- •1. XVIII-XX ғғ. Қазақстандағы мектептердің жағдайы.
- •2.Бақылау түрлері.Оқушының білім, білік дағдыларын тексеру əдістері
- •3.Білім беру-дидактикалық категория,оның мəні мен атқ.Қызметі
- •4. Ежелгі және орта ғасырларда Еуропа елдеріндегі тәрбие,мектеп,пед-қ ой
- •5. Ежелгі және орта ғасырлардағы Шығыс елдеріндегі мектептік білімнің дамуы
- •6. Жеке тұлға туралы ұғым. Адам, индивид, даралық, жеке тұлға категорияларының өзара байланысы,
- •7. Жеке тұлғаның дамуындағы оқытудың ролі
- •8. Ушинскийдің педагогикалық білім беру жүйесі.
- •9.Мектеп пен педагогиканың дамуына ы.Алтысариннің қосқан үлесі.
- •10.Оқушылардың ұжымдық іс әрекетін педагогикалық басқару
- •14. Педагогикалық процестің қозғаушы механизмі ретіндегі құралдар, формалар, әдістер.
- •15. Педагогикалық процестің мәні. Педагогикалық процестің заңдары мен заңдылықтары.
- •17. Алғашқы оқу орындарының пайда болуына ықпал еткен жағдайлар.
- •21.Тәрбиенің мәні,оның ерекшеліктері.
- •23. Хх ғасырдағы Қазақстан мектебі мен педагогикасының дамуы. Кеңестік мектеп жүйесінің жетістіктері мен проблемалары.
- •24.Ш.Уәлиханов, а.Құнанбаев еңбектеріндегі тәрбие және оқыту идеялары.
- •25.Экономикалық тәрбие. Экологиялық тәрбие. Эстетикалық тәрбие. Дене тәрбиесі.
5. Ежелгі және орта ғасырлардағы Шығыс елдеріндегі мектептік білімнің дамуы
Одан әрі тарихи дамудың нәтижесіңде алғашқы қауымдық қүрылыс жаңа қоғамдық формация - құлдық қоғаммен ауысты. Ежелгі Шығыста алғашқы таптық қоғам пайда болды, материалдық және рухани мөдениеттің негіздері қаланды. Шығыс мөдениеті белгілі дәрежеде ежелгі Греция мен Рим мемлекеттеріне өсерін тигізді. Сол кезде Шығыс еддеріңце арнаулы мекемелер (мектептер) бірте-бірте ашыла бастады. Ал мектептерде негізінен үстем тап өкілдерінің балалары оқыды.
Ежелгі Индиада мектеп ашьша бастады. Мывдаған жылдар бойы қарапайым жер шаруашылығымен айналысатын қауымдардың үйымдастыруымен қауымдық мектеп өмір сүрді. Сонымен қатар Кіші Азияда және Египетте мектептер дами бастады. Адамдар табиғат қүбылыстарына бақылау жүргізіп, су тасқынын алдын-ала анықтауды үйренеді, астрономия, геометрия, арифметика, медицина сияқты ғылымдардың негіздері қалана бастады. Осы мәліметтердің барлығы үстем тап окілдерінің қолында жинақталған.
Ежелгі Қытайда томенгі жене жоғары мектептер жүмыс істеді. Жоғары мектептерде үстем тап өкілдерінің балалары күрделі иероглиф тосілімен оқуға жөне жазуға үйренді, философия және мораль туралы жазушылар мен ақындардың шығармаларын оқып үйренді. Онда астрономиядан кейбір мәліметтер берілді. Ертедегі қолжазбаларда (Қытай, Индия, Мысыр т.б.) төрбие туралы, мүғалім мен төрбиеге қойылатьш талаптар туралы қүнды ойлар кездеседі. Бүл мектептерде қатаң тәртіп, дене жазалауы кеңінен қолданылады.
Ежелгі Шығыстың, Греция мен Римнің қүлиеленуші мемлекеттерінде тәрбиенің алғашқы жүйелері қалыптаса бастайды, алғашқы педагогакалық теориялар дүниеге келеді.
Ежелгі Египетте мектепте оқыту туралы алғашқы мәліметтер б.з.д. 3-мың жылдықтарға жатқызуға болады. Мыңдаған жывдар бойы Ніл сағасында белгілі психологаялық жеке түлға қальштасты. Ертедегі ешпетгікгердің вдеалы сөзге сараң, тағдырдың қиьшдығы мен соққысына шьщай білетін, табаңцы адам болып табылады. Осывдай адамды оқыту жөне тәрбиелеу мақсатын қойды.
Ежелгі Египетте отбасы төрбиесі мен оқыту өйелдер мен ерлердің өзара қарым-қатынасыньщ сипатьш бейнелейді. Бүл қарым-қатынас тепе-тендік негізінде қүрылды. Сондықтан да ер балалар мен қыз балаларды оқытуға бірдей көңіл бөлінді.
