- •1.Әлеуметтік антропологияның зерттеу пәні және адам туралы толық білімді қалыптастырудағы оның атқаратын рөлін сипаттаңыз
- •2 Антикалық философтардың адамның мәні туралы ойларының әлеуметтік маңызын дәлелдеңіз
- •7.Аралас антропологиялық типтер, олардың қалыптасуына әсер ететін факторларға социологиялық тұрғыдан талдау жасаңыз
- •8. Нәсілдік антропологиялық мектептің теориялық тұжырымдарына сипаттамалық талдау жасаңыз
- •9. Медициналық антропология, негізгі мәселелерін бөліп көрсетіңіз
- •10 К.Леви-Стростың әлеуметтік антропологияның зерттеу пәні туралы ойларына түсініктеме беріңіз.
2 Антикалық философтардың адамның мәні туралы ойларының әлеуметтік маңызын дәлелдеңіз
Адам мәселесі философияның аса маңызды өзекті мәселелерінің бірі. Қазіргі заманғы философиялық антропология бір-біріне қарама-қарсы көптеген мектептер мен ағымдардан тұрады. Антропогенез мәселесі. Адам өте күрделі біртұтас жүйе, өз кезіңде одан да күрделі екі жүйенің (биологиялық және әлеуметтік) құрамдас бөлігі болып саналады. Бұл дегеніміз, адам тек қана биологиялық емес, сонымен бірге әлеуметтік тіршілік иесі болып табылады. Сонда адам тарихи жолмен биоәлеуметтік тіршілік иесі ретінде қалайша қалыптасты екен? Бұл сұрақ антропогенез мәселесінің мәні деуге болады. ХІХ ғасырға дейін еуропалық мәдениетте теистік антропологиялық концепция басым болды. Мұнда әлем мен адамның діни тұжырымдамасы қарастырылады. Дүниенің думуы мен тарихы жоқ. Дүние мен адамды жаратқан күш – Құдай. Дүние мен адамның шығуы мен дамуын бұл теория ғылыми жолмен түсіндіріп бере алмады. ХІХ ғасырда антропогенез мәселесінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне мүмкіндік туа бастады. Эволюциялық теория дүниеге келді (Ч. Дарвин). Адамның шығуы мен қалыптасуын биологиялық заңдарға сүйене отырып түсіндіруге тырсты. Бір кемшілігі - әлеуметтік факторлары қарастырмауы. Ф. Энгельс антропогенездің еңбек теориясын ұсынды. Бұл теория бойынша еңбек биологиялық заңдарды жоққа шығармайды, керісінше түрлендіреді, нығайта түседі. Сөйлеудің, тілдің, мидын, ой-сананың дамуын осы еңбекпен байланыстырады. Адамның мәні туралы мәселе адам туралы ілімнің өзегі болып табылады. Ойшылдар адамның мәні ретінде оның ерекше бір қасиеттерін алып қарасты. Қазіргі заманғы ғылым бойынша адамның тарихи болмысы мен дамуының негізін құрайтын субстанция – бұл әр қашанда қоғамдық өндіріс аясында жүзеге асатын адамдардың еңбек қызметі. Адам тікелей немесе жанама түрінде қоғамдық қатынасқа тұрмай еңбек ете алмайды. Қоғамдық өндіріс пен еңбектің дамуымен бірге адамдардың қоғамдық қатынастары да дами түседі. Бұл қоғамдық қатынастар жүйесін индивид қаншама дәрежеде игереді, бойына тоқиды соншама оның өзіндік дамуы жүреді. Сондықтан, К. Маркс Фейербахты адам туралы абстрактілі ой үшін сынай келе былай деген болатын «адамның мәні жеке индивидке тән абстракт емес. Шың мәнісінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады». Мұнда барлық қоғамдық қатынастар (материалдық және идеалдық, қазіргі және өткен) жүйесі жайында сөз болып отыр. Бұл тұжырымның методологиялық маңызы ерекше, өйткені адамды тұрпайы-материалистік, не идеалистік, не дуалистік тұрғыдан түсінуге болмайды, оны диалектикалық тұрғыдан дұрыс түсіне аламыз. Адам бір сәтте өндіруші де, саналы да, мәдени де, өнегелі де, саяси да т.б. тіршілік иесі болып келеді. Ол, азба көппе мөлшерде қоғамдық қатынастар жүесін бойына тоқиды, сіңіреді, сойтіп барып өзінің әлеуметтік мәнің жүзеге асырады. Мәселенің басқа бір қыры – адам тарихи процестің жемісі. Қазіргі замңғы адам ауадан пайда болған жоқ, ол, қоғамдық-тарихи процестің нәтижесі. Басқаша айытқанда адам және адамзат бір болып саналады. Бірақ адамды қоғам мен қоғамдық қатынастардың нәтижесі деп біржақтылы сипаттауға болмайды. Адамды сол қоғамдық қатынастардың жасампазы екендігінде ұмытпауымыз керек. Сонда ол, бір сәтте қоғмдық қатынастардың субъектісі мен объектісі болып танылады. Адамда субъекті мен объектінің бірлігі, теңдігі орын алады. Адам мен қоғам арасында диалектикалық байланыс бар: адам – бұл микроқоғам, қоғамның микродеңгейде көрініс табуы, қоғам – бұл адам, бірақ өзінің қоғамдық қатынастарындағы.
