- •Жалғаулықты салалас сөйлем
- •Мезгілдес-ыңғайлас сабақтас сөйлем
- •Бағыныңқы компонент баяндауышы –ып, -іп,-п формалы көсемшеге аяқталады. Мысалы:Кейбіреуі мұздай суды мейірі қанғанша ішіп, тыста мал сойылып жатқан.
- •Бағыныңқы компонент баяндауышы –са, -се шартты рай формалы етістікке аяқталады. Мысалы: 1. Үйде отырғандардың бірсыпырасы күрсінсе , бірсыпырасы жымыңдайды.
- •1. Іргелес салалас сөйлем
- •1. Жалғаулықсыз салалас сөйлем
- •2. Шартты бағыныңқылы сабақтас, жасалу жолдары
- •2. Салыстырмалы бағыныңқылы сабақтас, жасалу жолдары
1. Жалғаулықсыз салалас сөйлем
Жалғаулықсыз салалас құрмаластар мағыналық жақындығына қарай іргелес тұрып, ұласпалы-тиянақсыз интонация арқылы байланысады. Олар өзара іліктес, шарттас, мезгілдес, себептес іс-әрекет, жай-күйлерді білдірулері де, болмаса бірінің мағынасын екіншісі ашып, түсіндіруі де мүмкін. Мысалы: Онда көп адам сыярлық мейманхана жоқ еді, мұндай жиынға барғанда ел билеушілері өздерімен бірге түйеге теңделген киіз үйлерін ала жүретін (Ә.Ә.) Мұнда компоненттер себеп-нәтижелік қатынаста құрмаласқан. Ал Көксерек қолда көп бағылды, жыртқыштығын анда-санда сездіріп қояды (М.Ә.) деген сөйлем қарсылықты мағыналық қатынаста байланысқан:
Жалғаулықсыз салаластарға түсіндірмелі, салыстырмалы салалас.
2.Сабақтас құрмалас сөйлемнің негізгі критерийі
Компоненттері грамматикалық жақтан теңдік қатынаста болмай, бірі екіншісіне тәуелді, бағынышты болып келетін құрмаласты сабақтас құрмалас сөйлем дейміз. Мысалы:
1. Өзге жұрттың дені кешке тараса да, Абай қонақтары қайтпайды (М.Ә.).
2. Абай араларынан кетісімен, анталап тұрған қалың жиын арасына ауыздан-ауызға көшкен сыбыр бұйрық жайылды (М.Ә.).
Бұл сөйлемдердің бірінші компоненттерінің баяндауыштары тиянақсыз тұлғада (тараса да, кетісімен) келіп, екінші компоненттерге бағына байланысқан. Сондықтан алдыңғы бөліктер бағыныңқы компонент, ал соңғы компоненттер басыңқы деп аталады. Басыңқы компоненттің баяндауышы тиянақты болады да, онда негізгі ой айтылады. Ал бағыныңқы компонент сол басыңқыда айтылған ойды түрлі жағынан толықтырып, айқындап, ашып тұрады да, баяндауыштары тиянақсыз тұлғада басыңқы компонентке тәуелді байланысады.
Сонда мысал ретінде келтірілген сөйлемдердің бағыныңқы компоненттері мыналар:
1) Өзге жұрттың дені кешке қарай тараса да, ...
2) Абай араларынан кетісімен, ...
Ал келесі сыңарлары басыңқы компонент болады, олар:
1) Абай қонақтары қайтпады.
2) Анталап тұрған қалың жиын арасына ауыздан-ауызға көшкен сыбыр бұйрық жайылды.
Бірінші сөйлемдегі компоненттер арасындағы қарым-қатынас – қарсылық мағына да, екінші сөйлемдегі компоненттер арасындағы қарым-қатынас – мезгілдік мағына.
Ендеше сабақтас сөйлемдердің бағыныңқы, басыңқы компоненттерден тұруы, бағыныңқы компонент баяндауышы тиянақсыз тұлғада басыңқыға тәуелді байланысуы – оларды салалас сөйлемдерден айыратын бірден-бір белгі.
Сабақтас құрмаластардың жасалу жолдары мынандай:
1. Бағыныңқы компонент баяндауышы көсемше формалы етістіктен болады:
а) Құрсаған бұлт ашылмай, аспанның жүзі көгермес (Абай).
ә) Әрі-беріден соң ет қайнап, үй ішін сүр иісі алып кетті (М.Ә.).
