- •Мазмұны
- •Қазақстанның несие жүйесінің теориялық негіздері
- •Несиенің экономикалық түсінігі, қажеттілігі және түрлері
- •1.2. Екінші деңгейлік банктердің несиелік саясаты
- •2. Қазақстанның несие жүйесінің қазіргі кезеңде дамуын талдау
- •2.1. «Атф» ақ-ның қаржылық жағдайын талдау
- •2.2. «Атф» ақ-ның несиелік операцияларының дамуын талдау
- •Қазақстанның несие жүйесі: мәселелері жане қазіргі кезеңгі даму болашагы
- •«Атф Банк» ақ-ның несие жүйесін жетілдіру
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қазақстанның несие жүйесінің теориялық негіздері
Несиенің экономикалық түсінігі, қажеттілігі және түрлері
Несие - нарықтық экономиканың тірегі ретінде, экономикалық дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шарушылық субьектілерімен қатар, мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады. Мемлекеттің несие жүйесінде Екінші деңгейлі банктердін алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялык банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит кабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылык қызмет көрсетеді.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес олардың айырбас сферасынан іздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де, осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы - бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға боладьі. Көбіне несиені ақша ретінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған деген негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақшалай түрде берілуде [1]. Бірақ та бұл жерде ақша мен несиенің әртүрлі ұғымды білдіріп, әртүрлі қатынастарды түсіндіретінін естен шығаруға болмайды.
Несие - бұл пайыз төлеп қайтару шартында уақытша пайдалануға, яғни қарызға берілетін ссудалық капитал қозғалысын білдіреді. Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып, несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып, уақытша және ақылы негізде пайдалануга берілетін ссудалық капиталға айналады.
Несие мен ссуданың арасында өзара айырмашылық бар. Несие - бұл банктің қаражатын құрайтын көзі ретінде барлық несиелік қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлі формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының бір формасын білдіретін кен, ұғымды сипатайды. Ссуда -бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелік қатынастарды ұйымдастырудың бір ғана формасын білдіреді.
Зерттеу заты сияқты, несие құрылымы бір бірімен өзара байланысты элементтерден тұрады. Мұндай элементтерге ең алдымен несиелік қатынастар субъектілері жатады. Несиелік мәміле бойынша несиелік қатынастар субъектісіне қарыз беруші және қарыз алушы жатады. Қарыз беруші - қарызды беретін несиелік қатынастың бір жағы. Қарыз беруші - бұл уақытша пайдалануга қарыз беруші субъектілер болып табылады. Қарыз берушілерге: банктер, банктік емес мекемелер, мемлекет, шарушылық субъектілері және халық жатады.
Қарыз алушы - бұл несиені алушы және оны қайтаруға міндетті, несиелік қатынастың екінші жағы. Борышқор және қарыз алушы бір бірімен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктері әртүрлі. Мысалға, кәсіпорын немесе жеке азамагтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т.б. байланысты төлемдері кешігуі мүмкін, бірақ, бұл жерде ешқандай да несиелік қатынас туындамайды [2]. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш - бұл өте ауқымды ұғым. Ал, қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.
Қарыз беруші және қарыз алушымен қатар несиенің ққрылымының элементіне берілетін объекті де жатады. Беру объектісі - бұл құнның ерекше бөлігі, яғни қарызға берілген құнды білдіреді. Несиенің экономикадағы орны мен рөлі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:
Қайта бөлу.
Айналыс шығындарын үнемдеу.
Айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру.
Капиталдың шоғырлануын жеделдету.
Ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету.
Несиенің қайта бөлу қызметі, кез келген елдің ұлттық экономикасының толық қанды жұмыс жасауына өз үлесін қосады. Несиенің бұл қызметінің көмегімен экономикалық жүйенің бір саласынан екінші бір саласына капитал
ағымы болады. Несиенің бұл қызметінің, қаржының қайта бөлу қызметінен айырмашылыгы қаржының бөлінуі әкімшілік негізде жүргізілсе, ал салалар мен аймақтар арасындағы капитал ағымы несие арқылы, яғни ол нарықтық механизм негізінде жүзеге асырылады.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды. Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтан да мүндай жағдайларда қарыз алушылардың барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп кана қоймай айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.
