Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Есептер ХБК.doc
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
119 Кб
Скачать
☆

Есеп №4

Науқас 48 жаста, балалар бақшасында тәрбиеші, ауырғанына 2-ші күн болған соң түскен. Түскендегі шағымдары: іш аймағындағы толғақ тәрізді ауырғандық, бас айналуы, бас ауруы, көз алдының бұлдырауы, жүрек айнуы, жиі сұйық үлкен дәретке күніне 15 рет, үлкен дәретке жалған шақырулар сезіледі.

Түскен кезде жағдайы орташа ауырлықта, дене қызуы 38,50С, бозғылт. Пульсі – 100 рет мин. АД 100/65 мм сын.бағ. Жүрек және өкпе жағында ауытқу жоқ. Пальпация жасағанда сол жақ мықын аймағында ауырғандық бар. Сигма тәрізді ішек қатайған. Үлкен дәреті кілегейлі-қан аралас.

  1. Сіздің диагнозыңыз.

  2. Науқасты тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Науқасты емдеу жоспарын құрыңыз.

  4. Ажырату диагнозын жүргізетін ауруларды атаңыз, бір аурумен ажырату диагнозын жүргізіңіз.

  5. Инфекция ошағында жүргізілетін эпидемияға қарсы және алдын-алу шаралар жоспарын құрыңыз.

Есеп №5

Науқас 25 жаста, сантехник, 10 желтоқсанда төмендегі шағымдармен түскен: үлкен дәретінің тұрақсыздығына, ішінің толғақ тәріздес ауруы, тәбетінің төмендеуіне. Науқас жұмыс уақытында жүргенде шілде айында ауырған, жатақханада тұрған, суды ашық су қоймасынан ішкен, жалпы ортадан (қазаннан) бөлімінің ауруы және күніне 10-12 ретке дейін ішінің өтуі болған. Нәжісінде кілегей және қан қоспаларының болғанын байқамаған. Дәрігерге қаралмаған, 4 күн бойы күніне 1 таблеткадан фталазол ішкен, осыдан кейін науқастың ішінің өтуі тоқтаған, бірақ дөрекі, майлы, сүтті тағамдардан кейін науқастың ішімдіктен кейін, ішінің өту және ауырсынуы байқалады. Өзіндік ем қолданған, шылым шегеді, алкогольдік ішімдік қолданады.

Қарағанда: қызуы 37,20С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, арықтаған. Науқас бозғылттанған, тілі ылғалды, қалың ақ жабындымен қапталған, ішінің кебуі жоқ, жұмсақ тоқ ішектің спастикалық жиырылу бойымен ауырсыну байқалады, әсіресе сигма тәрізді ішектің бойында ауырсыну күштірек байқалады, нәжісін қарағанда-кілегей араласқан ботқа тәріздес және майда қан түйіршіктері байқалады. Жүрек және өкпе жағынан патологиялық өзгерістер байқалмайды.

  1. Сіздің диагнозыңыз.

  2. Науқасты тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Науқасты емдеу жоспарын құрыңыз.

  4. Ажырату диагнозын жүргізетін ауруларды атаңыз, бір аурумен ажырату диагнозын жүргізіңіз.

  5. Инфекция ошағында жүргізілетін эпидемияға қарсы және алдын-алу шаралар жоспарын құрыңыз.

Есеп №6

Науқас Б. 40 жаста, ауруының 3-ші күні ауруханаға іш ауруына, қызбаға, іш өту мен бас ауруына шағымданып түсті.

Ауруды бөлме температурасында 1 тәулік сақталған қуырылған үйрек жегеннен 12 сағаттан соң дамыған. Объективті. Дене қызуы 390С, жалпы жағдайы қанағаттанарлық, науқас беймаз, тері тургоры төмендеген, іш кебіңкі, эпигастрий және оң жақ мықын аймағы ауырады, ішектердің спазмы жоқ, бауыр, талағы ұлғаймаған. Нәжісі қаралды, ол сұйық, көшеді, жаман иісті, кілегей араласқан жасыл түсті.

  1. Сіздің диагнозыңыз.

  2. Науқасты тексеру жоспарын құрыңыз.

  3. Науқасты емдеу жоспарын құрыңыз.

  4. Ажырату диагнозын жүргізетін ауруларды атаңыз, бір аурумен ажырату диагнозын жүргізіңіз.

  5. Инфекция ошағында жүргізілетін эпидемияға қарсы және алдын-алу шаралар жоспарын құрыңыз.