б) Әбіш келгелі, бұл үйден кісілер үзілген емес (М.Ә.).
2. Бағыныңқы компонент баяндауышы шартты райлы етістіктен болады:
а) Жарық неғұрлым көп түссе, өсімдік соғұрлым жақсы өседі (Ғ.Мұст.).
ә) Мен қанша тесіле қарасам да, Маржан менің сағынышымды көктем хабаршысындай көре алмады (Н.Б.).
Сабақтаста тек осы шартты рай формасы баяндауыштық қызметте келгенде ғана өз бастауыштарымен жақ жағынан жекеше, көпше түрде қиыса байланыса алады: мен келсем, сен келсең, ол келсе, біз келсек, сендер келсеңдер, олар келсе. Ал басқа бағыныңқыларда бастауыш пен баяндауыш қиыса байланыспайды: мен келіп, сен келіп, ол келіп.
3. Бағыныңқы компонент баяндауышы тиянақсыз тұлғадағы есімшеден болады:
І. Есімшеге -ша, -ше, -дай, -дей жұрнақтары немесе -дықтан, -діктен қосымшасы жалғану арқылы:
а) Көлігіміз жөнделгенше, біз ана-мұнаны айтып, көңілді отырдық (Т.Ә.).
ә) Әйгерім өмірде болмайтын бір нәрсе естігендей, денесі дір ете түсті (М.Ә.).
б) Қолы демеу алғандықтан, аяғы басқан жеріне шегендей қадалып, кәдімгідей ілгерілеп келеді (М.Ә.).
ІІ. Есімшеге жатыс, көмектес септік жалғаулары жалғануы арқылы:
а) Дәркембайдың көзі Абайға түскенде, оның жүзі боп-боз боп тұр екен (М.Ә.).
ә) Құнанбай көнбегенмен, Зере әже айтқанын орындатты (М.Ә.).
ІІІ. Атау тұлғалы, барыс жалғаулы, шығыс жалғаулы есімшеден кейін сайын, соң, бері, шейін, дейін, бұрын, кезде, шақта, уақытта тәрізді шылаулар мен көмекші сөздердің тіркесуі арқылы:
а) Жігіттер үйге кірген кезде, Айғыз да бірге кірді (М.Ә.).
ә) Бөжейлер жайласып отырғаннан кейін, осы бөлмеге Құнанбай да келіп кірді (М.Ә.).
б) Шоқан ертеңіне келгенге шейін, Барлас «Манас» жырын жырлап отырды (Р.Т.).
Сабақтас құрмаласта бағыныңқы сөйлем басыңқы сөйлемнен бұрын тұрады. Кейде поэзиялық шығармаларда олардың орны ауысуы мүмкін. Мысалы:
а) Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ, саған жар менен артық табылса да (Абай).
16- билет
. Салаластырғыш және сабақтастырғыш жалғаулықтар
Ғалым А.Ысқақов жалғаулықтардың семантикалық түрлерін мүлде басқа қырынан сипаттайды, дәйексөз келтірейік: «Жеке сөздер мен сөйлемдерді байланыстыру қабілеті жағынан олар: а) салаластырғыш жалғаулықтар және ә) сабақтастырғыш жалғаулықтар деген екі топқа бөлінеді» [3, 365]. Сөйтіп, салаластырғыш жалғаулықтарға ыңғайластық жалғаулықтар (мен, бен, пен, және, тағы, әрі, да, де, та, те, әм) мен талғуалықты жалғаулықтарды (әлде, біресе, я, бірде, яки, не, немесе, болмаса, не болмаса, құй, мейлі) жатқызса, сабақтастырғыш жалғаулықтарға мыналарды жатқызған: қарсылықты жалғаулықтар (бірақ, алайда, әйтсе де, әйткенмен, сүйтсе де, сонда да, дегенмен, әйтпесе, әйткенде, әйтпегенде), себептік жалғаулықтар (себебі, өйткені), салдарлық жалғаулықтар (сондықтан, сол себепті), шарттық жалғаулықтар (егер, егер де, алда-жалда), айқындағыш жалғаулықтар (яғни, демек), ұштастырғыш жалғаулықтар (ал, ендеше, ал ендеше, олай болса). Ғалымның мағыналық түріне қарай бөліп көрсеткен жалғаулықтарының дені қазіргі ұлттық әдеби тілімізде бар және жалғаулық шылау ретінде танылып жүр. Дегенмен енді біразы оқшау сөздер тобында қарастырылып келеді
