Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ETIKA_OTVETY.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

33. Құқық қорғау органындағы қызметтік ұжымның ізгілік қарым қатынас ерекшелігі.

Құқық қорғау органдары мен олардың қызметкерлерінің алдында тұрған мақсаттар қылмыстылықпен күрес міндеттерімен тығыз байланысты, олар әлеуметтік маңызды сипатқа және терең гуманистік мазмұнға ие. Алайда, бұл құқық қорғау органдары мен олардың қызметкерлерінің алдына қойылған мақсаттардың кез-келгені оң адамгершілік мазмұнға ие дегенді білдірмейді. Бұл мазмұн заңдылықты сақтауға, құқықтық сананың деңгейіне, қызметтің нысандары мен әдістеріне және басқа да кӛптеген факторларға байланысты. Сол себепті де, әрбір нақты жағдайда пайда болған мақсатты жаңаша бағалау қажет. Әрекетті таңдау тәжірибелік жағынан да, адамгершілік жағынан да мейлінше тиімді болу үшін адам мүмкін әрекеттердің барлық түрлерін танып, одан кейін солардың ішінен ӛз кӛзқарасы бойынша ең жақсысын таңдап алуы тиіс. Қылмыстылықпен күрестің ерекшеліктері таңдау түрлерін таңдауға бірқатар ерекшеліктерді енгізеді. Олардың ішіндегі ең бастысының мәні мынада: құқық қорғау органдары қызметкерлеріне таңдау түрлерінің барлығын анықтау қиын жағдайларда жиі моральдық таңдау жасауына тура келеді.

Шешім қабылдауға қажетті ақпарат кӛлемінің болмауы адамды ойланбаған әрекеттерге итермелеуі мүмкін, себебі, мұндай жағдайларда ол борыштың немесе белгілі бір идеалдың негізінде ӛз әрекеттерінің жағдайлары мен салдарына мән бермейді. Бұл — жеке даралықты, мансапқорлықтың кӛріністерімен байланысты, басқалардан ӛзін бӛліп кӛрсетумен сипатталатын, жауапкершіліксіз авантюралық жүріс-тұрыс. Күрделі жағдайлардағы жүріс-тұрыстың тағы бір түрі — гамлетизм, яғни, бұл дегеніміз адамның қателесуден қорқуының салдарынан шешуші әрекеттерді жасамауы. Алайда, бұл жерде таңдаудан бас тартудың ӛзі де таңдаудың бір нысаны екендігін ескеріп ӛткен жӛн. Құқық қорғау қызметінің қарама-қайшылықтармен, күрделі жағдайлармен байланысты сипаты тәуекел жағдайындағы таңдау мәселесін одан әрі күшейтіп жібереді. Бұл мәселені Аристотель ӛзінің ―Никомах этикасы‖ еңбегінде атап ӛткен, ол субъектінің әрекеттерін ―білместік‖ (―в неведении‖) және ―білмеуінен‖ (―по неведению‖) деп екі түрге бӛлген. ―Білместік‖ әрекеттері — адамның саналы түрде білмеуді, сезінбеуді таңдауы. Ал ―білмеуінен‖ әрекеттері адамның еркінен тыс әрекеттің мәнін ӛзгертетін белгісіз жағдайлардың болуымен сипатталады (мысалы, МАИ қызметкері қылмыскерлерді тоқтату мақсатында автокӛлікке оқ атуы нәтижесінде, осы кӛлікте кішкентай сәбидің бар