Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Билет.docxСот Мед 1,2,3.docx
Скачиваний:
5
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
27 Кб
Скачать
☆

1.Механикалық асфиксия түрлері және сипаттамасы

Механикалық асфиксияның түрлері: 1.Обтурационды

2.Странгуляциялық

Странгуляциялық асфиксия өз алдына келесідей жіктеледі: Асылу,Тұзақпен буындыру, Қолмен буындыру, Кеуде мен қарынды басып жаныштау(компрессионды асфиксия)

Обтурационды асфиксия : 1.Ауыз бен мұрынды басып тұншықтыру

2.Тыныс жолдарын бөгде заттармен бітеу

Асылу. Адамның мойнын оның бүкіл денесінің және бір бөлігінің салмағымен жаншып буындыруды асу деп атайды. Осыған байланысты ол толық немесе жартылай асу деп бөлінеді, соңғысы жиірек кездеседі. Бұл орайда өліктің әр түрлі сипатта болуы мүмкін. Адамды тұрған күйде, тізерлетіп, отырғызып, жатқызып асуға болады. Әдетте, адам тұзақпен асылады, алайда мойынның ағаш бұтақтарының, шарбақ тақтайларының арасына, автомашина есігіне немесе кабинасына қысылып тұншығуы кездеседі. Тұзақтар неден істелгеніне қарай жүмсақ (орамал, галстук, платок), жартылай қатты (белбеу, жіп) және қатты (цепь, сымтемір, трос ), комбинирленген тұзақтар болып бөлінеді. Адамды асқан кезде тұзақтың түрлі жағдайда болуы ықтимал. Әдетте, түйініне қатысы жөнінен ол қиғашталып жасалады. Тұзақтардың түйіні өліктін желкесінде болады, бұл дағдылы жағдай; ал егер түйін сол немесе оң жағында болса, ол бүйір жақтағы тұзақ деп саналады; сондай – ақ түйіннің әдеттен тыс болуы мүмкін, бұл жағдайда түйін адамның иегі астында немесе бетінің төменгі жағында болады. Мойынды қысқан кезде тұзақтың қандай күйде болғанына қарай былай болуы мүмкін: өкпеге ауаның түсуі мүлде немесе ішінара тоқталады; мойының қантамырлары, ең алдымен күре тамыры мен негізгі артериясы жанышталады; бас сүйек ішіндегі қысым күрт көтеріледі; мойының нерв сабақтары жанышталады; жалпы күре тамыр артериясы тарамдалатын жерге орналасқан синокаротидтік түйіннің де жанышталуы ықтимал

2. Тірі адамдардың сот-медицина сараптамасының субъектілері

Сот сараптамасы органының басшысы,  Сот сарапшысы, сот сараптамасы органдары қызметкерлері.

3.Жақын арадағы жыныстық қатынасы және нақты бір әйелмен жыныстық қатынасқа түсу мүмкіндігінің түсінігі

Жыныстық қатынас жасауға деген құмарлықтың қалыпты күйін табу адам баласына қиындық тудырады. Бұл мәселе көптеген адамдарды алаңдатады. Кейбіреуі жыныстық қатынастың жиі болғанын қаласа, кейбіреуіне айына бір рет жыныстық қатынасқа түсуде жеткілікті. Жыныстық қатынасқа түсуге деген ниеттің жиілігі темперамент пен адам денсаулығына байланысты екені құпия емес. Сонымен қатар, зерттеулерге сүйенсек, оңтүстік елдердің тұрғындары солтүстік тұрғындарына қарағанда қызуғанды келетіндіктен, жыныстық қатынас көп түсуді қалап тұрады екен.

4. Қылмыс жасалған жерде азаматша Асемнің денесіне келтірілген жарақаттар сот – медциналық сараптама тағайындау барысында, оған келітірлген заттардың пішіні бірнеше түрде болған. Олардың сипаты өлшеміне, пішініне, салмағына байланысты болғандығы байқалды. Азаматша Асемнің денесінен қозғалған кездегі қысыммен түсірілген жаралар, жарақат көлемі кішкентай, бірақ терең ұзын жаралы саңылау, кірген жеріне қарағанда шыға берісінде үлкен саңылау болған жаралар, ауыр соққы әсерінен алған жарақаттар, тегіс шетті, өткір ұшты, сүйек жарақатына дейін болатын терең және ауыр жарақаттар анықталды. Азаматша Асемнің зақымданған денесіне келтірілген механикалық жарақаттардың сипаты қандай және денеге келтірілген заттардың атауларын атаңыз.

Жауап: Ашық зақымдану- бұл органдар ұлпаларының зақымдалуы, артынша тері жамылғылардың кілегейлі қабықтардың тұтастығы бұзылады (жарақаттар, сүйектің ашық сынуы). Зақымдаушы заттар: пышақ, пышақ сапты балта, әйнектер, кесетін ара.

Билет №3