бруцеллезге қанды транспортты ортаға себу
Райт және Хедделсон реакциялары
Бернет риккетсиясымен КБР
Жалпы қан анализі
нәжісті, зәрді бруцеллезге себу
№ 14 есеп
50 жастағы науқас іш кебуіне, тәуліктік диурездің төмендеуіне шағымданып,
ауруханаға түсті. Іш көлемі ұлғайған, аяқ басы мен балтырлары ісінген. Іш аумағындағы венозды жүйе кеңейген, склералары субиктерияланған.
Зерттеу кезіндегі қатені табыңыз:
бауырдың биохимиялық сынамалары;
вирусты гепатит маркерлеріне қанның анализі;
өт пигментіне зәр тексеру;
іш қуысы мүшелерінің УДЗ мен КТ;
Дуоденалды зондтау.
№ 15 есеп
Ауыл тұрғыны, 7 күн бойы дене қызбасы 38 С-тан 39,5 С-қа дейін
жоғарылаған. Зерттеу жоспарындағы қателікті табыңыз:
қанды, нәжісті, зәрді сүзек-парасүзекті ауруларға себу;
Райт және Хедделсон реакциялары;
Бернет және Провачек риккетсияларымен КБР;
стерилділікке қанды себу;
дизентерияға қан мен зәрді себу.
№ 16 есеп
Науқаста ауруының 4-ші күні - лакунарлы тонзиллит, регионарлы
лимфаденит, дене қызуы 39,5 С анықталады. Қай ауруда осы жағдай кездеспейді:
иерсиниоз, ангинозды түрі;
листериоз, ангинозды түрі;
жедел лакунарлы баспа
созылмалы тонзиллит, декопенсация
ауыз-жұтқыншақ дифтериясы, токсикалық түрі
№ 17 есеп
Науқаста балмұздақ жегеннен соң 2 сағаттан кейін эпигастрий аймағында
айқын «кескен» ауыру сезімі, лоқсу, көп реттік құсу, 2 рет көп мөлшерлі сулы нәжіс, әлсіздік, бас айналу пайда болды.
Емдеу жоспарындағы қателікті табыңыз:
асқазанды шаю
тазарту клизмасы
смекта (1 ұнтақтан тәулігіне 3 рет)
пероралды регидратация
левомицитин (тәулігіне 2,0 грамм)
№ 18 есеп
Науқас Д., 26 жаста, АИВ-инфекциясы диагнозы 5 жыл бұрын қойылған.
Жыныстық өмір - 15 жастан (жыныстық қатынастар, әдетте, қорғаныссыз), 5 жыл бүрын көктамырға есірткі қабылдаған. Объективті: қолтықасты және шап лимфа түйіндері 2-3 см-ге үлкейген, қозғалмалы, ауырусезімсіз. Ауыз қуысының шырышты қабатында нүктелі ақ түсті жабындылар анықталады. Тегіс терінің эпидермофитиясы, гепатомегалия. Иммунды статус: СД 4-380 1 мкл-де, вирусты жүктеме 70.000 копия/мл.
Қай клиникалық симптом ауру сатысын анықтайды?
қолтық асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы
шап лимфа түйінділерінің ұлғаюы
ауыз қуысының кандидозы
тегіс терінің эпидермофитиясы
гепатомегалия
№ 19 есеп
Науқас С., 32 жаста, АИВ-инфекциясы диагнозы 5 жыл бұрын қойылған, 7
жыл бұрын есірткіні көктамырға 2 жыл қатарынан қолданған. Алдынғы жылы соңғы 3 ай бойы оқтын-оқтын дене қызуы жоғарылайды, бірақ өлшемейді, 3 кг-ға азып кеткен.
Объективті: мойынарты, қолтықасты лимфа түйіндері 1-2 см-ге үлкейген, ауыру сезімі жоқ.
ДДҰ жіктелуі бойынша диагноз:
АИВ – инфекция, 1 клиникалық сатысы
АИВ – инфекция, II клиникалық сатысы
АИВ – инфекция, III клиникалық сатысы
АИВ – инфекция, IV клиникалық сатысы
диагнозды қою үшін иммунды статусын білу міндетті.
№ 20 есеп
Науқас К., 25 жаста. Көз алдында «шіркей» пайда болуына және 2 апта бойы
сақталған қызбаға шағымданады, салмағы 1-2 кг-ға кеміген, әлсіз, түнгі тершеңдік. Тексеру барысында ретинит белгілері анықталған. Лабораторлық мәліметтер: АИВ антиденесі анықталды, 1 мкл-де СД4-лимфоциттер саны - 10, вирустық жүктеме 1 250 000 копия/мл.