Ал, келесі қызметі, яғни несиенің айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыруы. Қазіргі несиелік шаруашылықта мұндай орнын алмастыруға толық мүмкіндік бар. Бұл қызметі іске асу процесінде тек қана тауар айналысын емес, сондай-ақ нақты ақшалардың уақытша орнын ауыстыра отырып, ақша айналысын да жылдамдатады. Несиенің бұл қызметі несиелік ақшалар: чектер, вексельдер, несиелік карточкалар көмегімен жүзеге асырылады. Несиенің бұл қызметі арқылы ақша айналысының жылдамдығы мен қатар, айналыстағы ақша массасына және төлем айналымына да ықпал етеді [3].
Капиталдың шоғырлану процесі қызметі экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады. Мұндай міндеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда алуға мүмкіндік береді. Несиенің ғылыми-техникалық прогресті жеделдету қызметі ғылыми-техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да, несиенің көмегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының (бюджеттік қаржыландыруда отырғандардан басқалары) жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады. Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен қаржыландырылады.
Қазақстандық қаржылық нарықта әрдайым ең әртүрлі жаңа банктік өнімдер мен қызметтер пайда болуда. Банктік инновациялардың пайда болуы, негізінен үш себеппен шартталған:
кәсіпкерлік ойдың үзіліссіз қозғалысымен және де бәсекелестерден озуға талпынумен;
банктің қаржылық ойының күшеюі мен қаржылық тұрақтылықтың ұлғаюына ынта (стимул) болып табылатын банктік аяда кезеңді түрде пайда болып отырған дағдарыспен;
шетелдегі банктік жаңа енгізулер туралы ақпарат беретін шетелдік қаржылық нарықтың қызмет етуімен шартталады.
Банкаралық бәсекелестіктің кұшеюі әсерінен екінші деңгейлі банктердің қаржылық қызметтерінің кеңеюі қарқыны пайда болуда. Олардың ішінде форфейтингтік, лизингтік операцияларды бөлуге болады. Форфейтинг-бұл несие берушіде айналысу негізде айналым құжатында көрініс табатын қарызды сатып алу. Бұл қарыздың сатып алушысы (форфейтер) өз мойнына қарыз алушыдан қанағаттандыру ала алмай қалу мүмкіндігі кезінде несие берушіге регрессивті талап айналысынан бас тарту-форфейтинг туралы міндеттемені алатындығын білдіреді.
Оның дамуының маңызды алғышарттары ретінде халықаралық интергацияның күшейтілуі, банктердің бәсеке қабілеттілігінің өсуі, экспорттық саудаға мемлекеттік шектеулердің алынып тастаулары, сонымен бірге, экспортерлерге тән тәуекелділіктің өсуі қызмет етеді. Форфейтинг механизмі келісім-шарттардың екі түрінде қолданылады:
қаржылық келісім-шарттарда-ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерді тез арада өткізу мақсатында;
экспорттық келісім-шарттарда-шетелдік сатып алушыға несие ұсынған экспортерға нақты ақшаның түсуіне әрекеттесу үшін;
Банктік несиенің рөлі оның экономикадағы, мемлекеттегі және халықтағы қолданыс нәтижелерімен және оларды әдістерімен ерекшеленеді. Әдістері туралы айтатын болсақ, олар әдетте қаражаттың ақылы ұсынылуымен кредиттің қайтарылымын белгілі дәрежеде шартталады. Бұл несие операциясының қатысушыларының жауап кершілігі мен қызығушылығын арттырады, олардың қарыз қаражат (немесе мақсатқа сай) қолдануына себеп болады.
