- •Қазіргі экономиканың даму кезеңінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын орындаудағы сауданың рөлі.
- •Материалдық жауапкершілік ұғымы; саудада қолданылатын материалдық жауапкершіліктің негізгі белгілері.
- •Тауарларды саны мен сапасына қарай қабылдау.
- •Бөлшек сауда орындарындағы тауарды қабылдау ерекшеліктері.
- •Материалды емес активтер есебі.
- •Түгендеу тексерістері.
- •Штрих-кодтар бойынша тиімді есептілік.
- •Саудада тауарларды жоғалтулар.
- •Тауарларды арзандату және қайта бағалау.
- •Жеткізушінің ілеспе құжаттары, олардың түрлері және тағайындалуы.
- •3. Тауарлы – материалдық қорларды босатқанда рәсімделетін құжаттар.
- •Еңбекке ақы төлеудің формалары (нысандары) мен жүйелері.
- •Еңбекақы есептеудің құжаттық рәсімделуі.
- •Өткізу бойынша шығындар есебі.
- •Жалпы және әкімшілік шығындар есебі.
- •Сыйақы түріндегі шығындар есебі.
- •Экспорттық-импорттық операциялар есебі.
- •Қолма-қолсыз есеп айырысу есебінің формалары және есеп айырысу құжаттарының рәсімделу реті.
- •Күмәнді берешектер бойынша резервтер есебі.
- •Негізгі қызметтен түскен табыстар есебі.
- •Негізгі емес қызметтен түскен табыстар есебі.
- •Жиынтық пайда мен бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) есебі.
- •34 Жане 35. Бөлшек жане котерме сауда субъектілеріндегі тауарлар есебі.
- •Қазіргі экономиканың даму кезеңінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатын орындаудағы сауданың рөлі.
- •Саудадағы шаруашылық есептің міндеттері.
Жиынтық пайда мен бөлінбеген пайда (жабылмаған залал) есебі.
Пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде міндетті түрде кезең ішінде мынадай сомаларды көрсететін кем дегенде мынадай желілік баптар болуға тиіс:
- табыс
- қаржыландыру жөніндегі шығындар
- қауымдасқан компаниялар мен бірлескен кәсіпорындардың пайдалары мен залалдарында үлес қосып қатысу бойынша есептеу әдісіне сәйкеч ескерілген уйымның үлесі
- салық бойынша шығыстар
- тоқтатылған қызметтен алынған салық салудан кейінгі жиынтық пайда немесе залал
- пайда немесе залал
Пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде міндетті түрде мынадай баптар кезең ішінде пайданы немесе залалды бөлу ретінде ашып көрсетілуге тиіс:
* азшылық үлесіне жатқызылатын пайда немесе залал
* еншілес компанияның меншікті капитал иелеріне жататын пайда немесе залал
Ұйым қызметінің қаржы нәтижелерін түсіну үшін осылайша ұсыну маңызды болған кезде, пайдалар мен залалдар туралы есептің өзінде міндетті түрде қосымша желілік баптар, бөлімдердің тақырыптары және аралық сомалар ұсынылуға тиіс.
Ұйым қандай ұсынудың сенімді болып табылатынына және неғұрлым маңызды ақпарат беретініне байланысты не шығыстарының сипатына, не ұйым ішіндегі олардың мақсатына негізделген сыныптауды пайдалана отырып, шығыстарды талдауды ұсынуға міндетті.
Талдаудың бірінші нысаны "шығыстар сипаты бойынша әдіс" деп аталады. Пайдалар мен залалдар туралы есепте шығыстар олардың сипатына қарай біріктіріледі және олардың әртүрлі мақсаттарға арналуына сәйкес ұйым ішінде қайта бөлінбейді. Бұл әдісті қолдану оңай, өйткені қызметтік сыныптауға сәйкес шығызтарды бөлу талап етілмейді.
