Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ситуационные задачи педиатр.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
129 Кб
Скачать
☆

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №5

6 жасар қыз 3 күн бойы ауырып жатыр: температурасы субфебрильді, өте қатты бас ауру, аздаған тұмау. Терісінде бөртпе жоқ, беті қызарған, склераның жеңіл инъекциясы, жабынды өте қатты қызарған. Мойын, қолтық асты, шат аймағында лимфалар кішкене ұлғайған, бауыры мен көкбауыры қабырға шетінен анықталады. Нәжісі қалыпты. Бала бақшада бір апта көлемінде 2 бала серозды менингитпен ауруханаға жатқызылған, 3 балада герпетикалық баспа, ал бірнешеуінде – жедел респираторлы ауру. Жыл маусымдығы – маусымның ортасы.

  1. Диагноз қойыңыз.

  2. Қандай диагностикалық тексеру диагнозды анықтайды?

  3. Қандай терапия жүргізу керек?

Кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Өтепбергенова Г.А.

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №6

Баланың жасы 6,5 жаста. 10 күн бұрын құрғақ жөтел болған. Жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы көтерілмеген. Жөтел бірте-бірте күшейіп, 4 аптаға дейін сақталған, мұрнынан сұйықтық бөлінбейді. Туылғаннан аллергиялық реакциясы дәрілік препараттарға, тағам өнімдеріне болған, бірақ ауруына қатысты емес. Аллергологқа қаралып тұрады. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Аранында әлсіз гиперемия, өкпесін тыңдағанда құрғақ сырыл естіледі, жүрек тондары таза, ритмді, іші жұмсақ, пальпация жасағанда ауырмайды. Нәжіс пен несеп шығаруы қалыпта. Бала бала-бақшаға барады, яғни онда соңғы 1 ай ішінде көкжөтелмен ауырғандар болған.

  1. Болжам диагнозын тұйықтаңыз.

  2. Науқасқа қандай қосымша зерттеу қажет?

  3. Қандай өзгерісті күтесіз?

  4. Ауруға емдік жоспарын жасына сәйкес құр.

Кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Өтепбергенова Г.А.

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №7

4 жасар бала жедел ауырып, температурасы 38ºС-қа жоғарылаған, қатты басы ауырып, көп рет құсқан. Қарау кезінде – тежелген, қарым-қатынасқа түсуі нашар. Бөртпесі жоқ. Іш өту болмаған. Шүйде бұлшық еттерінің кернеулігі анықталады. Брудзинский және Керниг симптомдары айқын білінеді.

1. Диагноз қойыңыз.

2. Міндетті түрде не істеу қажет?

3. ЛиквороГраммадағы өзгеріс.

Кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Өтепбергенова Г.А.

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №8

3 жасар бала түнде дөрекі үрмелі жөтелден оянды. Даусы қатаң, қарлыққан, жөтелі үрмелі, температурасы 39ºС, мұрнынан шырышты бөлінділер бөлінеді. Тыныс алғанда эпигастрияның тартылуы байқалады. Жұмсақ таңдайдың доғасының бадамша бездерінің әлсіз қызаруы бар.

  1. Диагноз қойыңыз.

  2. Қандай шара қолдану керек?

  3. Осы аурудың этиологиясын ретроспективті анықтау үшін не қолданылады?

Кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Өтепбергенова Г.А.