Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бектай Жупар (Восстановлен) (Автосохраненный).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
499 Кб
Скачать
☆

1.2 Астық дақылдарының кең таралған аурулары

Арпа – Қазақстанның бүкіл аудандарында жаппай өсірілетін негізгі мал азықтық дақылдардың қатарына жатады. Құрғақшылыққа төзімділігі мен дəн қоректілігінің құндылығына байланысты оның жем-шөп құрылымындағы маңызы ешқашан жоғалмақ емес. М.М.Бекежанованың[1] мəліметтері бойынша Қазақстанның оңтүстік-шығыс аймағында арпаның аса кең таралған ауруларына қара-қоңыр дақ жəне тамыр шірігі (қоздырғышы: Bipolaris sorokiniana Sacc., Sorok.), жолақты (Drechslera graminea Rab.), торлы (Drechslera teres Sacc.) жəне жиектелген дақ (Rhynchosporium secalis Heins) аурулары жатады.

Б.А.Хасановтың деректері бойынша [2] дəнді дақылдардың гельминтоспориоз ауруларының қоздырғышы ретінде Bipolaris туысына жататын саңырауқұлақтар ерекше орын алады, олардың 66 түрі астық тұқымдас өсімдіктердің ауруларының қоздырғышы ретінде белгілі екендігін, ал арпа дақылында 11 түрі кездесуі мүмкін екенін көрсеткен. Бүкіл жер шарында кең таралуы жəне аса зияндылығы жөнінде дəнді дақылдардың қара-қоңыр теңбілі мен тамыр шірігін қоздыратын Bipolaris sorokiniana (Sacc., Sorok.) Shoem., саңырауқұлағы ерекше орын алады. Кейбір жылдары олар эпифитотия дəрежесіне дейін дамып, дақылдың өнімділігін 20-30% дейін төмендетеді.

Кəдімгі тамыр шірігінің негізгі қоздырғышы Bipolaris sorokiniana саңырауқұлағы. Бұл патогеннің инфекциясы өсімдік қалдықтары мен топырақта жəне тұқымда сақталады. Берілген зерттеулердің мақсаты, республиканың оңтүстік-шығысында арпа егістерінде гельминтоспориозды тамыр шірігі ауруының таралуы мен даму динамикасын анықтау.

Аурудың дамуы мен таралуына зерттеулер, арпаның негізгі өсу (Цадокс бойынша) түптену (21-26), жəне дəннің толық пісу (92) кезеңдерінде жүргізіледі. Өсімдіктің тамыр шірігі ауруымен залалдану дəрежесін БҮӨҚ түрі өзгертілген шкаласы бойынша анықталады.

тұқымның қайта зақымданып жол бермеу. Тұқымның ауру қоздырғыштармен зақымданғаның тұқымдық бақылау инспекциялары анықтайды.Дәнді дақылдар тұқымының қаракүйе түйірлерімен ластану мөлшері 0.002 % асатын болса, оны егіске пайдалануға болмайды.Сонымен қатар дәннің ,қаракүйемен споралану мөлшерін анықтауға болады.Бұл үшін жүз дән алып,оларды арнайы пробиркаларға салып үстіне он мл ден су құйылады да , бес минут центрафугада мұқият шайқалады.Центрифугалау кезінде дән үстіндегі спораладың бәрі пробирканың түбіне тұнатындықтан , онда, 0.5 см куб суспензия ғана қалдырылады да қалған су төгіледі. Пипеткамен бірнеше тамшы су әйнекке тамызылып , микроскоп арқылы ондағы хламидоспорпалар саны анықталады.Бұл әдіспен қаракүйе спораларымен қатар дән үстіндегі фузарнум, гельминтоспориум, макроспориум т.б саңырауқұлақтардың конидияларын да анықтауға болады.

  1. Ауру қоздырғыштар тұқымды зақымдап, оның ішкі қабаттарында мицелий ретінде сақталады да, сыртта байқалмайды.Олар факультативті паразит болған жағдайда дәннің сырты спиртпен немесе калий перманганатының ерітіндісінде стерильдендіріліп , Петри шыныларындағы дымқыл сорғыш қағазға 25-50 тұқым егіледі де , термостатта төрт бес күн бойы 20-25 градус температурада қалдырылады. Осы мерзімнен кейін Петри шыныларын ашып қарасақ , зақымданған тұқымдардың үстіне жұқа ақшыл, күлгін-қызғылт немесе қаракөк зең пайда болғанын.Бактерния ауруларына шалдыққан тұқымдардан ақшыл мөлдір немесе сарғыш шық тәріздес тамшылар бөлінеді.

Тұқым тозаңды қаракүйемен және т.б облигатты паразиттермен зақымданса , ылғалды ортада дәннің үстінде саңырауқұлақтың споралану органдары түзілмейді.Олардың зақымданғаның анықтау үшән гистологиялық әдіс қолданылады.Тұқым натрий сілтісінің ерітіндісінде қайнатылып ,оның жармағы эндоспермадан бөлініп алынады да ,анелин бояуларымен боялады. Жарнақ жапырақшаларын бір тамшы еретіндіде әйнектің үстіне жазып микроскоп арқылы қарасақ, боялмаған өсімдік тканьдерінің арасынан көкшіл қаракүйе мицелийлерін байқаймыз.

Тұқымның вирус және бактерия ауруларымен зақымданғанын білу үшін олар теплицада немесе жабық грунтте өсіріледі, ауруға шалдыққан өсімдіктер санв анықталады.

Тұқымның инфекциямен зақымданғанын анықтау үшін физикалық және химиялық әдістерді кеңіне пайдалануға болады. Тұқымдық материялдарға фитипатологиялық экспертиза жасауда люминесценция әдісі кең қолданылады.

Тұқым мен түйнек және басқа да отырғызылуға арналған материалдарды зақымсыздандыру.

