- •2. Жануар майлары
- •Астралылар тұқымдасы
- •Күрделігүлділер тұқымдастарына жататын өсімдіктердің ортақ белгілері
- •Өгейшөп
- •Шаруашылық маңызы
- •Орамжапырақ тұқымдасы[өңдеу]
- •Кокос пальмасы
- •Өсімдік туралы[өңдеу]
- •Мазмұны
- •Өсімдіктің қысқаша сипаттамасы[өңдеу]
- •Қолданылуы[өңдеу]
- •Жүзім туралы тақпақ[өңдеу]
- •Жүзім өсетін өңірлер[өңдеу]
- •Жүзім құрамы[өңдеу]
- •Жүзім пайдасы[өңдеу]
- •Ресвератрол[өңдеу]
- •Қызанақ
- •Мазмұны
- •Өсімдік туралы[өңдеу]
- •Қолданылуы[өңдеу]
- •Қуырылған қызанақ[өңдеу]
- •Қызанақ тұздау[өңдеу]
- •Қызанақтың адам организміне пайдасы[өңдеу]
- •Бақша дақылдары
- •Асқабақ және орамжапырақ тұқымдастар[өңдеу]
- •Мазмұны
- •Қауын[өңдеу]
- •Орамжапырақгүлділер[өңдеу]
- •Өсімдік майларын алу технологиясы
- •Тағам өнімдерін кептіру
- •3. Кептіру тәсілдері
- •4. Контакттық тәсіл
Қызанақтың адам организміне пайдасы[өңдеу]
Қызанақ жемісі жеуге жарамды, бір жылдық немесе екі жылдық шөптесін өсімдік. Орыс тілінде 'помидор' атауы итальян тіліндегі 'pomodoro - алтын алма' дегеннен шыққан. Ал 'томат' атауы француздардың 'tomate' сөзінен аударылған. Отаны Оңтүстік Америка, бұл жерде қызанақтың жабайы және жартылай мәдени түрін кездестіруге болады. Ең алғаш Еуропаға XVI ғасырдың ортасында Испания, Португалия, кейін Италия мен Францияға да жеткен. Басында барлығы қызанақты жеуге жарамсыз және улы деп санап, бақша өсімдігі ретінде ғана өсірген. Осыдан 200 жыл бұрын құмыраға егілген бұл өсімдікті Англияда үйлердің терезесінен, бақтан кездестіруге болатын еді.
1811 жылы ботаникалық сөздікте 'томат - улы өсімдік болып есептелсе де, оны Италияда бұрышпен, сарымсақ және маймен қосып жейді, ал Португалия мен Богемияда одан ерекше қышқыл дәмі бар соус дайындалады' деген хабар пайда болады.
Қызанақ адам организміне пайдалы витаминдерге бай, құрамында қышқыл, каротин бар. Ересек адамдарда жиі кездестін көк тамыр қуысының тығындалып қабынуы (тромбофлебит) мен көк тамырдың кеңеюін (варикоз) емдеуде әсері зор. Сонымен қатар, қызанақ пен оның шырынын төменгі қышқылдықты, гастритті емдеуге пайдаланады.
Қызынақты жүрек-қан тамыр аурлары кезінде жеген пайдалы. Өйткені, қызанақтың сұрыптарынан ғалымдар 24 пайдалы химиялық элемент тапқан. Онда темір, мыс, калий тұздары көп. Бұлар жүректің жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі, организмдегі артық сұйықтықтарды, зиянды қалдықарды сыртқа шығарады. Ал шырыны жүрек тамырлары мен қанайналым жұмысын жақсартады.
Томаттың балдырында өт айдағыш, несеп айдағыш, микробтарға, қабынуға қарсы әсер ете алады. Және зәрдің шығуын тездетеді, бұзылған зат алмасу процесін қалыпқа келтіреді.
Қызанақ асқазан мен ішектің сөл бөлу қызметі нашарлаған асқазан ішек жолдары сырқаттары кезінде аса пайдалы. Ас қорытуды жақсартады. Іштің қатуы мен қатар жүретін ішек қызметінің бұзылуы кезінде жеген дұрыс.