Талдаудын екінші нысаны "шығыстардың мақсаты бойынша" немесе "сатудың өзіндік құны бойынша " деп аталады және сатудың өзіндік құнының бір бөлігі ретінде олардың мақсатына сәйкес шығыстарды немесе мысалы, өткізуге немесе әкімшілік қызметті жүргізуге арналған шығыстарды ажыратады. Ең аз дегенде, ұйым осы әдіс бойынша сатудың өзіндік құнын басқа шығыстардан бөлек ашып көрсетеді. Бұл әдіс шығыстарды сипатына қарай сыныптауға қарағанда пайдаланушыларға неғұрлым маңызды ақпарат беруй мүмкін, бірақ шығыстарды олардың мақсатына қарай бөлу бөлудің субьективтілігіне және пікірлер әзірлеу жөнінде едәуір күш жұмсауға әкеп соқтыруы мүмкін.
Қаржылық есептілік, оның дайындалуы мен оған қойылатын талаптар.
Ұйымдардың қаржылық–шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебін жүргізу кезең соңында қаржылық талдауға негіз болатын ақпарат көзі – қаржылық есептілікті жасаумен аяқталады. Елімізде қаржылық есептілікті жасау тәртібі және оған қойылатын қосымша талаптар қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына, шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған халықаралық стандартқа және «Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N234 Заңының (өзгертулер мен толықтырулармен) талаптарына сәйкес белгіленеді. Осы Заңға сәйкес бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің мақсаты – мүдделі тұлғаларды дара кәсіпкерлер мен ұйымдардың қаржылық жағдайы, қызметінің нәтижелері және қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы толық және дұрыс ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады [1].
«Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы» ҚР Заңының 2 – бабына сәйкес:
1) шағын кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғалар қаржылық есептілік жасауды ұлттық стандартқа сәйкес жүзеге асырады;
2) орта кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ жедел басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар (қазыналық кәсіпорындар) қаржылық есептілікті шағын және орта бизнес ұйымдарына арналған халықаралық стандартқа сәйкес жасайды;
3) ірі кәсіпкерлік субъектілері мен жария мүдделі ұйымдар қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға міндетті.
Қазіргі таңда қаржылық есептілікте көрсетілген ақпарат тек ішкі пайдаланушыларға ғана емес, сондай–ақ сыртқы пайдаланушыларға қажет. Дегенмен, ішкі қаржылық талдаудың ақпараттық базасы мен талдамалық мүмкіншіліктері сыртқы талдауға қарағанда кең. Ішкі қаржылық талдаудың ақпараттық базасы тек қаржылық есептілік нысандарымен шектелмейді, оның аќпараттыќ базасы ретінде кєсіпорын ќызметі туралы барлыќ аќпарат саналады: µндірістіњ техникалыќ жарамдылыѓы туралы аќпарат, нормативті жєне жоспарлы аќпарат, оперативті, бухгалтерлік жєне статистикалыќ есеп мєліметтері, барлыќ ішкі есеп ж‰йесі, басќа да аќпараттар, оныњ ішінде мамандар пікірі, жиналыстар шешімі, т.б.
Сыртқы қаржылық талдаудың ақпараттық базасы қаржылық есептілік нысандарымен, баспа беттерінде жарияланған қолжетімді ақпаратпен шектеледі. ҚР заңнамасына сәйкес жария мүдделі ұйымдар қаржылық есептілікті қаржылық есептілік депозитарийіне өткізуге міндетті.
Жария мүдделі ұйымдар - қаржы ұйымдары (қызметінің ерекше түрі шетел валютасымен жасалатын айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), акционерлік қоғамдар (коммерциялық еместерін қоспағанда), жер қойнауын пайдаланушы ұйымдар (кең таралған пайдалы қазбаларды өндіретін ұйымдардан басқа) және жарғылық капиталында мемлекеттің қатысу үлесі бар ұйымдар, сондай-ақ шаруашылық жүргізу құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар.
Қаржылық есептілік депозитарийі – жылдық қаржылық есептілік және ұйымдар жыл сайын беріп отыратын аудиторлық есептер, сондай-ақ акционерлік қоғамдардың корпоративтік оқиғалары туралы ақпарат қамтылатын, пайдаланушылар үшін ашық қолжетімді электрондық деректер базасы. Осы базаның деректері негізінде қызығушы тарап өзін қызықтыратын жария мүдделі ұйымның қаржылық жағдайына сыртқы талдау жүргізе алады.