екендігін білмеуі себепті оны абайсыз жарақаттаса). Алайда, кей кездері мұндай әрекеттердің абайсыз болғандығын анықтау ӛте күрделі болып келеді. Қылмыстылықпен күрестің ерекшеліктері кей кездері мынадай жағдайдың туындауына негіз болады: құқық қорғау органдарының қызметкері белгілі бір жағдайлардың себебінен таңдау түрлерінің барлығымен танысуға тырыспай, олардың кейбіреуімен ғана танысады, яғни, саналы түрде білместікті таңдайды. Мысалы, тергеуші ӛзіне ұнап қалған бір тергеу гипотезасын негізге алады да, қылмыстың жасалуының ӛзі аса мәні жоқ деп санаған басқа варианттарына мән бермейді. Алайда, қылмыстық әрекеттің жасырындық сипатынан, тергеушіге маңызы жоқ болып кӛрінген жағдайлар шын мәнінде аса маңызды болып табылуы мүмкін, нәтижесінде тергеушінің жасаған таңдауы оның ӛз кінәсі бойынша қате болып шығады. Адамның ―білмеуінен‖ туындаған әрекеттер болған жағдайда мәселе мүлдем ӛзгереді. Яғни, бұл жағдайда жүріс-тұрыс түрлері адамның еркінен тыс оған жасырын болып кӛрінуі мүмкін, нәтижесінде оның әрекеттері ол ойламағандай болып шығады. Құқық қорғау қызметінде мұндай жағдайлар жиі кездеседі, себебі, кӛп жағдайда қылмыскерлер ӛдерінің кінәсінің шынайы жағдайларын жасыруға тырысып, құқық қорғау органдарының әрекеттерін қате нұсқаны таңдауға бағыттайды. Егер әрекеттің дұрыс таңдалғаны, алайда, оны жүзеге асыруға объективтік жағдайлардың немесе қызметкер болжай алмайтындай жағдайлардың кедергі жасағаны анықталса, онда бұл әрекеттердің адамгершілік бағасы оң сипатта болуы тиіс. Теріс бағалау кӛп жағдайда таңдалған құралдардың тиімсіздігі, моральдық таңдаудың құзіретсздігі салдарынан болған қателіктерге тән. Әрине, қиын жағдайлардағы белгілі бір әрекетке нақты анықтама беру қиын, алайда, адамның дұрыс таңдау жасаған-жасамағандығын анықтауға тырысуға болады. Егер қызметкер болуы мүмкін пайданы мүмкін зиянмен дұрыс байланыстырса, жақсы нәтиже мен теріс нәтижені салыстырса және осылардың нәтижесінде тәуекел әрекетке баруды дұрыс деп тапса, онда осы әрекеттің салдары мен нәтижесі қандай болғанына қарамастан, оны жауапкершілікке тартуға болмайды. Керісінше, теріс нәтиже болған жағдайда ол адамда негізді тәуекелге барғандығы туралы сенімі болуы тиіс. Жауапкершілікке негізсіз тәуекелге барған, ӛз міндеттерін тиісті орындамаған, болуы мүмкін салдардан қорқуы нәтижесінде әрекетсіздікке барған қызметкер тартылуы тиіс. Егер таңдау түрлерін анықтау кезінде мораль таңдаудың жағдайлары мен мүмкіндіктерін толық және жан-жақты зерттеуге бағыттайтын реттеушінің ролін атқарса, онда жүріс-тұрыс түрін таңдау кезеңінде оған шешуші рӛл беріледі.

Жүріс-тұрыстың түрін таңдауда маңызды рӛл адамгершілік себептерге берілген. Неге дәл осы әрекет дұрыс? Мұндай таңдау неге негізделген? Осы сұрақтар жүріс-тұрыс түрін таңдауға мейлінше мол сипаттама береді. Таңдау әрқашанда белгілі бір құндылықтан бір құндылықтың артықшылығын білдіреді. Кейбір жағдайларда таңдауды негіздеу және таңдаудың ӛзі ешбір қиындықтарды туғызбайды, ал кейбір кездері олар себептердің ерекше күресінің тууына негіз болады. Осы екінші жағдайды адамгершілік шиелініс жағдайы деп атайды. Құқық қорғау қызметі қылмыскерлермен күресуінің, арнайы күшқұралдарды қолдануы нәтижесінде ӛз қызметкерлерін адамгершілік шиелініс жағдайына жиі алып келеді. Аталған шиеліністер себептердің қарама-қайшылық бағыттылығы жағдайында жиі болады. Мұндай жағдайда субъектіге борыш талаптарынан кӛрініс тапқан қоғамдық қажеттік пен ӛзінің жағдайға байланысты пайда болған кӛзқарастарын, алыс және жақын мақсаттың біреуін, үлкен және одан азырақ қауіптің біреуін таңдауға тура келеді. Адамгершілік шиеліністің ерекшелігі мынада — белгілі бір жағдайдағы моральдық нормаға негізделген әрекеттің басқа бір норманы бұзуы. Бұл жердегі күрделілік адамның кейбір адамгершілік нормаларды білмеуі салдарынан таңдау жасай алмауында емес, тіпті, оның моральдық талаптарды орындағысы келмейтінінде де емес, мәселе — осы талаптардың бір-біріне қайшы келмеуін болдырмаудың қажеттігінде. Мысалға, құқық қорғау органдарының қызметкері сезіктінің немесе айыпталушының пәтеріне тінту жасауға келгенде тӛсек тартып жатқан науқас адамды кӛрді делік. Оның алдында мынадай таңдау тұрады: заң талаптарын орындай отырып, қатты науқас болсадағы, сол тұлғаның тӛсегіне тінту жасау немесе адамгершілік кӛзқарастар негізінде тӛсекті тінтуден бас тарту. Құқық қорғау органдары қызметкері үшін кәсіби мәні бар шиеліністердің қатарынан сыртқы және ішкі шиеліністерді атауға болады. Сыртқы шиеліністер адамдар арасындағы адамгершілік шиелінстер ретінде кӛрініс табады (тұлға-қоғам, тұлға-топ, тұлға-тұлға, топ-топ, топ-қоғам). Олар жеке тұлғалардың, әлеуметтік топтардың және қоғамның құндылықты бағыт-бағдарының қайшы келуін білдіреді. Ал ішкі шиеліністердің табиғаты басқаша. Олардың қайнар кӛзі болып тұлғаның жүріс-тұрысының бір-біріне бағынышты себептерінің күрделілігі, әртүрлі сипатта болуы табылады. Бірқатар жағдайларда ішкі шиеліністі шешу сыртқы шиеліністің пайда болуына негіз болуы мүмкін. Мысалы, тұлғаның құқық қорғау органдарымен құпия негізде одақтасуы, оның ішкі шиелінісін жеңудің негізінде жүзеге асқанымен, осы құпия кӛмекші мен оның қызмет ету саласының (егер бұл сала моральға қайшы қызметпен айналысса) арасында сыртқы шиелініс туындауы мүмкін. Құқық қорғау органдары қызметкерінің тағы бір ерекшелігі — кей кездері ӛзінің мемлекеттік құрылымдарға қатысын жасыра отырып, оған қылмыстық ортада жұмыс істеуге тура келеді. Мұндай жағдайларда адам санасында бір мезетте екі адамгершілік жүйелер қалыптасады: біріншісі — ол ӛзі қабылдаған кӛзқарастар жүйесі; екіншісі — қылмыстық ортада негізге алынған кӛзқарастар, ал қызметкер ӛз жүріс-тұрысын осы екінші жүйеге негіздеп, оңтайландыруы керек. Мұндай жағдайларда адамның санасында моральдық құндылықтардың әртүрлі жүйелері бір мезетте шиелініске түседі. Бұл кӛзқарас тұрғысынан аталған шиеліністі ішкі деп те атауға болады. Алайда, ішкі шиеліністің ерекшелігі мынада — оған тұлға ӛзі дұрыс деп санайтын құндылықтардың, нормалардың күресі тән. Ал сыртқы шиелініске ӛзінің кӛзқарастарына қайшы сенімдердің, кӛзқарастардың, құндылықтардың, идеялардың дұрыстығын жоққа шығару тән. Бӛтен салада жасырын жүрген қызметкер осы салада үстемдік құрған моральдық құндылықтарға қатысты ӛзінің шиеліністі қарым-қатынасын жасыруға мәжбүр болады. Мұндай жағдай моральдық таңдаудан емес, жедел-іздестіру қызметінің ерекшеліктерінен туындайды. Сол себепті де, мұндай шиеліністі сыртқы шиеліністің жасырын нысаны деп атауға болады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]