Науқастағы ретиниттің пайда болу себебі:
жай герпес вирусының бірінші түрі
жай герпес вирусының екінші түрі
цитомегаловирус
токсоплазмоз
Эпштейн-Барр вирусы
№ 21 есеп
Науқас О., 35 жаста, АИВ-инфекциясы диагнозы 8 жыл бұрын қойылған.
Жағдайы ауыр, тыныштық кезінде де айқын ентігуге шағымданады. Қызба, тері жабындысы бозғылт, акроцианоз, тәбеті төмен.
Иммунды статус: 1 мкл-де СД 4 - 20, вирусты жүктеме - 1500 000 копия/мл
ДДҰ жіктелуі бойынша диагноз:
АИВ-инфекция, IV клиникалық саты, пневмоцистті пневмония
АИВ-инфекция, IV клиникалық саты, АИВ-кахексия
АИВ-инфекция, III клиникалық саты, өкпе туберкулезі
АИВ-инфекция, III клиникалық саты, пневмония
АИВ-инфекция, III клиникалық саты, белгісіз этиологиялы қызба
№ 22 есеп
Науқас А., 28 жаста. АИВ-инфекция диагнозы 2 апта бұрын қойылған.
Жағдайы ауыр, жұтынудың қиындығына шағымданады. Жұтыну кезінде төс арты аймағының ауру сезімімазалайды, дауысы сырылдаған. Ауыз қуысының шырышында ақ түсті жабынды бар.
Симптомдар ДДҰ жіктелуі бойынша аурудың қай клиникалық сатысына сәйкес?
АИВ-инфекция, I клиникалық саты
АИВ-инфекция, II клиникалық саты
АИВ-инфекция, IV клиникалық саты
АИВ-инфекция, III клиниклық саты
диагнозын қою үшін иммунды статусты білу керектігі
№ 23 есеп
Науқас Р., 15 жаста, ауруының 3-ші күні дәрігерге қаралды. Жедел ауырды: дене қызуы жоғарылаған, жұтыну кезінде тамақтың ауыру сезімі, бас ауыруы пайда болған. Парацетамол, ципрофлоксацин қабылдаған; кейін бөртпе пайда болғанын байқады. Тексеру кезінде - жоғары қызба, теріде гиперемияланған фонында майда нүктелі бөртпе. Аңқада айқын гиперемия, лакунарлы баспа.
Қай ауру туралы ойлауға болады?
иерсиниоз
псевдотуберкулез
жәншәу
лакунарлы баспа, дәрілік аллергия
созылмалы тонзилиттің асқынуы, дәрілік аллергия
№ 24 есеп
Науқас Д., 47 жаста, ауруының 4-ші күні тексерілген. Ауру қалтыраудан, дене
қызуының көтерілуінен, бас ауыруынан, ұйқысыздықтан басталды. Қызба, эйфория, беті гиперемияланған, шүйде бұлшық етінің кернеуі «күмәнді», тахикардия, гипотония, тонометр манжетасын шешкеннен кейін патехиялар қалды.
Қай диагнозды қоюға болады?
менигококкты инфекция, менигококцемия
менигококкты инфекция, менигококкцемия, менигит
бөртпе сүзегі
қырымдық геморрагиялық қызба
сепсис, ИТШ
№ 25 есеп
Науқас И., 25 жаста, «Іш сүзегі» диагнозымен 10 күн ауруханада жатыр. Ауруханаға ауруының 8-шы күні түсті. Диагнозы S. Typhi гемодақылының анықталуымен дәлелденген, ампициллинді 2.0/тәулігіне қабылдайды. Барлық күнде қызба мазалаған; бүгін дене қызуы қалыпты, есі тежелген. Пульсі минутына 120 рет. АҚ - 90/60 мм с.б., 2 рет сүйық қара түсті нәжіс.
Науқаста қандай асқыну дамыды?
ИТШ
Іш сүзектік жараның перфорациясы
ИТШ, ТШҰ-синдромы
ішектен қан кету
ТШҰ-синдромы
№ 26 есеп
Науқас З., 30 жаста, «Іш сүзегі» диагнозымен стационарда жатыр, ампицилин
2,0/тәулігіне 4 күн қабылдайды. Жалпы жағдайының жақсаруы байқалады. Таңертен дене қызуы қалыпты; кешкі уақытта температура 38 С-қа дейін көтеріліп, тері жабындыларының бозаруы байқалады, бауыры үлкейген, салыстырмалы брадикардия.