Сократ (б.з.б.469-399 жж.) жасында мүсіншілікпен айналысқан, кейін философ, қоғам қайраткері. Сократ софистер бастап бірақ аяқтай алмай кеткен адам туралы ілімге ерекше назар аударды. Таным мен философияның негізгі мәселесі адам болуы керек. Негізгі принципі «Өзіңді өзің таны». Екінші қағидасы «менің білетінім – менің ештеме білмейтінің, ал басқалар мұны да білмейді». Сократ философиясның негізгі тақырыбы – этика. Адам жаны «Мен танушымын» деген бағыттағы және ол парасатты және адамгершілікті. Адамның мәні оның жанында, «жан -тәнді құраушы». Сократ жандағы ұжданның маңызын ерекше көрсетті, «ішкі дауыс» ретінде «даймонион» деп атады және ол ақиқатқа жетудің негізі болып табылады. Материалды дүниені тануға байланысты агностик болған, оны толығымен тануға болмайды, бірақ адам жанын тануға болады, бұл философияның пәні болып табылады. Слкрат философиясының негізгі мақсаты адам әрекетінің адамгершілік негіздерін ашатын философиялық әдісін табу. Философия тарихында Сокракттың адамды тану және рухани дүниесін ашу үшін пайдаланған әдісі өте бағалы, ол маевтика деп аталады. Онымен ол ойлау процесіндегі индуктивті әдістің ашылуына жол ашты, анықтаушы ұғымдарды тудыруда ерекше құнды. Сократ қортынды жасау өнеріне үйретті, ол жалпы ұғымдарға дұрыс анықтама бере білуге көмектеседі. Ол әңгімелесу формасында өтілді, шәкірттері білетін ұғымдарының анықтамасын жасауға үйренді. Сонымен, Сократ оларды логикаға үйретті. Сократа ілімі ертедегі Грек жеріндегі этикалық мектептердің пайда болуына ықпал етті. Мысалы, олар: Гедондық мектеп Аристипп, Эпикур мектебі – Эпикур, Киникалық мектеп Антисфен, Стоиктер мектебі – Сенека, Марк Аврелий, Мегар мектебі, Платона академиясы - Платон Сократтың дана шәкірті, ізбасары, оның философиялық ілімін жүйелеуші Платон (б.з.б. 427-347 ж.ж.) атақты және аса ауқатты жанұядан шыққан.Шығармашылық жолы үш кезеңнен тұрады. 1-ші кезеңі – Сократ шәкірті, оның идеясын насихатаушы. 2-ші кезең – Сократ ықпалынан бірте-бірте босанып шығып өз жүйесін негіздеуге ұмтылған кезеңі. 3-ші кезең - философиялық жүйесі толығымен анықталып, объективті идеализмі толығымен қаланды. Платонның филосоиялық ілімінің орталығы эйдос (идея) теориясы болды. Платон бойынша идея адам ақылымен байланысты ұғым емес. Идея барлық заттардың негізі, мәні, себебі. Ол объективті, тәуелсіз, салыстырмалы емес, денесіз, мәңгі, сезімдік қабылдауға келмейтін, тек ақыл арқылы танылатын бастама. Идея заттар болмысының түпнегізі, олардың идеалды бейнесі сипаттас, Демиург (жаратушы) сол арқылы нақты сезімдік заттарды жасайды. Сезімдік заттар оның көлеңкесі, көшірмесі, заттар идеялардың анықты үлгісі Аристотель шығармашылығын үшке бөліп қарастыруға болады: теоретикалық – болмыс мәселесін, барлығының пайда болу мәселесін қарастырған; практикалық – адам әрекеті, мемлекет құрылымы мәселесін қарастырған;поэтикалық Аристотель бойынша адам жанында екі түрлі бөлгі бар: жануарлық және ақылды. Ақыл – индивидуалдылыққа жатпайтын, жалпылық, өзгермейтін және мәңгі. Ақыл барлығына ортақ, оның индивидуальды ерекшеліктері болмайды. Ол тәндік процестермен байланысты емес, жан тек ақылды бөлігінде ғана ажалсыз.