Несиелік қатынастарға қаражатты пайдаланғаны үшін төлеген құнына қоса қаражаттың қолданылатын қаражат мөлшері мен оларды пайдалану уақытын үнемдеудің қызығушылығын арттырады. Берілген несиелік қатынастардың ерекшелігі бюджеттік қаржыландырудың суммсының кемуінде материалдық қызығушылықтың, оларды пайдалану мүлдем жоқ болатын қайтарылмайтын бюджеттік қаржыландырумен теңестіргенде байқалады. Белгіленген ерекшеліктер, әсіресе, қайтарылымдығы, жеделдігі және ақылығы ресурстардың үнемдеуінде несиенің маңызын арттырыды. Несиені пайдалану нәтижелері маңызды және алуан түрлі қаражаттың қайтарылуы үшін қолданылатын несие өндіріс процесіне тауарды өткізу мен тұтымына және ақша айналымының салаына ықпал етюді [4].
Несиенің рөлі коммерциялық, банктік, мемлекеттік тұтыну және ипотекалық несиелерде пайда болатын несиелік қатынастардың алуан түрлерін іске асыру нәтижесінде анықталады. Әр бағыттағы несиенің әсері несиелік қатынастардың қандай да бір түрі басты, яғни доминантты орынды алады. Несиелік қатынастардың жүйесінде несиелеу операцияларын орындау үшін қаражатты тарту өте маңызды. Бірақта ондай әрекет әр түрлі несиелік қатынастар үшін бірдей емес. Мысалы, коммерциялық несие қолданғанда несие алушының басқа жақтан қаражат тарту керегі жоқ. Өткізіліп жатқан тауардың төлеу мерзімін ұзарту үшін қарыз қаражатты ұсыну кезінде несие алушының ресурстары қолданылады. Бұл несие алушының қаржы салымын компенсациялау үшін банктік несиені қолдануды жоққа шығармайды. Банктердің бұндай іс-әрекеті маңызды, себебі тартылған қаражаттың бар болуы қаражат меншіктенушілері оларды тауарды сатып алу үшін жұмсамағанын білдіреді. Басқаша айтқанда, банктік несиені қолдану – нәтижесінде материалдық ресурстарды қайта бөлуге әкеліп соғады. Бұндай нәтиже банктік несиені қолдану – шаруашылықтағы материалды ресурстарды қайта бөлудегі мәнінде мінездеді:
Негізінде материалдық ресурстарды қайта бөлу мемлекеттік, тұтынушы және жылжымайтын мүлікті залогқа және тұрғын үй сияқты мүлікті құруда ипотекалық несиені қолдану кезінде материалдық ресурстарды қайта бөлу мүмкін болады. Бұның бәрі несиенің материалдық ресурстарды қайта бөлу кезінде өте маңызды екенін дәлелдейді. Бірақтан бұл ресурстарды орынды пайдалану дәрежесіне жететін несиелік қатынастарды керек етеді.
Сонымен қатар, несиенің рөлі тауарды өндіру мен өткізудің үздіксіздігінде көрініс табады. Кәсіпорынның уақытша ақшалай түсім мен шығындардың жүйелі түрде сәйкес келмеуінен қажетті тауарлы – материалдардың құндылықтарды сатып алуға, қаражаттың жетіспеушілігі қызмет көрсетуді төлеу және осының салдарынан тауарды өндіру мен өткізу процессінің үздіксіздігінің бұзылуы мүмкін. Қарыз қаражаттарын беру уақытша қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өндіру процесі, сонымен қатар оның үздіксіздігі мен жылдамдатуына кедергі әсерін тигізіп отыратын, қарыз алушыларда қаражаттың үздіксіз қайталанып тұратын “құйылымы” мен “шегіну” игеріледі.
