- •1 Билет «Қазақтсанның қазіргі заманғы тарихы» пәніне кіріспе. Курстың пәні, мақсаты мен міндеттері
- •2 Билет 19ғ-20ғ басында Қазақстан территориясында экспедициялық –зерттеу жұмыстарының жүргізілуі.
- •3 Билет 19ғ-20ғ басында Ресей мемлекетінің қр-ғы аграрлық және қоны аудару саясаты.
- •4 Билет Қазақ жеріндегі өнеркәсіптің дамуының ерекшеліктері және оның отарлық сипаты.
- •5 Билет 20 ғ басындағы өндіріс орындарындағы жұмысшыллардың әлеуметтік жағдайы.
- •6 Билет Қазақ интеллигенциясының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі,жағдайы.
- •9 Билет Қазақ өлкесі бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс: қозғаушы күштері, барысы және негізгі кезеңдері
- •10 Билет Қазақ либериалды-демократиялық интеллигенциясының қалыптасуы мен қызметі. Ә. Бөкейханов
- •13, Кобейсин Әскери коммунизм саясаты
- •12. Алаш автономиясының құрылуы. Алашорда үкіметінің (Халықтық Кеңес қыметі)
- •14. Қазақ жеріндегі әскери қимылдар. «Алаш» партиясы өкілдерінің азамат соғысы жылдарындағы қызметі.
- •15. Азамат соғысының нәтижесінде қазақтың дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы.
- •17. Қазақстандағы жаңа экономикалық саясат. (жэс) жэс-тің мазмұны және оны жүргізу ерекшелеіктері. Жер-су реформасы.
- •18.Қазақ өлкелік комитетінің (қазөлкеком) «қазақ ұлтшылдығына» қарсы күресі
- •19. Адилет ф. И. Голощекиннің «Кіші Октябрь» идеясы: мәні және салдары. Қазақ ауылын кенестендіру – қазақтардың дәстүрлі шаруашылығының бұзылуы.
- •20. Қазақстандағы индустрияландырудың әдістері мен жолдары туралы айтыстар. Қазақстандағы индустрияландырудың отаршылдық мазмұны.
- •22. Жеке меншіктің жойылуына және күштеп ұжымдастыруға қарсы халық наразылықтары мен көтерілістері – ұлт-азаттық қозғалыстардың жалғасы.
- •23. Қоғамдық-саяси өмірдегі таптық-партиялық принциптің ұлыдержавалық негізі және салдарлары
- •25. Мәдениет, білім беру және ғылымда солшыл большевиктік идеялардың орнығуы – қазақтардың рухани қасіреті.
- •26. Кеңес мемлекетінің Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы сыртқы және ішкі саясатының бағыттары.
- •27. Қазақстанның Ұлы Отан соғысы қарсаңындағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және ішкі саясатының негізгі бағыттары.
- •28. Қазақстан аумағына халықтарды, өндіріс орындарын және мәдениет объектілерін эвакуациялау.
- •29. Халық шаруашылығының әскери өмір жағдайларына көшірілуі.
- •31.Қазақстандықтар-ұос батырлары
- •32.Саяси сенімсіздік ж/е Қазақстанға халықтарды күштеп депортациялау ұлттық ар-намысты қорлаудың үлгісі.
- •33.Тылдағы еңбеккерлердің Отан соғысы жылдарындағы жанқиярлық ерліктері.
- •34. Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру.
- •35.Қазақстандағы соғыстан кейінгі жылдардағы ауыр жағдай. Бейбіт өмірге көшудің қиыншылықтары.
- •36. Қазақстанда қоғамдық өмірде адам құқықтарын шектеуге бағытталған партиялық бақылаудың күшеюі.
- •37. Хх ғасырдың іі жартысында халыққа білім беру мен ғылымдағы жағымды өзгерістер.
- •39. Мемлекет және қоғам қайраткерлерінің саяси ақталуы және оны бағалаудың «жартыкештік» сипаты.
