- •3 Қимақ мемлекетінің құлауының себептері .
- •Ж.Баласағұни - ғұлама ақын.
- •2. Қазақстан экономикасының соғыс жағдайына (1941-1945 жж.) бейімделуі.
- •1. Сұлу қағанның тарихта алатын орны мен рөлі
- •2. Ксро-ның ыдырауы. Қр-ның мемлекеттік тәуелсіздігінің жариялануының тарихи маңызы.
- •1. Әбілғазы шежірелерінің тарихи маңызы
- •2.Е.Бекмахановтың тарих ғылымын дамытудағы үлесіне баға беріңіз.
- •3. Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз.
- •2.Е.Бекмахановтың тарих ғылымын дамытудағы үлесіне баға беріңіз.
- •3.Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз
- •Қазақ халқының хvі – хvіі ғғ. Шаруашылығы.
- •Қазақ халқының егін шаруашылығы
- •2.Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы және оның тарихи маңызы.
- •Маусымдық көші – қон.
- •2.Тәуелсіз Қазақстанның олимпиадалық спорттағы жетістіктері.
- •2.Қазақстанда Ислам ынтымақтастығы ұйымы конференциясының өтуі және оның тарихи маңызы.
- •Қазақстанның иқұ шеңберіндегі ынтымақтастығы
- •2. Қазақстанда 1920- 1940жж. Жоғарғы оқу орындарының ашылуы мен білім беру жүйесінің қалыптасуы және дамуы.
Ж.Баласағұни - ғұлама ақын.
Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы Батыс елдерімен қарым-қатынасына талдау жасаңыз.
Қарақытай мемлекетінің саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.
Ответы
1. Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни(1020) - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері
Өмірі туралы мәліметтер аз сақталған. философия, математика, медицина, астрономия, астрология, өнертану, әдебиеттану, тіл білімі, тағы басқа ғылым салаларының дамуына зор үлес қосқан. Жүсіп Баласағұнидің есімі әлемдік әдебиет пен мәдениет тарихында "Құтадғу білік" ("Құтты білік") дастаны арқылы қалды. Жүсіп Баласағұни бұл дастанын хижра есебімен 462 жылы, қазірғі жыл санау бойынша 1070 жылда жазып бітірген. Дастанды "хандардың ханы" – Қарахандар әулеті мемлекетінің (942 - 1210) негізін салушы Сүлеймен Арслан ханға (908 - 955) тарту етеді. Сол үшін хан өз жарлығымен Жүсіп Баласағұниға "хас хажиб" - "бас уәзір" немесе "ұлы кеңесші" деген лауазым берген. Дастанның бізге жеткен үш нұсқасы бар. Біріншісі, Герат қаласындағы 1439 жылы көне ұйғыр жазуымен (қазір ол Вена қаласындағы Корольдік кітапханада сақтаулы), екіншісі, 14 ғасырдың 1-жартысында Египетте араб әрпімен (Каирдың Кедивен кітапханасы қорында) көшірілген. Ал Наманған қаласынан табылған үшінші нұсқа 12 ғасырда араб әрпімен қағазға түсірілген. Бұл қолжазба Ташкенттегі Шығыстану институтының қорында сақтаулы тұр. Ғалымдар осы үш көшірме нұсканың әрқайсысына тән өзіндік ерекшеліктерді жинақтай отырып, "Құтты білік" дастанының ғылымының негізделген толық мәтінін жасап шықты. Венгер ғалымы Герман Вамбери (1832 - 1913) "Құтты біліктің" бірнеше тарауын неміс тіліне аударып, 1870 жылы Инсбрук қаласында жеке кітап етіп бастырып шығарды. Бұл шығарманы зерттеу, ғылымының мәтінін дайындау және аударма жасау ісімен орыс ғалымы В.В. Радлов (1837 - 1918) жиырма жыл бойы(1890-1910) айналысқан. Түркия ғалымдары 1942-43 жылдары "Құтты біліктің" үш нұсқасын да Стамбұлдан үш том кітап етіп шығарды. "Құтты білік" дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Карахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Оны Қаримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (1984) тәржімалаған. "Құтты білік" дастаны белгілі бір мағынада елдегі Ата заң (Конституция) қызметін атқарған. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күн туды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге күт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған
Құтты білік дастаны
“Құтты білік” дастаны орта ғасырларда бүкіл түркі әлеміне түсінікті болған Қарахан әулеті мемлекеті түріктерінің тілінде жазылған. Жүсіп Баласағұн «Құтты білікті» 1069-1070 жылдары Баласағұн қаласында бастап, он сегіз айдың ішінде Қашқар қаласында аяқтаған. Оны Қ.Каримов өзбек тіліне (1971), Н.Гребнев (1971) пен С.Иванов орыс тіліне (1983), А.Егеубаев қазақ тіліне (1986), бір топ аудармашылар ұйғыр тіліне (Пекин, 1984) тәржіма жасады. Қарахан әулеті билік жүргізген дәуің тілген. Кезінде “Құтты білік” дастаны Шығыстың әр елінде әр түрлі аталып кеткен. Бір елде – “Айнак ул-мамлакат” (“Мемлекет тәртібі”), екіншісінде – “Панунаман мулук” (“Әкімдерге насихат”), үшіншісінде – “Адаб ул-мулук” (“Әкімдердің әдептілігі”) деген атпен мәлім. Бұл атаулардың бәрі – “Құтты білік” дастаны, негізінен, мемлекетті басқару мәселесіне арналған шығарма екенін растай түседі. Дастанның басты идеясы төрт принципке негізделген. Біріншісі, мемлекетті дұрыс басқару үшін қара қылды қақ жаратындай әділ заңның болуы. Автор әділдіктің символдық бейнесі ретінде Күнтуды патшаны көрсетеді. Екіншісі, бақ-дәулет, яғни елге құт қонсын деген тілек. Бақ-дәулет мәселесі патшаның уәзірі Айтолды бейнесі арқылы жырға қосылған. Үшіншісі, ақыл-парасат. Ақыл-парасаттың қоғамдық-әлеум. рөлі уәзірдің баласы Ұғдүлміш бейнесінде жырланады. Төртіншісі, қанағат-ынсап мәселесі. Бұл мәселе дастанда уәзірдің туысы, дәруіш Ордгүрміш бейнесі арқылы әңгіме болады. Ортағасырлық Шығыс ойшылдарына тән үйлесім – танымды көркем және ғылыми әдістермен ұштастыра қолдану Жүсіп Баласағүни ғибратында суреткерлік, ойшылдық, ғұламалық, философтық қасиеттердің үйлесім табуынан, ғылым даналығының біртұтастығынан көрінеді. Түркі мәдениетінің нәрлі бұлағынан сусындап, мұсылман өркениетінің қуатты ықпалымен толысқан ойшыл