Несие өндірістің мерзімділігі мен өнімнің белгілі түрлерін өткізумен шартталған қаражатта уақытша қажеттілігін қанағаттандыруда үлкен роль атқарады. Қарыз қаражаттарын пайдалану мерзімдік қосалқылардың пайда болуына және кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық мерзімдік салаларының мерзімдік шығындарды жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Ең маңыздысы несиені пайдалану кезінде кәсіпорынның табысты жұмыс істеуіне ғана қолайлы жағдайда жасалып қоймай, ресурстарды экономикада пайдалану үшін де жағдай жасалады, себебі бұл кәсіпорындар мен ұйымдар жұмысын (әрекетін) өзінің қаражатының менималды көлемінің жұмсалуымен іске асыра алады және резервтердің азаюы, соның ішінде ақшалы бөлігін де санағанда.
Сонымен бірге әртүрлі қарызгрлердің арасында қаражаттың қайта бөлудің арқасында қарызгерге берілетін біркелкі қаражаттың көлемінің азаюы туады. Мерзімдік қажеттіліктерді қанағаттандыру мүмкіндігі үшін берілетін қарыз қаражатты беру кезінде керекті алғышарты болып қаражатта қажеттіліктің көлемі шығында да мезгілдік факторлармен шартталатындығы болып табылады. Бұндай талаптардың сақталмауы қарыз қаражаттарын шамадан тыс берілуіне және мезгілсіз қайтарылуына әкеліп соқтырады [5].
Өндірісті кеңейтуде несиенің рөлі үлкен. Өндірісті кеңейту мен өнімді өткізу үшін керек. Қарыз қаражаттарды салыстырмалы қосалқылар аз уақытқа көбейту үшін шығындарды берілуі мүмкін.Сонымен бірге несие негізгі фонды көбейтудің қайнар көзі ретінде пайдалана алады, бұл ғимараттар, құрылыстар, құрал-жабдықтарды сатып алу және т.б. Өндірістің үздіксіздігі мен оның дамуына әсер ететін несиенің тұтқа ретінде мінездемесі қарама-қарсы бағытта, себебі өндірістің және өнімді өткізудің жылдамдығының төмендеуіне әсер ете алатын несиені пайдалану мүмкін.
Қаражат айналым саласында несиенің рөлі маңызды. Бұл барлық қолма-қол ақша және қолма-қол ақшасыз мемлекеттердің қаржы-несие жүйесінің қатысты. Қазақстанда Қазақстанның Ұлттық банкі қолма-қол ақшаның әмиссиясы мен олардың айналымын ұйымдастыруын жүзеге асырады, яғни банктер арқылы. Соңғысы орындалады, бір жағынан, егер банктер шоттарында қалдықтары бар болса, банк кассаларынан айналымға оларға қолма-қолақшаны шығару кәсіпорындар, ұйымдар мен жеке азаматтар қолма-қол ақшаны беру кезінде мүмкін. Бұндай қалдықтардың бар болуы несиелік қатынастардың бар болуын білдіреді.
Банктердің тәжірибесінде қолданылатын несиелеу процесінің өзіндік кезеңдері болады. Несиелік процес несиеге деген өтінішті өңдеуден басталып, несиенің толық қайтарылуымен аяқталады. Жалпы несиелік процесті 1- сызбамен көрсетуге болады. Қарыз алушыларға несие беру барысында банктер “Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы” 31.03.1995 жылы және “Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер туралы” 30.08.1995 ж ҚР Президентінің заң күші бар Жарлықтарын, №1-ші 11.02.1994ж. “Қазақстан Республикасының экономикасын қысқа мерзімді несиелеу ережесін” сондай-ақ банктің Жарғысы мен нұсқауларын басшылыққа алады. Несиелер төлем қабілеті бар қарыз алушыларға несиені қайтарудың нақты көздерінің және тұрақты қамтамасыз ету формаларының бар болуына қарай беріледі.
Әр кезеңде пайдаланылатын несиелеу механизмнің элементтері несиелік операциялардың сапалы сипатын бере отырып, олардың жүзеге асырылу техникасын білдіреді. Несиелеу процесі мынадай кезеңдерді қамтиды:
несиеге деген өтінішті қарау;
несиелік қабілетін талдау;
несиелік келісім-шарт жасау;
несие беру;
несиелік мәміленің орындалуына бақылау жасау.