Адамның шыққан тегі туралы проблема адам баласын барлық уақытта бірдей қызықтыратын сұрақ. Бұл табиғаттанудың негізгі сұрағы және оны шешудің дүние танымдылық маңызы бар. Адамның адам болуы туралы идиологиялық күрес ертеден келе жатқан көзқарас. Адамның табиғи пайда болуы туралы көзқарасты материалистік тұрғыдан ған түсіндіруге болады. Материалистік көзқарас Римнің натурфилософы Лукреция Караның «Зат тұрғысы» - «О природе вещей» атты шығармасында берілген. Рим дәрігері К.Гален адамға ең жақыны маймыл деп, оның анатормиясын зерттеген. 1619 жылы Италиян философы Лючилио Ваниниді адам маймыл мен туыстас дегені үшін өртеп өлтірілді. Адам жануарлар дүниесіне жатады деген ұғым зерттеушілердің ойында болғанымен, оны сол кездегі діннің дамуына байланысты идеалистік көзқарасқа қарсы шығу мүмкін болиады. Бірінші болып жануарларды жіктеудің негізін қалаған К.Линней, түр өзгермейді деген ұғымнан таймаған. Ол «адамды жаратушы құдай» деген ұғымнан таймаған. Ол адамдарды приматтар отрядына, сүтқоректілер класына жатқызған. Осы отрядқа Линней, маймыл мен жартылай маймылдарды да кіргізген. К.Линнейдің ұсынысы бойынша адам туыстық және түрлік атаққа ие болды (Homo sapiens – человек разумный – ақалды адам). ХVІІІ ғасырда адам маймылдардан шықты, деген ұғымды қолдағандардың бірі орыс натуралисті Афанасий Каверзанов болатын. Ол өзінің «жануарлардың қайта қалыптасуы» деген кітабында (1778) барлық жануарлардың шыққан тегі біреу және олар бір-біріне сыртқы бейнесі ұқсамағанымен олардың ішкі мүшелерінің құрылысында таңқаларлықтай ұқсастықтар бар деген.