Тұқымды инфекциядан зақымсыздандыру ауру қоздырғышының биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Егер инфекция дәннің ішіне терең енбей, оның сыртқы қабаттарында сақталса, тұқымды контактылы әсер ететін улағыштарымен тозаңдау немесе олардың судағы ерітіндісімен ылғалдап дәрілеу арқылы залалсыздандырамыз. Бидайдың қатты қаракүйесінің инфекциясы дән үстінде сақталатындықтан онымен күресуде өндірісте кең көлемде қолданылып отырылған контактылы улағыштар тиімді. Арпа, сұлы, тары басқа да дақылдардың тас және жабық қаракүйелерінің инфекциясы көбінесе дән қауызының астында сақталады. Оларды жою үшін тұқымды граноза, меркурбензол сияқты сынап – органикалық улағыштармен ылғалдап немесе формалинмен сулап дәрілеу тиімді. Бұл пепараттардың әсер ететін заты этилмеркурхлорид пен формальдегид буланып, тұқым қауызының астына енеді де, ондағы хламидоспоралардың тіршілік қабілетін жояды.

Инфекциясы тұқымның ішінде сақталатын бидай мен арпаның тозаңды қаракүйелеріне және көпшілік бактериоздар мен вироздарға контактылы улағыштар тиімсіз. Тұқымды бұл аурулардан айықтыру үшін оларды жоғарғы температурада құрғақтай немесе ыстық сумен арнайы қондырғыларда баптайды.

Астықтың тозаңды қаракүйелерімен күресуде соңғы жылдарға дейін тұқымды ыстық сумен залалсыздандыру қолданылып келді. Оның бір және екі фазалы әдістері бегілі. Бір фазалы әдісті қолданғанда тұқым температурасы 53 – 55 градус ыстық суда 6-10 мин ұсталады. Екі фазалы әдісте ол алдымен температурасы 28-32 градус суда 4 сағат бойы, ал одан кейін 52-53 градус 7-8 мин ұсталады. Тұқымды белгілі бір уақытта ыстық суда ұстау, суға шыланған дәнді кептіру, басқада жұмыстарды жүргізудің технологиясы өте күрделі және бұл мақсатқа пайдаланылатын қондырғылардың өнімділігі төмен. Сонымен қатар, ыстық суда бапталған тұқымның өнгітігі де төмендейді. Осы себептерден бұл әдіс өндіріске кең жол таба алмады.

1970 жылдардан бастап алдымен Америка Құрама Штаттарда, кейінірек біздің елімзде, басқада мемлекеттерде астық дақылдардың тозаңды қаракүйесіне тиімді жана фунгицидтер шығарыла бастады. Оларды жүйелі фунгициттер деп атайды. Бұл препараттардың бір ерекшелігі уланған тұқым арқылы фунгицит жас өскіндердің зат алмасу процесстеріне араласып, өсімдіктерді аурулардан айықтырады. Жүйелі фунгициттердің тағы бір ерекшелігі – олардың әсерінен таңдамалылығында, яғни саңырауқұлатардың белгілі бір систематикалық тобына өте зәрлі болып, басқаларына бейтараптығы. Атап айтқанда қазір өндіріс көлемінде шығарылып отырылған витавакс, беномил, фундозол, сияқты жүйелі фунгициттер көбінесе базидиялы саңырауқұлақтар мен аскомицеттерге ғана зәрлі әсер етеді.

Тұқымды улағыштармен баптаудың бірнеше тәсілдері бар

Құрғақ тәсіл. Тұқым улы химикаттың ұнтағымен тозаңданады. Бұл әдістің кемшілігі препараттың ұнтағы дәнге толығымен жабыспай тұқымды тиеу, түсіру кезінде тозаңдалып шашыла береді. Құрғақ тәсілмен тұқымды егіс алдында, немесе одан 1-2 айдан 5-6 айға дейін ерте улауға болады.

Ылғалдап дәрілеу. Көпшілік улағыш препараттар суда ерімейді. Осы себептен алдымен препараттың суда суспензиясы дайындалып, онымен тұқым ылғалданып дәріленеді немесе құрғақ препаратпен тозаңдалған тұқымға су бүркіліп ылғалдандырылады. Бір тонна дәнді ылғалдауға 7 – 10 литрден 10 – 15 литрге дейін су жұмсалады. Бұл әдіспен тұқымды егуден бірнеше күннен, 2 – 3 айға дейін бұрын улауға болады.

Жартылай құрғақтай дәрілеу. Бұл әдіспен сұлы мен арпаның тұқымы формалиннің ерітіндісімен уланады. 1 тонна дәнге 0,5 процентті 15 – 30 литр ерітінді жұмсалады. Уланған тұқым полиэтилен пленкасымен немесе қанармен 3 – 4 сағат бойы жабылып, тұншықтырылады. Осы мерзімде Иммунизациялау үшін пайдаланылады. Бұл препараттармен бірнеше рет бапталған өсімдіктердің кеселге беріктігі 2-3 жылға дейін сақталады. Өсімдіктерді иммундаудың тағы бір жолы-оларды патогеннің әлсіз немесе шалажансар штаммдарымен вакцинациялау. Бұл әдіс фитопатологияда кең қолдау таппағанмен, оны бірен- саран патогендермен күресу үшін теплицада көкеніс дақылдарының ауруларына қарсы қоолдануға болаы. Профессор Ю. И. Власов қиярдың вирус ауруларымен күресу үшін өсімдіктерді оның әлсіз штаммдарымен баптауды өндіріске ұсынады.

Инфекциясы ауа арқылы таралатын өсімдік ауруларымен күресу шаралары

Фунгицидтер өсімдіктерді препараттың ұнтағымен тозаңдау, суспензиясымен бүрку арқылы қолданылады.Бірақ әдістің кемшілігі препараттардың тозаңы қоршаған ортаны ластайды,жауын тамшылары мен тез шайылып,тиімділігін жояды.Осы себептен де фунгицидтер көбінесе бүрку арқылы қолданылады.Бұл мақсат үшін тракторға тіркелетін бүріккіштермен қатар ауыл шаруашылығы авиациясы да кең пайдаланылады.Фунгицидтерді тракторға тіркелетін бүріккіштермен шашқанда 1 гектарға 200-ден 600 литрге дейін су жұмсалынады ал бау-бақшада оның мөлшері 800-ден 1000-1500 литрге дейн жетеді.Егісті авияция арқылы баптағанда судың мөлшері 50 литрге дейін төмендетіледі.Өте аз көлемді бүрку кезіндеәр гектарға шашылатын фунгицид сұйығын 5литрге азайтуға болады.