I-кезең. Банкке келіп түскен несиеге деген өтінішті қарау.
Кез келген несиелік операциялар осыдан басталады. Мұндай құжаттарда қарыз алушы мен сұралатын несие туралы негізгі мәліметтер: мқсаты, мөлшері, түрі, мерзімі, мүмкін болар қамтамасыз ету мүлкі көрсетіледі. Банктің қоятын талаптарына байланысты өтінішке қосымша, яғни несиелік операциялар сипатына байланысты құжаттар беріледі. Клиенттің әр түрлі топтары үшін әр түрлі құжаттар пакеті әзірленуі мүмкін. Мысалы ретінде құжаттар пакетінің құрамына жататындар:
1. Соңғы екі жылдық қарыз алушының балансы және оған қосымша беттер.
2. Несиеленетін шаралардың рентабельдік деңгейін және оның қайтарылу мерзімін сипаттайтын техникалық-экономикалық есебі.
3. Несиеленетін мәмілелерді растайтын келісім-шарттар көшірмелі (материалдық құндылықтарды жабдықтауға және сатуға арналған шарттар, тауарлы-материалдық құндылықтар шотының көшірмелі және т.с.с).
4. Басқа банктерден алған несиелер туралы мәліметтер (шоттар бойынша көшірме).
5. Несиені қайтаруға байланысты міндеттемені куәландыратын құжаттар.
Қажет жағдайларда банк қарыз алушыдан несиені қайтаруын қамтамасыз ететін басқа да құжаттар мен мәліметтерді талап ете алады.Сонымен қатар, банкпен тұрақты несиелік қатынаста болатын қарыз алушылар үшін кейбір құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін. Қарыз алушы банкке несие алуға өтініш жасаған уақатта, банк несиелеудегі оның мүмкіндігін алдын ала бағалау үшін есеп карточкесін толтыруы мүмкін. Онда: фирманың жетекшісі мен қарыз алушының аты-жөні; қызметі және меншік түрі; клиенттің заңды мекен-жайы; мекен айырысу және валюталық шот ашқан банктің аты және реквизиттары;негізгі құрылтайшылары; ол сұрайтын несиенің мақсаты, сомасы және мерзімі; соңғы есептік күнге берілген баланс құрылымы және басқа да көрсеткіштер.
Тапсырылған құжаттарды оқып үйрену барысында банк қарыз алушының алған ссудасын қайтару қабілетін бағалаудың шешім қабылдау үшін аса маңызы бар. Бағалау техникалық-экономикалық есеп негізінде жасалады.
II-кезең. Қарыз алушының несиелік қабілетін талдау кезеңі. Қарыз алушының несиелік қабілеті – қарыз алушының алған ссудасы бойынша қарызды уақтылы және толық көлемде қайтаруқабілетін бағалау сипатталады. Несиені қайтара алмау тәуекелі көптеген факторлардың әсерінен болуы мүмкін, сондықтан да, банк клиентке несие беруге шешім қабылдаудан бұрын оның несиелік қабілетін талдайды. Бұл көрсеткіш банктің өтімділігіне ықпал етеді. Қарыз алушының несиелік қабілетіне талдау жасау барысында мынадай факторлар есепке алынады:
1. Ссудаға қатысты қабілеттігі. Қарыз алушыға ссуданы бере отырып, қарыз алушының атынан шығатын тұлғаның құқықтық қуатын анықтайтын Жарғысы және нұсқаумен танысуға тиіс.
2. Қарыз алушының іскерлік беделі. Несиелік мәмілеге тиісті беделі деп қарыз алушының қарызды қайтаруға дайындығын ғана түсінбейді, сондай-ақ келісім-шартқа байланысты барлық міндеттемелерді оындауы түсіндіріледі.
3. Табыс алу қабілеті. Банк қарыз алушының ссуданы қайтаруға жеткілікті қаражатты табу қабілетіне баға беруі қажет.
