Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Информатика ответы.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172 Кб
Скачать
☆

3. Ақпарат ұғымына анықтама беріңіз.Н.Винер мен к.Шеннонның анықтамасын жазыңыз. Ақпараттың қасиеттерін топтастырыңыз

Жалпы түрде ақпарат дегеніміз – ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнелену. Жеке жағдайда ақпарат деп адамның қоршаған ортадан алатын мәліметтерін айтамыз. Олар бізді қоршаған объектілер туралы толық хабардар етіп, солар туралы мәлімсіздік, белгісіздік деңгейін азайтады. Ақпарат нақты дүние бейнесінің мәліметтер, хабарлар арқылы айтылуы. Тұрмыста ақпарат деп кез келген қажет болған мәліметті немесе хабарды айтады; Техникада ақпарат деп таңбалар мен символдар түрінде берілетін кез келген хабарды айтады; Кибернетикада ақпарат деп бағыт алу, екпін түрде әрекет ету, басқару үшін пайдаланылатын, яғни белгілі бір жүйені сақтау, дамыту, жетілдіру мақсатында қолданылатын білімнің бөлігі. Ақпарат термині латынның informatio – түсіндіру, баяндау деген сөзінен шыққан. Ақпарат туралы қазіргі ғылыми ұғымды кибернетиканың "атасы" Н.Винер өте дəл айқындап берді: ақпарат- сыртқы ортадан сезімдеріміз бен оған бейімделуіміз арқасында алынған түсініктерді белгілеу. Ақпараттық жүйенің құрылымын ішкі жүйелер деп аталатын жекеленген бөліктер құрайды. Қолдану саласына тәуелсіз ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын ішкі жүйенің жиынтығы ретінде қарастыруға болады. Бұл жағдайда классификацияның құрылымдық белгісін қарастырып, ал ішкі жүйелерді қамсыздандырушы ішкі жүйелер деп аталады. Жүйенің жалпы құрылымын мынадай қамсыздандырушы ішкі жүйелер құрайды: ақпараттық, техникалық, математикалық, программалық, ұйымдастырушылық және құқықтық

4Ақпараттың эем-де берілуі және өлшем бірліктерін атап көрсетіңіз

Ақпарат – нақты өмірді белгілердің және сигналдырдың көмегімен бейнеленуі. Компьютердің жадында сақталатын ақпараттың барлық түрлері-сөздер, сандар, суреттер, компьютер жұмысын басқару программалары-бəрі де екілік сандар тізбегі түрінде жазылады. Сондықтан есептеу тех-да 0 мен 1ден тұратын екілік сан таңбалары арнайы терминмен бит деп аталады да,ол ақпараттың өлшем бірлігі болып табылады. Бит-ағылшын тіліндегі bit (Ьіnагу digit-екілік таңба)деген қысқарған сөз. Компьютер пернелеріндегі 256 символдың кез келген біреуін кодтау үшін дəл осы сегіз бит қажет (256=28). ЭЕМ-де қолданылатын символдық таңбаларды бейнелейтін сегіз разрядты екілік санды "байт" (ағылшынның bуtе деген сөзінен)деп атау келісілген.Сонымен 1 байт бір-бірімен қатарласа орналасқан 8 биттен тұратын тізбек, бір символды белгілейтін код. Мысалы: Е → 10000101,/ → 00101111, 8 → 00111000 т.с.с. Іс жүзінде байттан үлкен мегабайт, гигабайт, терабайт өлшемдері де пайдаланылады.Ақпарат шамасының 3 түрі бар: құрылымдық өлшем, статистикалық өлшем, семантикалық өлшем.Статистикалық өлшем негізінде ықтималдық тəсіл қолданылады. Мұнда 1948 ж Шеннон ұсынған өлшем қолданылады. Мұндағы ықтималдық 0мен1 аралығынан мəн қабылдайтын шама, ол бір оқиғаның пайда болуының немесе пайда болмауының мөлшері. Оқиға бар болса-1, жоқ болса- 0 болады.• 1 Килобайт (Кбайт) = 1024 байт = 210 байт,• 1 Мегабайт (Мбайт) = 1024 Кбайт = 220 байт,• 1 Гигабайт (Гбайт) = 1024 Мбайт = 230 байт.Соңғы уақытта өңделетін ақпараттар көлемінің ұлғаюына байланысты, қолданысқа мынандай туынды бірліктер де ене бастады:• 1 Терабайт (Тбайт) = 1024 Гбайт = 240 байт,• 1 Петабайт (Пбайт) = 1024 Тбайт = 250 байт.