Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ебек орау блімі.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
36 Кб
Скачать
☆

4.3 Электр қауіпсіздігі

МЕСТ 12.1.009-76 анықтамалары бойынша электр қауіпсіздігі – электр тогнының, электр доғасының, электр магнитті алаңның және тұрақты электрдің қауіпті және зиянды әсерінен адамдарды қорғауды қамтамасыз ететін, құралдар мен техникалық және ұйымдық шаралар жүйесі.

МЕСТ 12.1.038 - 02 құжаты негізінде 400 Гц – ге дейін жиілікте тұрақты және айнымалы токпен жұмыс істейиін электр қондырғыларының қорғаныс жерлену мен нөлденуіне арналған, және қорғаныс жерлену мен нөлдену арқылы электр қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.

Қорғаныс жерлену мен нөлдену, изоляцияның бұзылғанның арқасында электр қондырғысының ток жүрмейтін металл бөліктері кернеу астында қалғанды, адамның сол металл бөліктеріне тиіп кеткен жағдайда электр тогынан қорғау керек.

Қорғаныс жерлену арқылы электр қондырғысының металликалық бөлімімен жер немесе жерге балама арасындағы әдейі жасалған элекрлік байланысты айтады.

Электр қондырғыларында қорғаныс жерлеу ретінде алғашқы кезеңде табиғи жерлегіштер қолданылуы керек.

Өнеркәсіптік ғимараттардың темірбетон фундаментін табиғи жерлегіш ретінде алғанда, қосымша табиғи емес жерлегіштер қажет болмайды.

Шекті кернеу мен жерлегіш құралдарының кедергісі жылдың кез – келген мезгілінде қамтылуы керек.

Бір немесе көп қызмет атқаратын электр қондырғыларына жерлегіш қызметін атқаратын құралдар, осы электр қондырғысының жерлегіш функциясын атқаратын барлық талаптарына сәйкес болу керек.

Электр қондырғыларды орнату ережесі жаңадан салынатын және қайта салынатын электр қондырғыларда 500 кВ-қа дейін таралады. Электр қондырғылары электр қауіпсіздігі бойынша ЭҚ 1 кВ-қа дейінгі және ЭҚ 1 кВ жоғары деп бөлінеді. Сонымен қатар климаттық ортасына байланысты ғимараттар келесілерге бөлінеді: құрғақ (ылғалдылығы 60%-ке дейін), ылғалды (ылғалдылығы 60-75%), дымқыл (ылғалдылығы 75 %-тен көп), өте дымқыл (ылғалдылығы 100%-ке жуық), ыстық (температурасы +35  -тан көп), химиялық активті органикалық ортамен шаң ғимарат.

Өндірісте қабылданған электр жабдықтары мен материалдары, бекітілген орнатылған тәртіпте ТШ немесе МСТ талаптарына сәйкес болу керек. Өндірісте қабылданған электр жабдықтары, кабельдер және жетектерді оқшаулау класы талаптар мен электр қондығыларының көрсеткіштеріне сәйкес болу керек. Өткізгіштепр мен кабельдерді механикалық зақымданудан қорғау үшін арналған қондырғылар, мүмкіндігі бойынша машиналары, аппарттары және аспаптарды енгізілуі керек.

Өндірісте электр қауіпсіздігі электрқондырғылардың конструкцияларымен, техникалық қорғаныс тәсілдері және құралдрымен, ұйымдастырушылық және техникалық шаралармен қамтамасыз етіледі.

4.4 Жұмыс орындарында микроклиматтың нормативті көрсеткіштерін қамтамасыз ету

Өндіріс ғимараты ішінің микроклиматы онда жұмыс істейтін жұмыскерлердің организміне және де жалпы еңбек өнімділігіне әсер етеді. Конвертер бөлімшесі үшін санитарлық норма бойынша температура 18 кем болмауы керек, ылғалдылық 40-60% шамасында, ауа қозғалысының жылдамдығы: суық кезеңде 0,2 м/с, жылы кезеңде 0,3 м/с аспайтын болуы қажет. Микроклимат нормасын сақтау үшін цех ғимаратында желдету және жылыту жүйелері орнатылған. Артық жылу шығару шамасы 20 ккал/м3 сағ. аспайтын ғимараттар жылытуды қажет етеді. Жабдықтардан, материалдардан және адамдардан шығарылатын жылу мөлшері 20 ккал/сағ. аспайтын цехтар мен бөлімшелер үшін жұмыс орнындағы температура санитарлық норма бойынша +13 -тан +22 -қа дейін рұқсат етіледі. Ал жылдың жылы кезеңінде +17-ден +28 дейін. Жұмыс орнынан тыс жерлердегі шекті температура нормадан 1,2 төмен болуы мүмкін.