- •Арнайы білімдердің түсінігі және олардың сот өндірісінде қолданылу нысандары.
- •2. Сот сараптамасының түсінігі, оның мазмұнындағы белгілерді қылмыстық іс жүргізу құқығының міндеттерімен байланыстыра қарастырыңыз.
- •3. Сот сараптамасының әдістемелерінің теориялық және практикалық мәселелері.
- •4. Сараптамалық зерттеудің объектілері және оларға жеке талдау беріңіз.
- •5.Сот сараптамасы процессуалдық құқықтың жеке институты ретіндегі ролін, мағынасын анықтаңыз.
- •6. Қылмыстық іс қозғау сатысында сот сараптамасын тағайындаудың негіздерін және құқықтық салдарын іс қозғалғаннан кейінгі тағайындаумен салыстыра қарастырыңыз.
- •7. Сараптама міндетті түрде тағайындалатын жағдайлар және олардың қылмыстық процесстегі ролі.
- •8. Сот сараптамасын тағайындау және жүргізу кездеріндегі айыпталушының құқықтарына азаматтардың конституциялық құқықтарының негізінде қарастырыңыз.
- •10. Тірі адамдарға сараптама жүргізудің ерекшеліктері.
- •9. Салыстырмалы зерттеулер жүргізу үшін үлгілер алудың процессуалдық тәртібі бойынша сарапшының және тергеушінің қызметтерін анықтаңыз.
- •11. Азаматтық процессте сараптама жүргізу және оны қылмыстық процесстегі сараптамалық қызметпен арақатынасын ажыратыңыз.
- •12. Сот сарапшысының түсінігі және оның маманнан процессуалдық айырмашылығы.
- •13. Сарапшының құқықтары мен міндеттерін сараптама тағайындау бойынша тергеушінің өкілеттіктері мен міндеттерімен салыстыра қарастырыңыз.
- •14. Сарапшыға қайыру (отвод) немесе өзіне өзі қайыру берудің негіздері.
- •15. Сарапшының жауаптылығы және сарапшылық этика ұғымдарының мағынасын ашыңыз.
- •1. Сараптамалық мекемелер және олардың түрлері мен құрылысы «қр сараптамалық қызмет туралы» Заң негізінде анықтаңыз.
- •Бұл құқықтармен қатар аталған Заңның 22 бабы сот сраптамасы органы жетекшісінің мынандай міндеттерін келтіреді:
- •2. Сараптамалық мекеме жетекшісінің құқықтары.
- •4. Сараптамалық зерттеулер әдістемелерінің түрлерін және оның ерекшеліктері анықтаңыз.
- •5. Сараптамалық зерттеудің сатыларына талдау жасай отырып, сарапшының негізгі қызметтерін анықтаңыз.
- •6. Сараптамалық қараудың әдістемесі мен техникасы, оның өзге сатылардан айырмашылығын анықтаңыз.
- •7. Объектілерді бөліп талдау әдістемесін, оның қажеттілігі тұрғысынан негіздеңіз .
- •8. Сараптамалық эксперименттің сараптамалық қызметтің бір түрі ретіндегі ролін мазмұнын ашыңыз.
- •9. Салыстырмалы зерттеуді сараптамалық зерттеу ұғымымен байланыстыра қарастырыңыз.
- •10. Зерттеу нәтижелерін сарапшының бағалауын сарапшының қорытындысына әсері тұрғысынан қарастырыңыз.
- •11. Сараптамалық қызметтің психологиялық аспектілері.
- •12. Сарапшының қорытындысы дәлелдеу құралы ретіндегі ролін анықтаңыз.
- •13. Сарапшы қорытындысының құрылысы мен мазмұны.
- •14. Сарапшының қорытындысын тергеушінің, соттың бағалауы және сарапшы қорытындысына тергеушінің, соттың күмәнданмен қарауының салдарын көрсетіңіз .
- •15. Сарапшының қорытындысын дәлелдемелік қызметте қолдану.
- •Криминалистикалық сараптама: түсінігі, пәні және міндеттері.
- •2. Криминалистикалық сараптамаларды топтастыру және олардың криминалистикалық сараптамалар тобына жату себептерін анықтаңыз.
- •3. Қолтанушылық және авторды танушылық сараптамалар, олардың ара қатынасын анықтаңыз.