3 Мәдениет және өркениет ұғымдарының арақатынасына салыстырмалы талдау жасаңыз Мәдениет пен өркениет Мәдениет ұғымын тереңірек түсіну үшін, оған мағыналық жақындығы бар кейбір басқа ұғымдармен арақатынасын қарастырып өтейік. Осы сипатта біздің зердемізге бірінші түсетін үғым — өркениет. Өркениет (цивилизация) семантикалық жағынан алғанда (латын тілінің — «civilis» сөзі) азаматтық дегенді білдіреді. Римдіктер бұл үғымды «варварлықтар» деп өздері атаған, басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Яғни, «өркениет» олардың түсініктері бойынша азаматтық қоғамы, қалалық мәдениеті, заңға негізделген басқару тәртібі бар Рим империясының даму дәрежесін білдіреді. Ғасырлар бойы қалыптасқан осы екі үғымның мағыналарын төмендегідей топтастыруға мүмкіндік бар: • 1. Мәдениет пен өркениет бір. Олар синонимдер (И. Гердер, Э.Б. Тайлор). • 2. Өркениет — мәдениеттің ақыры, оның кәрілік шағы, руханилықтың антиподы (Ж.Ж. Руссо, Ш. Фурье, О. Шпенглер). • 3. Өркениет — мәдениеттің прогресі, болашаққа бой сермеуі, қоғамның парасаттылық деңгейі (Ф. Вольтер, Д. Белл). • 4. Өркениет — тағылық пен варварлықтан кейінгі тарихи-мәдени саты (Л. Морган). • 5. Өркениет — этностар мен мемлекеттерге тән мәдениеттің оқшау түрі (А. Тойнби, Н.Я. Данилевский және т.б.).6. Өркениет мәдениеттің техникалық даму деңгейі, оның материалдық жағы.Бұдан көретініміз, мәдениет пен өркениет бір-бірімен байланысты ұғымдар екен. Мәдениеттанушы Г. Чайлдтың пікірінше, өркениетке еңбектің қоғамдық жолмен бөлінуі, қалалардың пайда болуы, жазбаша мәдениеттің дамуы, қолөнер мен сауданың өркендеуі, азаматтық қоғам мен мемлекеттің орнауы жатады. Мәдениетті тұлғалық сипатта қарастырғанда, бірнеше елеулі түсініктерге тоқтала кету қажет, олардың ішіндегі маңыздылары: мәдени әрекет, мәдени орта, мәдени игіліктер мен қажеттіліктер және мәдени ұйымдар мен ұжымдар. Бүлардың арасында ең түбегейлісі — мәдени әрекет. Әрекеттену — жалпы адам мен қоғамның өмір сүру тәсілі, тіршіліктің тірегі. Мәдени әрекет деп, әдетте, мәдениет игіліктерін өндіруге, таратуға, тұтынуға бағытталған мақсатқа сәйкес әлеуметтік іс-қимылдарды атайды. Мәдени игіліктерді толассыз жасау нәтижесінде адам өзінің де мәдени деңгейін көтереді. Осы әрекеттің қайнары, түпкі қозғаушы күші ретінде ғылым адамның талап-мұқтаждарын, мәдени қажеттіліктерді бөліп қарастырады. Осылардың қатарына біз мынандай адамдық қажеттіліктерді жатқызамыз: өмірдің мәні мен мағынасын іздеу, өмірден өз орнын табуға ұмтылу, шығармашылыққа талпыныс, альтруизм, гумандылық және тағы басқалары. Мәдени орта ұғымы мәдениеттің коммуникациялық (қатынастық) табиғатымен тығыз байланысты. Мәдени орта заттық-материалдық, әлеуметтік ұйымдар мен ұжымдардан, рухани қызмет орындарынан тұрады. Оларға техника мен қүрал-жабдықтардың даму деңгейі, тұрмыстық мәдени дәрежесі, адамдардың білімділігі, кәсіптік шеберлігі, рухани мәдениетті сақтау және насихаттау ұйымдары (мұрағаттар, мұражайлар, кітапханалар, клубтар және тағы басқалар) жатады.Қайсыбір ұлттық мәдениетті алсақ та, ондағы салт-дәстүрлер жүйесіне бірден назарымыз ауады. «Салт-дәстүр, — дейді белгілі философ Гердер, — тіл мен мәдениет бастауларының анасы» (И.