Осылайша, қаржылық есептілік нысандарынан алынатын ақпарат келесідей мүдделі тараптарға (сыртқы талдаушыларға) қажет:
1) инвесторларға: жасаған инвестициясының тәуекелділік дәрежесі олардың алатын табысына қаншалықты пара-пар келетінін анықтау үшін; кәсіпорынға салған инвестицияны сатудың немесе қосымша активтерін сатып алудың, өз үлесін сақтаудың қажеттілігін анықтау үшін; кәсіпорынның келешекте күтілетін дивидендтерді төлеу қабілеттілігін анықтау үшін кажет;
2) несие берушілерге: несие ұсыну бойынша шешімдерді қабылдау мақсатында ұйымның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабілеттілігін анықтау үшін керек. Осыған орай, ұсынылған несиелердің қамтамасыз етілуін тексеріп, олар уақытында қайтарылатындығы және олардан сыйақы алу көзделетіні бекітіледі;
3) жабдықтаушыларға: кәсіпорынға жеткізілген құндылықтар (көрсетілген қызметтер) үшін уақтылы төлем болатынына, кәсіпорынның үздіксіз қызмет етуіне көз жеткізу үшін;
4) сатып алушыларға (серіктестер): кәсіпорынның болашақта өз қызметін жалғастыру, өз міндеттемелерін орындау мүмкіндігі жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;
5) қызметкерлерге: кәсіпорын қызметінің тұрақтылығы мен табыстылығын, өзінің жұмыспен қамтылуының тұрақтылығын айқындау үшін;
6) мемлекеттік органдарға: экономикалық ресурстарды бөлу мен кәсіпорынның және жалпы сала қызметінің ары қарай дамуының экономикалық жоспарын дайындау, салық салу саясатын дайындау; жұмыс орындарын жоспарлау, елді мекенді, аймақты дамыту бағдарламаларын дайындау үшін қажет.
Жалпы мақсаттағы қаржы есептiлiгiнiң мақсаты экономикалық шешiмдер қабылдау кезiнде пайдаланушылардың қалың тобы үшiн ұйымның қаржы жағдайы, қызмет нәтижелерi мен ақшалай қаражатының қозғалысы туралы пайдалы ақпарат беру болып табылады. Қаржы есептiлiгi сондай-ақ ұйым басшылығына сенiп тапсырылған ресурстарды басқару нәтижелерiн де көрсетедi.
Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленетін және ұсынылатын жалпы сипаттағы қаржы есептiлiгiнiң барлығына міндетті түрде 1 «Қаржы есептілігін ұсыну» ҚЕХС қолданылуы тиіс [2].
Жалпы мақсаттағы қаржылық есептіліктер – кәсіпорыннан есепті өздерінің ақпараттық мұқтаждықтарына қарай дайындауды талап ете алмайтын қолданушылардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін ерікті ұсынылған қаржылық есептіліктер болап табылады.
Аталған стандартта қаржы есептiлiгiн ұсынуға жалпы талаптар, оның құрылымы бойынша ұсынымдар және қаржы есептiлiгiнiң мазмұнына ең төменгi талаптар қарастырылған. Нақты операциялар мен басқа да оқиғаларды тану, бағалау және есептілікте ашып көрсету мәселелері басқа арнайы стандарттар мен түсініктемелерде жеке қарастырылады.