- •4. Құжаттарды технико-криминалистикалық сараптамалау, және бұл сараптама түрінде қолданылатын әдістемелер.
- •5. Трасологиялық сараптаманың түсінігі, объектілері және адамнан алынатын іздердің түрлеріне сипаттама беріңіз.
- •11.1. Адам іздерінің сараптамасы
- •6. Сыртқы белгілері бойынша сараптама (сот-портреттік сараптама) бойынша шешілетін міндеттер.
- •7. Фототехникалық сараптама және бұл сараптама түрі бойынша сарапшыға жиі қойылатын сұрақтарды келтіріңіз.
- •9. Суық қарулар бойынша сараптама тағайындалатын жағдайлар және тергеушінің өзі анықтайтын жағдайларды анықтаңыз.
- •Сот экономикалық сараптама
- •11. Жоспарлы-экономикалық сараптаманың тағайындалу негіздерін өзге экономикалық сараптамамен салыстыра отырып анықтаңыз.
- •1) Қаржы-несиелік зерттеулер;
- •2) Қаржы-бюджеттік зерттеулер.
- •13. Тауарлар бойынша сот сараптамасының объектілері және шешілетін міндеттерге талдау жасаңыз.
- •14. Қаржы-экономикалық сараптаманың сипаттамасын сот-бухгалтерлік сараптамамен салыстыра отырып беріңіз.
- •15. Материалдарды, бұйымдарды және заттарды сараптамалау.
- •Боялған материалдар мен қабаттардың сот сараптамасы
- •Талшықтық объектілердің сот сараптамасы
- •Есірткі және психотроптық заттар мен прекурсорлардың сот сараптамасы
- •16. Инженерлік-техникалық сараптама тағайындау негіздері, объектілері және осы сараптама түрі бойынша шешілетін міндеттер.
- •Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
- •22. Сараптама объектілерін сарапшыға жіберу тәртібі және дұрыс, сапалы жібермеудің салдарын қіжқ бойынша анықтаңыз.
- •23. Сараптама жүргізу үшін адамның өз келісімі қажет болатын және қажет емес жағдайларды көрсетіңіз.
- •24. Бұзу құралдарының іздері бойынша трасологиялық сараптама және шешілетін міндеттер.
- •25. Қайталай сараптама тағайындау негіздері және тағайындау, жүргізу тәртібі.
- •Сарапшының мұның алдындағы қортындысы жеткілікті негізделмеген немесе оның дұрыстығы күмән болуы;
- •Оны жүргізудің процессуалдық нормалары елеулі түрде бұзылған болуы.
- •26. Кешенді сараптама және оны тағайындау негіздері мен жүргізу тәртібі.
- •27. Комиссиялы сараптамаға жататын сараптама түрлері және жүргізу тәртібі.
- •28. Сараптама жүргізу мерзімі және сараптама мерзімін есептеу.
- •29. Адамның аяқ іздерін алу және сараптама жүргізу кезінде анықталатын жағдайлар.
- •Материалдарды дайындау мен рәсімдеу:
3. Сот сараптамасының әдістемелерінің теориялық және практикалық мәселелері.
Әдіс және әдістемелер барлық ғылымыдардың саласында зерттеліп отырған объектінің теориясына негізделуі керек, бірақ пәннің теориясы да, танымдық қызметтің теориясы да әдістеме болып саналмайды.
Әдістеме болуы үшін теория тиісті қайта құруға алынуы керек, мұның мағынасы осы саладағы ғылыми зерттеулердің ережелері өңделуі керек.
Өз кезегінде әдіс-бұл белгілі бір қызметтің негізінде қолданылып отырған ережелердің ақиқаттылығын анықтау үшін қандай да бір операцияларға жетекшілік жасай отырып, субъектінің тәсілдер, процедуралар, талаптар туралы ерекше білімнің түрі.