Емдеу тактикасы?
екінші антибиотикті қосу
ампициллинді алып тастап, левомицитинді тағайындау
ампициллинді алып тастап, ципрофлоксацин тағайындау
емді ампицилинмен жалғастыру
стероидты емес қабынуға қарсы препараттарды қосу
№ 27 есеп
Науқас А, 70 жаста, 3 күн бойы дене қызуының көтерілуіне шағымданады. Оң
тізенің аумағындағы кернеген сезімі, әлсіздік, бас ауыруы, оң тізе аумағындағы айқын шекаралы гиперемия, ісіну мазалайды; оң жақ шап аумағындағы лимфа түйіні 1,5 см-ге үлкейген, пальпацияда ауырусезімді. 1 жыл бұрын оң тізенің тілмелік қабынуына (эритематозды-буллезды түрі) қарсы амбулаторлы ем қабылдаған, пенициллин 4,0 г/тәулігіне 7 күн бойы тағайындалған.
Тілменің рецидиві бойынша қандай антибактериалды терапия тағайындалады?
ампициллин
пенициллин
цефтриаксон
амоксиклав
пенициллин + гентамицин
№ 28 есеп
Науқас Е., 20 жаста, ауруының 4-ші күні дәрігерге қаралды. Төс артындағы
сыздаған ауыру сезіміне, құрғақ жөтелге, жасаурауға, жарықтан қорқуға, дауысының сырылдауына шағымданады. Ауруының бірінші күнінен бастап, ампициллин қабылдаған, бүгін бөртпе байқалған. Қызба; бетте және мойында дақты-папулезді бөртпе. Өкпеде везикулярлы тыныс, жайылмалы құрғақ сырыл естіледі.
Диагноз?
грипп, дәрілік аллергия
ЖРВИ, дәрілік аллергия
қызылша
иерсиниоз
псевдотуберкулез
№ 29 есеп
Науқас К., 35 жаста, 12 мамырда, ауруының 3-ші күні ауруханаға түсті. Шығыс
Қазақстан обылысының тұрғыны. Қызбасы бар; денесінде, аяқ-қолдарында көптеген дақты бөртпе анықталады. Оң жақ мойын лимфа түйіні 1,5 см-ге дейін үлкейген, оң қолында қара қабыршақпен жабылған қоңыр-қызыл түсті, ауыру сезімсіз папула анықталады.
Қандай ауру туралы ойлауға болады?
Қу –қызбасы
бөртпе сүзегі
иерсиниоз
Марсель қызбасы
Солтүстік Азияның кенелік бөртпе сүзегі.
№ 30 есеп
Науқас С., 22 жаста, студент, аурудың 4-ші күні ауруханаға түсті. Ауруының
бірінші күнінен бастап эритромицин қабылдаған. Қызбасы бар, лакунарлы баспа, жақасты лимфа түйіндері үлкейген. Денесінде және аяқ-қолдарында геперемияланған фонда ұсақ нүктелі бөртпе анықталады. Гепатомегалия; нәжісі сұйық, күніне 2-3 рет, патологиялық қосындылары жоқ.
Диагноз:
жәншәу (скарлатина)
псевдотуберкулез
иерсиниоз
листериоз
лакунарлы баспа, дәрілік аллергия
№ 31 есеп
Науқас М., 19 жаста, медицина университетінің студенті. Үндістаннан келген.
Оқтын-оқтын түрде дене қызуы жоғарылап, қалтырау, айқын тершеңдік байқалған. Гепатомегалия. Склералары субиктерияланған. Қан жағындысында Pl. vivax анықталған. 3 күн бойы делагил қабылдады.
Үш күндік безгектің рецидивтерін алдын алу үшін қолданылатын дәрі:
хинин
доксициклин
сульфадиазин
примахин
мефлохин
№ 32 есеп
Науқас С., 42 жаста, 2 апта бұрын Африкада қызметтік іс-сапарда болды. Ауру
жедел басталған: дене қызуы жоғарылап, қалтырау мазалаған, қызбаны түсіретін дәрілер қабылдаған соң терлеу мазалады. Қан жағындысында Pl. falciparum анықталған. Делагилмен емдеу барысында науқастың жағдайы нашарлап, есі сопорға айналады. Пульсі – 100 рет 1 минутта, АД – 130/80 мм с. б.