Қаржылық есептілік элементтері негізінде есептеуге болатын барлық көрсеткіштер жүйесін 5 топқа бөлуге болады. Олар:
1) өтімділік көрсеткіштері компанияның ағымдық міндеттемелерін өтеуі мен өзінің операциялық шығындарын жабу деңгейін сипаттайды, олар өтімді активтер мен міндеттемелерді салыстыру жолымен анықталады;
2) іскерлік белсенділік көрсеткіштері компанияның өз активтерін басқару тиімділігін сипаттайды, олар өнім өткізуден түскен табыс (түсім) сомасының активтерге қатынасымен анықталады;
3) қаржылық тәуелділік көрсеткіштері компанияның капиталындағы тартылған капиталдың (міндеттемелер) шамасын, міндеттемелерді өтеу мүмкіншілігін сипаттайды;
4) пайдалылық (табыстылық) көрсеткіштері компанияның қызмет нәтижесінен алынған жалпы табыс, таза табыс сомасының түсімге, активтерге, меншікті капиталға қатысты сипаттайды;
5) акциялар нарығының көрсеткіштері бір акцияға шаққандағы ақпаратты көрсетеді: 1 акцияға келетін пайда, дивиденд, акцияның нарықтық бағамы және т.б. қор нарығының көрсеткіштері.
Кәсіпорынның кезең басындағы және кезең соңындағы мүлкі мен оның құралу көздерінің (міндеттемелер мен капитал) құрамы, олардың құндық сомасы қаржылқ есептіліктің 1-нысаны – қаржылық жағдай жөніндегі есептілікте (бухгалтерлік баланста) бейнеленеді. Осылайша, бухгалтерлік баланста қаржылық есептіліктің 3 элементі: активтер, міндеттемелер мен капитал көрініс табады.
Активтер мен міндеттемелерге, капиталға, табыстар мен шығындарға қатысты нақты операциялар мен басқа да оқиғаларды тану, бағалау және есептілікте ашып көрсету мәселелері басқа арнайы стандарттар мен түсініктемелерде жеке қарастырылады. Атап айтқанда:
Активтерді есепке алумен байланысты стандарттар: 16 «Негізгі құралдар», 17 «Жалдау», 40 «Жылжымайтын мүлікке инвестициялар», 38 «Материалдық емес активтер», 2 «Босалқылар», 7 «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер», 28 «Қауымдасқан ұйымдарға салынған инвестициялар», 36 «Активтердің құнсыздануы», 32 «Қаржы құралдары – ақпаратты ашу және ұсыну», 39 «Қаржы құралдары – тану және бағалау» стандарттары.
Міндеттемелерді, қаржылық нәтижені есепке алумен байланысты стандарттар: 18 «Түсім»; 21 «Валюталық бағам өзгерісінің әсері», 23 «Қарыздар бойынша шығындар», 37 «Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер», 19 «Қызметкерлерге берілетін сыйақылар», 12 ҚЕХС «Пайдаға салынатын салықтар» стандарттары.
Жекелеген стандарттарды білу, есеп объектісіне қатысты стандарттарда ұсынылатын баламалы әдістер мен жүйелердің қолданылуын, артықшылықтары мен кемшіліктерін білу қаржылық есептілік көрсеткіштерінің қалыптасуын терең түсінуге, олардың мәнін ұғынуға, объективті қорытынды жасауға ықпал етеді.
Кәсіпорынның қаржылық-экономикалық жағдайына бухгалтерлік баланс көмегімен баға беру кезінде бухгалтерлік баланстың өзінде белгілі бір дәрежеде шарттылықтар, қарама-қайшылықтар бар екендігін ескеру қажет. Оларды зерттеушілер 2 топқа біріктіреді [3]:
1. Бухгалтерлік баланстың шарттылығы.