Қарыз алушының табыс алу қабілетін анықтау барысында сату көлеміне, баға шығындарына, шығыстарға әсер ететін факторлар есепке алынады. Бұл факторларға: қарыз алушы кәсіпорынның орналасқан жері, оның тауарлары мен қызметтерінің сапасы, шикізат құны, қызметкерлердің біліктілігі жатады. Неиселеудегі шетелдік тәжірибеде бұл факторларға қоса жарнамалау тиіділігі, бәсеке сияқты факторлар есептеледі.
III-кезең. Несиелік келісім-шарт жасау. Қазіргі несиелеудің басты ерекшелігі бойынша банк қарыз алушының несиелік қабілетін тексеріп болғаннан кейін, несиелік шарт жасау үшін несиелеу субьектісімен қатынсқа түседі. Несиелеуге байланысты барлық сұрақтарда банк пен қарыз алушы келісім-шарт негізінде шешеді. Несиелік келісім- шарт екі жақтың өзара міндеттемелерін және жауапкершіліктерін анықтайды. Онда: несиелеу мақсаты және обьектісі, несиенің мөлшері, ссуданы беру мерзімі және қайтару шарттары; несиені қамтамасыз ету формасы; несие үшін төленетін сыйақы мөлшерлемесі; несиенің қозғалысын және клиенттің қаржылық жағдайын бақылау үшін қарыз алушының беретін құжаттарының тізімі; олардың берілу мерзімдері, сондай-ақ несиелеу процесіндегі банктің бақылау қызметі көрсетіледі.
Несиелік келісім-шарттың мазмұны елісуші жақтардың өздері анықтайды. Бұл жерде отандық банктер, оның типтік формаларын пайдаланады. Несиелік келісім-шарттың мазмұнында несиелу механизмі, оның негізгі элементтері (несие түрлері және обьектілері, сомасы, несиенің бағасы, несиелеу әдістері және ссудалық шоттар түрлері, ссуданың қамтамасыз етілу және қайтарылу тәсілдері, банк бақылауы) және банк ссудаларының қозғалысы қарастырылады. Несиелеу тиімділігі осы элементтердің банктік жұмысына қалай іске асырылуына және өзара үйлесетіндігіне тікелей байланысты болып келеді.
IV-кезең. Несие беру кезеңі. Бұл кезең ссудалықшот формасын, ссуданы беруді құжаттау тәртібін (қосымша құжаттар толтырылуы мүмкін), ссуданы беру тәсілін анықтайтын несиелеуді ұйымдастыру және техникалық шарттарын қамтиды. Несие беруді құжаттау тәртібі ссудалық шот формаларына байланысты ажыратылады. Жай ссудалық шот ашылған қарыз алушы қорларының жинақтауына байланысты несиеге деген өзінің қажеттілігін өтінеді. Осы мақсатта банкке несиеленеті тауарлы-материалдық құндылықтардың төленген нормативтен жоғары қалдығы, олардың қозғалысы туралы мәліметтер беріп, банк соның негізінде ссудаға деген қажеттілік мерзімді міндеттемелер арқылы құжатталады. Арнайы ссудалық шот бойынша берілген ссуда әр алған сайын құжатталмайды, себебі, ол шот ашу барысында өтініш- міндеттемесі негізінде жүргізіледі.
Несиенің көлеміне байланысты әр түрлі берілу тәсілдері болады. Біріншісі – несие клиенттің шотына толығымен аударылып, қажет болған жағдайларда жұмсалынады. Екіншісі – несие алуға құқығы қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктің туындауына байланысты біртіндеп іске асады. Үшінші – белгілі бір соманы алуға клиенттің құқығы бола отырып, ол оны алудан бас тартады (мысалға, артық сыйақы төлегісі келмейді). Несиенің мөлшері оны беру барысында несиелеу ережелеріне сәйкес анықталады.