Тропикалық безгектің қандай асқынуы дамыды?
безгектік кома
инфекциялық-токсикалық шок
гемоглобинуриялық қызба
жедел бүйрек жетіспеушілігі
менигоэнцефалит
№ 33 есеп
Науқас Д., 32 жаста, ауруханаға 10-шы қарашада, ауруының 4-ші күні
түсті.Дене қызуының жоғарылауына, қалтырауға, тамақтағы жұтыну кезіндегі ауыру сезімге, тұмауға, 2 реттік сұйық нәжіске, тәбеттің төмендеуіне, әлсіздікке, бастың ауруына шағымданады. Қарап тексергенде – склералардың жиектік субиктериясы, катаралды тонзиллит, жақ асты лимфадениті, гепатомегалия.
Өт пигменттеріне зәрдің реакциясы «оң».
Диагноз:
вирусты А гепатит
вирусты Е гепатит
вирусты В гепатит
иерсиниоз
сальмонеллез, жайылмалы түрі
№ 34 есеп
Науқас О., 16 жаста, бастың айқын ауыру сезіміне, қайталамалы құсуға,
құрғақ ауырусезімді жөтелге, айқын әлсіздікке шағымданып, ауруханаға түсті. Бір апта бойы ауырады. Ауруының бірінші күнінен бастап ампициллинді ретсіз қабылдаған. 3-ші күні бетінде, кейін денеде және аяқ-қолдарында бөртпе пайда болған. Қарап тексергенде: температура субфебрилді. Бетінде және денесінде пигментация, аяқтарында - бәсеңдеген бөртпе.
Диагноз:
грипп, дәрілік аллергия
қызылша, менигоэнцефалит
қызылша, пигментация кезеңі
қызылша, пневмония
грипп, ауыр ағымы
№ 35 есеп
Науқас, жуылмаған алма жеген соң, ауруының 2-ші күні ауруханаға түсті. Жағдайы орташа ауырлықта. Температурасы 38 С. Сол жақ мықын аумағында толғақ тәрізді ауру сезімі мазалайды. Ішегі жиырылған, пальпация кезінде ауыру сезімді. Нәжісі аз мөлшерде, тәулігіне 6-7 рет.
Диагноз:
сальмонеллез
амебиаз
тағамдық токсикоинфекция
эшерихиоз
жедел дизентерия
№ 36 есеп
Науқас Үндістаннан (Бомбей қаласынан) келген. Келген соң көп реттік, көп мөлшерлі, сулы нәжіс және көп мөлшерлі, сулы құсу басталған. Дене қызуы 35,1 С. Тері жабындылары құрғақ, тері тургоры төмендеген. Шырышты қабаттары құрғақ. Бет әлпеті үшкірленген. АҚ – 70/40 мм сынап бағанасымен. Пульс - 115 рет 1 минутта. Жүрек тондары бәсең. Дауысы сырылдаған. Зәрі жоқ.
Диагноз:
сальмонеллез
жедел дизентерия
амебалық дизентерия
эшерихиоз
тырысқақ
№ 37 есеп
Науқас аурудың 1-ші күні түсті., қонақта болғаннан кейін 3 сағаттан соң жедел ауырды: эпигастрий аймағында ауыру сезімі, көп қайталамалы құсу, жиі сұйық нәжіс пайда болған. Температура 37,0 С, терісі бозарған, көзі үңірейген. Ішек спазмы жоқ, нәжіс сулы, «ет жуындысы» тәрізді.
Сіздің диагнозыңыз:
сальмонеллез
жедел дизентерия
тырысқақ
эшерихиоз
тағамдық токсикоинфекция
№ 38 есеп
Науқасты жалпы әлсіздік, бас ауыруы, тамақтағы жұтыну кезіндегі ауыру сезімі мазалайды. Жедел ауырған: қалтырау, дененің «сыну» сезімі пайда болған. Температура 39,6 С, ауызжұтқаншақтың шырышты қабаты айқын гиперемияланған. Таңдай бадамша бездерінің гипертрофиясы, ісінуі, лакунада шпательмен жеңіл алынатын іріңді жабынды анықталған. Жақ бұрышының аумағындағы лимфа түйіндері 2 см-ге дейін үлкейген, эластикалық, ауыру сезімді. Перифериялық пульс минутына 100 рет соғады. АҚ 120/80 мм сынап бағанасымен.