Қантты диабетке және семіздікке шалдыққан науқастар үшін томат құнды тағам. Сапасы жақсы, тұзы аз немесе мүлде жоқ томат шырынының құрамында ликопин бар. Ол организмді зиянды ісік ауруларының талшықтарынан қорғайды. Қызанақ шырыны семіздікке жол бермейді.
Қызанақ 'иммунитетті' де көтереді. Қызанақ пен бал қоспасының денсаулыққы пайдасы мол. Ара шаққанда, дене күйіп қалған кезде де сол жерге қызанақты екіге бөліп басудың пайдасы зор. Себебі қызанақ ара уын денеге жаймайды және күйіктің ыстығын алады. Оған қоса ол теріні күн сәулелерінің зиянынан қорғайды.
Дегенмен, үш айдан асқан қызанақ шырынын пайдаланбаған жөн,бұл организмге зиян. Алайда бұл зиян бірден байқалмайды. Мұның зардабы бүйрекке, қуыққа тас байлануға әкеп соқтырады.
69 Қарбыз тұқымы. Химиялық және майқышқылдық құрамы.
Бақша дақылдары
Бақша дақылдары – асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдіктер тобы. Оған қарбыз, қауын, асқабақ жатады. Тропиктік және субтропиктік аймақтардан шыққан. Қазақстанның барлық аймақтарында өсіріледі. Бақша дақылдары – бағалы тағамдық және диеталық өнім, дәрілік, сәндік мақсатта, мал азығы, майлы шикізат ретінде пайдаланылады. Бақша жемістерінің құрамында қант, көмірсу, витаминдер, минералды заттар, органик. қышқылдар көп. Сондай-ақ олар емдік қасиеті жағынан, жұғымдылығы, сіңімділігі және диеталық қоректілігі жағынан пайдалы. Бақша дақылдарының жемістері тағамға көктей немесе өңделген түрінде қолданылады. Қарбызды тұздауға болады, ал қарбыз балы кондитерлік өндірісте пайдаланылады, қауыннан қауынқақ, қауынқұрт, қауынбал (бекмес) жасайды. Бақша дақылдарының тұқымдары бір-біріне анатомикалық құрылысы, химикалық құрамы, физиология-биохимилық процестері, пісіп-жетілуі, өсіп-өнуі ұқсас келеді. Олардың қос жарнақты тұқымдарының өнгіштігі өте жоғары (98 – 100%), ұзақ (8 – 10 жыл) сақтауға болады. Бақша дақылдарының жер асты жүйесі кіндік тамырлы, негізгі тамырдан және жанама тамыршалардан тұрады. Сабақтары өсу процесінде жоғары өрмелейді, жайыла өседі немесе тік бұталы болып келеді. Аталық, аналық гүлдерінің дара, қос және аралас 3 түрі кездеседі. Алдымен аталық, содан кейін аналық гүлдері гүлдейді. Жемістері көптұқымды, жидек тәрізді, салм. 80 кг-ға дейін (асқабақ) жетеді. Бақша дақылдары тұқымының өсіп-өнуі үшін қарбызға 15 – 17°С, қауынға 14 – 16°С және асқабаққа 10 – 13°С температура қажет. Сондықтан Бақша дақылдарын себуді асқабақтан бастайды. Себу алдында егістікті суғарады. Қауын мен қарбыздың тұқымы 3 – 6 см, ал асқабақтың тұқымы 6 – 8 см тереңдікке егіледі. Себу жұмыстарын ерте пісетін сорттардан бастайды. Піскен өнім уақытында жиналса, түптегі келесі жемістер тезірек пісіп-жетіледі. Бақша дақылдарының жиі кездесетін ауруларына солу немесе фузариоз, кәдімгі ақ ұнтақ, жалған ақ ұнтақ, антракноз, ал зиянкестеріне зиянды көбелек, бұзаубас, т.б. жатады. Олармен күресу үшін агротехникалық, биологиялық және химиялық шаралар қолданылады.[1]
70 Асқабақ тұқымы. Химиялық және майқышқылдық құрамы.
