Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
регби.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
45 Кб
Скачать
☆

СанкциЯлар, наразылықтар және тәртіптік жазалар

Жарыстарды ұйымдастыру және өткізу комиссиясы Чемпионатты өткізу кезінде осы Регламент пен ережелерді сақтауды бақылайды және осы Ережеге сәйкес төрешілер аппаратының мүшелері мен ресми тұлғаларына, клубтар мен ойыншыларға тәртіптік санкциялық жазалар қолданылады. Территориалды ДШжәнеСБ Чемпионат ойындары өтетін спорттық ғимараттарда қауіпсіздік шараларын сақтау және көрермендердің тәртібіне толық жауапкершілік артады.

Наразылықтар

Матчты өткізу бөлігінде осы Регламентті бұзу ережелері немесе Ойын ереелерін сақтамауға байланысты фактілерге (әрекеттік немесе әрекетсіздік) наразылық берілуі мүмкін. Наразылықты СТК қарайды. Наразылықты беру және қарастыру тәртіптік регламентпен реттеледі. Наразылықтың көшірмесі ҚРРФ-ға жолданады. Наразылықты тек қана клуб немесе спорт ұйымы (спорттық мектеп) бере алады. Клубтың немесе спорт ұйымының (спорттық мектеп) наразылықтары уақтылы бермегенде, сондай-ақ 55 000 (елу бес мың)теңге мөлшерінде ҚРФ –тың есепті есебіне клуб немесе спорт ұйымы (спорттық мектеп) аударғаны туралы хабарламаны алып келмеген жағдайда қабылданбайды. Наразылықты негізді деп есептеген жағдайда, жарна Клубқа немесе спорт ұйымына (спорттық мектеп) толық көлемде қайтарылады, наразылықты негізсіз деп таныған жағдайда, Клубқа немесе спорт ұйымына жарна қайтарылмайды.

Нразылықтар:

- төрешілердің өкімінене;

- ойындар кестесіне;

- регби ережелеріне сәйкес төрешінің түсіндірмесі бар шешімге қабылданбайды.

Сондай-ақ наразылықтар қабылданбайды, егер оларға уақтылы қол қойылмаса немесе хаттамада болмаса, сондай-ақ алдын ала төлем жасамай және бейнежазбасыз берілген наразылықтар қабылданбайды.

Наразылықтар төреші-инспекторға жазбаша түрде және матч аяқталғаннан кейін бір (1) сағат аралығында беріледі, бірақ егер комиссияның ресми өкілі ойын аяқталған соң бірден наразылық беру туралы өтініш жасаған кезде ғана беріледі. Осы өтінішпен төреші-инспектор матч хаттамасында наразылық беру фактісі және оның типі туралы жазба жүргізеді. Наразылыққа ойынның бейнежазбасы және жарна қоса беріледі, ол туралы матч хаттамасында жазба жүргізіледі. Бейнежазба үзіліссіз (бүкіл матч кезіне) анық және даулы ойын сәттерінің барлық зонасын өамту керек, егер наразылық қанағаттандырылса, онда жарна командаға қайтарылады. Наразылықты турдың тәртіптік комиссиясы қарастыруы тиіс, оған:

- төреші-инспектор;

- ҚР РФ Атқарушы комитетінің өкілі;

- жаттықтырушы құрамынан өкіл (Чемпионатқа қатысушы команданың жаттықтырушыларының шешімі бойынша );

- турнирдің жетекші төрешісі кіреді.

Жаттықтырушы құрамының өкілі мен жетекші төреші наразылық берілген матчтың қатысушысы болмауы тиіс. Тәртіптік комиссия отырысында төреші-инспектордың немесе оның кез-келген мүшелерінің талабы бойынша осы мәселені талқылауға көмектесе алатын жарыстың қатысушылары шақырылуы мүмкін. Шешім ең көп дауыс арқылы қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, төреші-инспектор дауыс берге шешімге артықшылық беріледі. Тәртіптік комиссия қаулысының көшірмесі жазбаша түрде келесі күннің ойынына дейін 1 сағат бұрын наразылық берген команданың ресми өкіліне берілуі тиіс.

Тәртіптік комссияның шешіміне ҚР РФ Атқарушы комитетінің қазылар алқасына жазбаша түрде аппецялия беруге болады, қазылар алқасының құрамына:

- бірінші вице-президенті

- жарыстарды өткізу бойынша комиссияның председателі

- жаттықтырушылар кеғесінің председателі

- төрешілік коллегиясының председателі

Апелляция тәртіптік комиссияның шешімі шыққан күні берілуі керек. Аппеляциямен бірге жарна берілуі керек, ол туралы ойын хаттамасында жазба жасалады. Апелляция қабылданбағанда, жарна қайтарылмайды. Қазылар алқасының шешімі келесі турдың басталуына үш (3) күннен кешіктірілмей, бір ай ішінде қабылдануы тиіс. Шешім еі көп дауыс арқылы қабылданады және ол соңғы болып табылады.

Шағымдар мен өтініштер

Шағымдар мен өтініштерді жарыстың кез-келген қатысушысы ойын аяқталған соң, 3 сағат ішінде турдың төреші-инспекторының атына бере алады.

Шағымдар:

- әділетсіз төрелік етуге;

- біліксіз төрелік етуге;

- сөз жүзінде және физикалық жәбірлеуге;

- ұйымдастырушылық мәселелердің жаман шешіміне және т.б. берілуі мүмкін.

Матчты өткізу кезінде ойын моменттерімен байланысты барлық шағымдар мен өтініштер бейнежазбалармен ғана болуы тиіс. Шағым түріне қарай ол тікелей турдың төреші-инспекторы немесе турдың тәртіптік комиссиясының отырысында қарастырылуы мүмкін.