Г. Гердер. Идеи к философии истории человечества. Москва, 1977, с. 252). Мәдениет өзінің кең мағынасында бір ұрпақтың келесі ұрпаққа жолдаған өмір сүру тәсілі болғандықтан, осы жалғастықты, мұрагерлікті жүзеге асыратын салт-дәстүрлер жүйесі мәдениет өзегін қүрастырады. Әсіресе, жазу-сызу болмаған ерте заманда мәдениет ырымдар мен сәуегейлікке, . сенім-нанымдарға, дәстүрлі түсініктерге иек артқан. Ал салт-дәстүрлерге Ғұзыхан Ақпанбет мынандай баға береді: «Олар — терең философиялық ойдың, ғасырлар бойы жинақталған тәжірибенің сұрыпталған түжырымы, негізгі нәрі, қысқа да көркем бейнесі». Ғасырлар бойы күнделікті іс-тәжірибе негізінде сұрыпталған жазу-сызу мен азаматтық қоғам өлі жоқ кезде қалыптасқан салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар мәдени мирасқорлықтың жалғыз мүмкіндігі болды. Ескі ырымдар мен әдет-ғұрыптардан надандық, анайылықты емес, қазіргі үлттық мәдениеттердің архетипін аңғарған жөн. 4.Әлеуметтік антропологияның теориялық және практикалық құндылығына қатысты эссе жазыңыз
Құндылықтар ортақтығы немесе әртүрлілігі адамдарды ортақ мақсаттар үшін біріктіретін, ал мақсаттары сәйкес келмеген жағдайда жіктеуді жүзеге асыратын негіз болып табылады. Осылайша, әлеуметтену процесінде қандай да бір құндылықтарды игеру, іс-әрекет барысында және қарым-қатынаста қолдану әлеуметтік жүйенің құндылықтарының сипаты оның әлеуметтік агенттіктерінің мінез-құлықтарын айқындайды. Аксиологиялық тәсіл тікелей мазмұнды талдауға көңіл бөліп ,оның шығармашылық негіз екеніне басты назар аударады. Мәдениет саласын зерттеуші әлеуметтанушы бұл бағытты нназардан тыс қалдырмайды. Соған қарамастан, бұл тәсілдің де бірқатар кемшіліктері бар екендігіне көңіл аударған жөн. Біріншіден, бір ғана мәдени тұтастық шеңберінде құндылыққа қатысты түрлі түсініктер мен құндылық бағыттыр орын алуы мүмкін. Екіншіден, құндылықтар қақатысын шешу құндылықтар жүйелерініің қақтығысынан тыс тұрған өлшемдерге көңіл аударуды талап етеді.
5. Салыстырмалы әдістің әлеуметтік антропологияда қолданылу ерекшелігін көрсетіңіз Салыстырмалы әдіс. Фактілерді бір-бірімен салыстыра тексеру –ғылыми зерттеу атаулының бәріне де қажетті тәсіл. Сондықтан бұл әдіс барлық ғылымдарға тән, ортақ тәсіл деп есептеледі. Салыстыру тек ғылыми зерттеуде ғана емес, әр түрлі тілдерді үйрену, оқыту істерінде, салыстырмалы сөздіктер жасауда да кең қолданылады. Салыстыру арқылы салыстырып отырған айқындалады. Салыстырудың жолдары, одан шығатын қорытынды, көздеулердің түпкі мақсаты - әр ғылымда әр басқа болуы мүмкін. Сондай өзгешелік тіл білімінде қолданылатын салыстырмалы әдісте де бар. Басқа ғылымдарда қолданылатын салыстырулардан өзгешелігін айтпағанда да, бұл әдістің бір ғана тіл білімінде қолданылуының өзінде де әр түрлілілк аз емес. Ондай әр түрлілік салыстырылатын фактілердің ерекшеліктерінен, салыстырудан күтілетін нәтижелерден, көзделетін түпкі мақсаттан туады. Салыстырылатын фактілер әр түрлі тілдерден алынуы да бір тілдің өз фактілері болуы да мүмкін. Сондай-ақ, салыстырылатын әр түрлі тілдер өзара туыстас, төркіндес тілдер болуы да, бір-бірімен ондай жақындықтары жоқ тілдер болуы да мүмкін
Салыстырмалы әдісті Радклиф - Браун, ал одан кейін профессор Гинсберг қарастырғандықтан оны әрі қарай талқылаудың қажеті жоқ деп ойлауға болар еді. Шынында да осы іске кіріскен бойда соңғы жылдары бұл мәселе соншалықты көп жазылғандығын ұқтым. Көп жаңа нәрселер немесе жалпы жаңалық айтам деуге менде ешқандай үміт жоқ-ау деп қорқам. Берілген әдістің белгілі - бір сыни шолуынан сіз шүбәсіз таба алатын кейбір сәттерді, мен тек қана ажырата алам және
өзімнің жеке көзқарасымды білдіре аламын. Бұл жерде қамтылған мәселелердің
ұстанымды және шешуші мәні зор болғандықтан, менің кешірім сұрауым осымен
аяқталады.
