Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ситуациялық есептер ОАП.doc
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
160 Кб
Скачать
☆

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №4

Баланың жасы 6,5 жаста. 10 күн бұрын құрғақ жөтел болған. Жағдайы қанағаттанарлық, дене қызуы көтерілмеген. Жөтел бірте-бірте күшейіп, 4 аптаға дейін сақталған, мұрнынан сұйықтық бөлінбейді. Туылғаннан аллергиялық реакциясы дәрілік препараттарға, тағам өнімдеріне болған, бірақ ауруына қатысты емес. Аллергологқа қаралып тұрады. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Аранында әлсіз гиперемия, өкпесін тыңдағанда құрғақ сырыл естіледі, жүрек тондары таза, ритмді, іші жұмсақ, пальпация жасағанда ауырмайды. Нәжіс пен несеп шығаруы қалыпта. Бала бала-бақшаға барады, яғни онда соңғы 1 ай ішінде көкжөтелмен ауырғандар болған.

  1. Болжам диагнозын тұйықтаңыз.

  2. Науқасқа қандай қосымша зерттеу қажет?

  3. Қандай өзгерісті күтесіз?

  4. Ауруға емдік жоспарын жасына сәйкес құр.

Кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Өтепбергенова Г.А.

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №5

2 жасар нәресте жедел ауырады, дене қызуы 38ºС-қа көтеріледі. Көп мөлшерде құсып, тонико-клоникалық қалтырау, есін жоғалтуы болады. Ауыру алдында нәрестеде токсикалық пенвмония болған, 2 апта бұрын нәресте жел шешекпен ауырған науқаспен қатынаста болған. Түскен уақытта /алғашқы күні/ жағдайы өте ауыр еді. Температурасы 40ºС. Есі шатасқан, клоникалық қалтыраулар период бойынша қайталанады. Басының шашты бөлігінде, дене, аяқ-қолдарында, өзгермеген тері фонында геморрагиялық қоспасы бар жеке макуло-папулезді және везикулезді элементтер бар. Өкпесінде қатты тыныс. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. Іші жұмсақ. Бауыры мен көкбауыры ұлғаймаған. Нәжіс пен несеп шығаруы қалыпты, 12 сағ. соң жағдайы жақсара түсті. Қалтырау қайталанбайды.

  1. Болжам диагнозын қою. Негігі клиникалық синдромдарды ажырату.

  2. Науқас нәрестеге тиісті емдік жоспар құрыңдар.

Кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Өтепбергенова Г.А.

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №6

М. Петя 8 жаста, ауруы жедел басталып, дене қызуы 39ºС-қа жоғарылаған, басы ауырады, 2 рет құсқан. Ауруханаға түскенде оң жақ және сол жақ құлақ аймағында ауырсыну сезімі бар және тығызданғандығы байқалады. Менингеальды симптомдар байқалады.

  1. Диагноз қой.

  2. Лабораториялық зерттеулер түрі.

  3. Ем тағайындау.

Кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Өтепбергенова Г.А.

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Медицина Академиясы «Жұқпалы аурулар» кафедрасы Ситуациялық есеп №7

4 жасар бала жедел ауырып, температурасы 38ºС-қа жоғарылаған, қатты басы ауырып, көп рет құсқан. Қарау кезінде – тежелген, қарым-қатынасқа түсуі нашар. Бөртпесі жоқ. Іш өту болмаған. Шүйде бұлшық еттерінің кернеулігі анықталады. Брудзинский және Керниг симптомдары айқын білінеді.

1. Диагноз қойыңыз.

2. Міндетті түрде не істеу қажет?

3. ЛиквороГраммадағы өзгеріс.

Кафедра меңгерушісі, доцент, м.ғ.к. Өтепбергенова Г.А.