Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
КОНФ.ЕМТИХАН.Дика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
197 Кб
Скачать
☆

39.. Конфликтіні шешудің негізгі әдістерін атап негізгі мақсат міндеттерге сәйкес сипаттама беріңіз

Конфликтологияда конфликті аяқтаудағы деңгейді конфликті шешу термині мен атау дәстүрлі болды. Алайда көптеген авторлар басқада түсініктерді енгізген. Мысалы: "өшу" (В.Бойко, А.Ковалев), "жеңу" (Н.Феденко, В.Галицкий), "айқасу" (А.Каменев), "өшіру" (А.Рапопорт), "өзіндік шешім" (А.Анцупов), "алыптастау" (Р.Аккоф, Ф.Эмери), "ретке салу" "(А.Гозман) "және т.б.

Берілген түсініктерден ең кең тараған түрі конфликтің шешілуін неше түрлі жолдармен шешу. Конфликті шешудің негізгі формалары: шешу, өшу, шектеу, басқа конфликтіге ауытқу.

Конфликттің шешілуі-бұл бірге жүретін әрекет, қақтығысқа әкелген мәселелердің аяқталуын тездету. Конфликттің шешілуі екі жақтың да белсенділігін талап етеді, олар кнфликтің себебін жоюға тырысу керек. Конфликтіні шешу үшін, оппонент өзгеруі керек немесе біреуі өз ойын өзгертіп, өз позициясынан түсуі керек. Конфликт, жиі екі адамның бір-біріне деген суық қарым-қатынасынан пайда болады.

Конфликті бақылау, ол конфликтті шешуден ерекшеленеді, ол екі жақтан басқа үшінші жақта өз қызметін көрсетеді. Оның әрекеті екі жақты жақтауы немесе бір оппонентті ғана қолдау болып табылады. Басшы мен оның жұмысшылары арасындағы конфликттің 62% шешіледі. Ал 38% бұл конфликттер шешілмей, кейде өршіп кетеді. 6% конфликт өшеді, 15% басқа мәселеге ауысып, өршей түседі, 17% ұйымдастырушылық жолмен түседі

Конфликттің өшуі-бұл уақытша конфликттің тоқтатылуы. Конфликт бұл жерде"ашық" формадан "жабық" формаға ауысады. Конфликттің өшуі мынадай жағдайларда болады.

күрестегі мотивацияның жоғалуы (конфликт объектісі өз актуалдығын жоғалтады)

мотивтің басқа керек жұмысқа бірден ауысуы.

ресурстардың әлсіреп, күреске күштің қалмауы.

Конфликтті шектеудегі негізгі түсінік конфликттің негізгі элементтері ликвидацияланады (шектен тыс қалады). Шектеудің құрылымсыздығына байланысты көптеген жағдайлар бар. Олар конфликтке үлкен ықпал етеді. Конфликтті шектеу келесі тәсілдерге байланысты:

  • конфликт тудырған адамның біреуін басқа жұмысқа ауыстыру.

  • бір оппонентті ұзақ уақыттың демалысқа жіберу (командировкаға біреуін немесе екі жақтыда жіберу)

  • конфликтті тудырған объектіні алып алу (балалар ұрысып қалған ойыншықты анасы алып алады).

  • Басқа конфликтіге өршу даму екі жақ арасындағы жаңа мәселенің туындауынан болады.

  • Конфликттің шығуы шығыны күрестің қорытындысы болып қарастырылады. Бұл конфликттің шығыны:

  • бір немесе жақтыда шеттету.

  • конфликтті оның өршуін білу барысында тоқтату.

  • бір жақтың жеңісі.

  • конфликтті тудырған объектіні бөліп алу (симметриялық немесе ассиметриялық)

  • бір объектті екеуінің де қолдану мүмкіндігі, тіл табысу.

  • объектті қолдану ережесін құрып, тіл табысу.

  • бір жақтың екінші жаққа компенсация төлеуі.

  • объектке деген екі жақтың немқұрайлығы.

  • объектілердің альтернативті анықталуы, ал екі жақтың да қызығушылығын басады

40.. Оқушыларды әлеуметтік бейімделу мақсатында нақты конфликтті шешуде іс-шара жоспары. Оқушыларды әлеуметтік бейімделу мақсатында нақты конфликтті шешудегі әлеуметтік педагогтың жоспары:

  1. Мектепке жаңадан келген оқушымен танысу, оған кішігірім диагностика жүргізу;

  2. Сыныптағы оқушылармен танысу сағатын өткізу;

  3. Көбінесе – эмоционалдық мәселелерге топтық ойын ретінде қарауға жұмыс жасау;

  4. Баланың бұрынғы мектебіндегі оқу үлгерімі, тәртібі жайлы мәліметтер алу;

  5. Балаға үнемі психологиялық, эмоционалдық қолдау көрсету;

  6. Ол баланы сынып қалай қабылдайды немесе бала сыныптағы оқушылармен тез тіл табысып кете алама, жоқпа? – бұл мәселені қадағалау;

  7. Сынып оқушыларымен жақын қарым-қатынаста болуы үшін арнайы бірлесіп өткізетін ойын, тренингтер өткізу;

  8. Конфликттік жағдаяттар орын алмау үшін, алдын ала сынып сағатын ұйымдастыру;

  9. Жаңадан келген оқушы бейімделіп, үйренгенше үнемі оны бақылауда ұстау, қадағалап отыру;

  10. Баланың шығармашылық қабілеттіліктерін, логикалық ойлауды, қиялды дамытуға арналған көбінесе топтық жұмыстар өткізу;

  11. Отбасылық кеңес беру, баланың ата-анасымен жұмыстар жүргізу;

  12. Қарым - қатынаста жаңа позицияны қалыптастыру, эмпатияға қабілеттіліктерін дамыту;

  13. Білім беру саласында тұлғалық-дамытушы технологияларды, топтық формаларды қолдану;

  14. Қорқынышты жеңуді және эмоционалды қысымнан арылуды үйрету;

  15. Баланың жаңа әлеуметтік ортамен формалды және формалды емес әлеуметтік қатынас барысында ондағы қалыптасқан нормалар мен құндылықтар жүйесін қабылдауын ескеру;

  16. Мектепке келген бойда кездесетін қиындықтар түрлері, мысалы, мектеп режиміне байланысты, әлеуметтік қарым-катынас (мұғалім, сыныптағылар, отбасындағы). Осы қиындықгармен соқтығыса отырып, балалар мазасыздануды бастан кешіріп отырады. Оны болдырмаудың, алдын алу шараларын қолдану;