- •Өндірістік іс-тәжірибе бойынша есеп
- •5В090300 – «Жерге орналастыру» мамандығы
- •Мазмұны
- •«Жер кадастры ғылыми – өндірістік орталығы» департаментінің қызметтері:
- •2.1.1.Оңтүстік Қазақстан облысының аумағына шолу
- •2.2.Топырақтың морфологиялық белгілері
- •2.2.1.Валовый фосфор дайындау
- •2.2.2.Реактив б дайындау
- •2.2.3.Реактив а дайындау
- •2.2.4.Механикалық анализ
- •10% Кислота дайындау:
- •30% Кислота дайындау:
- •2.3.Топырақтың гранулометриялық құрамын
- •2.3.1.Гумус қышқылдарының қасиеттері
- •2.4.Топырақтың сіңіру қасиеті
- •Хлор-ионын анықтау әдісі
- •2.4.1.Топырақтағы құмның мөлшерін анықтау
- •2.5.Өндірістік практиканың күнделігі
- •2.6.Өндірістік практика барысында «Жер кадастры ғылыми – өндірістік орталығы» департаментінің тарапынан берілген мінездеме
- •Қорытынды
«Жер кадастры ғылыми – өндірістік орталығы» департаментінің қызметтері:
1. Департамент қызметінің мәні мемлекеттік жер кадастрын жүргізу болып табылады.
2. Департамент қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасы жерлерінің табиғи және шаруашылық жағдайы туралы, орналасқан жері, нысаналы пайдаланылуы, жер учаскелерінің мөлшерлері мен шекаралары, олардың сапалық сипаттамасы, жер учаскелерінің кадастрлық бағасы және жер пайдаланудың есебі, жер учаскелеріне құқықтардың субъектілері, суарылатын жер учаскелерінің мелиоративтік жағдайы, табиғи және ирригациялық-шаруашылық жағдайлары бойынша олардың сапалық сипаттамаларын бағалау, оларды пайдаланудың есебі туралы мемлекеттік жер кадастры мәліметтерін қалыптастыру және оны мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға беру болып табылады.
3. Қойылған мақсатты іске асыру үшін Кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
1) мемлекеттік жер кадастрын жүргізу:
жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыру;
жерді экономикалық бағалауды және оған мониторинг жүргізуді, топырақты зерттеуді, геоботаникалық, агрохимиялық зерттеулерді және топырақтық, геоботаникалық, агрохимиялық, инженерлік-геологиялық зерттеулер мен іздестірулерді, топырақтың қасиетін анықтай отырып, топырақты бонитирлеуді, ауыр металдардың, пестицидтер мен гербицидтердің болуын қамтитын жер сапасының есебін жүргізу;
жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер-кадастрлық ақпаратты қағаз жеткізгіште және электрондық түрде жинақтау, өңдеу және жүргізу;
мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жүргізу;
жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау және жүргізу;
жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын дайындау;
жер учаскелеріне кадастрлық нөмірлер беру;
жер учаскелерінің паспорттарын дайындау.
2) мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге технологиялық байланысты қызмет бойынша:
жергілікті жерде әкiмшiлiк-аумақтық бірліктердің, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың, мемлекеттік орман және су қорлары жерлерінің шекараларын белгiлеу;
жер пайдалануды қалыптастыру жөнiндегi жобаларды, бүлiнген жерлердi қалпына келтіру жобаларын жасау, мемлекет меншігіндегі жерден жер учаскелерiн беру кезінде жергілікті жерде олардың шекараларын белгiлеу[2].
*Өндірістік практика «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалы – «Жер кадастры ғылыми – өндірістік орталығы» департаментінің зертхана бөлімінде 30 маусым мен 1 шілде аралығында болды. Зертхана меңгерушісі Турмаханбетова Нургуль Нурмуханбетовна менің жетекшім болды. Жалпы зертхана бөлімінде 7 маман жұмыс жасайды. Әрбір маман өз ісінің шебері екендігін байқадым. Зертханада жасалатын қызметтер бабына тоқталар болсақ: топырақ үлгілерінен әртүрлі анализдер алу. Зертхана әкімшілігінің «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамы тарапынан алған кәулігіде бар.
2-сурет. «Жер мониторингі және іздестіру бөлімі зертханасына» берілген куәлік.