өз шығарм-ғында адамның қоғамдағы орны мен қызметін түсінуге ұмтылып, мінсіз қоғам жайындағы өзінің биік филос. мұраттарын баяндайды. Жүсіп Баласағүниның “Құтты білігінде” өмір мәні пайымдалып, жалпыадамзаттық рухани байлықтар – мұрат, дін, этика, өнер және даналықтың мәні сараланған. Жүсіп Баласағүни ақиқатқа жету жолын адам мен әлемнің, ұлы ғалам мен микроғаламның үйлесімді болуы туралы қағидаға негіздейді. Төрт құдірет – от, су, ауа, жер жайлы ежелгі дәуірдің философиялық түсінігіне сүйене отырып, ойшыл әлем осы төрттағанның үйлесімінен жаралған деп санайды. Осындай тағы бір төрттаған Жүсіп Баласағүниның қоғам туралы ойларында, яғни қазіргі түсініктегі әлеум. философиясында әділет, бақыт, ақыл және қанағат ретінде бейнеленіп, “Құтты біліктің” төрт кейіпкерінің бойына жинақталған. Ғалам мен микроғаламның тұтастығы, барабарлығы туралы ой Жүсіп Баласағүни дүниетанымының өне бойынан байқалады. Бұл жалған дүниені ақыл тезіне салып түзетуге болатынына да сенген ғұлама әлемдік үйлесімділік негізінде әділетті адамзат қоғамын құруды армандады. Сондықтан ол ғылым мен білімге зор мән берген. Жүсіп Баласағүни жалпыға ортақ парасаттың танымның нәтижесі ретіндегі білімге көшуі адам мүмкіндігінің жүзеге асуы деп біледі. Ғұлама білімнің туа бітетіндігі жайлы пікірге қарсы шығып, оған парасатты іс-әрекеттің нәтижесінде қол жеткізуге болатынына сенеді. Білімге молынан сусындаған адам ғана көп нәрсеге қол жеткізе алады. Оның пікірінше, білім – даналық, денсаулық және жан толысуы. Жүсіп Баласағүнидің ойынша, қоғам құрылымындағы кемелдіктің өлшемі әлеум. тәртіп бұзылғанда ғана көзге түсе бастайды. Сол кезде жаңа мұраттар мен ұрандар пайда болып, халық қолдауына ие болады. Ол қоғамдық құрылымның кемелдігін жеке адамның бостандығы, тәуелсіздігі анықтайды деп санады. Жүсіп Баласағүни өзінің әлеуметтік философиясында қоғамдағы кемелдіктің негіздері мен іс жүзіндегі көріністерін өзара тығыз байланыста қарастырады. Танымдағы кемелдік – білік, оның іс жүзіндегі көрінісі – укуш деп біледі ол. Жүсіп Баласағүни өз еңбегінде зердеге айрықша тоқталған. “Құтты білікте” ол, ең алдымен, даналық яғни қазіргі түсініктегі теориялық зерде туралы ой толғап, даналық табиғатын, оның ерекшелігін, туа біткен қабілеттер мен кейінгі білім жинақтаудағы адамның өз рөлі, таным процесінде ақиқатқа ұмтылу, т.б. мәселелерді қарастырады. Ғұлама өз туындысын Шығыс перепатизмінің арнасында, сопылық ағымның қуатты ықпалымен жазып шыққан. Ойлау қызметі тек адамға ғана тән, жануарларда жоқ қасиет деп біледі ол. Егер сезім алдамшы болса, онда оған толық сенуге болмайды, ал ақыл, зерде әрқашан адамға қызмет етеді, оның жалғандығы жоқ. “Құтты біліктің” негізгі айтар ойы – адамның адами жетілуі мен кісілік кемелденуі, сол арқылы мемлекет пен қоғамды қуатты, мықты, құтты ету. Кісілік кемелдену жолына түскен адам – өзінің қасиетіне, қалыбы мен негізіне мейлінше жақындаған асыл жан. Дастан оқырманына құт-берекемен, бақытқа өз адамгершілігін асыл етумен ғана жетуге болатынын ұқтырады. Ондағы “өзіңді сақтау”, “өзіңді ұмытпау” қағидасы адамның адамшылығын танытар қасиеті – адамгершілік пен кісілікті жетілдіруге бағытталған. Ақын өтпелі өмір мен өлім жайында терең толғанады. Оның ойынша, өкініштің ең ауыры өлшеулі өмірде дүние қызығы мен тән тілегі жетегінде кетіп, діл тазалығын сақтай алмаудан туады, сондықтан адам өзінің кісілік қасиетімен бірге өмірдің өткіншілігін де ұмытпауы қажет. Мұнан өзге Жүсіп Баласағүни шығармашылығына ізгілікке құштарлық пен іңкәрлік, сопылық танымдағы Алланы сүю, әлем мен адам сырына терең бойлауға ұмтылушылық белгілер тән.“Құтты білік” дастаны 6520 бәйіттен (екі жолдық өлең) тұрады. Демек дастанда 13040 өлең жолы бар. Соның бәрі 85 тарауға бөлініп берілген. Дастанның кіріспесі қара сөзбен, ал негізгі бөлімдері аруз өлең өлшемінің ықшамдалған мутакариб деп аталатын түрімен жазылған. “Құтты білік” дастанының сюжеттік желісі негізінен шығарманың бас қаhармандарының өзара әңгімесінен, сұрақ-жауаптарынан, бір-біріне жазған хаттарынан тұрады. Төрт түрлі ізгі қасиеттің символдық көрінісі ретінде бейнеленген негізгі төрт қаhарман қоғамның көкейкесті мәселелері туралы әңгімелеседі. Мұндай сұхбатта олар ел басқарған әкімдер қандай болуы керектігін, оқу-білімнің қажеттігін, әдептілік пен тәлім-тәрбие мәселелерін дидактикалық-филос. тұрғыдан сөз етеді. Мәселен, ақын әдептіліктің алуан түрін жырлай келіп, солардың ішіндегі ең бастысы – тіл әдептілігі деген түйін жасайды. “Құтты білік” дастанының авторы метафора, аллегория, гипербола, меңзеу, астарлап сөйлеу сияқты көркемдік құралдарды аса білгірлікпен пайдаланады. Дастанның әдеби, тілдік, тарихи тұрғыдан ғыл. мәні ерекше. Бұл дастан бертін келе қазақ халқының этникалық құрамын қалыптастырған ру-тайпалардың орта ғасырлардағы тұрмыс-тіршілігін, наным-сенімін, әдет-ғұрпын, сөз өнерін, тілін, т.б. зерттеп білу үшін аса қажетті, құнды мұра болып табылады.
"Құтты білік" дастанын Қарахан әулетінен шыққан Табғаш Қара Боғраханға арнады. Бұл үшін ақынға Хас Хаджиб (сарай министрі) атағы берілді. Поэманы толық көлемінде неміс тіліне аударысымен және түпнұсқасымен 1891-1900 жылдары В. В. Радлов ғылым әлеміне паш етті. 1896 ж. К. Керимов өзбек тіліне аударды. 1971 жылы Н. Гребнев "Бақытты болу ғылымы" деген атпен еркін аударма жасады. 1983 жылы С. Н. Иванов "Благодатное знание" деген атпен орыс оқырмандарына ұсынды. Ал 1986 жылы бұл дастанды ақын А. Егеубаев қазақ тіліне аударды.