Фунгицидтер көкөніс,бау-бақша дақылдарын қорғауда кеңінен қолданылыды.Оларды тиімді пайдалану үшін аурудың дамуын қадағалап,бүкіл вегетация кезінде немесеалдағы бір-екі онкүндіктегі ауа райында болатын өзгерістерді біліп отару керек.Аурудың алдын алып қолданған химиялық препараттар тиімді.Инфекция эпифитотия дәрежесіне дейін дамитын болса 10-15 күннен кейін күту мерзімі белгіленеді.Бұл үшін көпшілік фунгицидтерге 20-30 күн жеткілікті.Осы мерзімде фунгицидтер өсімдік тканьдерінде толық ыдырап зәрсіз затқа айналады.

Фунгицидтер өсімдіктерге шашылғаннан кейін бірден жаңбыр жауса,олар су тамшыларымен шайылып кетеді де ауруға қарсылығы кемиді.Жүйелі фунгицидтер 7-8 сағат ішінде өсімдік тканьдеріне еніп үлгереді,ал контактылы препараттар қолданылғанда бір тәулік жаңбыр жаумағаны пайдалы. Құрғақ препараттармен тозаңдануды таңертең немесе кешкі салқында жүргізген жөн.

Бенлат (фундазол) 50% с.ұ.-а з беномил.Алма мен алмұрттың таз қотыр,ақ ұнтағына(1га 1-2 кг)жүзімнің оидиумы мен жемістерінің сұр шіруіне (1,5 кг\га) қиярдың ақ ұнтақ,аскохитоз,қоңыр теңбілі мен антракнозына ( 0,6-0,8 кг|га) қарсы препараттың 0,1% суспензиясы бүркіледі.Препаратпен соңғы баптаудан кейінгі күту мерзімі қияр мен жүзім үшін -7-10 күн қалған дақылдарда 20күн.

Бордо сұйығы а.з. - мыс купоросы.Ерте көктемде алма мен алмұрт,ағаштары,қарақат,құлпынай,қараған плантациялары мыс купоросы.Ерте көктемде алма мен алмұрт ағаштары қарақат құлпынай қараған плантациялары 3-4% ерітіндімен бүркіледі.Бір гектарға 30-60кг препарат жұмсалады.Бұл баптау «көкшіл бүрку» деп аталады.Ол жеміс ағаштары мен бұталары жаңадан бүрленіп келе жатқанда жүргізіледі де көп уақытқа дейін оларды таз қотыр жапырақ теңбілдену т.б.аурулардан қорғайды,цитоспороз рак монилиоз ауру қоздырғыштарын жояды.

Бордо сұйығы а.з. - мыс купоросы.Вегетация кезінде алма мен алмұртты таз қотыр,ақ ұнтақ,жүзімді,мильдью,оидиум,антракноз,(10-15 кг/га) қарақат пен қарағанды антракноз септориоз, кг/га қияр,қарбыз бен қауынды антракноз,переноспороз,аскохитоз,бактериоз кг/га қызылшаны переноспороз,церкоспороз кг/га пиязды переноспорозбен шіру ауруынан қорғау үшін пайдаланады.

ДНОК,40% еритін ұнтақ а.з. - динитроортокрезол.Ерте көктемде алма мен алмұт бақтары және жүзім плантацияларында қыстан шыққан таз қотыр,рак цитоспороз,монилиоз,антракноз,мильдью дақты некроз ауруларының инфекциясын жою үшін қолданылады.1 гектарға 30-40кг препарат жұмсалады.

Капатан 50% с.ұ.Алма мен алмұрттың (7,5-10кг/га)таз қотыр басқа да теңбілденуіне қарақат,қарлыған,құлпынайдың антракноз,септориоз тат ақ теңбілденуіне (2,5-3,5 кг\га) жүзімнің мильдью антракнозына (5,0 – 7,5 кг)помидор мен картоптың фитофтороз,альтернариоз макроспориозына 3-4и кг/га қарсы препараттың 0,5% ерітіндісі бүркіледі.Күту мерзімі – 30 күн.

Коллоиды күкірт 80% с.ұ. а.з. күкірт.Алма мен алмұрт тың (8-16кг/га) жүзімнің (9-12 кг/га) қарақат пен қарлығаның (3-4 кг/га) қияр қауын қарбыздың (4-6 кг/га) қант қызылшасының сәндік үшін өсірілетін өсімдіктердің (3-4 кг/га) ақ ұнтақ ауруларына және жүзімнің оидиумынакгга қарсы қолданылады алма алмұрт жүзім қалған дақылдар суспензиямен бүркіледі.Күту мерзімі-30күн.

Күкірт ұнтақталған.Барлық дақылдардың ақ ұнтақ ауруына қарсы гектарына 15-30 кг есебінен қолданылады.Күту мерзімі 5 күн.

Каратан 25% с.ұ. а.з. – динокон.Алма мен алмұрттың (6-8 кг/га) қарлыған,қарақат,қарбыз,қауын қиярдың (3-4кг/га) раушан гүлі мен хризантеманың ақ ұнтақ ауруларына қарсы 0,1 процентті концентрацияда қолданылады.Жеміс көкөніс дақылдары бапталғанда.Күту мерзімі 20 күн.