V-кезең. Несиені қайтау және оған сыйақы төлеуінебақылау жасау-несиелік операцияның маңызды кезеңі. Ссудалар бойынша қарызды қайтару тәсілі ссудалық шоттар формасында, банк қаржаттарның пайдалану ұзақтығына және олардың төлем айналымын құраудағы рөліне байланысты. Жай шоттар бойынша банкке қарызы есеп айырйсу шотындағы меншікті қаражаттардан аударатын жарналар жолымен қайтарылады. Ссуданы қайтару мерзімі беру уақытында мерзімді міндеттемелермен құжатталады: егер де ссуда тұта қайтарылатын болса, онда бір ғана қайтарылатын болса,онда әр төлемге мерзімді міндеттеме толтырылады. Арнайы ссудалық шот бойынша банкке қарызы тікелейосы шотқа келіп түсетін түсімдер есебінен жүзеге асырылады.
Ссуданың қайтарылуына бақылау жасау үшін банкте ссудалар бойынша мерзімді міндеттемелердің картотекасын жүргізеді. Банк қызметкелері күнделікті қайтарылатын мерзімі жеткен ссудаларды қарай отырып, қарыз алушының есеп айырысу шотынан қаражаттарды шегеруге үкім-ордерін береді. Жартылай қайтаруға байланысты төлемдер уақыты жеткен кезде мерзімді міндеттеменің келесі бетіне тиісті белгілерін жасайды. Егер де қарвз алушының есеп айырысу шоты басқа банкте ашылған болсан, ссуда бойынша қарыздыжәне сыйақвны қайтару қарыз алушының төлем тапсырмасы негізінде жүргізіледі. Жекелеген жағдайларда, қарыз алушының төлем тапсырмасы уақытша қаржылық қиындықтарға кезігуіне байланысты банк қайтару мерзімін кейінге қалдыруға рұқсат етуі мүмкін, бірақ бұл қарыз жоғарғы сыйақымен құжатталады.
Сыйақы мөлшері оны төлеу мерзімі және тәртібі, сондай-ақ оларды іздестіру механизмі несиелік келісім шартта анықталады. Сыйақы ай сайын, тоқсан сайын және т.б. есептелуі және қайтару кестесіне сәйкес іздестірілуі мүмкін. Банктік тәжірибеде ссуда бойынша жай және күрделі сыйақы есептеу формалары қолданылады. Банк несиелік келісім-шарттың орындалуына, қарыз алушының алған несиені пайдалануына және толық қайтаруына бақылау жасайды. Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметіне, оның қаржылық жағдайына талдау жасап, қажет болған жағдайларда, орнында ақшалай және есеп айырысуқұжаттарын, бухгалтерлік жазуларды, есептік материалдарды тексереді. Осы жерде қарыз алушыдан алған барлық қаржы ақпараттар түрлері мен басқа да ақпараттар, сондай-ақ басқа да көздер пайдаланылады. Әрбір банктің өзінің клиенттің несиелік ісін жүргізу жуйесі болады [6].
Несиелік келісім-шартқа байланысты өз міндеттемелерін орындамаған қарыз алушыларға қатысты, банк: қарыз алушыға әрі қарай несиелеуді тоқтату туралы ескерту жасауға; несиелік шартында қарастырылғандай, беруді тоқтатуға құқы бар. Қарыз алушы несиелік келісімнің шарттарын жүйелі түрде орындамаған жағдайда банк несиені мерзімнен бұрын қайтаруды талап етуге құқылы. Несиелеу процесіне жасалатын бақылау банктің несиелік портфелін мерзімді түрде тексеріп отырумен де толықтырылады. Өйткені, банктің несиелік портфелі оның табыс көзі және несиелік операцияларды жүргізу барысында тәуекел көзі болып табылады.
Нарыққа өту шарттарында экономикалық механизмдерді жеті,лдіру ақша айналыс жүйесінің қызметіне, жеке тұлғаларға есептік және кассалық қызмет көрсетуді ұйымдастыруға аса жоғары талаптар қоюда. Төлемдік айналым өсімімен онымен шартталған айналыс ұсталымдарының өсімі, айналыс ұсталымдарын біруақытылы төмендету мен еңбек шығындарын азайту кезінде төлемдердегі тез өспелі қажеттіліктер мен ақша құралдарының айналымдылығын тездетуді қамтамасыз ететін, ақша айналысының принципиалды түрдегі жаңа механизмін құру қажеттілігін көрсетуде.
