- •1 Технологиялық бөлім
- •1.1 Материалдың қасиеттері, бұйымдарға қойылатын талаптар. Базалық тетіктер: химиялық құрамы, физика-механикалық және технологиялық қасиеттері
- •1.1.1 Тетікбөлшектер туралы мағлұматтар
- •1.2 Мест- қа сай базалық бөлшек материалдың қасиеті
- •1.3 Материалды таңдау
- •1.4 Қосындылаушы элементтердің және қоспалардың әсері
- •2 Дайындаманы таңдау және оны салыстырмалы сараптау жолымен алу тәсілдері
- •2.1 Тетік дайындамаларын жасаудың маршруттық технологиясын құру (қалыптау, құю, ұсталық цехтары)
- •2.2 Дайындамаларды дайындау бойынша маршруттық технологиясын жасау
- •2.3 Дайындама мен тетікбөлшекті алу кезінде кездесетін ақаулар
- •3 Тетік пен дайындаманы термиялық өңдеудің маршрутты технологиясы
- •3.1 Жабдықтың қажетті санын есептеу және таңдау
- •4 Тетік пен дайындаманы термиялық өңдеу операциясының уақыт мөлшерін есептеу
- •Мұндағы s – дененің сипаттамалық өлшемі, 0,356 м;
- •4.1 Жобалау бөлімінде қолданылатын жабдықтың сипаттамасы (агрегаттар, пештер)
- •4.1.2 Электр пештің жұмыс тәртібі
- •4.2 Пештің жылу теңгерілуін есептеу
- •4.3 Пеш қыздырғыштарын есептеу
- •4.4 Жжт шынықтыру қондырғысы
- •4.5 Термиялық өңдеуден кейінгі пайда болатын ақаулар
- •5 Дайындаушы - термиялық бөлімді жобалау
- •5.1 Дайындаушы - термиялық учаскенің құрылысын жаңарту
- •5.2 Ентаңбасы, қуаты және үлкен өлшемдердің берілуімен қолданылатын қондырғының, шомылдырғыш ванналардың және т.Б.,сипаттамалары
- •5.3 Шекаралары көрсетілген өндірістік аудандар және қондырғылардың орналасуы
- •5.3.1 Ғимараттың биіктік өлшемдері және бөлімнің тұтынушы өндірістік аудандарын есептеу
- •5.4 Жалпы цехтың көтерме-тасымалдау түрлерін (крандар) таңдау, ентаңбасы және жұмыс істеу тәртібі
- •6.1 Еңбек қорғау кодексі
- •6.2 Қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау
- •6.3 Еңбек қатынастарының субъектілері
- •6.3.2 Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығын есептеу
- •6.3.3 Жұмысшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ережелері
- •6.4 Электр қауіпсіздігі
- •6.4.1 Сору тарту желдетуін ұйымдастыру
- •6.4.2 Зертханадағы микроклимат
- •6.4.3 Санитарлы - гигиеналық шаралар
- •6.4.4 Микроклимат шарттарын қамтамасыз ету
- •6.4.5 Желдету, ауаны кондиционерлеу
- •6.4.6 Жасанды жарықтандыруды есептеу
- •6.4.7 Шуылдан қорғану
- •6.4.8 Зертханалық дірілді және шуды есептеу
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1.2 Мест- қа сай базалық бөлшек материалдың қасиеті
Машина бөлшектерін дайындау үшін қолданылатын болат тек бір қасиетінің жоғарылығымен ғана емес, механикалық қасиеттерінің жоғары кешеніне ие болуы қажет. Үлкен күш түсуде бөлшекті дайындауға болатын материал жақсы қарсылық көрсетуі, жоғары беріктігімен бірге динамикалық және соққы әсерлеріне қарсылық көрсетуі үшін тұтқырлығы болуы қажет.
Техникада барлық белгілі материалдар ішінде беріктікке, сенімділікке және ұзақ уақыттылыққа жауап бере алатыны ол – болат. Сондықтан, үлкен күш түсетін бөлшектерді дайындау үшін негізгі материал болып болат табылады.
Болаттың механикалық қасиеттері оның құрылымы мен құрамына байланысты. Термиялық өңдеу және легірлеудің бірге әсер етуі болаттың механикалық көрсеткіштерін тиімді жоғарылатады.
Болат басқа қорытпалардан беріктігі бойынша бірінші, тығыздығы, тотқа тұрақтылығы бойынша соңғы орында, сондықтан көп жағдайда болат негізгі материал болып табылады [2].
1.3 Материалды таңдау
МЕСТ 4543-71 бойынша тісті дөңгелек тетігін дайындау үшін таңдалған материал - болат 40Х. Оның химиялық құрамы 1.1 – кестеде келтірілген.