"Құтты білік" поэмасы энциклопедиялық шығарма болып табылады. Оны жазуда автор саяси әуенді басшылыққа алғандығын аңғару қиын емес. Ол қарахандар әулетіне жоғары дамыған Мауераннахр, Шығыс Түркістан тәрізді аудандарды басқарудың жолдарын үйретуге тырысты. Әрине, шығарма тек саяси трактат көлемінде қалып қоймай, орта ғасыр дәуірінің ғылым, мәдениет салаларын да қамтиды. Адам тағдыры, өмірінің мәні, орны мен әлемдегі рөлі жайындағы мәселелер де қаралады. Сонымен бірге, Баласағұн философиялық, шамандық, исламдық дүниетанымда болғандығын білеміз. Философияны поэзия арқылы жеткізу орта ғасырлық шығыстық үрдіс еді. Екінші бір қыры - исламға дейінгі әр түрлі нанымдар. Шығармадан шамандық түсініктер көрінеді. Исламдық идеология да елеулі орын алады. Бұл жайында А. Н. Романов пен С. Н. Иванов: "Жүсіп Баласағұнның "Құтты білік" поэмасы - ең алғаш, ең көне, әзірше жалғыз, мұсылман идеологиясының негізінде, осы идеологияны уағыздаушы ретінде түркі тілінде жазылған шығарма", - деп баға береді. Кітапқа көшпенділер тұрмысы мен аңшылық өнерін көрсететін нақыл сөздер, мақал-мәтелдер, тұрақты сөз тіркестері енген
Ой өсиеті
Баласағұнның жақсылық пен жамандық жайында айтқан мына бір ойын келтіре кетпесімізге болмайды: "Егер ол мейірімділер күшті, ал қатыгездер әлсіз болса, біз ауыр ойлардан тұнжырамас едік. Егер әлемде әділдік заң болса, тағдырымыздың қатыгездігіне наразы болмас едік"
2. Қазақстан – үлкен мемлекет. Соған қарай оның климаты мен табиғат жағдайы біркелкі емес. Климат жағдайларына байланысты шаруашылық жүргізу формалары, қолға ұстаған мал құрамы өзгеріп отырған.
Қазақстанның кең байтақ жерінде мал шаруашылығының 3 түрі дамыған. Мысалы Батыс және Орталық Қазақстанда таза көшпелі мал шаруашылығы қалыптасты.
Шығыс Қазақстанда Алтай мен Тянь-Шан тауларында, Жетісудың таулы аймақтарында жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыды.
Ал Қазақстанның Оңтүстігінде Сырдария, Шу, Келес өзендерінің аңғарында отырықшы мал шаруашылығы болған. Олардың жанында егіндік жерлері де болған. Мұндай шаруашылықты отырықшы мал шаруашылығы деп те атауға болады.
Ата бабаларымыз амандасқанда «мал – жан аманба?» деп сұрайды. Осы бір ауыз сөздің өзінен қазақ өмірінде малдың орны ерекше екенін ұғынуға болады. Малдың күші, сүті, жүні, еті, терісі халықтың тағамы, киімі, баспанасы. Тұрмыстың бұл түрінің адамзат өркениетіне, мәдениетіне қосқан үлесі зор. Малдың өнімінсіз әлі де күн көру қиын. Малдың етін айтпағанда, сүт және одан өндірілетін тағамдарсыз және жүн, теріден жасалатын бұйымдарсыз қазіргі адамзат өмірін көз алдыңа елестету мүмкін емес.
Қазақтар негізінен 4 түлік малдың бәрін өсірген. Олар жылқы, сиыр, қой, түйе. 4 түлік олар үшін мінсе көлік, сойса - тамақ, ішсе - сусын, кисе – киім болған. Жылқы мінсе көлік ретінде, сондай – ақ түйе ыстық – суыққа, шөлге тізімді келеді. Ал қой етті, жүнді көп беретін түліктің бірі. Киіз басу, арқан есу, жіп иіру үшін қойдың жүнін пайдаланған. Қазақтар құйрықты және биязы жүнді қойларды көп өсірген.
Жылқы суыққа төзімді, тебіндеп жайылады, керек азығын қар астынан тұяғымен аршып алады, оған арнайы қораның да қажеті жоқ. Жылқы шаруашылыққа көп пайда келтірді. Атқа мінген бақташы малды қоныстан ұзақтау жерге жаюға мүмкіндік алды.
Қойлар көп күтімді қажет етпейді, кермек суды да іше береді, тіпті су жоқ болса, қар жейді. Қойлар суық пен ыстыққа төзімді, тебіндеп жайылады.
Түйелер жүк көлігі ретінде пайдаланған. Түйе ауыр жүк көтере алады. Түйе сусыз және қорексіз ұзақ күнге шыдайды.
Сиыр тебіндеп жайылуға икемсіз, сондықтан оларға арнап жемшөп әзірлеу қажет болған.
Батыс Қазақстанда түйе көп ұсталған.
Еліміздің солтүстігінде сиырды көптеп өсірген. Ал елдің Оңтүстігі қой өсіруге тиімді болған екен.
Көшпенді шаруашылықтың негізгі ерекшелігі – мал жыл бойы жайылымда бағылады. Малшылар ғасырлар бойы дағдыланған мал өсіру мәдниетін сақтай отырып, жазда – жайлауға, күзде –күздеуге , қыста – қыстауға, көктемде – көктеуге үзбей көшіп жүрген.
Көш. Көшке арнайы көшбасшы тағайындалып, сол басқарған. Көш басында жеңіл артылған атанға әшекейленген ақ текеметтен қоршау жасалып оған сәнді киінген қыз немесе келіншек мінеді.
Көктеу. Көктем шыға көшпелі қазақтар қыстаудан көктеуге келіп қонады. Көктеудегі маңызды шаруа – мал төлдету. Мал төлдегенде ауыл адамдары шаруаға түгел тартылады. Малдар төлдеп болғаннан кейін қозылар отығып көш соңына еруге жарағанда жайлауға көшу басталады.
Жайлау. Жайлауда шөп мол болғандықтан малды бағу жеңілдейді. Малшылардың қолы босап, жайлауда той – томалақтарын өткізіп бір сергиді. Бие байланып қымыз ашытылады.
Күздеу. Қыркүйектің ортасында жауын – шашын басталмай тұрып күздеуге көшу басталады. Күздеуде жаппай қысқа даярлық жұмыстары жүргізіледі. Жаңадан арқан есіледі, киіз басылады.
Қыстау. Күн суыта ауыл қыстауға келіп қоныстанады. Көшпелі қазақтар ерте 16 -17 ғ. қысты киіз үйде де өткізген. Киіз үй – мал баққан көшпелі халықтардың қысы – жазы отырған баспанасы. Киіз үйді қазақ халқы қасиетті, киелі шаңырағымыз деп дәріптейді. Ол тез құрылып, тез жиналады. Киіз үйдің – құрайтын негізгі қаңқасын киіз үйдің сүйегі деп аталады. Оларға шаңырақ, уық, кереге, сықырлауық немесе есігі жатады. Олар туырлық, үзік, түндік.
Егіншілік Қазақстанның оңтүстігінде Сырдария аңғарларында жақсы дамыған. Негізінен қазақтар бау – бақша өнімдерін, сонымен қатар бидай, арпа, жүгері сияқты яғни дәнді дақылдар да өсірген. Ортағасырлық Сығанақ қаласының төңірегінде Төменарық, Бозғыларық деген каналдардың болғандығына қарап осы қаланың аймағында суармалы егін шаруашылығының дамығандығын білеміз. Талхир қазіргі Талғар, Иасы қазіргі Түркістан қалаларына археологиялық қазба жұмыстарын жүргізген кезде егіншілікке пайдаланылған көптеген құрал - жабдықтар табылған, мысалы : кетпен, соқа, тырма.
Қазақтар қосалқы шаруашылық түрімен де айналысқан. Оларға аң аулау және балық аулау жатады. Кедейлер Балқаш, Алакөл, Сырдария, Іле сияқты өзен көлдерден балық аулаған. Аң аулау кедейлер үшін тіршілік етудің бір түрі болса, ал байлар үшін сауық сайран құру болған екен.
Қалалар. Қазақстан жерінде Х-ХІ ғасыр отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейді. 6 – 9 ғ. Оңтүстік Қазақстанда 30 қаланың орны белгілі болса, ал кейінгі кездегі зерттеулер бойынша, олардың саны 37 - ге дейін жеткен.
