- •1.Глава:Артериалды гипертензиясы бар пациенттерді оқытудың заманауи жолдары
- •2.Глава.Тәсілдер мен материалдар
- •1.1.Артериалды гипертензияның таралу жиілігі
- •1.2.Гипертензия анықтамасы мен жіктемесі
- •1.3.Гипертензияда жиі болатын асқынулар
- •1.4.Пациентті оқытуда мейірбикенің атқаратын рөлі
- •1.5.Артериалды гипертензияның алдын-алудағы ұйымдастырылған жобалар мен олардың нәтижелері
- •2.Глава.Тәсілдер мен материалдар
- •2.1.Зерттеуді ұйымдастыру
- •1,3,6,7,8,10,11-Дұрыс: 2,4,5,9,12- дұрыс емес
1.1.Артериалды гипертензияның таралу жиілігі
Қантамырлар ауруы өмір сүру сапасын төмендетіп,мүгедектіңтің бірден-бір себебі болады.Көптеген зерттеулер нәтижелері бойынша Бюро медико-әлеуметтік экспертиза арасында 4 пайызы 1 топ мүгедектігін алса,60 пайызы 2 топ мүгедектігіне шалдығады.Жүрек-қантамыр ауруларының арасында жиі таралғандары:арериалды гипертензия,жүректің ишемиялық аурулары болып табылады.Гипертензия ауруын ерте сатысында анықтап,күтім көрсетпесеген жағдайда ол көптеген асқынуларға ,яғни инсульт ,инфаркт миокарды,бүйрек жетіспеушілігі немесе өлімге әкеліп соқтырады.
Артериалды гипертензияның өлімге соқтыруының бірден-бір себебі оның асқынуы болып табылады.Диастолалық және систолалық қан қысымының тұрақты жоғарылауы мидағы қантамырлардың жиілігінің 30–40% өсуіне алып келеді.Көптеген экзогенді факторлардың әсерінен (темекі шегу,қимыл қозғалыстың аз болуы,семіздік ,қоршаған орта мен климаттың организмге әсері,созылмалы стресс) АГ-ның дамуына алып келеді.Сондай ақ көптеген зерттеулер нәтижесі бойынша АГ-ның дамуына алып келетін этиологиялық фактор стресс және психоэмочионалды жағдайлар екендігі анықталған.Стреес организмде физиологиялық жағдайлардың өзгеруіне алып келеді.Стресс және психоэмоцияналды жағдайлардың Аг-ның дамуындағы рөлі анықталғанымен,осы жағдайларға басқа қауіп факторлары немесе ауруға генетикалық бейімділік болмаған жағдайда артериалды гипертензияның даму қаупі төмен болатындығы анықталған.
1.2.Гипертензия анықтамасы мен жіктемесі
Кесте №1 АҚҚ-ның даму сатылары және анықтамасы
Артериальді гипертензия (гипертония, АГ) деп — артериялық қан қысымы 140 мм.сын.бағ жоғары болатын жағдайды айтады. (кем дегенде үш рет, әртүрлі уақытта, тыныштық жағдайында өлшегенде анықталса)
Екі түрі болады:
Біріншілік эссенциалды;
Екіншілік симптоматикалық
Түрлері |
Систологиялық АҚҚ (мм.рт.ст.) |
|
Диастолалық АҚҚ (мм.рт.ст.) |
Оптималды |
<120 |
ж\е |
<80 |
|
|
|
|
Қалыпты |
120–129 |
н\е |
80–84 |
Қалыптыдан жоғары |
130–139 |
н\е |
85–89 |
Гипертензия 1 сатысы |
140–159 |
н\е |
90–99 |
Гипертензия 2 сатысы |
160–179 |
н\е |
100–109 |
Гипертензия 3 сатысы |
≥180 |
н\е |
≥110 |
|
|
|
|
АҚҚ-артериалды қан қысымы
Гипертензияның 1,2,3 сатылары жеңіл ,орташа,ауыр сатыларына сәйкес келеді.
1.3.Гипертензияда жиі болатын асқынулар
Артериалды гипертензияның асқынулары өмірге қажетті барлық мүшелер мен жүйелердің жұмысының бұзылуына алып келеді.Тамырлардың атеросклерозын тудырады,соның ішінде бас миын қоректендіретін ұйқы артериясына әсер етеді.Сонымен қатар гипертензияның әсерінен жүрек бұлшықетінің де жұмысы нашарлап,жүрек жетіспеушілігі туады.Бүйрекке де әсер етіп бүйрек жетіспеушілігі пайда болады.Гипертензиямен зардап шегетін адамдардың көз қантамырлары зақымдалуы нәтижесінде көзінің көруі нашарлайды немесе көрмей қалады.Тұрақты қан қысымының жоғарылауынан тамырлар атеросклерозы дамып,ол кез-келген мүшенің жұмысын ың төмендеуіне алып келеді.Гипертензияның жылдам асқынуы криз болып табылады.Қан қысымының жылдам көтерілуінен бастың ауруы,бас айналу,жүрек тұсының ауырсынуы,жүректің қатты соғуы және дем жетпеу сезімдері болады.Құсу,қалтырау,естен тану белгілері де дамуы мүмкін.Гипертониялық криздің әсерінен мүшелер қызметі бұзылып,инфарк,инсульт,өкпе ісігі дамып өлім болуы да мүмкін.
