- •050703 – Аж мамандықтарына арналған
- •Операциялық жүйе эволюциясы
- •Ож классификациясы
- •Желілік операциялық жүйелер құрылымы
- •Linux жүйесінің негізгі түсініктері, түрлері және оны орнату
- •Linux жүйесінің командалары
- •Файлдар классификациясы
- •VI редакторымен жұмыс істеу
- •VI редакторы арқылы мітіндік мәліметтерді қолданып файл құруға болады:
- •Ож файлдық жүйелері
- •Жедел жады
- •Жұмыс тобына арналған ож және өндіріс масштабының желісіне арналған ож
- •Құрылғылық платформаның ерекшелігі
- •Процестер және жіптер
Ож классификациясы
Операциялық жүйе компьютердің негізгі ресурстарын (процессорлар, жады, құрылғылар) басқаратын ішкі алгоритмдердің таратылу мүмкіндіктерімен ерекшеленеді.
ОЖ классификацияларының негізгі белгілері.
Ресурстарды басқару алгоритмдерінің ерекшеліктері
Көп қолдану режимін қолдау. Бір мезгілде жұмыс істейтін ОЖ екіге бөлінеді:
- бір рет қолданатын (MS–DOS, Windows 3.x);
- көп рет қолданатын (UNIX, Windows NT).
Көп есептілікті қолдау. Бір уақытта орындалатын операциялық жүйенің есебі екі класқа бөлінуі мүмкін:
- бір есептілік (мысалы, MS–DOS)
- көп есептілік (UNIX, Windows 95,98, NT).
Ығыстыратын және ығыстырмайтын көп есептілік. Негізгі ресурстық бөлу бұл процессор уақыты болып табылады. Процессор уақытын бөлу әдісі ОЖ спецификасына байланысты анықталады. Көп есептілікті тарататын көптеген нұсқалардың ішінен алгоритмдердің екі тобын көруге болады:
- ығыстырмайтын көп есептілік (Windows 3.x);
- ығыстыратын көп есептілік (Windows NT, OS/2, UNIX).
Көп жіптілікті қолдау. Операциялық жүйенің негізгі қасиеті есептеуді бір есепте параллел орындау мүмкіндігімен анықталады. ОЖ көп жіптілігі процессор уақытын есептер арасында емес, оның әртүрлі тармақтары (жіптері) арасында таратады.
Көп процессорлық тазалау. Операциялық жүйенің тағы бір қасиеті – мультипроцессорлау. Бұндай функциялар IBM фирмасының OS/2, Microsoft фирмасының Windows NT операциялық жүйелерінде болады.
Көп процессорлы ОЖ есептеу процесінің мүмкіндігіне байланысты көп процессорлы архитектурада былай классификацияланады: асимметриялық ОЖ және симметриялық ОЖ. Асимметриялық ОЖ қолданбалы есептерді басқа процессорларға таратып, жүйенің бір процессорында ғана толық орындалады. Симметриялық ОЖ барлық процессорларды жүйелік және қолданбалы есептерге бөліп, барлығында орындалады.
№ 4 тақырып.
Желілік операциялық жүйелер құрылымы
Желілік операциялық жүйе кез келген есептеу желісінің негізін құрайды. Сеттегі әрбәр компьютер автономды болады, сондықтан желілік операциялық жүйе жеке компьютерлердің өзара мәлімет алмастыратын және ресурстарды бөлгенде бір ережеге сүйенетін протоколдарынан тұратын операциялық жүйелерінің бірігуінен құралады. Қарапайым тілде желіде жұмыс істеу мүмкіндігі бар жеке компьютердің операциялық жүйесі болып табылады.
Сурет. 1.1. ЖОЖ құрылымы
Желілік операциялық жүйеде жеке машинаны бірнеше бөлікке бөлуге болады (сурет 1.1):
Компьютердің локальдық ресурстарын басқару құралдары: процесстер арасында оперативтік жадты тарату функциясы, процестерді жоспарлау және диспетчерлеу, мультипроцессорлы машиналардың процессорларын басқару, периферийндық құралдарды басқару және ОЖ локальдық ресурстарын басқару функциялары.
ОЖ серверлік бөлігі (сервер)-жалпы қолданылатын қызметтер мен өз ресурстарын көрсету құралдары болып табылады. Атқаратын жұмыстары: құралмен бірге қолдану үшін жазулар мен файлдарды блоктау; желілік ресурстар атымен анықтамаларды енгізу; мәліметтер базасы мен өз файлдық жүйеңе сұраныстарды өңдеу үшін қатынас жасау; қашықтықтағы қолданушылардың өз периферинді құрылғысына сұраныстарын реттей отырып басқару.
ОЖ клиенттік бөлігі (редиректор) – қашықтағы ресурстарға сұраныс жасау және оларға қызмет көрсету мен қолдану құрылғысы болып табылады. Бұл бөлік қолданушылар мен программалардан қашықтағы сұраныстарды таниды және бағыттайды, сонымен бірге сұраныс локальдық формада түседі, ал желіге сервер талабына сәйкес басқа формада жіберіледі.
ОЖ коммуникациялық құрылғысы арқылы желілер арасында хабарламалар байланысы орнайды. Бұл бөлік хабардың адрестелуі мен буферленуін қамтамасыз етеді, желідегі берілулер маршрутын таңдайды, берілулердің дұрыстығын қадағалайды және т.б., яғни хабарларды тасу құрылғысы болып табылады. Осыған байланысты компьютерде не сервер бөлігі не клиент бөлігі, яғни екеуінің біреуі ғана болады.
1.2 суретте желілік компоненттердің байланысы көрсетілген. Бұнда 1-ші компьютер "таза" клиент, ал 2-ші компьютер "таза" сервер ролін атқарадыа, сәйкесінше бірінші машинада сервер бөлігі жоқ, ал екіншісінде – клиент бөлігі болмайды. Суретте клиент бөлігінің компоненті – редиректор жеке көрсетілген. Программадан түсетін барлық сұраныстарды редиректор ұстайды және талдайды. Егер ресурсқа сұраныс жұмыс істеп отырған компьютерден тұссе, онда ол локальдық ОЖ сәйкесінше ішкі жүйесіне адрестеледі, егер бұл сұраныс қашықтағы ресурсқа болса ол желіге жіберіледі.
Сурет.1.2 Операциялық жүйенің компоненттерінің өзарабайланысы
Сурет 1.3. ЖОЖ құрылуының нұсқалары
Біррангты желілік ОЖ және серверлерге бөлінген ОЖ
Компьютер желілеріндегі функциялардың таралуына байланысты, желілік операциялық жүйелер екіге бөлінеді: біррангті жене екірангті (сурет 1.4). Екіншісін ерекшеленген серверлік желілер деп те атайды.
(а)
(б)
Сурет. 1.4. (а) –Біррангті желі, (б) – Екірангті желі
Біррангті желіде бір-бірімен ресурстар арасында байланыс орнатуда барлық компьютерлер бірдей болады. Бір қолданушы өз еркімен ресурстарын өзгертсе, онда басқа қолданушылар да оны ала алады. Бұндай желіде барлық компьютерге бірақ түрлі ОЖ орнатылады, сондықтан олардың мүмкіндігі бірдей болады. Біррангті желілер мына түрдегі қорларда ОС LANtastic, Personal Ware, Windows for Workgroup, Windows NT Workstation құрылуы мүмкін.
№ 5тақырып.
