Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
гос.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
313 Кб
Скачать
☆

12. Бастауыш, орта және жоғары мектептік жасаралығының білім берушілік, тәрбиелік және сауықтыру міндеттерінің ерекшеліктері.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін жоспарлай отырып, балалардың мүмкіншілігіне, жасына сәйкес келу керектігін есте сақтау керек. Бұлшық еттерін дамыту жаттығулары кезектесіп отыру керек, ұзақ уақыт қозғалмайтын жағдайдан қашық болу, баланың қозғалыс икемділігін жетілдіруге сәйкес жаттығудың қиын түрінде жүктемені көбейтуде зиянды болмауынан сақтау. Балалардың іс-әрекетін ұйымдастыруда әдістер мен тәсілдерді олардың жас мүмкіндіктеріне сәйкестендіру, жақсы көңіл күйде болуы қажет; осы жастағы балалардың өз еркімен қимылын шектей білу керек; қозғалысты орындаудағы уақытты ескеру керек.

Ерте жастағы топта дене шынықтыру бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде жүру (тепе-теңдік қалпын сақтап жүруді дамытатын), еңбектеу (өрмелеу), лақтыру, сырғанау және кейбір ойын және жалпы дамыту жаттығулары, сонымен қатар қимылды ойындарды қарастырады.

Көрсету мен түсіндіру жаттығуларды орындаумен бірге бір мезгілде өтеді. Тәрбиеші мүмкіндігінше жаттығуды балалармен бірге жасайды. Тәрбиеші әрбір балаға қажетті қимылдарды меңгерте отырып, оған төтенше үлкен қозғалыс қажеттілігіне тән қанағаттандыра алуларын қадағалау керек.

13. Дене мәдениеті сабақтарының құрылымы және мазмұның ерекшеліктері.

Дене мәдениетінің қызмет ету жүйесі дене тәрбиесі деп аталады. Тәрбие дегеніміз адамдардың мәдени қызметінің аясы, оларға мәдениет жетістіктерін беру, игеру және жетілдіру болып саналады. Дене тәрбиесі адамның дене сапаларын жетілдірудің педагогикалық жүйесі. Қозғала білуді, дағдыларды, арнайы білімді, қимыл-қозғалыс қабілеттерін, дене сапаларын дамыту және ағзаның құрылысы мен түрлерінің қызметін жетілдіру үшін дене тәрбиесі жүйесінде жан-жақты өңделіп дайындалған табиғаттың жаратылыс күштерімен және гигиеналық қозғаушы күштерімен үндескен дене шынықтыру жаттығуларының жиынтығы, яғни дене мәдениетінің қызмет ету жүйесі қолданылады. Дене тәрбиесінің міндеті әрбір адам өзінің мүмкіндігі жететін дене мәдениетінің мазмұнын игеруден тұрады. Сонымен, адам дене тәрбиесі арқылы дене мәдениетінің жетістіктерін өзінің жеке игілігіне айландырады (денсаулығын жақсартады, дене салаларын дамытады, спорттық шеберлігін жетілдіреді).

Дене мәдениеті- қоғамдық өмірдің өзге салаларымен байланысты, әртүрлі функциялар атқаратын күрделі қоғамдық құбылыс болып табылады. Сондықтан, адамның жан-жақты жарасымды жетілуіне негіз болып табылатын дене мәдениеті жөнінде айтқанда біздің назарымызды оның спицификалық маңызы - дене тәрбиесі, жеке адамды қалыптастыруда үлкен рөл атқаратын денені шынықтыруға ғана аударып қоймайды. Бұл дене тәрбиесін зерттеуші ғалымдар айтатындай, адамның дене тәрбиесін жетілдіруге бағытталған педагогикалық қызмет аясын ғана емес, сонымен бірге жеке адамның еңбек, мінез, ақыл, ой, эстетикалық, отан сүйгіштік, интернационалдық, саяси тәрбиесін де қамтуы тиіс. Ол мәдениеттің бір түрі ретінде қандайда бір дене көріністеріне жатқызылмауы керек, оның элементтерін тұтас күйінде білдіруі тиіс. Бұл, біз жоғарыда жасаған зерттеу феноменінің сан қырлылығы жөнінде жасаған қорытындылардың дұрыстығын дәлелдейді.