- •40.Н.С.Хрущев реформалары партиялық-мемлекеттік басқару жүйесінде және оның үстірт сипаты.
- •41 Билет. Одақтық және Республикалық қазақстандық басшылық арасындағы өзара қарым-қатынастың күрделілігі. Теміртаудағы оқиға.
- •42 Билет. Қр-ғы тың және тыңайған жерлерді игерудің экологиялық және демографиялық салдарлары.
- •44. 1965-1966 Жылдардағы экономикалық реформалардың аяқсыздығы. Экономиканың дамуының экстенсивті сипаты
- •45. Өнеркәсіп дамуының қарама-қайшылықты сиапты және өндіріс саласында дербестікті шектеу. Қр өнеркәсібінің шикізаттық сипатының асқынуы
- •48. Экологиялық дағдарыс Арал қасіреті
- •50 Кокп-ның әкімшіл-әміршіл басшылық ролі мен м.С. Горбачевтың демократияшыл, реформаторлық қызметі арасындағы қарама-қайшылық.
- •53. Қайта құру мен жариялықтың ел эканомикасына әсері
- •57.Ұлттық интеллигенцияның ресми ақталуы және оның жартыкештігі:
- •59.Президенттік институттың енгізілуі және қазақ кср-нің тұнғыш Президентін сайлау
- •61. Ксро-ның ыдырауы және тмд-ң құрылуы.
- •62. «Қр мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң.
- •63. Қр Президенті бірінші бүкілхалықтық сайлау.
- •64. Елдің егемендігін қамтамасыз ететін ұлттық армияның құрылуы
- •65. Бүкілхалықтық референдум, қазіргі қолданыстағы қр Конституциясын қабылдау.
- •66. Президенттік институт- Тәуелсіз Қазақстанның саяси жүйесіндегі жаңа құрылым.
- •67Қр Президентінің Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы:
- •68.Қр Президенті н.А.Назарбаевтың Қазақсатн халқына жоолдауы
- •69.Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары: экономикалық дағдарыс, әлеуметтік шиеленіс.
- •70. Экономикалық дағдарыстың алдын алу шаралары: жекешелендіру және бағаны ырықтандыру, шет елдік инвестицияларды тарту.
- •71 ЭкспОнын Қазақстан үшін маңызы
- •72 «Нұрлы жол» - болашаққа жол жолдауы
- •75.Экономикалық жағдайындағы экономикалық үрдістер
- •76.Қр қоғамдық саяси өмірді демократияландыру.Көппартиялық жүйенің қалыптасуы
- •78. Ұлтаралық келісім – қр тәуелсіздік пен демократияны нығайтудың негізі.
- •79.Қр президенті жанындағы консультативтік және кеңесші орган-Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылуы.(қха)
- •80.Жастарға патриоттық және интернационалдық тәрбие беру. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттер жастар саясаты туралы» Заң.
- •81. Қазақстанда жаңа конфессионалды шынайылықтардың қалыптасуы.
- •83. Н.А.Назарбаевтың «Тарих толқынында» еңбегіндегі ұлттық тарихтың зерделенуі.
- •84. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың мақсаты мен негізгі бағыттары.
- •85. Жаңа қазақстандық сананы қалыптастыруда Қазақ хандығының 550 жылдығының аталып өту маңызы.
- •86. «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы –қоғамды консолидациялау негізі.
- •88) Әлемдік қауымдастықтың Қазақстанның егемендігін тануы. Қазақстанның сыртқы саясатының қалыптасуы.
3 Билет 19ғ-20ғ басында Ресей мемлекетінің қр-ғы аграрлық және қоны аудару саясаты.
