Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курс_склад.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
377 Кб
Скачать
☆

1.2 Case-құралдары арқылы пәндік аймақтың мәселелеріне қатысты деректер моделін құру

Деректер моделі деп берілген талаптарға сәйкес мәліметтерді интерпретациялауды жүзеге асыратын құралдарды айтамыз. Сонымен қатар, мәліметтер моделі мәліметтердің мағлұматтық мазмұнын көру мүмкіндігін беретін абстрактілі ұғым болып табылады.

Мәліметтер моделі екі класқа бөлінеді:

  • Мықты типтендірілген моделі, мұнда барлық мәліметтер қандай да бір категорияға қатысты болады.

  • Әлсіз типтендірілген моделі, категорияға қатысты ешқандай болжамдармен байланысты емес.

Деректер моделі деректердің құрылымдарының жиынтығының деректер бүтіндігін шектеу және деректермен операциялар жасау әрекеттерін орындайды.

Жалпы айтқанда, деректер моделі - деректер құрылымы жиынтығы мен оларды өңдеу операциялары. Деректер базасын басқару жүйелері иерархиялық, желілік және реляциялық модельдеуге немесе осы модельдердің белгілі бір жиынындағы комбинациясына негізделген.

Деректер моделінің үш негізгі типін қарастырайық: иерархиялық, желілік, реляциялық.

Реляциялық деген ұғым (ағыл.relation - қатынас) деректер базасы жүйелерінің маманы белгілі американдық ғалым Е.Коддонның есімімен байланысты.

Бұл модельдер деректер құрылымының қарапайымдылығымен, пайдаланушыға ыңғайлы кесте түрінде сипаттайды және бұл модельде қатынастардың және деректерді өңдеуде реляциялық есептеулердің формальды алгебралық аппаратын қолдану мүмкіндігі бар.

Реляциялық модель деректерді екі өлшемді кесте түрінде ұйымдастыруға бағытталған. Әр реляциялық кесте екі өлшемді массив түрінде беріледі де, мына қасиеттерге ие болады:

  • кестенің әр элементі деректердің бір элементі;

  • кестедегі бағандардың барлығы біркелкі, яғни бағандағы барлық элементтер бір типке (сандық, таңбалық т.б.) және бәрінің ұзындығы бірдей;

  • әр бағанның өзіне тән аты бар;

  • кестеде бірдей жолдар жоқ;

  • кестеде жолдар мен бағандардың орналасу тәртібі әркелкі.

Қатынастар кесте түрінде беріледі. Кестедегі жолдар мен кортеж немесе жазба деп, ал бағандар қатынастар атрибуты немесе домен, өрістер деп аталады. Бір мәні жазбаны анықтайтын өрісті – қарапайым кілт (кілттік өріс) деп атайды. Егер жазбалар бірнеше өрістермен анықталса, онда мұндай кестенің құрамды кілті бар деп есептеледі. Екі реляциялық кестені ұйымдастыру үшін бірінші кестенің кілтін екінші кестенің кілтінің құрамына енгізу керек (кілттер бір-бірін қайталуы мүмкін). Басқа жағдайда бірінші кестенің құрылымына сыртқы кілтті енгізу қажет. Сыртқы кілт екінші кестенің кілті болады.

Кез келген деректер қорын құру үшін , құрушысы бірнеше модель жасайды. Модель логикалық және физикалық болып қарастырылады. Методологиялық көзқарастан модельдердің деңгейлерін және ДБ жобалау кезеңдерін бәрі – бір белгілеуге болады. Деректер базасының даталогиялық модель логикалық деңгейдің моделі болып табылады және ол деректер элементінің логикалық арасындағы байланысты бейнелейді.Даталогиялық модельдің сақталатын орнына байланыстыру үшін физикалық деңгейдің деректер моделі қолданылады.

Кестелерді байланыстыру және байланыс түрлері

Кестелерді байланыстырудың негізгі және қосымша кестелері болады. Негізгі және қосымша кестелердің байланыс өрістері қалай анықталуына тәуелді. Жалпы жағдайда екі кесте арасында келесі 4 негізгі байланыстар түрі орнатылуы мүмкін:

  • 1:1 - негізгі және қосымша кестелердің өрістері кілтті болған жолдарда құрылады және мұндай екі кестенің кілттік өрістің мәндері қайталанылады;

  • 1:К - негізгі кестенің бір жазбасы қосымша жазбаның бірнеше жазбаға сәйкес келген кезде орындалады;

  • К:1 - бір немесе бірнеше негізгі кестенің жазбаларының бір жазбасы сәйкес келсе, оны бірдің көпке байланысы деп атайды;

  • К:К - негізгі кестенің бірнеше жазбалары қосымша кестенің бірнеше жазбаларына сәйкес келгенде орындалады .

Erwin- деректер базасын жобалаудың қуатты құралы, соңғы кезде кең танымал құрал болып табылады. Ол ДБ қолданатын қосымшаларды құру және сүйемелдеу бойынша ең жоғарғы еңбек өнімділігін қамтамасыз етеді. Erwin ДБ-ң құрылымы мен негізгі элементтерін визуализациялауға үлкен мүмкіндік береді. Erwin қуатты жобалау құралы болып табылады.

ERwin/ERX бағдарламасында деректер базасын жобалауда логикалық және физикалық деңгейлері қолданылады: логикалық деңгейде мәліметтер өзімізге түсінікті кәдімгі тілде сипатталса, физикалық деңгейде модель Server/Target Server… нұсқауы арқылы шақырылатын (бұл нұсқауды беру үшін физикалық деңгейде отыру керек) сервер орнату терезесінде көрсетілген нақты сервердің ерекшеліктеріне байланысты анықталады. ERwin ортасында анықталған деректер қорын MS Acces, VisualFoxpro, InterBase, Oracle, Microsoft SQL Server т.б. деректер қорын басқару жүйелеріне генерациялауға, яғни аударуға болады

Erwin диаграммасының негізгі компоненттері – бұл  қатынас, атрибуттар және байланыстар. Әрбір қатынас даналар деп аталатын, жеке объектілер тәрізді жиынтықтар болып табылады. Әрбір дана дербес және басқа барлық даналардан өзгеше болуы қажет. Мәліметтер моделін құру маңыз мен атрибуттар анықтамасымен болжамдалады, яғни нақты маңыз немесе атрибутта қандай ақпарат сақталатынын анықтап алу қажет. Егер диаграмманы пәндік аймақтың ережелерінің графикалық көрсетілімі ретінде қарастырылса, онда маңыз мен атрибуттар зат есім, ал байланыс етістік болып табылады.

Қойма деректер базасын орындағанда мынандай маңыздарды қолданамыз:

  1. Товар(код товара, наименование товара, цена, единица измерения, ставка НДС)

  2. Сотрудник(код сотрудника, ФИО).

  3. Склад (номер склада, наименование склада, код товара, адрес, количество товара, код сотрудника ).

  4. Покупатель (код покупателя, имя покупателя, адрес, телефон, расчет, банк ).

  5. Накладная(номер накладная, вид операции, код товара,количество, дата, код покупателя, код сотрудника )

Сурет 1.1 Erwin ортасында кітапхана пәндік аймақтың логикалық моделі