Берілген мәселе іс жүзіндегі ақша формаларын массалық қолдану кезінде шешіле алмайды, өйткені өздерінің физикалық табиғаты күшіне олар жылжымалылық шегіне иелік етеді, қаржылық есептемелердің жоғары еңбек сиымдылығын шарттайды, есептесу буынының үзіліссіздігін қамтамасыз етпейді және де өз қозғалысына бақылау жасауды қиындатады. Оны шешудің негізгі жолы-бұл индустриалды дамыған елдердің алдыңғы қатарлы тәжірибесі негізінде аталмыш “қағассыз” технологияларда пайддалану.
Біздің елде тұрғылықты халықпен нақты ақшасыз епсептесудің кешенді автоматтандырылған жүйесінің құрылу консепциясы жасалып шығарылған еді. Тауарлар мен қызметтр үшін нақты ақшасыз есеп айырысу сұрақтарынан басқа, Концепцияда кешенді түрде тұрғылықты халыққа банктік қызмет көрсету мәселелері қарастырылған. Концепция әртүрлі банктік жүйелердің техникалық біртұтастық мүмкіндігі қарастырылады, бұл ақша айналысының біртұтас жалпы мемлекеттік жүйесін құрудың міндетті шарты және де қандай да болмасын банктің жоғары рентабельділігінің (өтімділігінің) кепілі болып табылады. Автоматтандыру процессі бірнеше деңгейге тарайды. Бір жағынан, құрылған банк ішілік және банкаралық жүйелер, сонымен қатар көтерме (оптом) банктік кәсіпкерлік ауданына қызмет ететін электронды техникалық құралдар енгізілуде. Басқа жағынан алғанда, клиенттерге бөлшектік автоматтандырылған қызмет көрсету жүйесі енгізілуде.
Индивидуалды клиенттердің электронды ақша есепайырысу жүйелерінің қызмет ету механизмі пластикалық карточкаларды қолдануға негізделген және де өзіне банкоматтар көмегімен жүзеге асырылатын операцияларды, саудалық ұйымдарда тұрғылықты халықтың есеп айырысуының электронды жүйелерін, жеке тұлғаларға үйде немесе жұмыс орнында банктік қызмет көрсету жүйелерін кіргізеді. Соңғы 5-6 жылда біздің өмірімізге бағыттамалы жылдамдықпен өзінің сұлбаттасу, кәсіпкерлік қағидаларымен және де өзінің принципиалды түрде электронды есеп айырысулардың жаңа аспаптарымен Интернет кірді. Ең жақсы жетістіктердің бірі болып банктік технологияларды Интернеттің қазіргі заман талабына сай мүмкіндіктерімен үйлестіру саналады.
Жоғарыда айтылғандарға негізделе отырып, осындай класстағы жүйелердің қорғанысы өте мықты және оны ашып алу іс жүзінде мүмкін емес екенін сенімділікпен айтуға болады. Қауіпсіздіктің ішкі қатеріне байланысты айтсақ, онда персоналдық тиянақты таңдалуымен және де банктің құзырлы қызметкерлеріне жүйеге кірудің әр түрлі деңгейлерін ұсынумен реттеледі. Соңғы кезде ірі банктердің бәсекелестігі аса ұшқыр сезілетін қаржылық нарық сегменттерінің ішінде, аталмыш эквайринг пайда болды [7]. Бұл түсінік өзіне банктермен саудалық және қызмет көрсету нүктелеріне, соның ішінде дүкендерге, қонақ үйлерге, мейрамханаларға, туристтік фирмаларға, автокөліктерді жалға беру бөлімшелеріне және т.б-ға қызмет көрсетуіді кіргізеді.