Бухгалтерлік баланс белгілі бір мерзімге жасалынады. Осының нәтижесінде бухгалтерлік баланс екі мерзімдегі «фотосурет» секілді, біз одан активтердің, меншікті және тартылған капиталдың қозғалысын емес, тек екі кезеңдегі жағдайын байқай аламыз. Егер шоттар бойынша қалдықтар салыстырмалы түрде өзгермесе, ол баптар бойынша ешқандай қозғалыс болмаған секілді болып көрінеді. Бірақ мұндай жағдай шот бойынша дебеттік және кредиттік айналымдар сомасы шамамен бірдей болуының салдары болуы да мүмкін, ал бұл айналыстар сомасы талдау үшін маңызды ақпарат көзі болуы мүмкін. Мысалы, талдау сәтінде ақша қаражаттарының қалдығының сомасы өте аз және ол кезең басымен салыстырғанда салыстырмалы түрде өзгермеген, сонда тәжірибесі аз талдаушы міндетті түрде кәсіпорынның төлем қабілеттілігі төмен деген қорытынды жасайды, себебі кәсіпорын өз міндеттемелерін ақша қаражаттарымен өтей алмайды. Ал егер баланста ақша қаражаттарының айналысы көрініс тапса (әдетте, бұл айналыстар сомасы үлкен болуы мүмкін), қорытынды басқаша болар еді – кәсіпорынның төлем қабілеттілігі осы сәтте төмендеген, ал қалған күндері ақша қаражаттарының келіп түсуіне байланысты төлем қабілеттілік жоғарылауы мүмкіндігін анықтауға болушы еді. Сол себепті қаржылық талдау барысында мүмкіндігінше жуық уақыт ішіндегі бірнеше деңгейлерге сүйену қажет.
2. Бухгалтерлік баланс мәліметтерінің шектеулілігі.
Бухгалтерлік баланс субъектінің қаржылық-экономикалық жағдайын есепті кезеңде жалпы бейнелеуге бейімделіп құрастырылған. Ал біз баланста берілген мәліметтер негізінде кәсіпорынның мүлкінің құрамына оның қай бөлігі меншікті көздерден, қай бөлігі тартылған қаражаттар есебінен қаржыландырылғанын көре алмаймыз. Мысалы, баланс активінде мүліктердің тізімі келтірілген, ал ол мүліктің қайсы көзден қаржыландырылғаны көрінбейді. Сол себепті бухгалтерлік балансты талдауды қаржылық есептіліктің басқа нысандарын талдаумен тығыз байланыста жүргізу керек.
Қаржылық есептіліктің 2-нысаны «Пайда мен зияндар туралы есеп». Бұл есеп нысанында кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі (пайда не зиян) көрініс табады. Осыған сәйкес есеп нысанында қаржылық есептіліктің пайданы өлшеуге тікелей байланысты элементтері кірістер мен шығыстар бейнеленеді.
Қаржылық нәтижені тану, ол туралы ақпаратты ашу туралы ақпарат пен ережелер қаржылық есептіліктің келесідей стандарттарында қамтылады: 8 «Есеп саясаты, есептік бухгалтерлік бағалаулардағы өзгерістер және қателіктер», 18 «Түсім», 11 «Құрылыс салуға жасалған шарттар», 21 «Валюта бағамының өзгеруінің әсері», 23 «Қарыз бойынша пайыздар», 33 «Акцияға пайда» ҚЕХС.
Талдамалық құндылығы өте жоғары болуына қарамастан, компания менеджменті ақша қаражаттарының қозғалысын талдауға көп назар аудармай келеді. Компанияның қаржы есептілігін пайдаланушыларды компанияның ақша қаражаттары қандай көздерден қалыптасатыны, олар қандай бағыттарға жұмсалатыны қызықтырады. Мұндай ақпарат қаржылық есептіліктің 3-нысаны «Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есепте» бейнеленеді.
Тікелей әдіспен жасалған ақша қаражаттарының қозғалысының есебі келесідей сұрақтарға жауап береді:
– ақша қаражаттарының кірісінің негізгі көздері мен жұмсалуының негізгі бағыттары қандай?
– қызмет түрлері бойынша ақша ағымының құрылымы қандай?
– ақша қаражаттарының ағымы ақша қалдығына қаншалықты әсер етеді?
– негізгі қызметтің ақша ағымы оның инвестициялық қызметін қаржыландыруға жеткілікті ме?
– кәсіпорынға қаржылық қызмет керек пе? Керек болса оның сомасы мен бағыттары қандай болуы керек?