Купрозан (хомецин) с.ұ. а.з. - мыстың хлор + цинк.Алма мен алмұрттың таз қотыр,филлиостикоз,монилиоз (6-8 кг/га) қарлыған,таңқурайдың,антракноз,септориоз және басқа теңбілдену (3-4 кг/га) жүзімнің,мильдью , қант қызылшасының переноспороз,церкоспороз және картоптың фитофтороз,макроспориоз ауруларына қарсы (2,8-3,2 кг/га) қолданыладыюКүту мерзімі 20 күню

Мыстың хлор тотығы 90% с.ұ а.з. Қараөрік,шабдалы,шие,абрикостың клястероспориоз жапырақтың теңбілденуі мен бұйралануы (4-8 кг/га) қант қызылшасының переноспороз,церкоспороз (3,2-4,0 кг/га) қиярдың антракноз бактериоз ауруларына (2,4 кг/га) қарсы ертінді ретінде қолданылады.Куту мерзімі 20 күн.

Нитрафен 60%паста.Ерте көктемде алма мен алмұрртың таз қотыр цитоспороз,рак,абрикос қараөрік пен шиенің клястероспориоз монилиоз жапырақтың бұйралануы ауруларының қоздырғыштарының қыстап шыққан инфекцияларына қарсы әр гектарға 40-60кг препарат шашылады.

Поликарбацин 75% с.ұ. а.з. метирам Бидайдың тат қант қызылшасының церкоспороз,переноспороз картоп пен помидордың фитофтора,макроспориоз алма мен алмұрттың таз қотыр,монилиоз жапырақтың теңбілденуі ауруларына қарсы қолданылады.Бір гектарға 5кг препарат жұмсалады.Бидай егісін бүріккенде,ал қалған дақылдарда суспензия жұмсалады.Күту мерзімі 20 күн.

Полихом 80% с.ұ а.з метирам+мыстың хлорлы тотығы.Алма мен алмұрттың таз қотыры (4-8 кг/га) қант қызылшасының переноспороз және церкоспороз (2,4 кг/га) картоп пен помидордың фитофтора және жапырқттеңбілдену (2,4 – 3,2 кг/га) жүзімнің мильдью және оидиум кгга ауруларына қарсы қолданылады.Күту мерзімі 20 күн.

Топсин-М с.ұ а.з – метил.Алма мен алмұрттың таз қотыр,ақ ұнтақ (1-2 кг/га) жүзімнің оидиум жемістің сұрланып шіруі (1-1,5 кг/га) қиярдың ақ ұнтақ (0,8 – 1,0 кг/га) ауруларына қарсы суспензия пайдаланылады.Күту мерзімі қиярда 7 күн,басқа дақылдарда - 20күн.

Формалин 40% ерітінді а.з – формальдегид.Қоймаларды теплицамен парниктерді,жұмыс құралдарын дезинфекциялауға ерітінді ретінде жұмсалады.

Фталан с.ұ а.з фомит.Алма мен алмұрттың,таз қотыр,ақ ұнтақ,жапырақтың теңбілденуі (7,5 - 10 кг/га) жүзімнің,мильдью,антракноз,оидиум (5,0 – 6,0 кг/га) қараөрік,шие,шабдалы,абрикостың клястероспориоз,коккомикоз,монилиоз жапырақтың бұйралануы (5,0-7,5 кг/га) қарақат пен қарлығаның антракноз,септориз,ақұнтақ картоптың фитофтора, альтернариоз, макроспориоз (3-3,5 кг/га) ауруларына қарсы қолданылады.

Цинеб 80% с.ұ.Бидайдың тат (5 кг/га) алма мен алмұрттың таз қотыр,жапырақтың теңбілденуі ,монилиоз (4-8 кг/га) абрикос,қараөрік,шие,шабдалдың,клястероспориоз ауруларына қарсы қолданылады.Күту мерзімі 20 күню

Көптеген фитопатогенді микроорганизмдердің тіршілігі өсімдік қалдықтарымен топырақпен тығыз байланысты.Вертицилиум,Фитиум,Ризоктония,Фузариум,Гельминтоспориумтуыстарының өкілдері астық дақылдары қызылша,мақта,картоп,жоңышқа т.б. өсімдіктердің тамырын жайлап оларды ауруға шалдықтырады.Бұларға тән қасиет бірнеше өсімдіктің түрлерін зақымдауға бейімделіп,ие өсімдік болмаған жағдайда топырақта ұзақ мерзімге дейін тыныштық қалпында сақтаулы.

Топырақта ауру қоздыратын жартылай паразитті саңырауқұлақтармен қатар өсімдік қалдықтарымен қоректеніп , оларды шірітіп, қарапайым қосылыстарға дейін ыдырытатын көптеген сапрофитті микроорганизмдер тіршілік етеді. Фитопатогендер өсімдік ризосферасында тіршілік ететін микроорганизмдермен күрделі қарым-қатынасқа түседі. Соңғы жылдары ғалымдар топырақтың фунгистазистік қасиеті болатынын анықтады. Ол топырақты мекендейтін сапрофитті микроорганизмдердің биологиялық екпінді заттар бөліп шығарумен тікелей байланысты. Сапрофиттер мен антоганистер паразитті саңырауқұлақтардың ұрықтарын өндірмей кқһөп уақытқа дейін тыныштық қалпында сақтайды.

Фитопатогенді саңырауқұлақтардың ұрықтары ие немесе басқа өсімдіктердің тамырынан бөлініп шығатын қосылыстардың әсерінен ғана өнеді. Өсімдік ауруларымен күресуде ауыспалы дақылдар жүйесінің қолдану ауру қоздырғышының осындай ерекшеліктеріне негізделген.

Ауыспалы дақылдардың маңызы. Инфекциясы топырақта сақталатын өсімдіктердің ауруларымен күресуде ауыспалы дақылдың маңызы зор. Дақылды кеңістік және мерзім бойынша алмастыра отырып, біз топырақта тіршілік ететін пайдалы немесе зиянды микроорганизмдердің көбеюіне немесе азаюына қолайлы жағдай тудырамыз. Осының нәтежиесінде егістің фитосанитарлық жағдайы өзгереді. Бірнеше мысал келтірейік.