Қалалар санының өсуі, қала маңында жартылай көшпелі мал өсірушілердің отырықшылана бастауы қала санының өсуіне әсерін тигізген.
Қалалар тек саны жағынан ғана емес көлемі экономикалық жағынан да өсіп отырған. Оны негізінен 3 топқа бөліп қарауға болады.
І – топқа 30 га асатын қала жұрттары жатады. Ондай қалаларға Шынджаб, Отырар, Сауран жатады.
ІІ – топқа 10 га дан 30 га дейінгі қалалар жатады.
ІІІ – топқа көлемі 10 га жетпейтін қалалар жатады.
Х-ХІ ғ. қалалардағы басты жаңалық – мұсылман дінінің қазақ жеріне енуіне байланысты мешіттердің пайла болуы мешіт мұсылман дінінің әдет – ғұрып, салт дәстүрлері орындалатын қасиетті ғимарат. Осы кездегі қалалардың құрылыс жүйесінің тағы бір жаңа түрі – шығыс моншасы. Отырар қаласының 2 жерінен шығыс моншасының орны табылған. Мұндай моншалар Тараз, Иасы қалаларынан да табылған. Моншаларға су қыш құбырлар мен тартылған. Осы іспеттес Шығыс моншасы қазіргі Түркістан қаласында ХХ ғ. 60 жылдарына дейін жұмыс істеген. Монша қожа Ахмет Йасауи кесенесінің жанында. Ол қазір мұражайға айналдырылған.
Алматы қаласында Шығыс моншасының жобасымен салынған «Арасан» моншасы қазіргі кезде қала тұрғындарының демалып сауығатын орындарының біріне айналған.
Орта ғасырлардағы қазақ жеріндегі ең көне қалалардың бірі – Отырар. Ежелде Отырар қаласының орнында «Фараб» атты үлкен қоныс болған. Ол «сулы қоныс» дегенді білдіреді. Себебі қала Арыс және Сырдария өзендерінің қосылған жерінде орналасқан. Ежелгі Отырар қаласы қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік батысында орналасқан. Отырар қаласында Аристотелден кейінгі 2 ұстаз атанған данышпан ойшыл ғалым Әбу Насыр әл Фараби дүниеге келген. Отырардың атын әлемге әйгілеген ең бай кітапхана, Отырар кітапханасы. Әбу Насыр әл Фараби осы кітапханадағы барлық кітапты оқып шыққан деседі. Отырарды бұл күндері басы бүтін қалған құрылыс –Арыстан баб кесенесі. Арыстан баб Отырар жеріне алғаш келген білімпаздардың бірі.
Түркістан орта ғасырлардағы көне қала. Ол Қаратау мен Сырдария өзендерінің ортасында, Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан. Түркістан – түріктер мекені деген сөз. Ерте кезде қала «Шабғар» деп аталған. Түркістанда Қожа Ахмет Иассауи кесенесі орналасқан.
Сарайшық ХІІІ ғ. Жайық өзенінің жағалауында негізі қаланған қала. Ол Шығыс пен Батысты байланыстыратын сауда жолының бойында орналасқан. Сарайшық қаласында Әз Жәнібек хан 1347 – 1350 ж. билік құрған кезде халық шалқыған дәурен кешіпті. Сол кезде халық арасында
Сарайшықтың саздары
Қаңқылдады қаздары
Су сұрасаң бал берген
Ноғайлының қыздары деген ән кең тараған.
Сарайшық қазіргі Атырау қаласынан 50 шақырым жерде Жайықтың жағасында орналасқан. Қазба жұмыстары кезінде қала орнынан әдемі қыш құмыралар, әшекей бұйымдар табылған. Бұлардан басқа қазақ жерінде Сұяб, Баласағұн, Сайран деген ортағасырлық қалаларда болған.
Қазіргі кезде қанша қала бар. Ірі қалалар жайлы да түсінік беріп қорытындылау. Қазақстанда 14 облыс 90 ға жуық қала, 200 – дей қала тектес кент, 150- ден астам аудан тіркелген.
Зергерлік бұйымдар.
Қазақ зергерлері көбінесе қыз – келіншектердің ажарын ашып, сұлу етіп көрсететін, зергерлік әсемдік бұйымдар жасаған. Тағылуына қарай зергерлік бұйымдар негізгі 6 түрге бөлінеді.
1) басқа 2) мойын және кеудеге 3) иыққа 4) белге 5) қолға 6) аяққа тағылатын бұйымдар.
Қазақ аруларының басына үкілі сәукеле киіп, құлағына алтын сырға тағуы, саусағына сақина, білегіне білезік киюі, беліне белдік буынып, шашына шолпы қадауы олардың парасатының биіктігі мен эстетикалық талғамының жоғары болғанын көрсетеді.
Сырға – әйелдердің құлағына тағатын әшекейлі, сәнді зергерлік бұйым. Ел ішінде кең тараған әндердің бірінде мынадай жолдар бар : «Құлағыңа таққаның күміс сырға,
Күмбірлетіп тағасың күнде сырға»
Сырға неолит заманында сүйектен, мүйізден қола дәуірінде металдан жасалған. Б.з.б. ІІ ғасыр мен біздің заманымыздың ІІ ғасырында алтыннан, күмістен жасалған сырғаның өте сәнді түрлері шыға бастады.
Алқа әйел адамдар мойнына, омырауына тағатын сәнді бұйым.. Алғашында алқа дөңгелек әшекей ретінде тағылған, кейін оның түр сипаты өзгеріп тұмарша түрінде, әртүрлі салпыншақты кейіпке ауысқан. Алқа меруерт, маржан, асыл тастардан алтын, күмістен соғылған.
Саусаққа сәндік үшін киілетін зергерлік бұйым – жүзік. Кенен Әзірбаев атамыз «Көрінер ақ үй сұлу үзігімен
Көрінер келін сұлу жүзігімен»
деп жырлаған екен. Қазақтар бой жетіп келе жатқан қызына мұра ретінде өсиет сөз жазылған қымбат жүзіктер дайындаған.
Ертеде халқымыз ас адал болуы үшін әйелдің қолында міндетті түрде сақина немесе жүзік болуы керек деп санаған. Сақина – саусаққа салатын зергерлік бұйым. Жүзікке қарағанда сақинаның бауыры жалпақтау болып, көбіне бетіне тас қондырмайды. Қазақта «Сақинаны сәнге салмайды ол -тазалыққа таразы», сақина сәнге жатпас, айқай әнге жатпас дегендей ұғымдар сақинаның тек сәндік қана емес, гигиеналық қызмет те атқарғанын дәлелдейді.
Қазіргі кезде де жас келіншек нәрестесін шомылдырар алдында үйдің үлкендері енесі немесе абысыны «қолыңа сақина салып ал, ол тазалыққа тән болады» деп ескертіп отырады және де нәрестені 40 – нан шығарда оны шомылдыратын суға алтын немесе күміс сақина, немесе білезік салу дәстүрі оларды соған қатысып отырған әйелдерге сыйлық ретінде үлестіру үшін ғана емес, осындай асыл бұйымдарды қасиетті санаудан, тазалыққа мән беруден де шыққан сияқты.
Қорытындылай келгенде, халқымыздың мәдениеті ғасырлар бойы жалғасып, қоғамның дамуына байланысты дамып жетіліп отырған. Көшпелілердің өнері мен мәдениеті қазіргі адамдарды да таң қалдырады. Ол жалпы адамзат мәдениетінің дамуына үлкен әсерін тигізді.
