоэффективной энергосберегающей и экологически чистой энерготехнологии для горячего водоснабжения // Новости теплоснабжения. - 2006. - № 8. - С. 43-48.
Бубялис Э., Марцинаускас К., Шкема Р. Возможности и перспективы применения тепловых насосов в производстве низкопотенциальной теплоты // Промышленная теплотехника. - 2000. - Т. 22, № 3. - С. 53-56.
Васильев Л.Л. Использование энергии Земли с помощью тепловых труб // Инженерный физический журнал. - 1990. - Т. 59, № 3. - С. 488-491.
Васильев Г.П. Теплохладоснабжение зданий и сооружений с использованием низкопотенциальной тепловой энергии поверхностных слоев земли.- М.: Издательский дом "Граница", 2006. - 173 с.
Швеция, Финляндия: обзор рынка тепловых насосов // Электронный журнал энергосервисной компании «Экологические системы». - 2003. - № 1.
Georgiev A., Popov A., Stavrev S. Borehole for implementing of thermal Response Test in the Technical University Sofia, branch Plovdiv. Proceedings of the conference on energy efficiency and agricultural engineering. - Rousse, 2009. - P. 525 – 530.
Постановление Правительства Республики Казахстан. Об утверждении Концепции развития топливно-энергетического комплекса Республики Казахстан до 2030 года: утв. 28 июня 2014 года, № 724.
Алимгазин А.Ш., Бахтиярова С.Г., Бергузинов А.Н. Экологические аспекты применения теплонасосных технологий для теплоснабжения различных объектов в Республике Казахстан // Вестник Павлодарского государственного университета. Серия «Энергетическая». - 2010. - № 1. – С. 42-52.