Ақша ағымын талдаудың жанама әдісі таза ақша ағымына шаруашылық қызметінің нәтижесіне түрлі факторларының әсерін анықтауға мүмкіндік береді, ол арқылы қандай қызмет түрлерінің шаруашылық нәтижесіне елеулі ықпал еткенін анықтауға болады, бұл әдіс кәсіпорын дамуының теріс тенденциясын уақытында анықтап, тиісті шараларды қолдануға мүмкіндік береді және:
– шаруашылық қызметінің нәтижесін сипаттаушы таза пайда мен таза ақша ағымы арасындағы байланысты анықтауға мүмкіндік береді;
– қаржылық есептілік формаларының дұрыс толтырылуын тексеруге мүмкіндік береді;
– баланс активінің құрамындағы ақша қаражаттарының өсіне не кемуіне әсер еткен баптарды анықтауға;
– пассивті баптардың ақша қаражаттарының қалдығына әсерін анықтауға;
– амортизация факторын таза пайда мен таза ақша ағымының арасындағы айырманың себебі ретінде көрінуіне;
– кәсіпорын басшылығына пайда өскенімен, ақша қаражаттары не себепті кемуін түсіндіруге мүмкіндік береді.
Аталып өткен талдамалық құндылықтарына орай батыстық әдебиет беттерінде жанама әдіспен дайындалған есептілікті «есептіліктердің патшасы» деп те атайды [4].
Осылайша, қаржы ресурстарын кәсiби басқару басқару персоналының (кәсіпорын басшысы, қаржылық директор, аудитор, бас бухгалтер, қаржыгер, қаржылық сарапшы, экономист және т.б.) қазiргi сандық талдау әдiстерiн пайдалана отырып өз кәсіпорнының, серіктестер мен бәсекелестердің қаржылық жағдайына талдау жүргізе алуын талап етеді. Жеке инвесторлар да құнды қағаздарға инвестиция тартудың тиімді стратегиясын қалыптастыруы үшін кәсіпорынның қаржылық жағдайына фундаментальдық талдау жүргізе алуы тиіс.
Келтірілген қаржылық есептілік формалары сыртқы қаржылық талдау үшін өте маңызды, дегенмен ішкі қаржылық талдау үшін қаржылық есептілікті сегменттер бойынша дайындаған жөн. Ол кәсіпорын басшылығына жауапкершілік орталықтарының қызметі мен оған жауапты менеджерлердің жұмыс нәтижесін бақылауына, олардың жұмысы мен алға қойылған міндеттерді үйлестіруге, стратегиялық басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік береді.
Қаржылық есептілікті жасау бойынша дайындық жұмыстары. Қаржылық есептілік есептік тізілімдер (регисторлар) негізінде жасалады. Есептік тізілімдерге жазулар мекеме және оның кәсіпорындағы негізгі құралдар, тауарлық - материалдық қорлар мен басқа да активтердің барлық қозғалыстары, капитал мен міндеттемелердің өзгерістері, сондай-ақ пайда мен залалдың пайда болуы бойынша жүргізілген шаруашылық операциялар туралы дұрыс жасалған жан – жақты тексерілген растайтын құжаттардың мәліметтері бойынша жүргізіледі. Қаржылық есептілікті уақытылы жасау және оның есептік кезеңдегі ақпараттарының нақтылығы мен дұрыстығын қамтамасыз ету үшін үлкен дайындық жұмыстар жүргізу қажет.
Қаржылық есептіліктің құжаттық негізділігі оның нақтылығының маңызды шарттарының бірі болып табылады. Сондықтан қаржылық есептілікті жасау алдында есептік кезеңге жататын барлық түгелдей шаруашылық операциялары туралы жасалған құжаттардың толық рәсімделгені және олардың мәліметтерінің есептік тізілімдерге таратып тіркелуінің дұрыстығы жан – жақты тексеріледі. Мұнда ерекше көңіл мекеменің бухгалтериясына қоймалардан, цехтардан, банктен, есеп беретін тұлғалардан және басқа кәсіпорындардан құжаттардың толық түскеніне аударылады.