Көшпенділерге тән қасиеттер жауынгерлік, табиғат талқысына көнбістік, ойға тапқырлық деуге болады.
2. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймақтық біртұтастығын құрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап, біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймақтағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 — 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен екі жақты байланыс едәуір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссель, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады.
3
Қарақытайлардың шапқыншылық жорықтары
.
Қарахан әскерлері мен салжұқтар
Хорезмге жорық жасап,жаулап алады.
Ауғанстан жеріне гурид тайпаларымен соғысады
Наймандар
9-билет
Оңтүстік Қазақстан- Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпасы.
1990 жылдарыҚазақстандағыжекешелендіруүрдісіжәнеоныңәлеуметтіксалдары.
Х-ХІІ ғасырлардағы архитектуралық құрылыс жүйелерін кесте бойынша толтырыңыз.
Архитектуралық құрылыстар |
Архитектуралық құрылыстардың аты |
Орналасқан жері |
Ерекшеліктері |
Мешіт
|
|
|
|
Кесене
|
|
|
|
Монша
|
|
|
|
Ответы
Оңтүстік Қазақстан –Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпаларының бірі.Жібек жолы Таразда түйісіп , Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына жеткен. Бұл қалалар жеріміздегі сауданың орталықтары саналады. Оған дәлел -археологиялық зерттеу жұмыстары жүргізілген кезде қалыптасқан әр елдің тұтыну бұйымдары, теңгелер мен әшекей сәндік бұйымдар табылған. Отырар қаласы керуен жолдары торабында орналасқан . Отырардан шыққан бір жол-Шауғарға,екіншісі-Сырдария арқылы өтіп,Васидж қаласына барған. Жетісудағы Тарағ қаласы арқылы жол Испиджапқа келгеннен кейін басты екі тармаққа бөлінеді
1993 жылдың соңына қарай жекешелендірудің бірінші кезеңі аяқталды. 10 мыңдаған қазақстандықтар жеке меншік шаруашылықтарын жүргізді. 1993 жылдың қазанында республикада 3,5 мыңнан астам кооператив, 15 мыңнан астам шағын кəсіпорын, 11 мың жеке кəсіпорын, 15 мыңға жуық фермерлік жəне шаруа қожалықтары құрылды. 160 коммерциялық банктер, 37 түрлі биржалар болды. 7 мың кəсіпорын жекешелендірілді. Оның 5 мыңға жуығы сауда жəне қызмет көрсету саласы болды.
1994 жылдың көктемінде жекешелендірудің екінші кезеңі басталып, тұрғындарға жекешелендіру купондары таратылды. Азаматтар жан басына 100 купоннан алып, орта жəне ірі кəсіпорындардың иесіне айналу мүмкіндігіне ие болды. Азаматтар мен кәсіпорындар арасында делдалдық қызмет көрсету үшін қаржы салымының қорлары құрылды. Азаматтардың жекешелендіру чектерінің сатып алған акциялары енді жыл сайын белгілі бір мөлшерде үлеспайда түсіріп тұруға тиіс болды. Жекешелендіру купондары қағаз күйінде қалып қойды.Ұлттық валютаның айналысқа енгізілуі мен жекешелендіру үдерісінің аяқталуы халықтың əлеуметтік-психологиялық бейнесін өзгертті. Халықтың тұрмысы мүлдем нашарлап кетті. Қазақстан əлемнің 174 елінің арасында 93-орында, ал КСРО құрамында болған елдер арасында 7-орында (1997 ж.). 1990-1995 жылдар арасында қазақстандықтардың өмір жасының ұзақтығы 4,7 жасқа қысқарған. Білім алушылардың мөлшері 39%-ға азайған. Ұлттық табыс мөлшері 7 есе кеміп, 1995 жылы республика бұл көрсеткіш бойынша 129-орында болған.1997 жылдың соңына қарай республика тұрғындарының жартысынан астамы кедейлікте өмір сүрді. Тұрғындар арасында әлеуметтік аурулар меңдей бастады. Үлкен əлеуметтік келеңсіздіктердің бірі – жұмыссыздық. Осының бәрі бұқараның наразылығын туғызды. Наразылық түрлері: ереуілге, пикеттерге шығу, аштық жариялау. Наразылықтар Жаңатас, Кентау, Шымкент, Тараз қалаларында жиі қайталанды.1997 жылдың соңында үкімет зейнеткерлер алдындағы қарызын түгел өтеуге мүмкіндік алды. Жұмыссыздар үшін шағын несие бөлінді.Баға біршама тұрақтанып, құнсыздану ауыздықталды.1998 жылдың соңында экономиканың 90%-ы жеке сектордың қолында болды. 500 мыңға жуық кәсіпкерлер тобы дүниеге келді. Қазақстан шетелдерден инвестиция тарту жөнінен ТМД елдері ішінде алдыңғы орында болды.1998 жылдың 1 қаңтарынан бастап “ҚР зейнетақымен қамтамасыз ету туралы” заң күшіне енді. Азаматтар еңбекақыларынан зейнетақы қорына қаражат аудару арқылы қартайған кезін қамтамасыз етуге тиіс болды.1991 жылдан Қазақстанда белсенді көші-қон (миграция) үдерістері басталды. “Көші-қон туралы” заң қабылданды. Көші-қон жəне демография жөніндегі агенттік құрылды.Көші-қон үдерісі екі бағытта жүрді. Республика аумағынан еріксіз кеткен жергілікті халықтың тарихи отанына қайтып оралуы. Екінші бағыт, Қазақстанда тұратын орыс, украин, беларусь, неміс диаспораларының өздерінің тарихи отандарына кетуі.Республика тұрғындарының жалпы саны кеми бастады. 5 жыл ішінде əр 1000 адамға шаққандағы туу коэффициенті 19,1-ден 14,7-ге түсті.
1997 жылдың 1 шілдесінде жергілікті халық үлесі 50%-дан асты. Кеңес кезінде өз жерінде ұлттық азшылық жағдайында болған қазақ халқы қайтадан сандық және үлестік басымдыққа жетті.
1999 жылы ақпан, наурыз айларында әр он жыл сайын жүргізілетін халық санағы өткізілді. Қазақстанда 14 млн 952,7 мың адам тұратыны анықталды. 1989 жылы тұрғындар саны 16 млн 199,2 мың болған еді.2009 жылы 25 ақпан – 6 наурыз аралығында кезекті халық санағы өтті. Халық саны 16 млн 402 мың адамға жеткен. Қазақтардың үлесі 67%-дан асқан.
2000 жылдан кейінгі кезеңде ел экономикасы біртіндеп дағдарыстан шықты, ондаөрлеу нышандары байқала бастады. Павлодарда жобалық қуаты 250 мың т. алюминий құймасын шығаратын электролиз зауыты және жіксіз болат құбырларын шығаратын 10 мың жұмыс орны бар зауыт іске қосылды. Ақтөбеде қуаты 6 млрд текше метр газ өңдейтін Жаңажол зауыты салынды. 2008 жылы 70 млн т-ға жуық мұнай өндірілді.
Дүниежүзілік қаржы дағдарысы басталғанға дейін Қазақстанда ішкі жиынтық өнім(ІЖӨ) жылына 9-10% өсім беріп тұрды. Соның нәтижесінде 2007 жылы ІЖӨ жан басына шаққанда жылына 7000 АҚШ долларын құрады. Орташа номиналды еңбекақы 50800 теңгеге жетті.
