Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пед емтихан.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
184 Кб
Скачать
☆

Педагогикадағы жалпы әдіснамалық мәселелері:

Педагогика ғылым ретінде, оның пәні; Педагогика ғылымдарының жүйесі, олардың бірлігі және өзара байланысы; Педагогиканың басқа адамтану ғылымдармен өзара байланысының мәні мен маңызы, қоғам, табиғат туралы ғылымдардың негіздерімен байланысы; Педагогикалық зерттеулерді ұйымдастыру әдістері мен формаларын жетілдірудің әдіснамалық негіздері. Дидактика және жеке пәндер әдістемесі бойынша зерттеулерді жетілдірудің әдіснамалық шарттары; Тұтас үрдіс ретіндегі тәрбие аясындағы зерттеулердің әдіснамалық шарттары (дамудың жас кезеңдері және оның ерекшеліктері); Педагогикалық білім беру үрдісін құру және жетілдірудің жүйелерін ғылыми негіздеу және зерттеудің әдіснамалық шарттары;  Мектепке дейінгі тәрбиенің әдіснамалық мәселелері;

Білім беру жүйесінің дамуын болжау әдіснамасы;

Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері және олардың мәні Ғылыми зерттеудегі әр түрлі әдістердің өзара байланысы көкейкесті мәселеге айналып отыр. Зерттеушінің теориялық ойлауының негізінде материалистік диалектика әдісі жатыр, ол ізденушіні ғылыми фактілерді жинастыру мен түсіндірудегі субъективті көзқарастан, олардың бір жақтылығынан босатып, зерттеушіні зерттеу мәселесіне тарихи талдау жасауға, оның дамуының тенденциясы мен заңдылықтарын табуға, таным мен болмыстағы қарама-қайшылықтарды шешудің тәслдерін ашуға шақырады. Бұл объективті заңдылықтармен анықталатын білім мен ақиқаттың әр түрлі формаларының өзара байланысын анықтауға, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарын дамытатын ойлаудың басқа да диалектикалық әдістерін тереңірек түсінуге көмектеседі.

Ғылымның қазіргі әдіснамасы, соның ішінде педагогикалық әдіснама да теорияның негізін құрайтын бірнеше құрамдас бөліктерден тұрады:

- айғақтық материалдың бастапқы эмпирикалық негізі, теориялық түсіндірмені талап етеді;

- бастапқы теориялық негіз, зерттеу объектісін суреттейтін алғашқы болжамдардан және теориялық тұжырымдардан тұрады;

- теорияның логикасы мен құрылымы;

- эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы;

- педагогикалық теорияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі, зерттелетін объект пен оның теориялық моделін суреттеумен байланысты. Бұл ретте зерттелетін объектіні қарастыруды кез-келген педагогикалық теорияны, оның байланыстарын, заңдылықтарын, болжамдарын, анық білімдерге жету ұстанымдары мен тетіктерін қарастырудың қажетті шарты ретінде қарастырылады.

Ғылыми педагогикалық зерттеу, олардың құрылымы мен кезеңдері  Ғылыми – педагогикалық зерттеу – жаңа педагогикалық білімді Ғылым дамуының басты шарты – жаңа деректермен үздіксіз толығып бару. Ал деректердің жинақталуы мен олардың түсініктемесі ғылыми негіздлеген зерттеу әдістеріне тәуелді келеді, әдістер, өз кезегеніде, ғылым аймағында әдіснама атауын алған теориялық принциптердің бірлікті тобымен міндетті байланыста болады. Ғылыми – педагогикалық зерттеулер жүргізуде төмендегідей принциптерді басшылыққа алу қажет: -    педагогикалық құбылыстардың шынайлылығы мен шарттасқандығын ескеру, себебі дүниедегінің бәрі өзінің ішкі объектив заңдары, қарама – қарсылықтары және себепті – салдарлы байланыстарына орай жасайды әрі дамиды; -    құбылыстарды даму барысында зерттеу; -    бір құбылысты екіншілермен өзара қатынаста байланыстыра зерттеу; -    зерттеу процесіндегі қалаған ғылыми проблеманың шешімі бірін – бірі толықтырып отырушы көптеген әдістер кешенімен орындалатынын естен шығармау; -    зерттеу әдістері зерттелетін құбылыстың мән – мағынасына сай келуі; -    даму процесін сол дамудың қозғаушы күші және даму көзі саналатын оның қарама – қарсылықтарына негізделген өзіндік қозғалыс және өзіндік даму ретінде қарастыру; -    сынақталушыға, білім – тәрбие процесіне зиян келтіретін, адамгершілік – инабаттылық талаптарына қайшы болатын эксперименттерді өткізбеу.

