- •Емтиханның тесттік тапсырмалар базасы
- •Тәжірибелік дағдыларды қабылдауға арналған (емтиханның іі сатысы) жағдайлық есептер
- •10 Есеп
- •11 Есеп
- •12 Есеп
- •13 Есеп
- •19 Есеп
- •15 Есеп
- •16 Есеп
- •17 Есеп
- •21 Есеп
- •22 Есеп
- •23 Есеп
- •24 Есеп
- •25 Есеп
- •26 Есеп
- •27 Есеп
- •28 Есеп
- •29 Есеп
- •31 Есеп
- •32 Есеп
- •34 Есеп
- •35 Есеп
Тәжірибелік дағдыларды қабылдауға арналған (емтиханның іі сатысы) жағдайлық есептер
1 есеп
Кейбір сырқаттану кезінде ағзаның сырқатқа қарсы тұруының салдарынын науқастың дене қызуы көтеріледі. Дегенмен дене қызуының көтерілуі ағза нәруыздары үшін ауыр соққы болып табылады. Не себепті дене қызуы +400С-тан жоғары көтерілсе нәруыз қызметі бұзылып, адам өміріне қауіп төнетінін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
Нәруыздардың құрылымын нативті конформацияда ұстап тұратын нәруыздардың құрылымы және байланыстары;
Температураның жоғарылауымен туындайтын нәруыздардың қызметі мен құрылымындағы өзгерістер
Ферменттер үшін оңтайлы температура дегеніміз не? Қайтымды және қайтымсыз инактивация.
2 есеп
Молекулаларды немесе иондарды мембрана арқылы тасымалдайтын нәруыздар кей жағдайда трансмембраналық нәруыздар деп те аталады. Мұндай нәруыздардың құрылымында биомембрананың липидтің қабатында қоршалған және жасушаның ішкі жағына (цитоплазмаға) қарай, сонымен қатар жасушаның сыртқы аймағына бағытталған аумағы болады. Осындай нәруыздарды сипаттаңыз.
Шешу алгоритмі:
Берілген трансмембраналық протеиннің түрлі аумақтарында қандай аминқышқылдары басым болатындығын жобалаңыз
Полярлы және полярсыз радикалды аминқышқылдарына мысалдар келтіріңіз
Қандай жағдайда нәруызды молекуланың қосынды заряды нөлге тең болатынын түсіндіріңіз.
3 есеп
35 жастағы әйел клиникаға ауыз қуысының шырышты қабатының қабыну процестеріне, бұлшық ет әлсіздігіне, конъюнктивитке шағым айта келді. Ауру әйел ұзақ уақыт бойы өзінің рационынан бауыр, сүт, қарабидай, ашытқы тәрізді тағамдарды алып тастап бір текті тамақтанған. Дәрігер В2 витаминінің жетіспеушілігін анықтады. Байқалған симптомдардың себептерін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
В2 витамині құрамына кіретін коферменттерді атаңыз және олардың құрылысын схема түрінде көрсетіңіз
Коферменттерінің құрамында В2 витамині бар ферменттерді атаңыз.
Аталған ферменттер қандай реакцияларды жылдамдататынын атаңыз (кез-келген біреуінің реакция теңдеуін жазыңыз).
4 есеп
Ауру көзінің шырышты қабатының және зәр шығару жолдарының жиі қабынуға ұшырайтындығына, сонымен қатар күңгірт жерде көзінің көруі нашарлағанын айтып шағымданды. Тексеру барысында көз қасаң қабығының қабынуы мен құрғақтығы, ақ шел баса бастағандығы, яғни гиперкератоз айқындалды. Аурудың бұл күйі қалай аталады? Бұл белгілердің механизмдері?
Шешу алгоритмі:
1) Берілген жағдайда қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз және әріптік белгісін көрсетіңіз
2) Бұл витаминнің провитамині қалай аталады, және витамин мен оның провитамині қандай тағамдарда кездеседі?
3) Витаминнің биологиялық әсерін сипаттаңыз.
5 есеп
Тубуркулезге қарсы препараттармен (тубазид, фтивазид) ұзақ уақыт емделгеннен соң науқаста ашуланшақтық, кейде сіңір тартылу, дерматит, стоматит пайда болды. Қанға биохимиялық талдау жасағанда гипохромды анемия, гипераминоацидемия белгілері, сонымен қатар зәрінде оксалаттың және аминқышқылдарының, әсіресе гомоцистеин мен цистатионның көбейгендігі байқалды. Берілген белгілердің, ауытқулардың механизмін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз
Бұл витаминнің витамерлерін атаңыз
Құрамында аталған витамин бар ферментер катализдейтін реакцияларға мысалдар келтіріңіз.