Жас отбасылары мен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері қол жететін бағамен ипотекалық несие арқылы пәтер алуын қамтамасыз ететін мемлекеттік бағдарлама қабылданды. Үш жыл ішінде (2005-2007 жж.) 160 мың отбасы немесе жарты млн-нан астам қазақстандықтар жаңа пәтердің кілтін алды.
Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуына қажетті жағдайлар жасалды.
3.
Архитектуралық құрылыстар |
Архитектуралық құрылыстардың аты |
Орналасқан жері |
Ерекшеліктері |
Мешіт
|
Отырар мешітіҚұмшық ата мешіті |
|
3-4 күмбезді болған Түркістанда орналасқан |
Кесене
|
Айша бибі-Бабаджа Қарахан кесенесі Қожа Ахмет Яссауи Көк кесене Алаша хан кесенесі Жошы хан кесенесі |
Тараз Жамбыл Түркістан Сары өзен бойы Қарағанды обл Жезқазған обл |
Атадан балаға мұра болып келе жатқан ою-өрнек,әшекей бұйымдар көруге болады |
Монша
|
Отырар Тараз Түркістан |
Отырар Тараз Түркістан |
Әйнек сырлы кірпіштермен безендірілген. |
10-билет
Х-ХІІІ ғасырлардың басындағы Қазақстанның ортағасырлық қалалары (Отырар,Тараз,Түркістан,Сайрам,Сығанақ)
Қазақстанның әлемдік бірлестіктеріне кіру мақсаты және оның маңызына сипаттама жасаңыз.(БҰҰ, Әлемдік Банк,ХВФ, ЮНЕСКО)
Монғол империясының қоғамдық құрылыс жүйесін кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
Ответы
1. Қазақстанның ежелгі қалалары – жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 – 9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемлекеттік төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломаттық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның жылнамасында “Ақ өзендегі қала” атымен алғаш аталады. Кейін Махмұт Қашқари Сайрам – ақ қаланың аты (әл-Мединат әл-Байда), ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады. Сайрамнан Шашқа баратын жол бойында 8 – 10 ғасырларда Газгирд (Қазығұрт) болған. Исфиджабтың шығыс жағында Шарап, Будухкет, Тамтаж, Абараж, Жувикат қ-лары мен елді мекендері орналасқан. Шарапқа – Төрткөл Балықшы, Будухкетке Қазатлық қалаларының жұрты сай келеді. Тамтаж, Абараж – керуен сарайлары іспетті. Арыстың төменгі ағысында орталығы Отырар қ. болған Фараб (Отырар) өңірі жатты. Отырар аты (Отырарбенд) 8 – 9 ғ-лардағы жазба деректерде аталады. Оның Фараб, Тарбанд секілді атаулары да бар. Отырардан төменірек Сырдария бойындағы Шауғар өңірінде сол аттас орталығы болған. Шауғар қаласы(соғды тілінен аударғанда “Қара тау”) Түркістанның оңтүстік-шығысында 8 км жерде орналасқан Шойтөбе қаласының орнында болған.
Оңтүстік-Батыс Жетісуда қалалардың өркендеуіне, қолөнері мен егіншіліктің және құрылыс техникасының дамуына Соғды ұрпақтарының елеулі әсері болды. 8 ғ-дың 2-жартысында олар Шу, Талас жазықтарына көптеп қоныстана бастады. Соғдылық саудагерлер Иран мен Византияны Шығыс Түркістанмен жалғастыратын Ұлы жібек жолының бойына сауда қоныстарын салды. Осындағы Тараз және Суяб қалалары Қазақстаннан тыс жерлерге де мәлім болды. Жазба деректерге қарағанда 7 – 13 ғ-ларда осы жол бойындағы Аспара, Шігілбалық, Атын, Семекина, Талхиз, Мерке, Құлан, Исфиджаб, Усбаникет және басқа қалалар да маңызды рөл атқарды. Бұл қалаларда ұсталық, зергерлік, былғары өңдеу, қыштан ыдыс жасау кәсібі өркендеді. Тұрғындары егін шаруашылығымен айналысып, бидай, тары егіп, бақ, жүзім өсірген. 9 – 10 ғасырларда солтүстік-шығыс Жетісуда да қалалар салына бастаған. Іле өз. бойындағы көшпелілер қоныстарының орнына пайда болған бұл қалалар тез арада-ақ қолөнері мен сауда орталығына айналды.
9 ғасырларда және 10 ғасырдың 1-жартысында Жетісуда билік қарлұқтар қолына өтуіне байланысты көшпелі халықтар отырықшылыққа жедел көше бастады. Көшпелі тайпалардың ақсүйектері құнарлы жайылымдарды басып алу, соғыс жорықтары және сауда арқылы байыды. Қоғамның қарапайым мүшелері топ-тобымен отырықшылыққа көшіп, егіншілердің, қолөнершілердің қатарын толықтырды. Осыдан барып үлкенді-кішілі елді мекендер мен қалалар көбейе бастады. 9 – 12 ғасырларда қоғамның өндіргіш күштері үлкен қарқынмен өсті. Орта Азия мен Қазақстандағы саяси билікті басып алған Қарахан әулеті феод. қатынастардың қалыптасуына ықпал жасады. Осы кезде қалаларда діни орындарға арналған құрылыстар, ақсүйектердің сарайлары, су құбырлары, тазалық жүйелері салынды. Жаңа қалалар пайда болды. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстанда қалалар көркейе түсті. Бұрын 5 – 7 га-дан аспаған Отырар рабадының аумағы 170 га-ға дейін жетті.
Кең көлемдегі қазба жұмыстары Оңтүстік Қазақстандағы қала мәдениеті ескерткіштерінің типологиясын жасауға мүмкіндік береді. Аумағы 30 га-дан асатын қала жұрттарына Сайрам (Исфиджаб), Шортөбе немесе Қараспан-1 (Осбаникет), Отырартөбе (Отырар), Құйрықтөбе (Кедер), Шойтөбе (Шауғар), Жанқала (Жанкент, Янгикент), Сунақ-Ата (Сығанақ), Құмкент жатады. Аумағы 15 га-дан 30 га-ға дейін жететін қалалар – Бурух, Хурлуг, Жумишлағу, т.б. 15 га-ға дейін жететін қала жұрттарына Шарапхана (Газгирд), Бұлақ-Қоғал (Манкент), Тамды (Берукент), Қазатлық (Будухкет), т.б. жатады. Осы қалалардан басқа Сырдарияның орта ағысында 6 – 9 ғ-лардың бірінші жартысына тән мәдени қабаттары анықталған бір топ қала жұрттары жатыр. Қазақстанның оңтүстігінде жалпы саны 27-ге жететін осындай қала жұрты бар. Қазақстанның оңт-ндегі қала жұрттарына құрылымында – ішкі қамал (цитадель); шахристан (дуалмен бекіндірілген қала) және рабад (қала төңірегіндегі сауда-қолөнер орны) болатын топография тән. Шахристанда бай шонжарлардың, ірі саудагерлер мен дінбасылардың үйлері, сарайлар орналасты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың ерте орта ғасырлардағы қалаларының жұрттарын анықтаған кезде мынадай белгілердің жиынтығы: көлемі мен құрылымы (қамал және бүкіл көлемі немесе қамал мен шахристан); бекіністері; мәдени қабатының байлығы; археол. кешені пайдаланылады. Осындай сан және сапа белгілеріне сүйенгенде, Оңтүстік Қазақстандағы алдыңғы орта ғасырлардағы барлық қалалар саны 33 болды
Алайда, Оңтүстік Қазақстанның барлық қалалары неғұрлым кейінгі уақытта да өмір сүргендіктен, қала орындарының кейінгі мәдени қабаттары ертедегі қалалардың көлемін анықтауға және олардың үлгілерін жорамалдауға мүмкіндік бере бермейді. Жетісудың оңт.-батысында, керісінше, бұған толық мүмкіндіктер болды. Жазбаша деректемелерге қарағанда, мұнда 7 – 10 ғасырларда 27 қала мен қоныс болған, олардың көпшілігі нақты қала жұрттарымен сәйкестендірілді.