Зерттеулердің негізгі кезеңдері (этаптары). Зерттеу ізденістерінің логикасы мен қозғалысты өзгермелілігі бірнеше сатылық – эмпирикалық, гипотетикалық, эксперименталды – теориялық немесе теориялық, прогностикалық – жұмыстар орындауды қажет етеді. Эмпирикалық талдаудың басты нәтижесі – зерттеудің алғашқы тұжырымдамалары ретінде қабылданған, бірақ әлі тұтастығы тексеріліп, бекуі қажет болжамдар мен шамалаулар жүйесінен түзілетін зерттеу гипотезасынан көрінеді. Гипотетикалық сатыдағы ізденіс жұмыстарының мәнін зерттеу объекті жөніндегі деректік болжамдар мен олардың мәнін айқындап алу қажеттігі арасындағы қарама – қарсылықтарды шешіп алу, содан соң зерттеудің эмпирикалық деңгейінен оның теориялық деңгейіне өтудің дайындық жағдайларын жасау. Теориялық саты зерттеулерінде назарға алынған нысан жөніндегі функционалдық және гипотетикалық болжамдар мен ол туралы жүйелі шамалаулар қажеттігі арасындағы қайшылықтарды үйлестіру жұмыстары орындалады. Теорияның белгілі қалыпқа келуі прогностикалық сатыға жол ашады, осының нәтижесінде тұтастай құрылым болып танылған зерттеу нысаны жөніндегі соңғы алынған идеялық ақпараттар мен олардың ендігі, жаңа жағдайларда даму мүмкіндіктерін көрегендікпен алдын – ала жобалау қажеттігі арасындағы текетіресті шешу талабы қойылады. Теорияның міндеті – осы сан қилы талаптардың объектив шешіміне негіз болу. 

Нақты ғылыми-педагогикалық зерттеуді ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемесі. Кез-келген ғылыми-зерттеу деректі жинау, жүйелеу мен жалпылаудан басталады. Ғылыми деректі ғалымдар эмпирикалық және теориялық танымның өзара қатынасы аясында қарастырады. Ғылым әдіснамасында – ғылыми таным дегеніміз – процесс, яғни екі негізгі деңгейден – эмпирикалық және танымдық деңгейден тұратын дамушы білімдер жүйесі. Эмпирикалық деңгейде тірі табиғи шығармашылық басым болады, сондықтан зерттелуші нысан негізінен сезімдік таным арқылы қол жеткізілетін және ішкі қарым-қатынастарды ішкі байланыстар мен көріністер арқылы бейнелейді. Эмпирикалыққа тән басты белгілер – деректер жинау, оларды алғашқы жалпылау, бақыланған және сынақтан өткен мәліметтерді сипаттау, оларды жүйелеу, жіктеу және басқа да деректерді тіркеу әрекеті. Эмпирикалық зерттеу тікелей нысанға бағытталады, оларды салыстыру, өлшеу, бақылау, сынақтан өткізу, талдау, байқау әдістері мен құралдарының көмегімен меңгереді, ал олардың ең маңызды элементі дерек болып табылады (латынша – «істелген», «жүзеге асқан»).

«Дерек» ұғымы төмендегідей негізгі мәнді білдіреді: