Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
41-47.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
116 Кб
Скачать
☆

Легирлеуші элементтердің мәні

Негізгі легирлеуші элемент – хром (0,8…1,2)%. Хром көміртекті болатқа болатты қорыту кезінде шихтадан енеді. Ол прокаливаемость қабілетін жоғарылатады, болаттың жоғары және біркелкі қаттылығын алуға өз септігін тигізеді. Хромдық болаттың суықсынғыштық табалдырығы-(0…-100)oС.

Қосымша легирлеуші элементтер

Бор - 0.003%. Прокаливаемость қабілетін, сонымен қатар суықсынғыштық табалдырығын (+20…-60 oС) жоғарылатады.

Марганец – прокаливаемость қабілетін жоғарылатады, бірақ дәннің өсуіне көмектеседі, және суықсынғыштық табалдырығын (+40…-60 oС) жоғарылатады.

Титанды (~0,1%) хром-марганецтік болаттағы дәндерді ұсақтау үшін енгізеді.

Хромдық болаттарға молибденді (0,15…0,46%) енгізу прокаливаемость қабілетін өсіреді, суықсынғыштық табалдырығын (-20…-120 oС) төмендетеді. Молибден статикалық, динамикалық және шаршау беріктігін жоғарылатады, ішкі тотығуға бейімділікті жояды. Онымен болмай молибден құрамында никелі бар болаттардың отпусктік нәзіктікке бейімділігін азайтады.

Ванадий (0.1…0.3) % хромдық болаттарда дәнді ұсақтайды және беріктік пен тұтқырлықты көтереді.

Хромдық болаттарға никельді енгізу олардың беріктігі мен прокаливаемость қабілетін өсіреді, суықсынғыштық табалдырығын төмендетеді, бірақ соның өзінде болаттың отпусктік нәзіктікке бейімділігін жоғарылатады (ол кемшілікті болатқа молибденді енгізу арқылы кетіруге болады). Хромникельді болаттар қасиеттің ең жақсы кешеніне ие. Бірақ никель дефицитті болғандықтан, мұндай болаттардың қолданысы шектеулі.

Никельдің едәуір мөлшерін мыспен ауыстыруға болады, ол тұтқырлықтың азаюына әкелмейді.

Хроммарганецтік болаттарды кремниймен легирлегенде, хромансиль (20ХГС, 30ХГСА). болаттарын алады. Бұл болаттарда тұтқырлық пен беріктік жақсы үйлескен, олар жақсы пісіріледі, штамптелінеді және кесумен өңделеді. Кремний соққылық тұтқырлық пен тұтқырлықтың температуралық қорын көбейтеді.

Қорғасын мен кальцийді қосу кесумен өңделуді жақсартады. Термиялық өңдеудің беріктетуді қолдану механикалық қасиеттер кешенін жақсартады.

Сұр шойын графиттің формасы пластина түрінде болатын шойын. Химиялық құрамы бойынша сұр шойындарды жай(легирленбеген) және легирленген деп бөледі. Жай сұр шойындар құрамы күрделі құймалар, олардың негізгі элементтері: Fe-C-Si және тұрақты қоспалар: Mn, P, S. Жай шойындарда аз шамада рудадан түсетін Cr, Ni және Cu болуы мүмкін. Осы элементтердің барлығы графитизация шарттарына, графиттік қосылулардың мөлшеріне жіне шойынның қасиетіне әсер етеді.

Көміртек шойынның сапасына анықталатын әсер тигізеді, ол графиттің шамасын және шойынның құйылу қабілетін өзгертеді. Көміртектің концентрациясы жоғары болған сайын, шойындағы графит бөлінулері көп болады және оның механикалық қасиеттері төмен.

Кремний қатты графиттегіш әсерге ие, шойынның қату процесінде графиттің бөлінуіне және бөлінген цементиттің ыдырауына септігін тигізеді.

Марганец шойынның графитизациясын қиындатады, оның механикалық қасиеттерін жұқа қабырғалы отливкада жақсартады.

Күкірт – зиянды қоспа. Ол шойынның механикалық және құйылу қасиеттерін төмендетеді: сұйықаққыштықты азайтады, усадканы арттырады және сызаттардың пайда болуына бейімділікті арттырады.

Фосфор 0,3 % дейін ферритте ериді. Концентрациясы үлкен болғанда темір және көміртекпен үштік «фосфидті» эвтектиканы түзеді. Оның балқу температурасы төмен (950 оС), бұл шойынның сұйықаққыштығын көбейтеді, бірақ жоғары қаттылық пен нәзіктікті береді.

Сонымен, шойындағы графитизация дәрежесі көміртек пен кремнийдің мөлшері артқан сайын артады.

Механикалық қасиеттерді төмендеткеніне қарамастан графит шойынға кейбір жақсы қасиеттерді де береді. Ол кесумен өңдеу кезінде үлпекті ұсақтатады, майлағыш әсер береді және осыған орай шойынның тозуға шыдамдылығын арттырады. Сонымен қатар пластиналы графит шойынның беттік ақауларға сезгіштігін қамтамасыз етеді. Осының арқасында шойыннан жасалған бұйымдардың шаршауға кедергісі болаттан жасалған бұйымдардың кедергісімен шамалас.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]