Этиотропты ем тағайындалулардағы қатетілікті табыңыз:
эритромицин
пенициллин
кефзол
тетрациклин
ампициллин
№ 39 есеп
Науқас тұрып қалған тағам жегеннен кейін, 6 сағаттан соң ауырады: көп реттік
құсу, жиі сұйық сулы нәжіс, іштің барлық аумағындағы ауру сезімі пайда болған. Дене қызуы қалыпты, нәжіс «ет жуындысы» тәрізді, айқын әлсіздік. АҚ 80/50 мм сынап бағанасымен, пульс минутына 100 рет, құсу мен іш өтудің тоқталысымен жағдайы жақсарды.
Тағамдық токсикоинфекцияға тән емес белгіні таңдаңыз.
гастроэнтерит
тұрып қалған тағамды қолдану
қысқа инкубациялық кезең
жағдайының тез жақсаруы
«кофе тәрізді» құсу
№ 40 есеп
Науқас 16 жаста, ауру баталғанынан 7 сағаттан кейін жағдайы ауыр дәрежеде ауруханаға түсті. Ауру жедел қалтыраудан, бас ауыруынан, құсудан, дене температурасының 39 С-қа дейін жоғарылауынан басталды. 4 сағаттан соң теріде геморрагиялық бөртпе пайда болды. Ауруханаға түсу кезінде: температурасы 36,5 С, ентігу, цианоз, қимыл қозуы, құрысу, пульсі жіп тәрізді, АҚ 60/40 мм сынап бағанасымен.
Қай асқыну туралы ойлау керек?
инфекциялық - токсикалық шок
гиповолемиялық шок
бүйректің жедел жеткіліксіздігі
тыныстың жедел жеткіліксіздігі
нейротоксикоз
№ 41 есеп
Науқас 16 жаста, ауырғаннан соң 7 сағаттан кейін жағдайы ауыр дәрежеде ауруханаға түсті. Аурудың басталуы: кенеттен қалтырау, бас ауыруы, құсу пайда болған, дене температурасы 39 С-қа дейін жоғарылады. 4 сағаттан соң теріде геморрагиялық бөртпе пайда болды. Ауруханаға түскен кезінде: температурасы 36,5 С, ентігу, цианоз, қимыл қозуы, құрысулар, пульсі жіп тәріді, АҚ 60/40 мм сынап бағанасымен.
Қай антибиотикті тағайындаймыз?
пенициллиннің нартийлі тұзы
левомицетин сукцинаты
цефалоспорин
офлоксацин
макролид
№ 42 есеп
Науқас аурудың бірінші күні басының маңдай аймағындағы ауыру
сезіміне, қызбаға, тұмауға, құрғақ жөтелге шағымданып, ауруханаға түсті. Жедел ауырған: температурасы 39,9 С-қа дейін жоғарылады, қатты бас ауыру сезімі, әлсіздік, артралгия, миалгия пайда болған. Температура 39,6 С, беті гиперемияланған, склера мен конъюктива инъекциясы, жарықтан қорқу, мұрыннан көп мөлшерде, шырышты бөлінділер бөлінеді. Ауызжұтқыншақтың шырышты қабаты айқын гиперемияланған, артқы қабырғасы дәнді. Құрғақ жөтел.
Тағайындалулардан қатені табыңыз.
дезинтоксикация
кесте бойынша ремантадин
фурацилин ерітіндісімен тамақты шаю
десенсибилизация
антибиотиктер
№ 43 есеп
20 жастағы науқас аурудың бірінші күні түсті. Жедел ауырды: түнгі сағат 2-де
дене қызуы 39,5 С-қа дейін жоғарылады, қатты бас ауруы пайда болған; аспирин қабылдады, әсері болған жоқ. Көп реттік жеңілдену әкелмейтін құсу мазалаған. Есі тежелген. Жалпы терілік гиперестезия. Температурасы 39,2 С. Зәрі жоқ, бірақ қуығы толған. Шүйде бұлшық еттерінің кернеуі. Керниг симптомы екі жақта «оң» нәтижелі.