Негізінде мен салыстырмалы әдістің тарихи шолуымен көбінесе біздің елді қарастырумен шектелемін. Оған қоса мен өзімнің шолуымды оны қолданудың бірнеше ғана мысалдарымен шектелемін (соның ішінде, сіздердің естіп қалармын деген — Фрезер,
Макс Мюллер және Вестермак есімдері - бұл жерде еске түсірілмейді). Бұл әдісті
толығымен қарастыру антропологияның барлық әдебиетін қамтып шығу болар еді,өйткені кеңінен қарағанда антропологияда басқа әдіс жоқ. Салыстыру, сөз жоқ, кез келген ғылымда ең маңызды рет - жосықтардың (рәсімдердің) бірі және адамдық ой-өрісінің үстірт үрдісінің бірі болып келеді. Жөне де әлеуметтік институттар туралы жалпы ой-пікірлерді айтып салу қажеттілігі қоғамдардың кең ауқымды спектрінде ғана олардысалыстыру арқылы іске асуы мүмкін екені анық
Бұл бұрын-ақ құпталған болатын және кейіннен салыстыру әдісі ретінде белгілі болып танылған рәсімді кезінде мемлекеттік құрылымның әртүрлі нысандарын зерттеу барысында Аристотель іске асырды, одан кейін басқарушылардың билікті сақтап не одан айрылып қалатын (саясат өнері) жағдайларын зерттеу барысында Макиавелли пайдаланды және басқарудың (бүгінгі күнде үстемдіктің ең жоғарғы тұрпаты болып танылатын) әртүрлі нысандарымен аралас пайдаланылған әртүрлі институттарды, құндылықтарды,сезімдер мен ішкі жағдайларды зерттеу барысында Монтескье қолданған болатын.
Антропологиялық зерттеу әдістері. Антропологияның зерттеу аймағы – адам денесі. Ол антрополгиялық және медициналық аймақ болғанымен, олар бірдей емес. Антропологтар бірқатар сапалық белгілерді (антропоскопия) және адам денесінің сандық көрсеткіштерінің (антропометрия) ерекшеліктерін суреттейді. Антропологиялық әдістер арқылы морфологиялық және физиологиялық көрсеткіштерді талдайды. Антропологиялық зерттеулердің нәтижелері сот медицинасында, хирургияда т.б. практикалық медицинада өте кең және жиі қолданылады. Мысалы, киім тігуде, үй жиһаздарын дайындауда және станоктарды құрастырудың стандарттарын белгілейде де маңызы бар. Антропоскопиялық әдіс пен антропометриялық әдіс, бірін-бірі толықтырып отырады.
6. Адам туралы конфуций ілімінің мәнін түсіндіріңіз. Бұл ілімнің негізгі құндылықтарын топтастырып көрсетіңіз. КОНФУЦИЙ ІЛІМІНДЕГІ ЕҢ ЖОҒАРҒЫҚҰНДЫЛЫҚ – АДАМ ИГІЛІГІ Әр ұлттың салт-дәстүрі өмір сүріп жатқан елінің саяси-экономикалық, жағрафиялық және қоғамдық қатынастарының негізінде қалыптасты. Салт-дәстүрдің даму бағытында діни наным-сенімдер пайда болады. Бұл өте күрделі үдеріс болғандықтан, күні бүгінге дейін әлем халықтары арасындағы түрлі діндер ортақ құндылықтарға ойыса алмай отыр. Бірақ бір шындықты мойындау керек: адамзаттың бақытты өмір сүруін ойлап, бүкіл саналық қуатын сол бағытқа жұмсаған ойшылдар тақуалық деңгейде өздерінің туған халқы тарапынан құрметке ие болып келеді. Олардың қатарында Шығыстың ғұламалары Заратуштра мен Конфуцийді атап көрсете аламыз. Заратуштра адами қасиеттің жақсы мінез, жақсы іс және жақсы сөз арқылы қалыптасуын айтады. Ақыретте жұмақ пен тозаққа сенген. Конфуций болса «дүниеауи болмыста қайырымды және зиянды екі рух адам баласының бағы не соры болады» деп сендірген. «Өлімнен кейін өмір бар