Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет дайын.docx
Скачиваний:
8
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Цикл Операторы

Циклдің «жай» операторы, оның қайталау саны алдынала белгілі болған жағдайда қолданылады және ол былай жазылады:

For санауыш:=1-өрнек to 2-өрнек do әрекет;

Санауыш-бұл цикл операторы орналасқан логикалық блоктың алдында жариялануға тиісті айнымалы және оның типі саналатын типтердің біріне, әдетте Integer-ге тиесілі болуы тиіс. Мұндағы 1-өрнек пен 2-өрнек тұрақты немесе идентификатор бола алады. Әрекет – Delphi-дің бір немесе бірнеше операторларын білдіреді. Оператор жұмысы басталғанда айнымалы-санауыш 1-өрнектің мәнін қабылдайды. Егер мұнда санауыш мәні 2-өрнек мәнінен кем не оған тең болса, онда әрекет құрамына енетін операторлар орындалады. Міне осы бір цикл «жай» деп саналады. Содан соң айнымалы-санауыш ағымдағы келесі мәнді қабылдап, жаңа цикл басталады, яғни ол 2-өрнекпен санауышты салыстырады, әрекетті орындайды. Осылайша айнымалы-санауыштың мәні 2-өрнек мәнінен асқанға дейін цикл жалғаса береді.

Цикл операторының жұмысында айнымалы-санауыш өсу орнына кемитін жағдай да болуы мүмкін. Ондай жағдайда оператор былай жазылады:

For санауыш:=1-өрнек downto 2-өрнек do әрекет;

Мұнда 1-өрнектің мәні 2-өрнектен үлкен не оған тең болуы тиіс.

Циклдің қайталану саны алдынала белгісіз болған жағдай үшін мына түрде жазылатын циклдің шартты операторын пайдаланған жөн:

While шарт do

цикл денесі;

Бұл цикл шарт ақиқат болып тұрған кездің барлығында орындалады. Мұнда шарт бірден жалған болса, онда цикл денесі бір рет те орындалмайды. Мұндай циклдің шарты мен циклдің аяқталуын жазуда өте мұқият болу керек, әйтпесе while циклі шексіз рет қайталанып, бағдарламаның орындалмай тұрып қалуына әкеліп соқтырады.

Пішіннің тақырыбын өзгерту

«Терезе тақырыбын өзгерту» батырмасын тышқанмен шерткенде, терезенің тақырыбы өзгереді.

«Қозғалмалы батырма»

Батырманы тышқанмен шерткенде, ол батырма не тоқтауы не қозғалуы тиіс.

Ақша сомасын қайта есептеу

Евро мен доллармен ағымдағы эквиваленттін есептеп шығару

Алғашқы 20 натурал санның қосындысын және көбейтіндісін таптым.

N! –ды есептейтін бағдарлама жаздым

Қайталау операторы немесе циклдық оператор белгілі бір операторлар тобын бірнеше рет орындауды ұйымдастыруға арналады.Қайталау операторы циклдың денесінен тұрады. Қайталау оператордың 3 түрі бар:

  • While - әзір

  • repeat және Until - дейін

  • for - параметрлі

“Әзір” және “дейін” циклдық операторлары қайталану саны белгісіз, бірақта циклға кіру шарты немесе циклдан шығу шарты белгілі болған жағдайда пайдаланылады. Ал “параметрлі” цикл қайталану саны белгілі болған жағдайда пайдаланылады.

for – параметрлі цикл операторы

for – инструкциясы егер қандайда бір әрекеттер тізбегін бірнеше рет қайталау қажет болса және қайталау саны алдын-ала белгілі болған жағдайда пайдаланылады. Параметрлі цикл операторының екі форматы болады:

1-ші форматы:

for <циклдың параметрі>:=<алғашқы мәні>

to <соңғы мәні> do

begin

<циклдың денесі>;

End;

2-ші форматы:

For <циклдың параметрі>:=<соңғы мәні>

Downto <алғашқы мәні> do

Begin

<циклдың денесі>;

End;

Цикл операторы - белгілі бір қадаммен барлық мәндегі циклдың денесінің орындалуын қамтамасыз етеді. Циклдың 1-ші форматы үшін параметрдің қадамы 1-ге тең, ал 2-ші форматы үшін параметрдің қадамы -1-ге тең. Яғни параметрдің мәні цикл қайталанған сайын 1-бірге өседі (for... to) немесе кемиді (for... Downto).

Бүтін сан берілген, өрнекті есептедім: