Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қазақстан Республикасының Конституциясы 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
28 Кб
Скачать
☆

«Әкімшілік рәсімдер туралы» қр заңы

Сұрақ № 76: Азаматтардың құқықтарын орындау рәсімдері алдын алуы қажет:

Дұрыс жауап: істің қаралу уақыты мен орны жайында азаматтарды алдын ала ескерту

Сұрақ № 77: Тұлғаның жоғары тұрған мемлекеттік органға түскен шағымы бойынша дәлелді шешім шығарылады:

Дұрыс жауап: шағым тіркелгеннен кейін 30 жұмыс күні аралығында

Сұрақ № 78: Әкімшілік үрдістер деп есептеледі:

Дұрыс жауап: азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін әкімшілік қорғау

Сұрақ № 79: Мемлекеттік органның стратегиялық қызметтеріне жатады:

Дұрыс жауап: жоспарлы құжаттарды өңдеу, қабылдау, мемлекеттік жоспарлау жүйесін анықтау, халықаралық қатынастарды, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныстық қабілетті қамтамасыз ету бойынша қызметтер

Сұрақ № 80: Жеке пайдалануға арналған құқықтық актінің атқарылуын ішкі бақылау келесі институттардың бұйрықтарын атқарумен іске асырылмайды:

Дұрыс жауап: Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатымен

Сұрақ № 81: Қызметтік құжаттар бойынша тапсырмаларды орындау мерзімін ішкі бақылау жүзеге асырылады:

Дұрыс жауап: мемлекеттік органның іс жүргізу қызметімен

Сұрақ № 82: Жеке пайдалануға арналған құқықтық актінің атқарылуын ішкі бақылау келесі параметрлердің біреуі бойынша іске асырылады:

Дұрыс жауап: атқарудың уақытында іске асырылуы мен толықтығы

Сұрақ № 83: Құжаттарды мемлекеттік органдарда қарастыру мерзімі аспауы керек:

Дұрыс жауап: 1 ай, егер басқасы заңнамамен орнатылмаған болса

Сұрақ № 84: Әкімшілік үрдістер деп есептеледі:

Дұрыс жауап: мемлекеттік аппарат жұмысын ұйымдастыру үрдісі

Сұрақ № 85: Қызметтерді орталық атқару органдарында стратегиялық, реттемелеуші, іске асырушы және бақылау қызметтеріне реттемелеу анықталады:

Дұрыс жауап: Қазақстан Республикасы Үкіметімен

Сұрақ № 86: Ақпараттық үрдістер міндетті емес:

Дұрыс жауап: шектеулі таратудағы қызметтік ақпаратты және мемлекеттің мүдделеріне байланысты ақпараттың жариялануына жол беруге

Сұрақ № 87: Лауазымды тұлғаның әрекетіне немесе әрекетсіздігіне түскен шағымды беру мен тапсыру тәртібі, сонымен қатар мемлекеттік органдар актілерін тапсыру тәртібі анықталады:

Дұрыс жауап: «Әкімшілік рәсімдер туралы» ҚР заңы

Сұрақ № 88: Жеке шаруашылық субъектілер нарығындағы монополиялық жағдай:

Дұрыс жауап: жол берілмейді, заңнамалық актілермен қарастырылған табиғи монополиялар мен жеке қызмет түрлеріне берілген мемлекет монополияларын санамағанда

Сұрақ № 89: Таралуы шектеулі қызметтік ақпаратқа жатқызу ережелері мен олармен жұмыс анықталады:

Дұрыс жауап: Қазақстан Республикасы Үкіметімен

Сұрақ № 90: Азаматтардың құқықтарын орындау рәсімдері алдын алуы қажет:

Дұрыс жауап: заңды маңызы бар фактілерді растайтын минималды құжат тапсыру көзделген құқықтарды қорғау тәртібі

«Құқықтық актілер туралы» қр Заңы

Сұрақ № 91: Қазақстан Республикасы Парламентінің және оның Палаталарының қаулылары іске қосылады:

Дұрыс жауап: бірінші ресми жариялау күнінен бастап

Сұрақ № 92: Ғылыми сараптама өткізіледі:

Дұрыс жауап: нормативті құқықтық акті ретіндегі жобаны қабылдаудың жағымсыз салдарын анықтау

Сұрақ № 93: Заң ұқсастығын қолдануға мүмкіндік болмаған жағдайда:

Дұрыс жауап: құқықтық ұқсастық

Сұрақ № 94: Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік ескерудің құрамына кіреді:

Дұрыс жауап: Қазақстан Республикасының нормативті құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркемесін жүргізу

Сұрақ № 95: Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктерімен нормативті құқықтық акті жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен ескертулері бар сараптамалық қорытынды ұсынылған жағдайларда келесі шараны өткізу міндетті:

Дұрыс жауап: сараптық кеңес отырыстары

Сұрақ № 96: Нормативтік құқықтық актілер жобаларын дайындаудың перспективті жоспарлары құрастырылады:

Дұрыс жауап: бір жылдан артық мерзімге

Сұрақ № 97: Қазақстан Республикасы Президентінің нормативті құқықтық жарғылары іске қосылады:

Дұрыс жауап: олардың алғаш рет ресми жариялануынан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде

Сұрақ № 98: Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативті құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативті құқықтық акті мәтінінде оның тіркелген нөмірі қосымша көрсетіледі:

Дұрыс жауап: Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде

Сұрақ № 99: Ғылыми лингвистикалық сараптама өткізіледі:

Дұрыс жауап: заңнамалық актілердің жобалары

Сұрақ № 100: Жоғары заңдық күшке иеленеді:

Дұрыс жауап: Қазақстан Республикасының Конституциясы

Сұрақ № 101: Қазақстан Республикасының Әділет органдары нормативті құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден бас тартады, егер ондай акті:

Дұрыс жауап: нормативті құқықтық актілерді шығарған органның құзыреттілігінің шекарасынан шығады

Сұрақ № 102: Нормативті құқықтық актілердің мәтіндерін ресми түрде жариялау тәртібін ұстануды бақылауды іске асырады:

Дұрыс жауап: әділет органдары

Сұрақ № 103: Нормативті құқықтық актілерді ресми емес жариялау:

Дұрыс жауап: олардың ресми жариялануынан соң ғана жол беріледі

Сұрақ № 104: Нормативті құқықтық актілердің тақырыптарын көрсетусіз келесі белгілерге ие түрлері тізімге қосылады:

Дұрыс жауап: «Баспада жариялаусыз» белгілері

Сұрақ № 105: Қазақстан Республикасының жинақталған заңы заңнамасының құрылысын жетілдіру мақсатында қабылданады және өзінің сипаты бойынша кешенді қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды келесі салада біріктіреді:

Дұрыс жауап: архитектура, қалақұрылысы және құрылыс