ма?» – деген сұраққа, Конфуций: «Біз бұл өмір туралы еш нәрсе білмей жатып қалай өлім мен өлімнен кейінгі өмірді тани аламыз?» – депті. Сол үшін оның бар күш-қуаты бұл өмірдің жұмбақтарын шешуге жұмсалған. Осы орайда жұмыс беруші мен жұмысшы, ерлі-зайыпты, аға-іні, достық қатынастар заңдылықтарын анықтауда өзінің философиялық ойларын мұра етіп қалдырды. Кун-фу-цзының ілімінше ең жоғары жаратушы күш-аспан. Ол жерде әділеттік болуын қадағалап отырады. Ал қоғамдағы теңсіздік, әр түрлі сатыдағы топтардың болуы ол- әділеттілік. Олай болса, аспан (көк) осы теңсіздікті қорғайды. Кун-фу-цзының қарастырған негізгі мәселесі- адамдар арасындағы қарым-қатынас, тәрбие мәселелері. Осыған орай ол мынадай ұғымдарға көбірек көңіл бөледі. Олар: «тең орта», «адамгершілік» және өзара «сүйіспеншілік». Осы үш ұғым бірігіп келіп «дао» («дұрыс жол») құрайды. Әр адам осы даоның жолымен өмір сүруі қажет. «Тең орта» - адамдардың сабырсыздық пен сақтықтың арасындағы іс-әрекеті. Өмірде мұндай ортаны ұстап, іс-әрекет жасау оңай емес, себебі адамдардың көпшілігі сабырсыздық көрсетсе, бір тобы тым сақ келеді. Ал адамгершілік негізі – «жэнь» - ата-анасын құрметтеу және үлкен ағаларын сыйлау, жалпы алғанда үлкендерді сыйлау. Кімде кім шын жүректен адамгершілікке ұмтылса, ол еш уакытта жамандық жасамайды. Ал өзара сүйіспеншілік арқылы қарым-қатынас, конфуцийшылдық әдептілік туралы ілімнің негізгі өзекті ұғымы. Бұл әдептілік қағидасы бір сөзбен айтқанда: «Өзің қаламайтын нәрсені басқа біреуге жасама», дегенге сацып келеді. Атал.ан әдептілік қағидаларын «текті адамдар» (цзюн-цзы) ғана басшылыққа алып, іс-әрекет жасайды. Конфуцийшылдар өздерінің шығармаларының көбінде осы «текті адамдарға» қарапайым адамдарды қарсы қояды. «Текті адам» - заң мен парызды басшылыққа алса, қарапайым адам қалай тиімді орналасып, пайда тапсам деп ойлайды, текті адамға үлкен маңызды шаруалар тапсыруға болса, қарапайым адамдарға ондай тапсырма бере алмайсын, оларға тек қана ұсақ-түйек тапсыруға болады; текті адам басқалармен келісімді жағдайда өмір сүрседе, олардың артынан ермейді, өзінің жолын ұстайды, ал қарапайым адам жұртпен келісімді өмір сүрмесе де, солардың айтқанын істеп, артынан жүруге дайын тұрады. «Текті адам» тек қана этикалық ұғым емес,ол саяси ұғымда. Ол халықты басқарады. Ал басқарудың негізгі қайнар көзі – басшының өз басының әдептілік қасиеттерін өзінен төмен тұрғандарға мысал ретінде көрсету. Егер басшылар «дао» жолымен жүрсе, онда халық оларға қарсы келмейді. Кун-фу-цзы барлық нәрсе өзгерісте болады, уақыт тоқтамай өтіп жатады деседе, қоғамдық өмірге келгенде, ондағы қалыптасқан жағдайлар қаз-қалпында дамуы керек деп есептейді. Сондықтан, билеуші-билеуші, шенеунік-шенеунік, әке-әке, бала-бала болып, аттарына байланысты емес, шын мәнісінде қалулары керек. Ал оларда күтпеген жерде кездейсоқ өзгеріс бола қалса, ол тез арада өз қалпына келуі керек. Билеуші – әке, халқы – оның балалары. Осы тұрғыдан мемлекет басқарылуы керек. Демек, білу дегеніміз табиғатты емес, адамдарды танып білу деп есептейді. Кейбір адамдарға туа біткен білім тән болғандықтан, олар басқалардан жоғарырақ тұрады.