Сіздің диагнозыңыз:
менигококкты инфекция
грипп
тағамдық токсикоинфекция
ЖРВИ
қаңқа-ми жарақаты
№ 44 есеп
Науқас консервіленген саңырауқұлақты пайдаланғаннан кейін 14 сағаттан соң түнде жедел ауырды. Эпигастрий аумағында ауыру сезімі пайда болды, лоқсу және құсу, кейінірек көру қабілетінің бұзылысы қосылды, жұтынудың қиындауы, бұлшық еттредің әлсіздігі дамыды. Келесі күні - көрудің екеуленуі, афония, афагия. Дене температурасы 36,6 С, екі жақты птоз, мидриаз, анизокария, жұмсақ таңдайдың парезі. Тексеруден кейін 30 мин. аралығында тынымсыздық, ерін мен мұрын ұшының цианозы байқалды. АҚ 140/90 мм сынап бағанасымен. Пульсі - минутына 132 рет. Жүрек тондары бәсең, тынысы әлсіреген, беткей. Тыныс жиілігі - минутына 38 рет.
Тағайындалулардың ішінен қатені табыңыз?
ботулизмге қарсы сарысу
өкпенің жасанды желдету
асқазанды шаю
кесте бойымен прозерин
психотропты препараттар
№ 45 есеп
Науқас консервіленген саңырауқұлақты пайдаланғаннан кейін 14 сағаттан соң түнде жедел ауырды. Эпигастрий аумағында ауыру сезімі пайда болды, лоқсу және құсу, кейінірек көру қабілетінің бұзылысы қосылды, жұтынудың қиындауы, бұлшық еттредің әлсіздігі дамыды. Келесі күні - көрудің екеуленуі, афония, афагия. Дене температурасы 36,6 С, екі жақты птоз, мидриаз, анизокария, жұмсақ таңдайдың парезі. Тексеруден кейін 30 мин. аралығында тынымсыздық, ерін мен мұрын ұшының цианозы байқалды. АҚ 140/90 мм сынап бағанасымен. Пульсі - минутына 132 рет. Жүрек тондары бәсең, тынысы әлсіреген, беткей. Тыныс жиілігі - минутына 38 рет.
Сіздің диагнозыңыз:
ми қанайналымының бұзылысы;
саңырауқұлақпен улану;
тағамдық токсикоинфекция;
ботулизм;
бас-ми жарақаты.
№ 46 есеп
Науқас ауруының I-ші күні ауруханаға түсті. Қонақтан келген соң 3 сағаттан кейін ауруы жедел басталды. Эпигастрий аймағында ауру сезімі пайда болды, лоқсу, көп реттік құсу, жиі сұйық нәжіс. Температура 37 С, терісі бозғылт, көзі үңірейген. Ішек спазмы жоқ, эпигастрий аумағында ауыру сезімі анықталады. Нәжісі сулы, түсі «ет жуындысы» тәрізді.
Науқасқа тағайындауға болады, мынадан басқа:
антибиотиктер;
регидратациялық терапия;
асқазанды шаю;
тазартатын клизма;
спазмолитиктер.
№ 47 есеп
20 жастағы науқас аурудың бірінші күні түсті. Жедел ауырды: түнгі сағат 2-де
дене қызуы 39,5 С-қа дейін жоғарылады, қатты бас ауруы пайда болған; аспирин қабылдады, әсері болған жоқ. Көп реттік жеңілдену әкелмейтін құсу мазалаған. Есі тежелген. Жалпы терілік гиперестезия. Температурасы 39,2 С. Зәрі жоқ, бірақ қуығы толған. Шүйде бұлшық еттерінің кернеуі. Керниг симптомы екі жақта «оң» нәтижелі Диагнозды дәлелдеу үшін қажетті зерттеу жоспарына кірмейді:
ликвордың бактериологиялық анализі;
аңқадан менигококқа жағынды алу;
ликвордың нативті жағындысы микроскопиялау;
қанды заласыздыққа тексеру;
бас сүйегінің ренгенографиясы.
№ 48 есеп
Науқас Үндістаннан (Бомбей қаласынан) келген. Келген соң көп реттік көп мөлшерлі сулы нәжіс және көп мөлшерлі сулы құсу басталған. Дене қызуы 35,1 С. Тері жабындылары құрғақ, тері тургоры төмендеген. Шырышты қабаттары құрғақ. Бет әлпеті үшкірленген. АД – 70/40 мм сынап бағанасымен. Пульс - 115 рет 1 минутта. Жүрек тондары бәсең. Дауысы сырылдаған. Зәр болған жоқ.
Зерттеу жоспарындағы қателікті табыңыз:
