- •7. Бүйрек паренхимасының қатерлі ісіктері. Tnm жүйесіне сәйкес
- •8. Қуықтың жабық жарақаттары. Экстраперитонеальды (іш пердесінен тыс)түрі. Клиникалық ағымы. Диагноз қою әдістері.
- •9. Қуықтың жабық жарақаттары. Интраперитонеальды (іш пердесіқуысына өтіп кеткен) түрі. Клиникалық ағымы. Диагноз қоюәдістері.
- •10. Үрпінің жабық жарақаттары. Клиникалық ағымы. Диагноз қою әдістері.
- •11. Қуықтың қатерлі ісіктері. Клиникалық ағымы. Диагноз қою әдістері.
- •12. Бүйрек шаншуы. Клиникалық ағымы. Диагноз қою әдістері.
- •14.Бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі. Обтурациялық анурия.
- •13. Бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі. Ренальды анурия.
- •1. Бастапқы фаза
- •3. Полиуриялық фаза
- •1. Бастапқы фаза
- •3. Полиуриялық фаза
- •15.Бүйрек функциясының жіті жеткіліксіздігі. Преренальды анурия.
- •1. Бастапқы фаза
- •3. Полиуриялық фаза
8. Қуықтың жабық жарақаттары. Экстраперитонеальды (іш пердесінен тыс)түрі. Клиникалық ағымы. Диагноз қою әдістері.
Қуық жарақаттары ашық және жабық болып бөлінеді. Жабық жарақаттар әдетте, ішпердеден тыс және ішперде ішілік болып бөлінеді. Ішпердеден тыс қуықтың жыртылуы байламдардың созылуына байланысты, олар жамбас қабырғаларына жабысады және жамбас сүйектерінің сынуы сол байламдардың жарақатына алып келеді. Ішпердесінен тыс жыртылуы қуықтың іші бос күйінде немесе сәл ғана толу кезінде болады.
Клиника. Қуық жарақаттарының негізгі белгілері ауырсыну, несеп шығарудың бұзылысы және қан кету. Іш қуысынан тыс қуықтың жыртылуы кезінде ауырсыну іштің төменгі жағында, шап үстінде және шапаралық ағзаларға, тік ішекке, сыртқы жыныс жолдарына берілуі мүмкін. Ауырсыну күшенген езде күшейеді. Басқа негізгі белгі - өздігінен несеп шығарудың болмауы, оның қиындауы және жиіленуі. Кей жағдайларда несеп шығарудың жалған сезімдері болады. Ол кезде аз мөлшердегі несеп шығару, кейде бірнеше тамшы, қанмен боялған немесе таза қан шығуы байқалады. Қуық жарақатының негізгі белгісі – гематурия. Көбінесе терминальды гематурия байкалады. Алдыңғы құрсақ қабырғасын пальпациялағанда қасаға аймағында ауырсыну және алдыңғы құрсақ бұлшықетінің тарылуы байқалады. Перкуторлы дыбыстың тұйықталуы қасаға үстінен мықын аймаығна тарайды.
Диагностика. Анамнез жинау (жарақат алу механизмін анықтау). Алдыңғы құрсақ қабырғасын пальпациялау (ауырсыну, бұлшықеттерінің қатаюы). Диагнозды нақтылау үшін қуықты катетерлеу, цистография, экскреторлы урографияны пайдаланады. Қуықты катетерлегенде, одан несеп мүлдем шықпайды немесе қан араласқан әлсіз шаптырма күйінде бөлінеді. Қуық зақымдалу диагностикасында шамадан тыс толтырылған қуықты (300-350 мл контрастты затпен) ретроградты цистография әдісімен зерттеу нәтижелі. Іш пердеден тыс зақымдалуы және қуықтың мойын аймағынан жыртылуы кезінде рентгенконтрастты зат рентгенограммада әртүрлі кеңдіктегі жолақтар – *сәуле* симптомы түрінде алдынан және бүйірінен көрінеді.
9. Қуықтың жабық жарақаттары. Интраперитонеальды (іш пердесіқуысына өтіп кеткен) түрі. Клиникалық ағымы. Диагноз қоюәдістері.
Қуық жарақаттары ашық және жабық болып бөлінеді. Жабық жарақаттар әдетте, ішпердеден тыс және ішперде ішілік болып бөлінеді. Қуықтың ішперде ішілік жыртылуы соққы немесе толып тұрған қуықтың қысылуында, жоғарыдан құлаған кезде, сығылу кезінде, шайқалу кезінде және де іш бұлшықеттерінің кенеттен тырысу кезінде пайда болады. Жарақаттық күш әсер еткенде қуықтың төбесі жоғары қысымға шыдай алмай жыртылады, ішіндегі несеп іш қуысына төгіледі.
Клиника. Қуық жарақаттарының негізгі белгілері ауырсыну, несеп шығарудың бұзылысы және қан кету. Қуықтың іш қуысына жыртылуында ауырсыну сипаты әр қилы. Бір науқастарда ауырсыну алғашында іштің төменгі бөлігінде болып, жайылмалы сипатты болса, енді біреулерінде бірден барлық бөлімінде байқалады. Көбіне жарақат алған сәтттен бастап, науқастарда ауырсыну шогы дамиды. Қуықтың іш қуысына жыртылуының басқа белгісі – несеп шығарудың құрсақ қуысынан тыс жыртылуынан айырмашылығы несеп шығуының болмауы немесе несептің шығару сезімінің болмауы. Бқл жағдай қуық несепке толмайды, ол тікелей құрсақ қуысына төгілуіне негізделген. Гематурия да қуықтың құрсақ ішілік жыртылуының белгісі болып табылады. Көбінесе гематурияның тоатлды сипаты орын алады немесе қуықты катетерлеу кезінде анықталады. Алдыңғы құрсақ қабырғасын пальпациялау кезінде іштің төменгі бөлігінің ауырсынуы анықталады. Құрсақ қабырғасын перкуссиялағанда іш қуысында бос сұйықтықты анықтауға болады, бірақ сұйықтық 1,5-2 литр көлемінде болу керек.
Диагностика. Анамнез жинау (жарақат алу механизмін анықтау). Алдыңғы құрсақ қабырғасын пальпациялау (ауырсыну, бұлшықеттерінің қатаюы). Диагнозды нақтылау үшін қуықты катетерлеу, цистография, экскреторлы урографияны пайдаланады. Қуықты катетерлегенде, ішперде ішілік жыртылу кезінде несеп шығару өзегімен енгізілген катетер арқылы кенеттен үлкен көлемде бұлыңғыр қан араласқан сұйықты бөлінеді. Қуық зақымдалу диагностикасында шамадан тыс толтырылған қуықты (300-350 мл контрастты затпен) ретроградты цистография әдісімен зерттеу нәтижелі. Қуықтың ішперде ішілік зақымдалуы кезінде, рентгенконтрастты заттың құрсақ қуысының сәйкес бүйір өзегіне құйылуы, құық-тік ішектік шұңқырдың толуы немесе қуық үсті мен ішек ілмегі аралығына құйылуы байқалады.