XX ғасырдың басы Ресей империясында әлеуметпк қайшылықтардың шиеленісуімен, Қазақстанда отарлық саясаттың күшеюімен ерекшеленді. Отарлық саясат, әсіресе аграрлық салада пәрменді жүргізілді. Өйткені аграрлық мәселе қоныстандыру саясатына тығыз байланысты еді. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарына бөлінді: Торғай-Орал, Семей, Сырдария, Жетісу. Патша өкіметі «Қоныс аудару қорын» құру үшін Қазақ өлкесіндегі «артық» жерлерді анықтайтын қоныстандыру басқармаларын құрды. Қоныстандыру басқармалары әрбір қазақ отбасы 15 десятина жер үлесін алуға құқылы деген ереже енгізіп, ал қалған жердің барлығы Мемлекеттік меншік министрлігі басқаратын қоғамдық жер қорына берілетін болды. Мұндай тәртіптер қазақ халқының дәстүрлі мал шаруашылығының күйреуіне әкеп соқтырды. Агроном А. Кауфманның есебі бойынша, мал шаруашылығының қалыпты өмір сүруі үшін, әрбір көшпелі шаруашылыққа, мысалы, Сырдария ауданында 145 десятина жер, ал Жетісуда 110 десятина жер қажет еді. «Қоныс аудару қорына» қазақтардың жайылым, мал айдау жолдарын, қыстақтарын тартып ала бастады. Сонымен бірге, Қазақ өлкесінде Орынбор, Орал, Сібір, Жетісу қазақ әскерлері де орналасқан болатын. XX ғасыр-дың басына қарай қазақтардың саны 1 миллион он бір мың адамға жетті және олар 15,6 миллион гектар ең құнарлы деген жерлерге иелік етті Ресейдегі аграрлық саладағы езгерістердің жаңа кезеңі «Столыпин реформаларымен» тығыз байланысты болды. 1906 жылы Ресейдің премьер-министрі болып тағайындалған П.Столыпин елде аграрлық реформа жүргізуді қолға алды. Столыпиннің аграрлық реформасының түпкі мәні селоларда аграрлық буржуазияны, яғни орта дәулетті кулактар тобын қалыптастыру арқылы Ресейдегі аграрлық мәселені шешу болатын. Реформа бойынша шаруаларға өзіне тиесілі жер үлесімен қауым құрамынан шығып, жеке хутор құруға рұқсат етілді. П. Столыпин Ресей империясының шеткі аймақтарына, соның ішінде астық өндіру үшін өте қолайлы Қазақ өлкесіне ерекше көңіл бөлді. Қазақ жеріне Ресейден келген шаруаларды қоныстандыру мен кулак шаруашылықтарын құру үшін оларға жеңілдіктер беру жүйесі енгізілді. Әрбір хуторға 45 десятина жарамды және 15 десятина егістік жер берілетін болды. Жер бөлуші мекемелерге жергілікті көшпелі қазақтардың жерін тартып алып, олардың орнына орыс шаруалары мен кулактарды орналастыруға рұқсат берілді. Осындай шаралар арқылы Столыпин орыс шаруаларын Қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысына күшті серпін берді. Егер 1895-1905 жылдары Қазақ өлкесінің далалық облыстарына 294296 адам қоныстанса, ал 1906-1910 жылдар арасында қоныстанушылар саны 770 мың адамға жетті. 1897 жылғы санақ бойынша Дала өлкесінде орыстардың үлесі 20% құраса, ал 1917 жылы 1 қаңтардағы есеп бойынша олардың үлесі 42%-ға жетті. Түркістан өлкесінде орыс шаруаларының үлес салмағы 3,7%- дан 7,9% -ға дейін өсті. 1893-1905 жылдары қазақтардан 4 млн. десятина жер тартып алынса, ал 1906-1912 жылдары 17 млн десятинаға, 1916 жылы 40 млн десятинаға, 1917 жылы 45 млн десятинаға жетті. Тартып алынған жерлер негізінен Семей, Ақмола, Орал, Торғай облыстарында болды. Бұл облыстардан 40,5 млн десятина, Жетісудан 4 млн десятина, Сырдария облысынан 500 мың десятина ең құнарлы жер алынды.