Қазақстанның оңтүстік шығысында жүргізілген зерттеулер астық дақылдарының тамыр шіру ауруын қоздыратын гелминтоспориум сативиум саңырауқұлағының конедияларының саны көп жылдық шөптен кейін 4 – 5 есе азаятынын көрсетті. Бұл ауруға өте бейім келетін арпа бір жерге бірнеше рет егілсе, кеселдің дамуы өршиді. Мәселен, күздік бидайдан кейін егілген арпада аурудың даму екпінділігі 16.1 % , ол сол жерге екінші жыл егілгенде 32.4% , үшінші жыл егілгенде 51.6% болып, кеселге шалдыққан өсімдіктер саны 90 – 100 % ке жетті.

Ауыспалы дақыл жүйесі дұрыс сақталмай дақыл бір танапта бірнеше жыл егілсе, топырақта ауру қоздырғыштарының инфекция қоры молайып, егістің фитосанитарлық жағдайы күрт төмендйді. Соңғы жылдары Жамбыл, Талдықорған облыстарының көптеген қызылша өсіретін шаруашылықтарында, егіншілік мәдениетінің төмендігінен ауыспалы дақылдар жүйесінің сақталмауынан тамыр жемістің фузариозды шіруі көбейіп кетті. Мысалы Талдықорған облысы бойынша тамыр емістің шіруіне шалдыққан қызылша егістің көлемі 1976 жылы 2844 га, 1977жылы 4683га болса, 1978 – 1980 жылдары ол - 11256 – 14691 гектарға дейін жетті. Зақымданған өсімдіктер саны 8.72 проценттен 30.7 - 37.5 процентке көтерілді. Қызылшаның тамыр жемістерін шіру ауруынан айықтыруда егісті уақытысында суару мен топырақты қопсыдудың да маңызы зор.

Соңғы жылдары кең таралып отырған астық дақылдарын септориоз, ринхоспориоз, гелминтоспориоз ауруларының қоздырғыштары да шірімеген өсімдік қалдықтарында сақталатын. Дақыл сол танапқа қайтадан егілсе көктемде жас өскіндер ерте зақымданады. Бұл аурулар инфекциясының жақсы сақталуына жел эрозиясынан қорғау үшін топырақты аудара жыртпай астықтардың паясын аударып жер бетінде қалдырып, қырқуышпен қопсыту өте қолайлы.

Алматы облысында жүргізілетін зерттеулер күздік бидай бір танапқа қатарынан екі жыл егілсе, ол септориоз ауруына шалдығатынын көрсетті. Апрель айының үшінші он күндігінде ауруға шалдыққан өсімдіктер саны 90 -100 % ке жетіп, бидайдың төменгі 1-2 жапырақтары тұтасымен қурап, ауру 3 -4 жапырақтарды шарпи бастады. Пардан кейін егілген күздік бидай егісінде бір – саран ғана зақымданған өсімдіктер кездесті.

Бір танапқа бірнеше ретарпа егілсе егісте ринхоспориоз, гелминоспорио ауруларының өршуі күшейеді. 2 – 3 жапырақ фазасында өскіндер 20 – 30 процентке дейін ауруғ шалдықса, түтіктену кезінде зақымданған өсімдіктер саны 90 – 100 процентке жетеді. Күздік бидаймен көп жылдық шөптерден кейін егілген арпа егісінде тек бірен саран ғана ринхоспориозға шалдыққан өсімдіктер кездеседі.

Көкеніс, бақша, дақылдарының да көптеген ауруларының қоздырғыштары шірімеген өсімдік қалдықтарында сақталады. Памидордың септориозы мен бактериозы, капуста қауданының кілегейлі және түтікше бактериоздары мен фомозы, картоптың макроспориозы, альтернариозы, фитофторасы шірімеген жапырақ пен сабақтарда сақталады. Ауыспалы дақылдар – бұл аурулармен де күресудің негізгі қырауының бірі. Зақымданған өсімдік қалдықтарын жинап, танапты қайырмалы плугтармен аудара жырту, инфекция ошактарын тұтасымен жояды. Көп жылдық жеміс жидек өсімдіктерінен қарақаттың септориозы, алманың таз қотыры, сүйекті жемістерінің клястероспориоз, коккомикоз ауруларының қоздырғыштары да жерге түскен жапырақтарда сақталады . Олардың инфекция қорын азайту үшін көктемде зақымдарды жою мақсатында жүргізілетін бүрку мен қатар жерге түскен жапырақтарды жинап, өртеп жіберудің немесе көміп тастаудың фитосанитарлық мәне бар.

Тыңайтқыштардың маңызы. Өсімдіктердің ауруларға беріктігін нығайтып, оның даму екпінділігін бәсеңдетуде органикалық және минералдық тыңайтқытардың маңызы зор. Көң немесе басқада органикалық тыңайтқыштарда фитопотогенді микроорганизмдерге антогонездік болатынын неше түрлі бактериялар, актиномицеттер және саңырауқұлақтар кездеседі.

Оңтүстік Қазақстан облысының қуаң дала аймағында жүргізген тәжірбиелер аңызды парға жыртар алдында әр гектарға 20 – 30 тонна көң төгілсе, күздік бидайдың тамыр шіру ауруына шалдығуы 2-3 еседей төмендейтінін ауру қоздыратын гелминтоспориум сативум саңырауқұлағының саныда азаятынын көрсетті. Органикалық тыңайтқыштар ретінде жасыл сидераттарды еңінен қолдануға болады. Ас бұршақ, Рапс, басқада топырақтың құнарлылығын арттыратын өсімдіктерді өсіріп, оларды көктей жыртып, орнына қант қызылшасын, мақта басқада техникалық дақылдар егілсе, тамыр шіру ауруының өршуі бәсеңдейді. өсімдік ауруларының дамуын бәсеңдетуге минералдық тыңайтқыштардың, әсіресе фосфор мен каллидің әсері ерекше бір жақты азот тыңайтқыштармен қоректендіру, өсімдіктердің тат, қаракүйе, тамыр шіру ауруларына бейімділігін, ал фосфор мен калли тыңайтқыштары кеселге беріктігін арттырады. Олар бірге олданылған жағдайда сабақ склеренхимасы қалыңдап, өсімдіктің аурға беріктігі артады.