Есептік тіркеуі барысында жазулардың құжаттық дұрыстығына қарамастан негізгі құралдар, тауарлық – материалдық қорлар мен басқа да активтердің, дебиторлармен және қарыз берушілермен (кредиторлармен) есеп айырысулардың нақты жай күйі және ағымдағы есептің деректерінің арасында алшақтықтар пайда болуы мүмкін. Мұндай алшақтықтар тауарлық – материалдық қорлардың табиғи азаюынан, оларды қабылдау және босату кезінде жіберілген ысыраптар, өлшегіш құралдар-жабдықтардың дұрыс көрсетпеуінен, шаруашылық операцияларды құжаттық рәсімдеу және есептеу кезінде жіберілген қателерден есептік тізілімдерді жасау барысында жіберілген қателерден, және т.б. салдарынан болуы мүмкін, оларды жүргізілген түгендеудің нәтижелерін есептік деректермен салыстыру арқылы айқындауға болады. Сондықтан есептік деректердің активтер мен міндеттемелердің нақты қолда барына толық сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қаржылық есептілікті жасау алдында оларды толық түгендеу жүргізу бухгалтерлік теңгерім (баланс) және қаржылық есептіліктің басқа нысандарының нақтылығын қамтамасыз ету үшін міндетті талап болып табылады. Мұнда негізгі құралдарды, материалдық емес активтерді, тауарлық – материалдық қорларды және басқа да активтерді түгендеу, дебиторлармен және қарыз берушілермен (кредиторлармен) есеп айырысуларды салыстырғанда айқындалған барлық алшақтар қаржылық есептілікті жасалғанға дейін тиісті шоттарда және есептік тізілімдерде көрсетілуге тиіс.
Қаржылық есептіліктің нақтылығы мен дұрыстылығын қамтамасыз ету үшін есептілікте осы есепті кезеңге жататын барлық табыстар мен шығыстар толық және дұрыс көрсетілуі қажет. Сондықтан қаржылық есептілікті жасау кезінде негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыстардың толық есептелгенін және дұрыс көрсетілгенін тексеру керек. Барлық табыстарды есептеумен бірге бір уақытта есепті кезеңге жататын барлық шығыстарды есептеуді жүргізу қажет. Көрсетілген шығыстар мекеменің мезгіл шығындары есебінде толық көрсетілуі керек.
Мекеменің есепті кезеңдегі табыстары мен шығыстарына сондай-ақ күмәнді талаптар бойынша құрылған резерв пен басқа резервтердің пайдаланбаған қалдықтары, осы есепті кезеңге жататын болашақ кезеңдердің табыстары мен шығыстарының тиісті сомалары жатқызылады.
Есепті кезеңгі жатқызылатын барлық табыстар мен шығыстарды жан – жақты тексергеннен кейін 6 «Табыстар» және 7 «Шығыстар» бөлімдерінің шоттары 5610 «Қорытынды пайда (қорытынды залал) » шотына есептен шығару (жатқызу) арқылы міндетті түрде толық жабылады.
Журнал – ордерлердің тексерілген жиынтық деректері Бас кітапқа көшіріледі
Бас кітапты жасау бухгалтерлік жазулардың және сонымен бірге журнал- ордерлер мен соның тізілімдемелерінде (ведомостарында) көрсетілген оралымдарды тіркеуді аяқтау болып саналады. Бас кітаптағы жазулардың дұрыстығын тексеру шоттар бойынша оралымдар мен олар бойынша қалдық (сальдо) сомаларын есептеу арқылы жүргізіледі. Бас кітаптағы оралымдар мен қалдық (сальдо) сомалары журнал- ордердегі сомаларға тең болуы керек. Журнал – ордермен бірге тізімдемелерге (ведомостерге) жүргізілетін шоттар бойынша Бас кітапта айқындалған дебеттік оралым тиісті тізілімдемелердің деректерімен салыстырылады. Деректерді жіберіп қоймау немесе қайталап жазбау үшін Бас кітапқа барлық сомаларды жазғаннан кейін әр бір журнал – ордерде күні, Бас кітапқа жазу жүргізген орындаушының және мекеменің бас бухгалтерінің қолы қойылады.
Бас кітаптың деректерінің және қажетті болған жағдайларда тиісті тіркелімдердің мәліметтерін пайдалану негізінде мекеменің қаржылық есептіліктері жасалады.