Ал Шу және Талас аңғарларындағы аумақта барлығы 36 қала жұрты табылып, олардағы 7 – 9 ғасырлардың мәдени қабаттары анықталды. Қалалар кейінгі кезге дейін өмір сүрген. Олардың топографиясында өзіндік ерекшелік кездеседі. Қала жұрттарында қамал мен шахристаннан тұратын “орталық бөлік” ерекше көрінеді. Орталықтағы құлаған үйінділерге ұзындығы 3 км-ден ондаған км-ге дейін жететін дуалмен қоршалған аумақ жапсарласып жатады. “Ұзын дуалды” қалалардың орналасуында қатаң заңдылық бар: Талас аңғарында олар бір-бірінен 15 – 20 км қашықтықта, аңғарлардың ең қолайлы жерлерінде, Таласқа ұсақ тау өзендерінің құятын сағаларында орналасқан. Шу аңғарында қалалардың орналасу заңдылығы одан да айқын – он үш қала тау етегіндегі аймақта тау өзендері ағып шығатын жерлерде бір-бірінен 15 – 35 км қашықтықта орналасқан; қалғандары Қырғыз жотасы тауларынан өзендердің Шуға келіп құятын жерлерінде солтүстік Жақтағы ішкі тізбекті құрайды. Қалаларды сипаттап топтаған кезде қала орындарының көлемі мен топографиясы және жазбаша деректердің мәліметтері пайдаланылуы нәтижесінде қалалар үш топқа бөлінеді. Бұлар: астаналық және ірі қалалар – Тараз, Суяб, Невакет және Нұзкет, олар Жетісудың оңт.-батысындағы Жамбыл, Ақбешім, Қызылөзен және Шитөбе сияқты ірі қала жұрттарына сәйкес келеді. Орташа топқа Таластағы Ақтөбе қ-ның жұрты деп саналатын Текабкет және тиісінше: Сус – Шалдовар, Мерке, Аспара, Жол – Соқылық, Харранжуван – Беловодск бекінісі, Жақ – Сарығ – Грозненское жатқызылды. Шағын қалаларға жататындар: Құлан – Луговое, “Түрік қағанының ауылы” – Шөміш, Кірмірау – Покровское. Ірі қалалардың төңірегінде орналасқан ондаған ескерткіштерді қоныстарға жатқызуға болады. Шу-Талас өңірлерінде орналасқан 403 ортағасырлық қалалар мен мекендердің 240-ның тарихи-топографиялық құрылымдары зерттелген. Мұндағы негізгі қалалар Жікіл, Балу, Шелже, Такабкет, Көл, Кендек, Ақтөбе, Төлек, Сус, т.б. Шу аңғарында Баласағұн қ. жетекші орынға шығып, астана рөлін атқарған. Ол 10 – 11 ғ-ларда хан ордасы ретінде қалыптасқан. Оның орнында неғұрлым ерте кезеңдегі қала жұрты бар. Бұл өлкеде осынша көп жаңа қалалардың пайда болуы ауданда отырықшылық пен қала өмірінің дамығанын көрсетеді. Солт.-шығыс Жетісуда 9 – 13 ғ-дың басында қалалар саны артқан. Егер 9 – 10 ғ-ларда мұнда 10 ғана қала болса, 11 – 13 ғ-лардың басында олардың саны 70-ке дейін көбейген. 10 ғ-дағы деректер Іле аңғарының сол жағалауында орналасқан екі қала – Талхиз (Талхар, Талғар) және Лабан қ-лары туралы мәлімет берсе, 11 – 13 ғ-лардың басындағы деректерде Екі-Оғыз, Қаялық, Ілебалық, т.б. қалалар аталады. Солт.-шығыс Жетісудағы барлық қала жұрттары “төрткөл” аталатын үлгіге жатады. Олар тік бұрыш, трапеция түрінде жоспарланған немесе дөңгелек болып келеді, жалпы жер бетінен сәл дөңестеніп тұрады және барлық жағынан бұрыштары мен мұнаралары бар дуалдармен қоршалған.
Төрткөлдер солтүстік-шығыс Жетісуға ғана емес, сонымен қатар оңтүстік-шығыс Жетісуға, Тянь-Шаньға, Орталық Қазақстанға, Тува мен Моңғолияға таралған. Осы үлгідегі немесе біршама өзгеше жоспарланған қала жұрттары Сырдарияның төм. ағысында, Азов т. маңында кездеседі. Олардың типологиясы жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Тянь-Шаньдағы Қошайқорған мен Шырдабек сияқты ірі қалалардың жұрттары орда-қалалар деп саналады. Ыстықкөл қазаншұңқырының төрткөлдері бекіністер және ауылдық қоныстар деп есептеледі. Сырдарияның төм. ағысындағы суреттеліп отырған үлгідегі қала жұрттары ауылдық мекен жайлар мен қала үлгісіндегі қоныстар деп саналады. Солт.-шығыс Жетісу төрткөлдері үш топқа бөлінеді.
Біріншісіне:
Антоновка, Дүнгене, Шілік;
Екіншісіне:
Талғар, Сүмбе, Ақмола енгізілген;
Үшіншісіне:
Алматы, Лавар, Қапал, Бояулы, Ақтам, Арасан.
Бірінші топқа аумағы 30 га-дан асатын қалалар енеді.
Бұлар – көп қабатты ескерткіштер, мәдени қабаттарының қалыңд. 2 – 3 метрге дейін жетеді және одан да қалың. Қазба жұмыстары кезінде қала жұрттарынан алуан түрлі керамика, әйнек, теңгелер, қолөнер шеберханалары мен өндірістік күл-қоқыстар табылды, бұлар мұнда қолөнер мен сауданың дамығанын дәлелдейді. Бұл қалалар жұрттарының кейбіреулері нақты қалаларға: Антоновка – Қаялыққа, Дүнгене – Екі-Оғызға баланады. Олардың ішіндегі ең ірісі қарлұқ жабғуының астанасы Қаялық ретінде танылған – Антоновка. Бірінші топты құрайтын төрткөлдер ірі қалалар және астаналық орталықтар болып табылады. Екінші топтағы қалалардың аумағы 10 га-дан 30 га-ға дейін жетеді. Үшінші топ қалаларының аумағы 10 га-ға да жетпейді. Мұндай қала жұрттарының құрылысы Жақсылық қ-ның орнын кең көлемде қазған кезде зерттелді. Оларда тұрғын үйлер дуалдар іргесіне, ішкі жағында орналасады, ішкі аулалар бар. Іле қалалары жұртының бұл тобын бұрынғы көшпелілер мен жартылай көшпелілердің ауылдық қоныстары деп санауға болады. Кейбіреулері керуен-сарайлар болуы мүмкін. Сарыжас, Быжы және Айнабұлақ сияқты бірнеше қаланың жұрты бір-біріне жақын орналасқан екі немесе тіпті үш бекіністен тұрады. Олар әдетте жолдардың түйіскен тұсына салынған.
