- •3.Оқу әрекеті , білім беру және оқытудың психологиялық негіздері
- •4.Психология курсындағы оқу міндеттерінің таксаномиясы
- •5.Психологиядағы оқыту әдістерінің жалпы сипаттамасы
- •6)Психологиядағы белсенді оқыту әдістері.
- •7) Психологиядағы сабақ түрлері және оның негізгі сипаттамалары
- •8) Психологиядан лекцияға дайындық пен жүргізу әдістемесі.
- •9) Психология бойынша семинар және іс-тәжірбиелік сабақтар.
- •10) Психологиядан зертханалық сабақтар, тәжірбиелер мен демонстрациялар.
- •11. Психологиядан білім алушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру
- •12. Психологиялық сабақтан тыс жұмыстар
- •13. Психологияны оқытудағы техникалық құралдарды пайдалану
- •14. Психологияны оқытудағы бақылау мен бағалау
- •15. Психология пәні оқытушысының кәсіби әрекетін ұйымдастыру
- •16)Педагогиканы оқыту әдістемесінің пәні мен міндеттері
- •17)Педагогика ғылым және оқу пәні ретінде
- •18)Педагогика курсының мазмұнын құрастыру
- •19)Педагогика оқыту үрдісі мен ұстанымдары
- •20)Педагогиканы оқыту формалары
- •21.Педагогиканы оқыту әдістері
- •22.Педагогиканы оқыту құралдары
- •23.Педагогиканы оқыту үрдісіндегі бақылау мен диагностика
- •24.«Педагогиканың жалпы негіздері» бөлімін оқыту әдістемесі
- •25.«Дидактика» бөлімін оқыту әдістемесі
23.Педагогиканы оқыту үрдісіндегі бақылау мен диагностика
“Диагностика” түсінігінің мəні “білім, ептілік жəне дағдыларды тексеру” түсінігімен салыстырғанда едəуір тереңдеу əрі кең. “Тексеру” нəтиженің тек көрсеткіштерін ғана аңдатады, не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді. Ал диагностикалауда нəтиже өзіне қол жеткізген əдіс – тəсілдермен бірге қарастырылады, дидактикалық процестің бағдар – бағытын, ілгерілі не кері қозғалысы анықталады. Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын жəне жобалануын қамтиды. Диагностикалаудың маңызды бөлігі – бұл қадағалау. Қадағалау – білім, ептілік жəне дағдылардың игерілу процесіне бақылау қоюды аңғартады. Қадағалау тексерулерден тікелей құралады. Тексеру – бұл білім, ептілік жəне дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін əрекет – қимылдар жүйесі. Білім берудегі диагностиканың міндеттері:-білім алушылардың даму барысына және нәтижелеріне талдау жасау (білім алуға әзірлігі, психикасының қызметі, дамуы) ;-оқыту үрдісінің барысын және нәтижелерін талдау (білімнің көлемі және тереңдігі, білім, іскерлік, дағдыларды қолдана білуі ой жұмысының негізгі тәсілдерінің болуы, шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін білу);-тәрбие барысын және оның нәтижелерін талдау (тәрбиелік деңгейін адамгершілікке сенімін, адамгершілігін).Диагностика нәтиже мен процесті бірге зерттейді. Білім алушының еңбегі педагогтың еңбегімен бірге талданып, білім алушының мүмкіндігі, қабілеті және икемділіг зерттеледі. Ал диагностика онымен санасады, білім алушының оқуға ынтасын арттыру тәсілдерін табады. Диагностика арқылы білім алушылардың білім, іскерліктері тексеріліп бағаланады, сандық мәліметтер талданады, бағыттар айқындалып, одан арғы жұмыстар болжанады. Диагностика үшін көптеген әдістер жіне әдістемелер қолданылады. Мысалы, дәстүрлі тексеру, бағалау әдістерімен қатар тест әдісі, білім алушылардың оқуға керекті психикалық сапаларын, атап айтсақ, есті, зейінді, ақыл ойды, т. б зерттеу, жеке білім алушылармен жұмысты жобілім алушы әдісі қолданылады. Бақылау-білім алушылардың оқу іс-әркетінің нәтижесін көрсететін білімін, іскерлігін бағалау, өлшеу, анықтау. Білім алушылардың білім, іскерліктерін бақылау, бағалау әрқашан оқыту үдерісінің құрамдас бөлігі болып табылады.бағалау кезіндегі пікірлер алшақтығы бірнеше себептермен түсіндіріледі. Олар келесі: бір оқытушылардың білім алушылар білімін бағалауда жақсы түсіну мен материалды қайталап айтуына көңіл бөлетінін, ал екіншілердің алған білімдерін туындаған жағдаятты шешеуге қолдана алатынын, үшіншісі ғылымның әдіснамалық негізін білуін, төртіншісі сын тұрғысынан ойлай алуын, бесіншілері студентттердің өз жауабын дұрыстап құрып, материалды баяндау жоспары мен формасын дұрыс таңдай алуына назар аударуларынан болады. Заманауи дидактикадағы талап етілетін бақылаудың негізгі қызметтері мен принциптерін ашып көрсетейік. Бақылау мен бағалау жүйесі келесідей негізгі қызметті атқарады: білім берушілік,дамытушылық, тәрбииелік, басқарушылық, бақылау-бағалаушылық, ұйымдастырушылық,.Педвагогиканы оқытудың әр кезеңдерінде бақылаудың бірнеше түрлері қолданылады: алын ала, ағымдық, тақырыптық(аралық), және қорытынды.
