Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1-нса.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
32 Кб
Скачать
☆

23. Коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты қорғау білдіреді:

A. коммерциялық құпияны құрайтын қызмет түріне тыйым салуды

B. коммерциялық құпияны құрайтын заңды тұлғаның атауы, сәйкестендіру нөмірі және заңды мекенжайы туралы ақпаратты заңсыз алуға, таратуға не пайдалануға тыйым салуды

C. коммерциялық құпияны құрайтын ақпаратты заңсыз алуға, таратуға не пайдалануға тыйым салуды

D. коммерциялық құпияны құрайтын басшының тегі, аты, әкесінің аты туралы ақпаратты таратуға тыйым салуды

E. соттың заңды күшіне енген шешімі бар ақпаратты таратуына тыйым салуды

24. Дара кәсіпкерлік болып табылады:

A. азаматтар мен заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына негізделмей-ақ жүзеге асыратын дербес, бастамашыл қызметі

B. Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың және заңды тұлғалардың заңмен тыйым салынбаған таза кіріс алуға бағытталған бастамашыл қызметі

C. азаматтардың, оралмандардың және заңды тұлғалардың мүлікті пайдалану, тауарларды өндіру, сату, жұмыстарды орындау, қызметтер көрсету арқылы таза кіріс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына негізделген дербес, бастамашыл қызметі

D. Қазақстан Республикасы азаматтарының, оралмандардың таза кіріс алуға бағытталған, жеке тұлғалардың өздерiнiң меншiгiне негiзделген және жеке тұлғалар атынан, олардың тәуекел етуімен және мүлiктiк жауапкершiлiгiмен жүзеге асырылатын дербес, бастамашыл қызметi

E. азаматтардың, оралмандардың және заңды тұлғалардың жылдық орташа санына және жылдық орташа кірісіне қарай таза табыс алуға бағытталған, жеке меншік құқығына не шаруашылық жүргізу немесе мемлекеттік кәсіпорынды жедел басқару құқығына негізделген дербес, бастамашыл қызметі

25. Дара кәсіпкерлік жүзеге асырылады:

A. коммерциялық немесе коммерциялық емес түрінде

B. өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде

C. жеке немесе микрокәсіпкерлік түрінде

D. жеке немесе дара кәсіпкерлік түрінде

E. жеке немесе бірлескен кәсіпкерлік түрінде

26. Өзіндік кәсіпкерлікті жүзеге асырады:

A. бiр жеке тұлға өзiне меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негiзiнде, сондай-ақ мүлiктi пайдалануға және оған иелiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай

B. жеке тұлғалар тобы өздерiне ортақ меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негізінде, сондай-ақ мүлiктi бiрлесiп пайдалануға және оған иелiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай

C. дара кәсiпкерлер тобы өздерiне ортақ меншiк құқығымен тиесiлi мүлiк негізінде, сондай-ақ мүлiктi бiрлесiп пайдалануға немесе оған иелiк етуге жол беретiн өзге де құқыққа орай

D. бiр жеке тұлға ерлi-зайыптылардың ортақ мүлкiн пайдаланып

E. бiр жеке тұлға шаруа қожалығы нысанын пайдаланыла отырып

27. Бiрлескен кәсiпкерлiктiң нысандары:

A. ерлi-зайыптылардың ортақ бiрлескен меншiгi негiзiнде жүзеге асырылатын ерлi-зайыптылар кәсiпкерлiгi

B. жекешелендiрiлген тұрғынжайға ортақ бiрлескен меншiк негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсiпкерлiк

C. жеке кәсiпкерлiк ортақ үлестiк меншiк негiзiнде жүзеге асырылатын жай серiктестiк

D. шаруа қожалығының ортақ бiрлескен меншiгi немесе жекешелендiрiлген тұрғынжайға ортақ бiрлескен меншiк негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсiпкерлiк

E. барлық жауап дұрыс

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]