Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
барлық ситуацилық есептер орысша, қаз.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆
    1. Сіздің диагнозыңыз.

    2. Тексеру және емдеу жоспары.

    3. Эпидемияға қарсы қандай іс-шаралар жүргізу қажет? Ситуациялық есеп №2

Науқас 65 жаста, ауруының 5-күні мынадай шағымдарымен түскен: қызба, басының ауырсынуы, әлсіздік. Алдында дизентерия өкпенің қабынуы, іш сүзегі және бөртпе сүзегімен ауырған.

Жедел ауырған: қалтырау, бүкіл денеде тырысу бар, бас ауыруы, ұйқысыздық. Температурасын өлшенген, бірақ ыстықтың шығуы байқалған, аурухана қағазында тұмау диагнозы болған. Аспирин, норяульфазолды 2 таблеткадан күніне 3 рет қабылдаған, әсері жоқ.

Қарағанда: температурасы 38,6ºС. Жағдайы орташа ауырлықта. Белсенді, беті ісінген, тамырлары конъюктивті, склера тамырлары айқындалған. Тілі ақ жабындымен табылған. Денеде және аяқ-қолда, сондай-ақ алақанда көп мөлшерде папулезді элементтермен және петехиялармен полиморфты розеолезды бөртпе. Өкпеде-құрғақ сырылдар, жүрек тондары анық естілмейді. Пульсі 100 рет минутына, ритмді, толымдылығы қанағаттанарлық. АҚ – 90/55 мм.сын.бағ. Ішінің конфигурациясы қалыпты, жұмсақ, ауырсынусыз, бауыр және көкбауыры қабырға доғасында пальпацияланады. Нәжісі жоқ. Зәрі қалыпты. Ұйқысы нашар. Менингеальді симптом жоқ. Ауруының 10 күні температурасы қалыпқа түскен. Жазылып шыққан.

    1. Сіздің диагнозыңыз.

    2. Тексеру және емдеу жоспары.

    3. Эпидемияға қарсы қандай іс-шаралар жүргізу қажет? Ситуациялық есеп №1

Науқас Д., 53 жаста, қойшы, ауруханаға 13.08. күні ауруының 2-ші күнінде түсті. Шағымдары: дене қызуының көтерілгендігі, әлсіздік, бас ауруы, өне бойының қақсауы, жөтел. Ауырғандығы кеше кешке қалшылдаудан, ыстығының көтерілуінен, оң бүйрегінің шаншуынан басталған.

Объетивті: Т – 39,7ºС. Жағдайы ауыр. Ыңыранады. Тітіркенгіш, беті іскен, қызарған. Менигеальды симптомдары жоқ. Склера конъюнктиві тамырларының айқын инъекциясы, ылғалды тілі ақ жабындымен жабылған. Жүрек тондары аздап тұйықталған. АҚ – 85/60 мм сын. бағ., пульсі минутына 100 қағыс, толықтығы қанағаттанарлық, жұмсақ, ритмді, өкпелердің жоғарғы бөлігінде перкуторлы дыбыстың қысқаруы, тынысы – брохтық реңде, тұрақты майда көпіршікті ылғалды сырыл. Қан аралас қақырық тастайды. Тыныс алуы мин. – 40 рет. Іші қалыпты конфигурациялы, жұмсақ, ауырмайды. Бауыры, талағы ұлғаймаған. Үлкен дәретке шықпайды. Тәбеті нашар. Бұдан 2 кұн бұрын киіз үйдегі көршісі белгісіз қызба ауруынан шейіт кеткен, дәрігерді шақырмаған, өздері жерлеп көмген.

  1. Сіздің диагнозыңыз.

  2. Тексеру және емдеу жоспары.

  3. Эпидемияға қарсы қандай іс-шаралар жүргізу қажет? Ситуациялық есеп №2

Науқас А., 38 жаста, қойшы, ауруханаға 13.07. күні ауруының 2-ші күнінде түскен. Жедел түрде ауырған, денесі қалшылдап тоңған, температурасы 39ºС.-қа көтеріліп, сол жақ мықын аймағында ауырғандық пайда болған. Бірден төсек тартқан. Үйде бас ауруына ішетін дәрі қолданған, эффетісіз. Дәрігерге қаралмаған.

Объективті: Т – 38,3ºС. Жағдайы ауыр. Көзінде қызбалық жылтырау бар. Тітіркенген. Жүрек тондары тұйықталған, пульсі минутына 104 қағыс, толықтығы қанағаттанарлық, ырғақты. АҚ – 90/60 мм сын. бағ. Өкпеде везикулярлы тыныс пен шашыраңқы құрғақ сырыл. Дәреті болмаған. Тәбеті нашар, кіші дәреті қалыпты. Сол жақ сан үшбұрышында үлкейген лимфа безі пальпрацияланады (көлемі 3 х 5 см), лимфа бездері өзара жабысқан, жылжымайды, ауырғандығы күшейген, сол жердегі тері іскен, гиперемияланған.