Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
emtikhan_kommunikatsia (1).docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
282 Кб
Скачать
☆
  1. Коммуникация теориясының заңдары, әдістері мен қвзметтерін айқындаңыз

Коммуникация теориясының заңдары мен категориялары:

  • Өзара әрекеттестік заңы

  • Кері байланыс заңы

  • Минималды негіздеме заңы

  • Коммуникативті жүйенің гетероген заңы

Өзара әрекеттестік заңы – кемінде екі жақтың әртүрлі өзіндік ақпараттарды алмасуда әрбір коммуникация өзіндік әрекеттестіктен тұруы тиіс.

Кері байланыс заңы – коммуникативті актының маңызды шарты ретінде әрбір коммуникация ақпараттық әрекеттестік ретінде кері байланыс принциптеріне негізделеді.

Минимальды негіздеме заңы – коммуникацияны жүзеге асыру үшін ақпарат беруші мен алушы арасындағы белгілер жүйесінде және қабылдау ережесі мен жеткізуде, ақпаратты кодттау мен ашуда ең болмағанда белгілі бір ұқсастық болуы керек.

Коммуникативті жүйенің гетероген заңы – коммуникация ақпараттық потенциалдардың әрекеттестік жүйесінде сәйкессіздік болғанда ғана жүзеге асады.

Коммуникация теориясының маңызды қызметтеріне мыналар жатады:

  • Танымдық қызметі – коммуникацияның негізгі процесстері мен механизмдерінің құрылуы мен түсіндірілуіне бағытталған. Қоғамда, табиғатта, яғни коммуникацияның барлық қолданбалы салаларындағы процесстер мен механизмдерді.

Бұл қызмет мына сұрақтарға жауап береді: коммуникативті шындық нені білдіреді? Қандай себептер негізінде коммуникативті құбылыстар пайда болады?

  • Әдістемелік қызмет – коммуникативті шындықты зерттеуде және тануда неғұрлым тиімді ғылыми білімдер жасау.

  • Прогностикалық – әлеуметтік коммуникацияның даму перспективаларын анықтау, қоғамдағы коммуникативті процесстерді модельдеу, болуы мүмкін салдары мен нәтижелерін анықтау мақсатында.

  • Практикалық (инструменталды)- коммуникация процесі оптимизациясының мәселелерін шешуге мүмкіндік береді, коммуникативті процесстің объективті субъективті факторларын есептеу, коммуникациямен болатын әлеуметтік процесттерді ұйымдастыру мен бақылау.

Коммуникация теориясының әдістері

Коммуникация теориясының әдістері жалпы және жеке ғылыми болып бөлінеді.

Жалпы ғылыми әдістер – коммуникациялық процесстерді танудағы қолданылатын жалпы ғылыми әдістерге модельдеу, жүйелік тәсіл, салыстыру.

Модельдеу – объектіні зерттеуде оның көшірмесін жасау және зерттеу. Коммуникация теориясында әлеуметтік,психологиялық, иммиджді, массалы коммуникация модельдері қолданылады.

Жүйелік тәсіл – коммуникация теориясында жүйе реніде мәтін, БАҚ, коммуникативті актілерді қарастыру.

Салыстыру – объектілердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын айқындауға бағытталған әдіс.

Жеке ғылыми әдістер – коммуникация теориясында әлеуметтік әдістер, лабараториялы тәжірибелер және ашық тәжірибелер қолданылады.

Әлеуметтік әдіс – қоғамдағы коммуникациялық процесттердің жай-күйін әлеуметтік зерттеулер. Әлеуметтік зерттеу әдістері: сауалнама, сұрау,тәжірибе, статистикалық анализ, математикалық модельдеу жатады.

  1. Коммуникациялық білімнің пәнаралық білімін сипаттаңыз

Коммуникация: биология, философия, әлеуметтану, лингвистика, саясаттану, мәдениеттану, технологиялық ғылымдар, педагогика, психология, т.б байланысты.

Философия коммуникацияны іс-әрекет процессі мен құбылыстардың өзара тәуелділігі арасындағы байланыс ретінде қарастырады.

Тұлғаның психологиялық ерекшеліктерімен шартталған коммуниканттардың сөздік мінез-құлық мотивациясын, ақпаратты беруге және қабылдауға әсер ететін факторларды қарастырады. Осыған орай әлеуметтік психология тұлғааралық өзара әрекеттестікті, шағын топтар психологиясын, топаралық өзара қарым-қатынасты, тобыр психологиясын және т.б. қарастырады.

Лингвистика вербальды коммуникация мәселелерімен айналысады. Лингвистикалық дисциплиналарға семиотика, қоғамдағы белгілер сипаты мен белгілер жүйесіне жалғасады, жанасады.

Биология шеңберінде жаңа бағыт пайда болды, жануарлардың мінез-құлқымен коммуникациясын зерттейтін және оның атауы этология болып қалыптасты. Бүгінде ғылымда «биокоммуникация», «зоокоммуникация» терминдері кеңінен қолданылуда.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]