Осы шағым шешімінің көшірмесі жазбаша түрде және оны беру кезінен бір тәуліктен кем емес уақытта шағым берген адамға берілуі тиіс. Егер шағым түсірген тлға бұл шешіммен қанағаттанбаса, онда ол материалдарды жарыстарды өткізу комиссиянына карстыру үшін береді.

Тәртіптік жазалар

Ойыншыны немесе команданың ресми тұлғасын жазалау кезінде, бұл ойыннан шығаруды көздейді, ҚР РФ есебіне ақшалай қаражат аударуға міндетті, оның мөлшерін ҚР РФ айқындайды. Ақшалай қаражаттарды аударуға жауапкершілік команданың ресми не артылады. Осы тқлғалар Чемпионаттың ресми ойындарына қатысуға ҚР РФ есебіне ақшалай қаражат аудармайынша құқығы жоқ.

Клуб осы Ереженің талаптарын орындамаған жағдайда, ҚР РФ Атқарушы комитеті ақшалай қаражаттың сомасын он еселік мөлшеріне дейін қлғайтуға құқығы бар. Ойыншылардың тәртіптік жазасы осы кезеңде кай командаға шығатыны тәуелсіз, ойын жылы аралығында жинақталады. Команданың дисквалифицирленген ресми тұлғалары жазаны өтегмегенге дейін, қосалқы ойыншылардың орындарында отыра алмайды және өз командасын басқара алмайды. Ақшалай қаражаттарды төлегеннен басқа, бірінші дисквалификация алған команданың ресми тұлғалары кезекті ойынды өткізеді, екінші дисквалификация алғанда – ұш кезекті ойынды, үшіншісін алғанда – ҚР РФ Атқарушы комитетінің шешімі бойынша бес ойыннан он ойынға дейін.

Егер команданың ресми тұлғалары дисквалификациядан кейін спортттық емес мінез-құлық көрсетсе, мысалы дисквалифицирленген команданың жаттықтырушысы өз командасын ойын кезінде (командалық тайм-аутты қосқанда) басқаруды тоқтатпаса, онда алаңдағы төреші мен төреші инспектор оларды жарыстың өту жерінен шығаруға шаралар қадылдауға міндетті. Қарсы жағдайда, төреші – инспектор дисквалифицирленген жаттықтырушы басқарған команданы жеңілді деп есептеп, ойынды тоқтатуға міндетті.

Айырмашылығы 30 ұпайдан астам жеңілген команда құрамында ойнауға құқығы жоқ ойыншы ойынға қатысқан жағдайда, оған осы нәтижемен жеңіліс есептеледі, басқа жағдайларда бұл командаға 0:30 есебімен жеңіліс есептеледі, ал қарсылас командаға 0:30 есебімен жеңіс есептеледі. Бұдан басқа ойыншы бір ойынға дисквалификацияға жатады, ал Ережені бұзғаны үшін аталған ойыншы команданың ресми өкілі 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.

Егер матчқа қатысу құқығы жоқ ресми тұлға қатысқан жағдайда, ол бір ойынға дисквалифицирленсе, ал Ережені бұзғаны үшін команданың осы өкілі мен төреші – инспектор . Командалардың спорттық емес мінез-құлықтарын болдырмау үшін тәртіптік комиссия команданы дисквалифицирлеуге дейін қосымша шараларды қабылдауға құқылы. Аталған шешім ҚР РФ Атқарушы комитетінің қазылар алқасы қарастырғаннан соң, күшке енеді.

Матчтың жалғасынан бас тартқан және ойын аяқталға дейін алаңнан кетіп қалған команда Чемпионатқа кейінгі қатысудан босатылады. Команда тиесілі клуб немесе спорттық ұйым (спорт мектебі) Ережені бұзғаны үшін, 100 000 (жүз мың) теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.

Егер команда Чемпионаттың кез келген турына дәлелсіз себептермен (ақшалай қаражаттың болмауы дәлелді себептерге жатпайды) келмесе, онда осы бұзушылық үшін команда тиесілі клуб немесе спорттық ұйым (спорт мектебі) Чемпионатқа кейінгі қатысудан босатылады, осы команданың қатысуын ҚР РФ Атқарушы комитетінің отырысында қарастырылады.

Егер команда турдың аяқталуынан бұрын кетіп қалса, оған осы турдың барлық ойналмаған матчтарында 0:30 есебімен жеңіліс есептеді.

Ойыншылардың, команданың ресми тұлғаларының, төрешілердің және т.б. матчтың алдында немесе аяқталған соң, дөрекілік көрсеткен жағдайда, оқиғада жазалы адамдар тәртіптік жазаға тартылады, ал команда тиесілі клуб немесе спорттық ұйым (спорт мектебі) Ережені бұзғаны үшін, 20 000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.

Алаңдағы төрешілерге, төреші-инспекторға, ҚР РФ Атқарушы комитетінің өкіліне және жарысқа қатысушылар жағынан төреші-хатшыларына қатысты зорлық көрсету актілері тәртіптік жазаға тартылады, ал команда тиесілі клуб немесе спорттық ұйым (спорт мектебі) Ережені бұзғаны үшін, 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде айыппұл төлеуге міндетті.

Құрама командалардың іс-шараларына шақырылған спортсмендер клубтары келмесе немесе кешігіп келсе, бұзушылық үшін 50 000 (елу мың) теңге мөлшерінде айыппұл төлейді, сонымен қоса:

- ескерту;

- дисквалификация алады;

- 3 ойыннан 10 ойынға дейін ҚР Чемпионатынан босатылады;

- құрама команда құрамынан шығарылады.

РЕГБИ