Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Шпор.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
230 Кб
Скачать
☆

Ақаулардың негізгі өлшенетін сипаттамалары, жаңғырық-сигналдың амплитудасы.

Ақаулардың негізгі өлшенетін сипаттамалары. Ультрадыбысты бақылауда ақауды тапқандықтың белгісі, металл жігінде орналасқан шағылдырғыштан шыққан, берілген деңгейден амплитудасы асатын жаңғырық-сигнал. Анықталған ақаулар туралы ақпарат алу үшін келесі өлшенетін ақаудың сипаттамаларын қолданады:

  • ақаудан қайткан жаңғырық-сигналдың ең көп амплитудасы;

  • ақаулардың жікте орналасқан координаттары;

  • ақаудың шартты өлшемдері;

жіктің белгілі ұзындығындағы ақау саны.

Ақаудан қайтқан жаңғырық-сигналдың амплитудасы – ең қарапайым өлшенетін сипаттамасы, ол тең жағдайларда шағылысатын беттің мөлшері, орны мен сырт пішініне, оның орналасқан тереңдігіне және кедір-бұдырлығына байланысты. Шағылысатын толқынның түрі түсетін толқынның түріндей болып, ол түсу бұрышына тең бұрышпен шағылысса, егер шағылысатын беттің тегіс еместігі толқын ұзындығынан едәуір аз болса, ондай шағылыстыратын бет айналы бет, оның шағылысуы айналық шағылысу деп аталады. Егер екі ортаның бөліну бетінің тегіс еместігінің мөлшері ультрадыбыс толқынының ұзындығына шамалас болғанда, әртүрлі бұрыштармен сәуле шашырайтын диффузиялық шашырау байқалады.

Пісіру жалғастарында кездесетін тегіс еместіктердің (шалапісірімдер, сызаттар, тотық қабыршақтар) көпшілігінде, ақаукөргіштікте қолданатын ультрадыбыс толқындарын металда тарататын, диффузиялық шағылыс пайда болдыратын беттері бар.

Тегіс емес беттерден шағылысқан жаңғырық-сигналдың амплитудасы, орталардың бөліну шекарасына перпендикуляр түскен ультрадыбыс толқынының айналы жаңғырық-сигналының амплитудасынан аздау.

БББББ

Болаттар және басқа металдардың пісіруге икемділігі

Болаттардың пісіруге икемділігі. Пісірудің доғалы тәсілдерімен төменкөміртекті және төменлегірленген термоберіктендірілмеген болаттарды пісіргенде, жіктің негізгі металмен тең беріктігін қалыптамасыз ету әдетте, қиындық тудырмайды. Біршама қиындықтар термоберіктенген болаттарды пісіргенде туады, өйткені жік айналасы аумағы металының механикалық қасиеттері пісірудің нақты жағдайларына және пісіру алдындағы болатқа қандай термоөңдеу түрі жүргізілгеніне байланысты.

Бақылаудың магнитті және электромагнитті тәсілдерінің және физикалық негіздері.

Бақылаудың электр магнитті тәсілдері электрмагнит өрісінің бақылайтын және эталонды бақылау нысаналарымен өзара әсерлесуін тіркеуге негізделген. Бұл мақсатта тұрақты электрлік және магнитті өрістерден бастап, жиілігі ондаған миллион герц шамасындағы айнымалы өріске дейін, электрмагнитті құбылыстардың кең спектрін пайдаланады. Жиілікті одан әрі көбейту, өтетін радиация тәсілдеріне тән ауқым аралығына алып келеді. Электрмагнитті бақылаудың жалпыланған сұлбасынан байқалатындай, өріс беру жүйесінің көзі 1 электрмагнитті өрісті бақылау нысаналарымен өзара әсерлеседі.

Бақылаудың электромагнитті тәсілдерінде бақыланатын бөлшектің температурасының бөлінуі және жылу шығару мен құйынды тоқтың өрісінің бөлінуін тіркеу тәсілдері қолданылуы мүмкін. Электромагнитті өрістің көрсеткіштері жөніңде алғашқы ақпаратты ажырату тәсілдерімен төмендегідей бақылау сұлбасына бөлінеді:

  • электр сигналына өзгертпей бақылау (көзбен көру);

электр сигналына өзгертумен бақылау .

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]