Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Bilet_Otvety_MTS.docx
Скачиваний:
6
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

3. «Телекоммуникациялы байланыс желілері» зертханалық кешенінде зертханалық практикумға тапсырма: Сигнал өшуіне оптоталшық қиылысында горизонталды ығысу әсерін өлшеңіз.

Жауапқа берілетін уақыт 40. Сұрақты толық дұрыс шешсеңіз 15 бал.

Барлығы: ________ баллов

Оқытушы қолы: ____________________________

1. Инструкциясы: Барлық сұрақтарға толығымен жауап жазыңыз.

Мобилді телефонды қолдануға рұқсат етілмейді. Жауаптарыңызды анық және нақты жазыңыздар

Емтихан билеті №_2

  1. 1. Арналардың жиіліктік бөліну түрлерін түсіндіріңіз

Жауапқа берілетін уақыт 35 мин. Берілген сұрақтарға дұрыс толық дұрыс жауап берсеңіз 10 балл.

Жиілікпен бөлінетін арналарды коаксиалды кабель жүйесімен таратудың, магистралді желідегі телеграмма таратуын және байланыстың күшті бумаларын ұйымдастыруға болады. Бұл жүйелер төртсымды бірполюсті, яғни әртүрлі бағыттағы физикалық тізбектердің таралуы. К-120 жүйесі және суасты кабелдерімен жұмыс істейтін жүйелер ерекшеленеді. Олар екісымды екіполюсті болып келеді. Тарату жүйесінің төменгі жиілікті диапазоны талап етілген бөгеуіл қорғаныстығымен қамтамасыз етіледі де, жоғарғы жиілікті диапазоны арна санына тәуелді болады. Мынаны да ескере кеткен жөн, жиілік өскен сайын оның өшулігі өседі де, күшейту аймағының ұзындығы кішірейеді.

 

К – 3600 жүйесі

Берілген жүйе, диаметрі 2,6/9,4 мм коаксиалды жұптармен, КМБ-8/6 немесе КМБ-4 типті кабелдермен жұмыс істеу үшін арналған. Бұл жүйе әр бағытта 3600 (ТЖ) тоналді жиілікті арналар немесе 1800 ТЖ және бір телевизиялық сигнал арналарын ұйымдастырады. Осы жүйенің сызықтық тракті

f = 312 – 17596 кГц

жиілік жолағын қамтиды.

Осы жүйенің байланыс ұзақтығы 12500 км құрайды, бірақ бұл жүйенің арналары ұзындығы 25000 км құрайтын халықаралық аймақтарда да қолдануы мүмкін. Ұзақтықты қамтамасыз ету үшін қызмет көрсетілетін Күшейткіш пункттерде (ҚКП) және қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пункттерін пайдаланады. ҚКП-ҚКП типті жүйелер арақашықтығы 180 км-ге дейін қолданылады, қызмет көрсетілмейтін пункттердің саны ҚКП-ҚКП екі соңғы пункт арасында 61-ге дейін жетуі мүмкін.

Күшейткіш аймақтың ұзындығы 3 + 0,15 км. Жоғарғы жиіліктегі қайтатаратқыш аймағының максималды ұзындығы 1500 км-ге дейін жетеді.

К – 3600 ТЖ-ң қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пункттердің үш түрі бар: реттелмейтін; реттейтін (әрбір бесінші); коррекциялайтын (әрбір жиырмасыншы).

Реттейтін қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пункттердің құрамында грунт арқылы және бақылау жиілігіндегі бақылау тогы fк = 18432 кГц құрайтын ДАР құрылғысы бар. Көрсетілген БЖ негізгі болып табылады, сонымен қоса екі қосымша БЖ – 9216 кГц және 768 кГц қолданылады.

Қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пункттердің құрамында АЖС коррекциялайтын құрылғылар бар. Қызмет көрсетілетін күшейткіш пункттердің жене қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пункттердің магистралдарында ТЖ арналарды бөліп алу үшін және енгізу үшін К – 1020 Р және К – 224 Р жүйелерінің сәйкес тармақтанулары қолданылады. ДАР жүйесі қызмет көрсетілмейтін күшейткіш пункттердің күшейту коэффициентін, грунт температурасы + 120 С өзгергенде өзгертуі мүмкін. К – 3600 тарату жүйесі ТТА – ны қолдану арқылы құрылады, сондықтан арнайы болып келетіндері тек түйіндесу аппартурасының құрылғысы және сызықтық трактінің соңғы аппаратурасы. К – 3600 арна тарату жүйесінің қарапайымдалған сұлбасы 1-сурет көрсетілген. К – 3600 түйістіру аппаратурасының көзі, үшіншілік тп\оп (ҮТ) сигналы болып келеді. Бірінші сигналынан басқа, ҮТ әрбір сигналы жиілікпен модулятор арқылы тасымалданады. Түрлендіру тасушы жиіліктер арқылы іске асады.

Бірінші арналық топтың орнына дыбыстық арнасы және радиотарату арналары бір ТВ арна ұйымдастыруға болады. Бұл кезде екінші арнадан (жиілік жолағы 9884-17565 кГц) теледидар (ТД) арна ұйымдастыруға болмайды. Екінші 1800 арналық топта барлық арналарда тасушы жиілігі арқылы ұйымдастырылатын жиіліктік түрлендіру бар. Арналық сигнал 9884-1765 кГц жиілік жолағын қамтиды. Әрбір арналық топтың шығысында сүзгі орнатылған. Сигналдар жиілік арқылы бөлінеді де ДЖ арқылы беріледі. Әрі қарай трактіге 9000 кГц жиілігі енгізіледі. Ол қабылдау станциясында құрылғыларды синхрондау үшін қолданылады. Нәтижесінде синхрондық қалыптасады, яғни таратқыш және қабылдағыш құрылғыларының тасушы жиілігінің fт теңдігі. Содан кейін сигнал корректор арқылы линияға енгізіледі.

 

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]