Сол кезде қолданылған әдістер мен тәсіддер төрбие мен оқьпудың мақсатгары мен идеялына сәйкес келеді. Оқушыны ең алдымен тыңцай білуге үйретті. "Тындай білу — адамның ең негізгі қасиеті" қанатты сөзі кеңінен қодданылды. Мүғалім өз шөкіртіне күнделікті мынадай сөздерді жиі қолданды: "Зейінді бол жөне менің сөзімді тында, менің саған айтқан сөзімнің ешқайсысын да үмытпа".
Египеттіктер дене жазалауына ерекше мөн берді. Дене жағынан жазалау табиғи және қажетті деп есептеді. Көп ғасырлар бойы Египетге әкенің, төлімгердің ерекше беделін қастерледі. "Әруақытта да әкеңнің жөне ата-бабаңның жолымен жүр" деген дөстүр мен түқым арқылы мамандық беру қалыптасты.
6. Жеке тұлға туралы ұғым. Адам, индивид, даралық, жеке тұлға категорияларының өзара байланысы,
Жеке тұлға ұғымы және оның педагогикадағы сипаттамасы.
Жеке тұлға- қоғамдық өмірдегі күрделі, көп жақты құбылыс, қоғамдық қатынастар жүйесінің бір бөлігі. Психология ғылымында жеке тұлға деп белгілі бір іс-әрекет түрімен айналысатын, қоршаған ортамен өзіндік қатынасын түсінетін, психологиялық ерекшеліктері бар нақты бір қоғамның, ұлттың, ұжымның өкілін атайды. Жеке тұлға- қоғамдық мәні бар адам. Кез келген адам өмірге индивид болып келіп, тек қоғамдық және еңбек іс-әрекеттері арқылы ғана жеке тұлғаға айналады. Жеке тұлғаның өзегі - оның «Мен»- жүйесі. Әрбір тұлға өзін-өзі тәрбиелеу арқылы «Мен»- жүйесін дамытып, жетілдіріп отыруы қажет. Сондықтан болашақ мұғалімдерде балалар тұлғасын дұрыс қалыптастыру үшін ең алдымен студенттік жастарынан бастап өздерінің жеке «Мен»-дерімен жұмыс істеп, бағыттылықтарын, қабілеттіліктерін дамытып, мінездерің тәрбиелеулері және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде мәдениеттерін жетілдіріп отыруы маңызды.
Адам-адамзат қауымдастығының бір өкілі, құралдар мен белгілер пайдаланатын және солар арқылы өзінің жүрус тұрысын реттейтін, мінез құлқын және психикалық процестерін меңгеретін, табиғи шектеушілік шекарасынан шыққан әлеуметтік тіршілік иесі..
Индивид деген ұғым адамды адамзат тұқымының жеке бір өкілі ретінде, биологиялық тіршілік иесі ретінде қарастырғанда қолданаылады. Индивид- жекелік, яғни көп адамдардың бірі. Индивид деген терминді қолданғанда адамның жеке қасиеттері ескерілмейді. Индивид деп жаңа туған баланы да, қарт адамды да атауға болады. Себебі олардың барлығы адамзат тұқымының өкілдері.
Даралық- адамды басқа адамдардан ерекшелендіріп тұратын айрықша қасиеттері, ешкімге ұқсамастығы, оның қайталанбастығы. Адамның даралығы оның темпераментінен, мінез-құлықтарынан бөлек, әдеттерінен, қызығушылықтарынан, танымдық процестерінің сапаларынан (қабылдау, есте сақтау, ойлау, сөйлеу, қиял), қабілеттіліктерінен, өзіндік іс-әрекет стильдерінен байқалады. Дүниеде психологиялық ерекшеліктері бірдей екі адамды табу мүмкін емес. Адамдардың тіпті физиологиялық жағынан да бірі-бірін қайталамайтындығы анық. Мысалы 19ғ. сонында ашылған ғылыми жаңалық жер бетіндегі адамдардың бас бармақтарының үлкейтілген суреттерінің бірдей болмайтындығының өзі әр адамның физиология тұрғысынан да қайталанбас жан екендігінің дәлелі. Барлық адамдардың саусақтарының құрылымы бірдей болса да, барлығыныкі капиллярлардан, теріден, клеткалардан, бұлшық еттерден, нерв талшықтарынан құралсада сыртқы терісіндегі суреттері әр адамдыкі әр түрлі болып келетіні ғажап.
Адамның қайталанбастығы- оның даралығында. Даралық пен жеке тұлға тең мағыналы ұғымдар емес. Даралық ұғымда көбінесе индивидтің табиғи, туа біткен қасиеттері ескеріледі (темперамент т.б), ал тұлға- адамның әлеуметтік сипаты. Жеке тұлғаның өзін-өзі іске асыра алуына, жетістіктерге қол жеткізуіне, іс-әрекетіне қарап оған баға беріледі. Даралық адамның жеке тұлғасының бір ғана көрінісі, көп қырының бір жағы. Мысалы адамның жүйріктігі, шапшандығы, оның даралық қасиеттеріне жатады, бірақ оның жеке тұлғалық сипаттамасына кірмейді, себебі ол қасиет индивидтің араласатын адамдарының іс-әрекет және қарым-қатынас түрлерінде
маңызды роль атқармайды.
