- •Ситуациялық есеп № 1
- •Ситуациялық есеп № 2
- •Ситуациялық есеп № 3
- •Ситуациялық есеп № 4
- •Сіздің диагнозыңыз.
- •Тексеру және емдеу жоспары. Ситуациялық есеп № 5
- •Ситуациялық есеп № 6
- •Ситуациялық есеп № 9
- •Ситуациялық есеп № 7
- •Ситуациялық есеп № 8
- •Ситуациялық есеп № 10
- •Ситуациялық есеп № 11
- •Ситуациялық есеп № 12
- •Ситуационные задачи № 1
- •Ситуационные задачи № 2
- •Ситуационные задачи № 3
- •Ситуационные задачи № 4
- •Ситуационные задачи № 5
- •Ситуационные задачи № 6
- •Ситуационные задачи № 7
- •Ситуационные задачи № 8
- •Ситуационные задачи № 9
Ситуациялық есеп № 4
Науқас П., 34 жаста, инженер-геофизик. Бір ай бұрын Африкаға командировкамен барып келген. 10.08 мына шағымдармен түскен: дірілдеу, басының ауруы, денесінің барлық жерінде әлсіздік. Ауру 5 күн бұрын кенеттен басталған: қалтырап, дірілдеп, дене қызуы 40,50С, жеткен. Төрт сағаттан соң науқас қатты терлеп температурасы 350С-ке дейін төмендеп бір күн бойы қалыпты болған. Кейін қайтадан діріл мен денесінің барлық жері әлсіреп қақсаған. Дәрігер шақырып ауруханаға жіберілген.
Объективті: Т-39,50С. Жалпы жағдайы орта ауырлықта, беті қызарған, склерасы сәл сарғайған, ернінде герпес, тіл – ақ жабындымен қапталған, іші ауырмайды, бауыр мен талақ қабырға доғасынан 1 см төмен, сезімтал; жүрек тондары тұйықталған, тахикардия.
Өкпеде – патологиясыз. Дәреті қалыпты.
Қан анализі: эр-3,3х1012/д 3, Нв – 111г/л, цв.пок.-0,9, л.-4,5х109/д 3. эоз-1%, п-11%, с-44%. Ли-3%, ретикул-2%,СОЭ-38мм/сағ..нейтрофильдердің токсикалық дәнділігі.
Сіздің диагнозыңыз.
Тексеру және емдеу жоспары. Ситуациялық есеп № 5
Науқас В., 44 жаста. Ауруханаға сырқатының 4-ші күні жалпы әлсіздікке, аузының құрғауына, шамалы басының ауруына тыныс алуының қиындауына, көзінің айқын көрмеуіне шағымданып түсті.
30.06. – дәмі өзгерген, үйде консервіленіп дайындалған саңырауқұлақтан жеген. Сонымен бірге қайнатылған тауық және қаймақпен араластырылған қиярдан жасалған салат жеген.
04.06. – жұмыс уақытысында әлсіздік сезініп, бас айналып, ішінің сәл ауырғандығын сезінген, 2-рет құсқан, 1-рет сұйық үлкен дәретке отырған.
05.06. – нашар көре бастаған, барлық заттар тұмандалып көрінген, сонымен қатар қалшылдау жәнетершеңдік пайда болған.
06.06. – қатты тағамдары жұта алмаған, көруі нашарлаған. Бұл күні таңертең «жедел жәрдем» шақырған, олар ауруханаға жолдаған.
Объективті: температурасы 37,80С, жалпы жағдайы өте ауыр, адинамиясы, есі анық, айқын қабағының түсуі, жеңіл анизокория, маңқы дауыс. Тыныс алуының қиындауы, суды қиналып ішеді, аз порциялармен. Пульс минутына 118, толықтығы орташа. АҚ – 90/60мм сын.бағ. Жүрек тондары әлсіз, өкпесінде везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ. Ауырғандық жоқ, шамалы кепкен. Үлкен дәреті клизмадан соң ғана емес, зәр шығаруы қалыпты.
Сіздің диагнозыңыз.
Тексеру және емдеу жоспары.
Ситуациялық есеп № 6
Науқас А., 23 жаста, жатақханада тұрады, ауруханаға 6 қаңтарда, ауырғандығы, әлсіздік, ысытпалау, аздап жөтелгендік.
Жедел түрде ауырған: денесі қалтырап, дене қызуы 38, 90С-қа көтеріліп, басы қатты ауырып, денесі сырқырап ауырған. Бірден төсекке жатқан дәрігер шақырмаған, ешқандай дәрі-дәрмек қолданбаған (студент, медик ҮІ курс). Сырқаттануының барлық күндері дене қызуы 38-39,50С-қа көтерілген. Бүгін тамағы жыбырлап, құрғақ жөтел болды.
Объективті: температурасы 39,20С. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, беті қызарған, көзінің қасаң қабағының қан тамырларының инъекциясы байқалады, мұрны бітелген, зеві аздап қызарған. Бездері ұлғаймаған, жұтқыншақтың артқы қабырғасында – фолликулалар ұлғайған.Жүрек тондары таза, айқын. Пульс (тамыр соғысы 110 рет минутына). АҚ-90/60мм сын.бағ. Өкпесінде – везикулалы тыныс. Іші жұмсақ, конфигурациясы қалыпты, ауырғандық жоқ. Бауыры мен талағы ұлғаймаған. Дизуриялық өзгерістер жоқ. Үлкен дәреті қалыпты.
Сіздің диагнозыңыз.
Тексеру және емдеу жоспары.