6есеп
Негізгі тағамдары жүгері болып келетін Оңтүстік Америка тұрғындары көп жағдайда нерв жүйесінің зақымдануы (деменция), ас қорыту жүйесінің зақымдануы (диарея) және терінің ашық жерлерінің симметриялы түрде зақымдануы тәрізді белгілер көрсететін аурулармен жиі ауырады. Аталған белгілердің механизмін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз
Бұл витаминнің антивитаминін атаңыз; қандай тағамдардың құрамында болатындығын және механизмін түсіндіріңіз
Бұл витамин ағзада қандай аминқышқылдарынан түзілетіндігін атаңыз және формуласын жазып көрсетіңіз. Ағзада бұл витамин аминқышқылдарының біреуінен (атаңыз) түзілгенімен, егер де тағаммен түспесе авитаминозге ұшырататындығын түсіндіріңіз.
7 есеп
Инсоляция төмен болып келетін Солтүстік аймақта тұратын сәбиге мешел ауруының алдын-алу үшін балық майы берілген. Дәрігер тексеру кезінде бас сүйегінің ерте қатаюын, сүйектердің ұзына бойы өсуінің баяулауы нәтижесінде қаңқа сүйегінің қисаюын байқады. Анасы сәбиде іш қату барлығын, тағамға тәбетінің нашарлағанын және салмақ жоғалтқанына шағымданды. Сәбидегі бұл өзгерістердің себептерін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
Сәбиде қандай алмасу процесі бұзылған? Витамин қалай аталады?
Теріде витаминнің түзілу схемасын және оның бауыр мен бүйректегі метаболизмін көрсетіңіз
Берілген витаминнің әсер ету механизмін және ішек қабырғасындағы метаболиттік алмасу түрлерін көрсетіңіз
8 есеп
Ұзақ уақыт бойы алкогольді мөлшерден тыс ішуінің нәтижесінде бауыр циррозына ұшыраған науқас көмірсуы басым диетаға отырған және жүрек тұсының ауыратындығына, саусақтарының ұшы жансызданатындығына, балтырларының ауыратындығына, есте сақтау қабілетінің нашарлағандығына шағымданды. Қан талдауы пируват пен лактаттың концентрациясының жоғарылауынан туындаған ацидоз ауруын көрсетті. Бұл себептердің механизмін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
Науқаста алмасудың қандай түрі бұзылған? Витамин қалай аталады?
Берілген жағдайда пируват пен лактаттың түзілу реакциясын жазыңыз. Ферменттерді, коферменттерді және олардың құрамына кіретін витаминдерді атаңыз.
Аэробты жағдайда пируваттың өзгеріске ұшырау реакциясын, ол реакцияның жүру жолын, реакцияны катализдейтін ферменттерді, олардың коферменттерін және құрамына кіретін витаминдерді жазыңыз.
9есеп
Дәрігердің қабылдауындағы пациент көбіне пісірілген тағамдармен қоректенеді, көкөністер мен жеміс-жидектер рационында жоқтың қасы. Науқас әлсірей беретіндігін, қызыл иегінің қанайтындығын, тістерінің босап кеткендігін, буындарының қақсайтындығын, есте сақтау қабілетінің нашарлағандығын, жиі суық тиіп ауыратындығын айтып шағымданды. Дәрігер тексеру барысында коптеген петехиялар, тері қабатының бозаңдығын байқады. Қан талдауы гипохромды анемияны көрсетті. Берілген белгілердің механизмін түсіндіріңіз.
Шешу алгоритмі:
Берілген жағдайға қажетті витаминнің химиялық табиғатын, биологиялық әсерін сипаттаңыз, әріптік белгісін көрсетіңіз
Қандай тағамдардың құрамында болатындығын түсіндіріңіз. Бұл витамин қандай ферменттердің құрамына кіреді?
Бұл витаминнің авитаминозы кезінде капиллярлардың тез жарылғыштығымен, сонымен қатар байланыстырғыш ұлпалардың дәрменсіздігімен түсіндірілетін өзгерістерді көрсете реакция теңдеуін жазыңыз, ферменті атаңыз.