Ауыл шаруашылығы дақылдарының ауруға беріктігін арттыруда микроэлементтерді қолдану да тиімді. Астық және көкеніс дақылдарының тұқымын себер алдында цинк, мыс, марганец тәрізді элементтердің ерітіндісімен баптау олардың қаракүйе, тат, гелминтоспориоз, тамыр шіру, бактериоз, ақ ұнтақ басқа да ауруларға беріктігін арттыратыны көп жылдық тәжірибелермен анықталып отыр.

Тұқымды күн көзінде қыздыру арқылы да өсімдіктерді көптеген кеселдерден айықтыруға болады. Соңғы жылдары бұл мақсат үшін ғылымның соңғы жетістіктері кеңінен қолданылуда. Тұқымды корон разряды мен лазер және ренген сәулелерімен баптау арқылы өсімдіктердің ауруға беріктігін нығайтуға болатыны анықталды.

Өсімдік ауруларымен күресудің микробиологиялық тәсілдері. Әр түрлі топқа жататын микроорганизмдердің арасында бір бірімен антогенездік қарым – қатынас байқалады. Кейбір микроорганизмдер өсіп- даму кезінде басқаларына зәрлі заттар бөліп шығарады. Олардың осы қасиеті адаммен жануарлардың және өсімдіктердің ауруларына қарсы қолданатын антибиотиктерді шығаруда пайдалынылады.

Шет елдерде өсімдік ауруларымен күресуде антибиотиктер жиі қолданылады. Бұл жұмыс әсіресе Жапонияда, Америка Құрама штаттарда мен Англияда, Венгриямен чехославакияда жақсы жолға қойылған. Жапонияда шығарылатын бластицидин, косугамицин, полиоксин, антибиотиктері өсімдік ауруларымен күресуде кеңінен пайдаланылады.

Бластицидин. Стрептомицес гризеа актиномицетінен алынады. Қазір осы антибиотиктен продуценті бластицидин «S» күріштің аса зиянды ауруы перикуляриозға қарсы қолданылады.

Біздің елімізде жүргізілген зерттеулер бұл препарат жүзін жемісінің сұрғыл шіруіне, қияр мен шабдалының ақ ұнтағына, картоптың таз қотырына өте тиімді екенін көрсетті.

Арпа дақылының қара күйесі. Қоздырғышы: Ustilago hordei (Pers) Lagerh.

Қылтанақтаң басқа масақтың барлы қбөліктері зақымдалып, жұқа түссіз қабықпен жабылған қара түсті споралар жиынтығына айналады. Споралар біріне бірі тығыз, жабысып орналасқан, сыртқы ортаның әсерінен жеке кесектерге оңай бөлінеді. Споралар өздігінен шашылмайды. Дән астық бастыру және өңдеу кезінде залалданады. Залалданған дән тұқым ретінде пайдаланылғанда, аурудың әсерінен өскіндердің өліп қалуынан егістік сиреп кетеді. Өскіндер топырақтан залалдануы да мүмкін.

Аурудың дамуына 5-100 С температура мен топырақ ылғалдылығының 60-70%  болуы өте қолайлы.

Арпаның (жалғантозаңды) қаракүйесі. Қоздырғышы: Ustilago nigra Tapke. (U. medians).

Біліну белгілері бойынша арпаның тозаңды қара күйесінен айырмашылығы болмайды. Өзек пен қылтанақтардан басқа масақтың барлық бөліктері залалданады. Ауру тұқым өне бастаған кезде жұғады. Биологиялық жағынан қоздырғыш қатты қара күйемен ұқсас, дән қабықшаларында және олардың астында сақталады. Өзінің өнгіштігін 3 жылға дейін жоғалтпайды. Зақымдалған масақ жапырақ қынабынан шықпай қалады.

Дәнді дақылдардың тат аурулары 

Дәнді дақылдардың тата урулары аса зиянды аурулардың бірі. Эпифитотия кезінде көптегена удандарды қамтып, егін түсіміне көп шығынк елтіреді. Спораларыалыс қашықтықтарға желмен ұшып барып аурудың кенеттен пайда болуына себепкер болады. Тат саңырауқұлақтары өсімдіктердегі ассимилияциялық процестерді бұзып, фотосинтезді азайтады, тыныс алу мен булануды жиілетеді. Мысалы сабақ таты мен қатты зақымданғанда шығын 50%-дан жоғары болуы мүмкін.

Қазақстанның негізгі астық өсіреті наймақтарында бидай, қарабидай, арпадасабақ (жолақты) таты, бидай мен қарабидайда қоңыр тат, сұлының тәжді таты, арпаның қортық таты таралған, ал бидайдың, қарабидай мен арпаның сары таты сирек кездеседі.

Дәнді дақылдардың тат ауруларының қоздырғыштары болып Uredinales қатарының Базидиомицеттер (Basidiomycetes) класына жататын Puccinia spp. Саңырауқұлағы саналады. Аурумен зақымданған мүшелерде түрлі шамамен пішіндегі күлдіреуктер (пустулалар)  пайда болады.  Даму кезеңінде спора түзудің бес түрі болады: 0 –спермогонииспермацияларымен, I –эцииэциоспораларымен, II –урединиоспоралартүзу, II –телиоспоралартүзу, IV –базидии базидиоспораларымен. Жазғы споралар деп аталатын урединиоспоралар желмен үлкен қашықтықтарға таралады.

Саңырауқұлақтың жекелеген түрлері қысқа жолмен (жартылайциклмен) дами алады, яғни оларда спора түзудің белгілі бөлігі ғана болады. Тат аңырауқұлақтарының даму кезеңі бірнеше өсімдікте (көпқожалы) немесе бір өсімдікте( біриелі) өтуімүмкін.

Гельминтоспориоз. Ауру қоздырушы –Dreschslera turcica –саңырауқұлағы. Кеселдің таралуына жоғарғы ылғалдылық пен жылы температура жақсы әсер етеді. Ауруға жүгерінің жапырақтары, сабақтарының буын аралықтары шалдығады. Гельминтоспориоз ауруының зияндылығы залалдану дәрежесі мен алғашқы шалдығу уақытына байланысты анықталады. Кеселге шалдыққан өсімдік дәндері майда, собықтарында сирек орналасады. Ауруға шалдыққан өсімдік жапырақтары ерте солып қурайды, дән өнімі мен жасыл балауса көлемі төмендейді. Аурудың сыртқы белгісі: жапырақтарында ұзын қоңыр – ұр түсті дақтар пайда болады, жапырақ астыңғы жағында сарғыш – ара түсті ұлпа түзіледі. Кеселдің алғашқы дамуында дақтар майда әртүрлі пішінді сұр – оңыр өңезді болады. Ауру өсімдіктің астыңғы жапырақтарынан басталады. Ал кейін жоғарғы жапырақтарға таралады. Дамуына байланысты дақтардың көлемі 25см жетеді. Жапырақтары солып қурайды. Буын аралықтарында қара дақтар пайда болады. Собықтарындағы дәндер арасында қара –қоңыр ұлпа түзіледі. Даму кезеңінде ауру қоздырушы 2-3 ұрпақ береді. Өсімдік ауруға 7-380С температурада шалдығады, ал қолайлы температура (23-300С). жауын – ашын мен жоғары ылғалдылықта аурудың таралуы қолайлы жағдай туғызады.

Ауру қоздырушы егілетін тұқым сыртында, өсімдік қалдықтарында сақталады.

Күресу шаралары. Егілетін тұқымды өңдеу. Ауыспалы егіс сақтау. Өсімдік қалдықтарын жою. Топырақты терең жырту. Қолайлы мерзімде себу. Минералды тыңайтқыштарды енгізу.

Зерттеу жылының соңғы 2013 жылы ақпан айының бірінші онкүндігі – 8,70С, ал екінші онкүндігінде – 1,9 0С температура қалыптасты) ақпан айының соңғы күндеріне дейін созылуы қыс айларының созылуы еріген қар суы танаптың су эрозиясына ұшырауына қолайсыз болғандығын айқындайды. Дегенмен, қардың қалың түсуі және бірқалыпты деңгейде ұзақ жатуы ылғалдың мол жинақталуына септігін тигізеді. Егістікте ылғал жоғарылығынан танаптың төменгі рельефінің бетіне шалшық су жинақталып жылғалар пайда болады, топырақ дегдісімен дақылды тікелей себу мүмкіндігі туындайды.

  1. Технологиялық бөлім

2.1 Оңтүстік Қазақстан облысының ауа-райы ерекшеліктері

Оңтүстік Қазақстан облысынының топырақ –климаттық жағдайы алуан түрлі бедерлігімен ерекшеленеді. Талас Алатауы мен Тянь-Шань тауының батыс тау сілемдерімен облыстың солтүстік –батыс жағы құмды шөлейт Бетпақ дала жазығымен жалғасып жатады. Оңтүстік –Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының тәжірибе егіс алқабы шамамен теңіз деңгейінен 650-800 м биіктікте орналасқан.

Оңтүстік Қазақстан облысының климаты ерекше мінезімен тез құбылмалығымен, күн сәулесінің радиациясы және жылылығымен ерекшеленеді. Орташа суықсыз кезеңі 245-265 күнге созылып, яғни 00 жоғары температура 8-10 айды құрайды. 2015-2016 жылдары қыс айларында агрометрологиялық жағдай температураның күрт төмендегенімен қардың көп көлемде түсуімен ерекшеленді.

Алғашқы қар жамылғысы зерттеу жүргізілген 2015-2016 жылдары қараша айының II декадасының соңғы күндері түсіп, ал 2015 жылы желтоқсан айының II декадасында жауған қар ақпан айының соңғы декадасына дейін сақталып наурыз айына дейін жатты. Ең жоғарғы қар жамылығысының биіктігі қараша-қаңтар айларында 23-45см жетіп, зерттеу жүргізген жылдары топырақ қабатында тоң қату болған жоқ, сондықтан күздік бидай қар жамылғысының астында қолайлы жағдай қалыптасқандықтан одан әрі даму процестері жүріп жатқандығы белгілі болды.

Арпаның өсу кезеңіндегі ауа-райы зерттеу жүргізілген жылдары біркелкі болмады. 2015 жылы сәуір айының 1-ші және 2-ші онкүндіктерінде күндізгі температура 20-250С-қа дейін жетті, нөсерлеп жауын жауды. Айдың аяғында температура күндіз 18-250С көтерілсе, ал түнде 8-120С төмендеді. Мамыр айының 1-ші онкүндігі құрғақтау болып, небәрі 18-24 мм жауын-шашын түсті. Маусым айының 8-11 аралығында нөсерлеген жаңбыр жауып, өсімдік жапырақтарында шық таңертеңгі сағат 10-11-ге дейін сақталды. Осы айдың 2-ші онкүндігінде температура күндіз 26-280С-қа жетсе, түнде 12-150С-қа төмендеді, ал 3-ші онкүндікте ауа райы құрғақ, әрі ыстық болды. Температура күндіз 30-350С, түнде – 17-220С аралығында болды.

2015 жылы сәуір айының 3-ші және мамыр айының 1-ші онкүндіктерінде ауа райы құрғақтау болды. 11-24 мамыр аралығында барлық жерлерде нөсерлі жауын-шашын өтті, ауаның температурасы айтарлықтай төмендеп, өсімдіктердің жапырақ-сабақ инфекциялы ауруларының дамуына қолайлы жағдай туды. Бірақ, мауысым айының 1-ші және 2-ші онкүндігінде температура күрт көтеріліп (30-350С), ауа райы құрғақ болды, яғни аурулардың дамуына қолайсыз жағдай туды.

