Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
51 эссе жаратылыстану багыты httpsvk.comubtent2kxx.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
121 Кб
Скачать
☆

3.«Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеудің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.

«Сүйінбай мен Қатаған айтысы» өнер өлкесіндегі саф алтын қазына болып саналады. Қазақтың бар баласы айтылатын бұл айтыстың мақсаты – елімізді, жұртымызды бірлікке шақыру. Өткір сынның үстінде тұрған Сүйінбай өрттей өршіген Қатағанға қалайша бейнелі сөздер мен әсірелеулерді қолданып, өршелене өрлеп, жалтақсыз жауап қайырды? Мен осы сауалға өз көзқарасымды білдіргім келеді.

Сүйінбай озық ойлы, өткір тілді, сөзді астарлы оймен көркем жеткізетін айтыскер ақын. Өйткені, дәлел ретінде «...Топ бастаған бұлбұлмын, Сөз бастаған жүйрікпін, Судан шыққан сүйрікпін, Бәйгеден озған дүлділмін... Шығарма Қатаған үніңді!»-деп, Сүйінбай бірден Қатағанның мысын басып, қанатын қайырады. Міне, бұдан ақынның шалқар шабытын, теңеулерді ұтымды пайдаланғанын байқадым. Бірден қарсылысының бетін қайтарды. Еңсесін тіктеуге мұршасын келтірмеді. Тұтқиылдан тұқыртуға ынталы екенін танытты. Міне, нағыз ақынға тән қасиет.

Қатаған бір сөзінде өзін алмас болат қылышқа баласа, Сүйінбай өзін жай алмас құрыш қылыш емес, сабы алтыннан соққанын айтады. Бұл жерде, меніңше, Сүйінбай өз деңгейін биіктете, айбынын асыра түсті. «Қарсы шапқан қырғиға, Ажалы жеткен торғайсың...,», «Ажалы жеткен қарғасың, Бүркітпенен ойнадың...», «Жауған қардай борайын, алды-артыңды орайын...» - деп, өнері шоқ болып қызып тұрған Сүйінбай қазақ елінің мәртебесін көтеру әрқашан абырой екенін танытты, шапшыған, шабытты Қатағанның аптығын басты. Ақын басынан бұлт аса алмас шың секілді көрінді. Осыған орай, менің ойымша, қазіргі заман айтыскерлерінде өткір тіл бар, бетке айту жоқ, жалтақтап, шенділерден қорқып, халық көкейінде жүрген мәселелерді айналшықтап өтеді. Сірә, жүрегі «Отан» деп соққан от тілді, орақ ауызды бүгінгі айтыскер ақындар Сүйінбайдан үлгі алса, игі үстіне игі болар еді.

Сонымен қоса, әсірелеу тәсілін де шабытпен кәдеге жаратады. «...Қабағын шытса Сүйінбай, Тарту қылып тартарсың, Қойныңдағы жарыңды. Айдап алып берерсің, Алдыңдағы малыңды, Малың түгіл барыңды!...» -деп, қарсылас ақынның намысына тиіп, ту сыртынан пышақ сұққандай әсер берді. Өзінің намысын таптатпау үшін осы үдетулер сынды көркем де, мәнді сөздер үлкен басымдылыққа ие. Бұл айтыста маған Сүйінбай ұстанған бағыт қатты ұнады. Өз күшіңе сеніп, сөз қадірін түсініп, намысты қолдан бермеуге жетеледі.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдірсем, сөздердің өткірлігі, қызулығы, көркемдік бейнелі сөздердің молдығы Сүйінбай айтысының бойында тұнып тұр. «...Қазақ деген батыр ел, Ешкімге намыс бермеген...» деп өзі айтқандай, Сүйінбай қазақ халқының беделін арттырды.

https://vk.com/ubtent2kxx

4. Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңіндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз.

Адам бойына біткен сараңдық, өзгені қойып, дүние-байлығын өзіне қимай құл етеді. Қазақтың осындайларды «дүниенің құлы» деп жататыны осыдан. Осындай жағымсыз қасиеттерге бой алдырған жандарды Қашаған Күржіманұлы ащы сынға алған екен. Ендеше ақынның өлеңдеріндегі әлеуметтік мәселелерді қарастырып көрелік.

Ақын жоғарыда айтылған ойды «Байларға» деген өлеңде кеңінен жырлаған. Байлардың барлық мінез-құлықтарын осы өлеңде ашып береді. Дәулеті асып тұрса да, сараңдығы асқан байларды былай деп сынайды:

Кейбір байды қарасаң, Қорасында мал толы, Үйінде ішер тағам жоқ, Тағам жоқтан жаман жоқ... деп ақынның сыншыл-ойлы, өлеңінде сараң байларды өмір шындығы аясында бейнелеген. Сараң екенін табағынан таны демекші, қора толған мал толса да өзіне ішерге ас бұйыртпай отырғанын сынаған. Қарап отырсам, адам байлықты қызығын көру үшін жимай ма? Дәулеттің ортасында отырып ішерге ас таппау, сорақы болмай не болсын? Адам ғұмыры қамшының сабындай ғана қысқа екенін ұмытпаған жөн. Сондықтан да тәңірдің бұйыртқан сый-сияпатын барынша пайдаланып, іске жарату керек деп ойлаймын.

Осындай жалынды, сыншыл өлеңдерінің бірін Қашаған Оразалы деген бай ағайынына арнаған екен. Бай болса да жарлының кейпін кешіп, мал соңында отыруын ақын мысқылдап шенеген. Оған мысал, өлеңнің мына бір жолдары:

Қара ұннан көже ашытып,

Балқара деп қануын – Қарашы... деген. Өлеңнің бұл жолдарын оқығанда өзі бір жиіркенішті сезім шақырады екен. Бай - дәулеті асып тұрған адамның қара ұннан көже ішіп отырғаны барып тұрған азғындық қой. Тіпті Қашағанның сынаған образдарына жаным ашиды десем, артық айтпағаным болар. Кедейдің аш отырғаны жоқтықтан дейсін, ал байлығы мен дәулеті асып тұрып ішер асына тарылғаны аянышты деп ойлаймын.

Қашаған заман сырын сезіне алды, уақыттың өтпелілігін ұғына білді. Жоғарыда айтқан Оразалыға және Байларға өлеңдерінің әлеуметтік мәселесі байлардың сараң, дүниекоңыздығы болып табылады. Олар мал-дәулеті шалқып жатса да, дүние рақатын көрмей өтер шықбермес сараң жандар екенін көрсетеді. Өкінішке орай, бұл мәселе бүгінгі күні де жалғасын тауып келе жатыр. Қазір де осы сыналған образдарды өмірде жиі кездестіреміз. Материалдық құндылықтарды бәріненде жоғары қоятын жандар аз емес екені аян. Пайда қуған адам шыншыл да, принципшіл де, өз парызына адал да бола алмайтыны анық.

Қорытындылай келе айтарым, Қашаған ақын сынға алған қасиеттерден аулақ болайық. Байлық пен дәулет тұрақсыз екенін ұмытпаған жөн. Дүниенің құлы болмай, барға қанағат еткен дұрыс. Соңымыздан көл көсір байлық қалғанша, жас жеткіншек ұрпақтарға үлгі боларлық өнегелі іс қалсын!

https://vk.com/ubtent2kxx