- •Visual c# негізінде Windows-қосымшаларын жасау 3
- •Формалар
- •Кластар терезесі. Элементтер тақтасы – Панель элементов. Элементтер тақтасы – Панель элементов. Стандартты басқару элементтері
- •1 Кестеде Қасиеттер терезесі интерфейсінің сипаттамалары келтірілген.
- •2 Кесте. Форманың кейбір қасиеттері
- •Дизайн және код режимдері
- •Басқару элементтерімен жұмыс істеу. Контейнерлер тобы. Графикалық элементтер тобы. Меню тобы. Бас меню жасау.
- •1Кесте.NotepadC#программасындағы басменюпункттері
- •Мәтін бөліктерін (фрагменттерін) қиып алу, көшіру және кірістіру
- •MdiLayout бойынша реттеу
- •Жанама (контекстік) меню
- •5 Мысал.
- •Қорытынды
- •Қолданылған әдебеиет тізімі
Формалар
Кез келген программамен жұмыс істеу кезінде экранға тіктөртбұрышты терезе шығады. Осы терезеге сізге керекті бар мәлімет шығарылады. Форма – бұл программа-ның атқаратын қызметін қамтамасыз ететін экрандық объект.
Біз Windows-қосымшаларын жасауымыз қажет, сондықтан біздің өз формаларымыз бар жобалар құруымыз керек.
Visual Studio .NET ортасын іске қосамыз да, Файл/Создать/Проект командаларын орындап, экранға сұхбат (диалог) терезе шығарамыз да (Ctrl+Shift+N пернелерін қатар басуға да болады), одан Visual C# және Windows Forms қосымшалары (Приложение Windows Forms) өрісін таңдаймыз.
Аты (Имя)өрісіне жоба атауын, мысалы,FirstForm сөзін теріп, оны Орналасу (Расположение) өрісінде көрсетілген бумада сақтаймыз.Осы буманы кейіннен басқа компьютерге көшіріп алып, жұмысты ары қарай жалғастыруға болады, онда осы жобада жасалған барлық файлдар сақталады.
Сонымен, экранға бос Windows-форма шығады. Осы кездегі экран көрінісі, яғни жаңа жоба бейнесі 4 суреттегідей болады.
Шығарылымды көрсету - Обозреватель Решений Шығарылымды көрсету – Обозреватель решенийтерезесі (Вид–>Обозреватель решений командасын орындау немесе Ctrl+Alt+L пернелерін басу) жоба құрамына кіретін компоненттерден тұрады. Бұл терезенің жанама (контекстік) менюі пункттері (тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы шығатын) жоба құрамын өзгертуге және де оған жаңа компоненттер қосуға мүмкіндік береді
Жаңа жоба жасау кезінде Шығарылымды көрсету терезесінде шаблондар арқылы жасалатын компоненттер көрініп тұрады .
Сілтемелер – Ссылки бумасы келісім бойынша пайдаланылатын кластарға сілтеме жасап тұрады. Сілтемелер –Ссылки ішкі бумаларында тышқанды екі шерту Объектілерді көрсету – Обозреватель объектов (Вид –Обозреватель объектов) командасы немесе Ctrl+Alt+J пернелерін басу) терезесін ашады. Объектілерді көрсету терезесі объектілер қасиеттерін алу құралы болып табылады, мысалы, ол System.MarshalByRefObject класынан brush абстрактілі класының қалай мұраланатынын және Clone, Dispose(bool), Dispose тәсілдерінен тұратынын көрсетеді.
Кез келген тәсілдің, кластың немесе қасиеттердің қысқаша сипатталуын оны шерту арқылы алуға болады, сонда ақпараттық тақтада (панельде) қысқаша анықтама көрініп тұрады. Тәжірибелі қолданушы үшін Объектілерді көрсету жай анықтамадан гөрі ыңғай-лырақ мүмкіндік болып табылады.
Кластар терезесі. Элементтер тақтасы – Панель элементов. Элементтер тақтасы – Панель элементов. Стандартты басқару элементтері
Кластар терезесі – Окно классов – (Вид –>Классы, немесе Ctrl+Shift+C пернелерін басу) кодтағы таңдап алынған объект бойынша жылжу мүмкіндігін береді; онда жобаның барлық листингісінің тәсілдері, кластары, мәліметтері болады. Мысалы, Form1 тәсіліне көшу үшін Кластар терезесіндегі оның атын шерту керек.
Қасиеттер терезесі – Окно Свойств Қасиеттер терезесі – форма және оның компоненттерін баптаудың негізгі құралы болып саналады. Бұл терезеде осы сәтте таңдап алынған компонент немесе форманың барлық қасиеттерінің тізімі тұрады. Терезені шығарудың бірнеше жолы бар, менюден Вид –>Окно свойств (немесе F4 басамыз) командасын таңдаймыз немесе таңдалған объектінің жанама менюіндегі Қасиеттер пунктін шертіп, сонда ашылған терезеден керегін таңдаймыз, әйтпесе F4 пернесін басамыз да, объектіні таңдап, ашылған Қасиеттер терезесіне көшеміз. Жаңа жоба алғашқы ашылған сәтте Қасиеттер терезесінде сол форманың өз қасиеттері көрсетіліп тұрады.