1.1 - кесте - Болат 40Х химиялық құрамы
Болаттың маркасы |
Негізгі элементтердің мөлшері, % |
|||||||
С |
Si |
Mn |
Cr |
S |
P |
Cu |
Ni |
|
40Х |
0,36 - 0,44 |
0,17-0,37 |
0,50-0,80 |
0,80-1,10 |
0,04
|
0,04 |
- |
- |
50 |
0,47-0,55 |
0,17-0,37 |
0,50-0,80 |
≤0,25 |
0,040 |
0,040 |
- |
- |
40ХН |
0,36-0,44 |
,017-0,37 |
0,50-0,80 |
0,45-0,75 |
0,04
|
0,04 |
- |
1,00-1,40 |
Тісті дөңгелек тетікбөлшегін алу үшін әртүрлі көміртекті және легірленген болаттарды таңдауға болады. Олардың ішінде 40Х, 50 және 40ХН маркалы болаттары бар. Болат 50 жоғары беріктікке, өзектің созылымдығы мен тұтқырлығына, беттік қаттылық сияқты талаптар қойылатын біліктер, тісті доңғалақ және жоғары жүктелген бөлшектерді дайындауға арналған [2].
Болат 50 орташа көміртекті, құрылымдық болып табылады, жоғары берікті болаттардың тобына жатады. Бұл болатты машина жасау саласының әртүрлі тетікбөлшектерін жасауда қалыптастыру, жақсарту және беттік шынықтырудан кейін қолданады. Болат 50 қалыптастырылған күйінде төменгі көміртекті болаттармен салыстырғанда төмен созымдылығымен жоғары беріктікті болады. Күйдірілген күйінде кесумен жақсы өңделеді. Көміртекпен қаныққаннан және шынықтырылғаннан кейін өзектің тұтқырлығы кезінде жоғары беттік қаттылықты (HRC 40-56) қамтамасыз етеді.
40ХН болаты - хромникелді болат болып табылады. 40ХН болатын ферритте еритін бірден никельмен және хроммен легірлеу беріктікті, созымдылықты және тұтқырлықты жоғарылатады. Хромникельді болаттар ұзақ көміртектендіру кезіндегі қатты күйіп кетуге икемділігі жоқ және беткейдің көп көміртегін жұтуын жол бермейді.
40Х болаттың тағайындалуы – күрделі кернеулі шарттарда жұмыс істейтін тетіктердің дайындалуы. Мотожасауда – иінді біліктер, үйкеліс түзілімді дискілер, тісті дөңгелектер, бұлғақты арқалықтар мен сомындар, күштік бұрама-сұқпалар мен басқа да майда шынықтырылған жақсартылған тетіктер. Құбыр жасауда – құбырлық дискілер, тісті берілістің біліктері, құбыршардың байланыс муфталарының тетіктері. Мұнай өңдеуші машина жасауда – жоғары берікті құбырлар, 400 ат жоғары қысыммен жұмыс істейтін үлкен сыйымды баллондар. 40Х болаты жақсартылғанға жатады, оларды біршама ірі және жүктемеленген міндетті тетіктер үшін қолданады. Бұл болаттар үшін морт сынғыштыққа кедергісінің маңызы үлкен. Олар жоғары құрылымдық берікті болуы керек. Жақсартылған тетіктер – орта көміртектелген. 40Х болаттары сияқты аз легірленген болаттар арзан. Олардан беріктілігінің жоғары болуын талап ететін тетіктерді дайындайды. Термиялық жақсаруы тек кіші қималы тетіктерде жоғары кешендік механикалық қасиетті қамтамасыз етеді. Қиманың үлкеюімен бірге механикалық қасиеттер нашарлайды, ол орташа көміртектенген болаттардың төмен қыздырылғыштығымен түсіндіріледі [3].
Жоғары тұтқырлы өзек кезіндегі беттің қатаңдылығы талап етілетін тетіктер жоғары жиілікті токпен (Т.В.Ч.) қыздырылған беттің шынығуына түсіріледі. Т.В.Ч. мен қыздырып, шынықтырғаннан кейін беттің қатаңдығы қарапайым шынықтыруға қарағанда 2-3 бірлікке жоғары болады. Мұндай шынықтыру тетіктердің минималды шалыстығын қамтамасыз етеді. Шынық-тырудан кейінгі ішкі кернеулерді алу үшін 160-200 °С кезінде жұмсартуды қолданады. Құрамында көміртегі аз болаттар беттің жоғарғы қатаңдығының талабын қамтамасыз етеді, көміртегісі көп болаттарда мұндай шынықтыру кезінде сызаттар пайда болуы мүмкін.
Термиялық өңдеуден өткеннен кейін бұл болат 1.2-кестеде берілген ке-лесі қасиеттерге ие болады.
1.2 – кесте - Болат 40Х механикалық қасиеті
Болаттың маркасы |
σB |
σ0.2 |
δ |
Ψ |
KCU |
|
МПа |
% |
МДж/см2 |
||||
40Х |
1000 |
800 |
10 |
45 |
0,6-0,7 |
|
50 |
700 |
600 |
10 |
45 |
0,4-0,5 |
|
40ХН |
1000 |
800 |
11 |
45 |
0,6-0,7 |
|
Болаттың осы келтірілген қасиеттері жұмыс кезінде қарқынды тозуға жол беретін біліктердің бөлшектерін ұзақ уақыт бойы пайдалануға мүмкіндік береді.