2015 жылы өсімдіктердің өсу кезеңінің бірінші жартысы мен шілде айында ылғал мол болды. Мәселен, сәуір айында түскен жауын-шашын мөлшері 102 мм, немесе көпжылдық көрсеткіштен 60 мм жоғары. Мамыр айы орташа ылғалды, ал маусым құрғақтау (31 мм) келді. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы көпжылдық деңгеймен салыстырғанда сәуір айында 18%, мамыр мен маусым және шілде айында – 5-8% жоғары болды.

Көп жылдық көрсеткіштермен салыстыра қарағанда 2015-2016 жылдары сәуір-мамыр айларындағы түскен жауын-шашын мөлшері біркелкі болып, күздік бидайдың бас шығару және сүттеніп пісу кезеңдерінде ылғал жеткілікті болып, өнімнің де жоғары болуына септігін тигізді. Ал, 2016 жылғы көктем айларында құрғақшылық болып, түскен жауын-шашын мөлшері күздік дақылдарға нағыз ылғал қажет кезінде 22,0-58,3 мм құрады, бұл көрсеткіш орташа көпжылдыққа қарағанда 1,5-2,0 есе аз болғанын көрсетеді (1-кесте).

Көп жылдық орташа мәліметтер бойынша жауын-шашын түсімінің жиынтығы – 515 мм, оның ішінде 40,0 % көктемде, жазда – 5,2 %, күзде – 18,6% және қыста – 36,2% түседі. Зерттеулер жүргізілген 2007-2008 ауыл-шаруашылық жылы – 81,9 мм немесе 13,2% - күзде, 262,5 мм немесе 39,2% - қыста, 154,5 мм немесе 23,1% - көктемде, 36,5 мм немесе 5,5% - жазда жауын-шашын түсті, 2014-2015 ауыл шаруашылық жылы бұл көрсеткіштер төмендегі-ше деңгейде болды: 208,2 мм немесе 31,1% - күзде, 212,6 мм немесе 37,3% - қыста, 201,1 мм немесе 35,2% - көктемде, 7,7 мм немесе 1,3% - жазда жауын жауған, ал 2015-2016 жылдары тиісінше 91,4 мм немесе 18,1% - күзде, 231,8 мм немесе 52,6% - қыста, 123,3 мм немесе 28,0% - көктемде, 5,6 мм немесе 1,3% - жазда жауын түскен. Яғни қыс және көктем айларында 70-80% жыл бойы түсетін жауын-шашын мөлшері түссе, күз айында небары 13,2-18,6% жаңбыр жауатыны айқындалды. Осы себептен күздегі далалық жұмыстарды уақтылы және сапалы жүргізу үшін әр жылы көптеген қиындықтар мен кедергілер туындайды. Демек, егіншілік жүйесінде күз айларында жүргізілетін агротехникалық шараға барынша шығынды аз жұмсау бағытын қалыптастыру керектігі өндірістің бүгінгі талабы екені аян.2010 жылы қазан айының екінші онкүндігінде 17,7 мм, ал үшінші онкүндігінде 36,3 мм жауын жауып жердің беткі тұқым орналасатын қабатында (0-10 см) 25,2 мм ылғал қоры жинақталып далалық егіс жұмыстарын жүргізуге өте ыңғайлы болды. Бұл жылы күздік бидайды себу мерзімі қараша айының 6 жұлдызына тура келді. Топырақ ылғалдылығының жеткіліктілігі және тәліктік орташа температураның жоғарылығы (16,00С) нәтижесінде бидай өскінінің жер бетіне 8 күнде шығуы, толық шығымы 10-12 күнде қалыптасты (қарашаның II онкүндіктегі тәуліктік орташа температура 8,60С болды). Келесі 2012 жылдың жаз және күз айлары өте құрғақ болып (қыркүйек - 0,0 мм, қазан – 8,0 мм, қараша айының бірінші онкүндігінде – 17,2 мм жауын болды) далалық егіс жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бермеді, нәтижесінде күздік бидайды топырақты өңдемей тікелей егу қараша айының 30 жұлдызында жүргізілді (қарашаның үшінші онкүндігінде 65,7 мм жауын болды). Осы жылы күздік бидайдың алғашқы өскіні желтоқсан айының басында көрінді, толық өскін инелік дәуірінде қар астында қалды. 2013 жылы алғашқы қар 13-16 желтоқсанда жауып жер бетінде 5 см тереңдікте топырақ қатқақтанып ең төменгі температура 0,50С төңірегінде болды. Ал тұрақты қар түсімі желтоқсан айының 19 жұлдызынан басталып, осы айдың үшінші онкүндігінде қар қалыңдығы 27 см болды, ал қаңтар айының алғашқы күндері биіктігі 36 см жетті. Қар қалыңдығының ең жоғарғы көрсеткіші 58 см ақпан айының 15-16 жұлдызында анықталды. Аязды кезеңнің ұзақтығы орташа 165 тәулік. Соңғы суықтар сәуір айының басында тоқтайды және қазан айының соңында қайта басталады. Күз және қыс кезеңінде түсетін (жаңбыр, қар түрінде) ылғал жылдық жауын-шашынның 40-50, көктемгі- 30-35, жазғы – 15-25 пайызын құрайды.

Шілде, тамыз, қыркүйек айларында түсетін жауын- шашынның аз болуы топырақ ылғалына айтарлықтай әсер етпейді.

Жаз кезеңіндегі ауаның шамадан тыс құрғақшылығы мен жауын-шашынның өте аз болуы топырақтың көп құрғауына және оның ылғалының ең төменгі шегіне жетуіне себепші болады. Сондықтан да ылғалды көп талап ететін ауылшаруашылық дақылдарын суармалы танаптарда орналастырған дұрыс.