Әдіспен салыстырғанда әдістеменің міндетіне алынған нәтижені теориялық негіздеу жатады және бұл жағдайда ол зерттеудің аналитикалық және техникалық жақтарына негізделеді, сонымен қатар зерттеушінің әрекеттерін ақтаушы рол атқара алады. Бір жағынан алғанда әдістемені (методика) методологиядан ажырата білу керек, себебі олар арнайы белгілермен сипатталатын танымның жеке формаларын білдіреді. Осы тұрғыдан алғанда әдістеме-бұл белгілі бір құралдарды қолдануға негізделетін және заттармен құбылыстардың, олардың құрылымы мен белгілерін аналитикалық зерттеуге бағытталған нақты материалдарды техникалық өңдеу тәжірбиесін қамтитын зерттеудің барысы мен оның ережелерінің жинағы немесе жеке зерттеу тәсілдерінің жиынтығы. «Қазақстан Республикасындағы сот сараптамалық қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес, сот сараптамалық зерттеу әдістемесі-белгілі бір заттың тобына, сот сараптамасының түріне жататын жағдайларды анықтау үшін сот сараптамасы объектілерін зерттеу кезінде қолданылатын әдістердің жүйесі.
Әдістеме және методолгия бұлар бір-бірімен байланысты ұғымдар, бірақ бұл байланысты әдістеме бағынышты жағдайда болады.
Сонымен, таным барысында теорияның ролі танылуға жататын заңдылықтарды ашуға, түсіндіруге бағытталса, ал методология осы заңдылықтарды зерттеудің объектісі ретінде зерттей, қарастыра отырып, олардың қатыстылығын, құрамын, арналуын анықтауға бағытталған.
Міне сондықтан да әрқашанда теориялық және практикалық танымдық қызмет деңгейлерін анықтап ғана қоймай, сонымен бірге оны іске асыру әдісітерінде де анықтау қажет.
4. Сараптамалық зерттеудің объектілері және оларға жеке талдау беріңіз.
Сот сараптамасының мәселелерін дұрыс шешу, оның бастапқы мәселелерінің бірі болып саналатын сараптамалық зерттеудің объектілеріне де байланысты болып табылады. Сараптамалық зерттеудің объектілері ретінде процессуалдық заңдармен анықталған мәліметтердің көздері (источники)-сараптамалық міндетті шешу үшін қажетті іс материалдары алынады. «Қазақстан Республикасыныдағы сот сараптамалық қызмет туралы» ҚР Заңына сәйкес сот сараптамасының объектілері заттай айғақтар, құжаттар, адамның денесі мен психикалық жағдайы, мәйіттер, жануарлар, үлгілер, сонымен қатар сот сараптамасы жүргізілетін іс материалдарындағы сот сараптамасы затына жататын мәліметтер болып табылады.
Сараптама объектілерінің заңда кеңейтіліп (нақты алғанда шектелмеген) қарастырылған тізіміне қарамай, сараптамаға берілетін барлық материалдар үш жеке топқа бөлінеді: негізгі объектілер, салыстырмалы материалдар және анықтамалық мәліметтері бар материалдар.
Негізгі объектілерге белгілі бір мәліметі бар тікелей материалдық объектілер жатқызылады, мысалы, заттай айғақтар; екінші топты сараптамалық зерттеулер үшін үлгілер құрайды. Үшінші топ ретінде сараптамалық зерттеулер үшін қажетті анықтамалық мәліметі (информации) бар мәліметтер (сведения) алынады (инструкциялар, ГОСТ тар, коллекциялар және т.б.).
Заңға сәйкес сараптаманы тағайындаған орган сараптамалық зерттеу объектісінің қол жетімділігіне, сенімділігіне кепілдік береді.
Сот сараптамасының объектілері, егер олардың құрамы мен габариттері мүмкіндік берсе, онда сарапшыға оралған және мөрленген түрде беріледі. Қалған жағдайларда сот сараптамасын тағайындаған орган, сот сарапшысының зерттелетін объекті тұрған жеріне жетуіне, ол объектіні кедергісіз алуына және зерттеуді жүргізу үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етуі керек.
Сот сараптамасын тағайындаған органның рұқсатымен заттай ағақтар мен құжаттарды зерттеу жүргізу кезінде, ол затттар зерттеуді жүргізу және қорытынды беру үшін қажетті деңгейде ғана пайдаланылады немесе бүлінеді. Бұл рұқсат сот сараптамасын тағайындау туралы қаулыда немесе сот сарапшысының ұсынысын қанағаттандыру немесе қанағаттандырудан ішін-ара бас тарту туралы анықтамада, негізделген қаулыда көрсетілуі керек.