Бұл кезеңде отырықшы және қала мәдениеті Қазастанның орт. және шығыс аймақтарына қарай ойысқан. Қазақстанның батысында қоныстар пайда болған. Орталық Қазақстанда, Нұра, Кеңгір және Жезді аңғарларында, Ұлытау етегінде ондаған төрткөлдер табылды, мұнда жүргізілген қазба жұмыстары олардың әкімш., қолөнер-сауда және а.ш. сипатын көрсетеді. Шыңғыс хан шапқыншылығы және одан кейінгі Шыңғыс хан ұрпақтары арасындағы соғыстар салдарынан Іле, Шу, Талас алқаптарындағы қалалардың көбі қирап, біржола жойылып кеткен. Италия елшісі Плано Карпини Сырдария жағалауында болғанда, бұл жерлерден көптеген қираған қалалар мен мекендерді кездестіргенін жазды. Француз королі Людовик ІХ-ның елшісі Виллем де Рубрук 1253 ж. моңғол ханы Мөңкеге бара жатып, Іле алқабы арқылы өткенде жазған күнделігінде жоғарыда аталған жазықта бұрын көптеген қалалар болғанын, олардың көбін мал жайылымына айналдыру үшін татарлардың қиратқанын жазады. Сырдария мен Қаратаудағы 13 ғ-да жермен-жексен етіліп, тоналған қалалар – Түркістан (Иасы), Отырар, Сығанақ, Созақ, Құмкент, Жент және Жаңакент 14 – 15 ғ-ларда Темір мен оның ізбасарларының солтүстік-шығысқа жасаған жаугершілік жорықтарында бекініс қамалдары болып, одан кейін қолөнер және сауда орталығы, хандардың резиденциясына айналған. Олар қазақ хандарының өмірінде маңызды рөл атқарды. 15 – 16 ғ-ларда Қазақ хандығының қалыптасу және нығаю кезеңінің күрделі саяси оқиғалары жағдайында, жерді игеру барысында қазақтардың этникалық аумағының қалыптасуы аяқталды. 13 ғ-дың 2-жартысы – 14 ғ-да айтылатын қалалар саны 20-ға дейін, ал мезгілі 15 ғ-дың 2-жартысы – 18 ғ-дың басына жататын қала жұрттары 23-ке дейін азайды. Жалпы алғанда, 9 – 12 ғ-лармен, қала мәдениеті барынша гүлденген уақытпен салыстырғанда, Оңтүстік Қазақстанның жазбаша деректемелер бойынша белгілі қалалар саны 3 еседей, ал қала жұрттарының саны 6 еседей азайып кеткен. 16 – 17 ғасырларда аймақтың саяси және экон. өмірінде Аркөк, Қожан, Аққорған, Үзкент сияқты қалалар маңызды рөл атқара бастады. Сайрам өркендеді. 15 – 18 ғасырларда Түркістан – қазақ хандарының астанасы, одан бұрын Сығанақ пен Сауран Ақ Орданың орталығы болды. 13 – 14 ғасырларда бұл қалаларда үлкен құрылыс жұмыстары жүргізілді, мешіттер, медреселер, басқа да қоғамдық архит. құрылыстар салына бастады. Түркістанда теңге соғылды. Мұнда Әмір Темірдің бұйрығы бойынша Қожа Ахмет Иасауи қабірінің үстіне кесене тұрғызылды, қала аймақтың ресми идеол. орталығына айналып, қауырт өсті.
Отырарда да теңге соғылғаны туралы деректер бар. Мұнда ‘’Арыстан баб кесенесі’’ салынды. 14 – 15 ғасырларда Отырардың орталығында үлкен мешіт салынып, жұмыс істеген. Отандық археологтар ізденістерінің нәтижесінде 16 ғ-дың аяғы 17 ғ-дың 80-жылдарындағы Отырар қ-ның халқына демографиялық есептеулер жүргізілді. Отырар қ-ның 16 – 17 ғасырлардағы аумағы 20 га-ға тең. Оның төрттен бір бөлігін алаңдар, көшелер, шаруашылық жайлар алып жатқан. Махаллаларда (100 шақты) орта есеппен 45 – 63 адам тұрған, ал қаладағы барлық тұрғындар саны 4500 – 6300 адам немесе орта есеппен 5500 адам өмір сүрген. Сығанақ (20 га) пен Созақта (22 га) да тұрғындар саны осындай. Көлемі 35 га болатын Түркістанда 170 махалла болған, оларда 9180 адам тұрған. Көлемі жағынан Сауран Отырардан екі есе үлкен, онда 11000-дай адам, ал Сайрамда (28 га) 7560-тай адам болған. Қарасаманда (6 га), Иқанда (6,7 га), Қарнақта (4,5 га), Қарашоқта (5 га), Сүткентте (6 га), Аркөкте (7 га), Қотанда (7 га), Үзкентте (9 га), Аққорғанда (8 га) 1500-ден 2000-ға дейін тұрғындар тұрып, махаллалар саны 20-дан 40-қа дейін жеткен.
Жақанкентте, Суриде, Жүнкентте, Құжанда, Қарақұрымда және Раң сияқты баламасы табылмаған, көлемі 1 – 2 га-ға дейін жететін қалашықтарда 800 – 1000-дай адам тұрған. Жалпы, 16 – 17 ғ-лардың үш ширегі кезеңінде Қазақстандағы қала халқының саны 70 мыңнан аспаған. 17 – 18 ғ-лардағы жоңғарлар шапқыншылығы Қазақстан қалаларының экономикасын құлдыратты. Қазақстандағы орта ғасырлардағы елді мекендер мен қала-лар, мұнда қалалық мәдениет пен өркениеттің ежелден қалыптасып, дамығандығын көрсетеді
2.Біріккен Ұлттар Ұйымы– екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО, АҚШ, Қытай және Ұлыбритания мемлекеттерінің белсенділік танытуымен құрылған халықаралық ұйым. 1945 жылы Сан-Францискодағы конференцияда антигитлерлік коалицияға мүше мемлекеттердің ұсынысымен күштерін біріктіру мақсатында кұрылған егеменді мемлекеттердің халықаралық ұйымы.[1]
Бас кеңсесі орналасуы — Нью-Йорк, АҚШ. Ағымда БҰҰ құрамына 192 мемлекет кіреді. «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Ф.Д.Рузвельт ұсынды. Декларациясы Сан-Францискода 1945ж. 24 қазанда қабылданды. Бұл БҰҰ-ң күні деп жарияланды.
Дүниежүзілік банк — [World Bank] — Бүкіләлемдік банк тобы, Әлемдік банк, Халықаралық қайта құру мен даму банкі [МБРР; International Bank for Reconstruction and Development, IBRD] — даму процесіне жәрдемдесетін аса ірі әлемдік үйымдардың бірі. 1945 жылы қүрылып, қүрамында 154 мемлекет болған. 2004 ж. Бүкіләлемдік банктер тобы мүшелерінің саны 184 мемлекетке жетті. Банктің негізгі мақсаты мүше елдердің экономикасын қайта құру мен дамытуға, өндірістік мақсаттарға капитал қүю арқылы көмектесу. Сонымен, Бүкіләлемдік банк - дамушы және өтпелі экономикасы бар елдер үшін әлемдік ірі қаржы қорының және білімнің көзі. Бүкіләлемдік банк өзінің қаржы қорын, қызметкерлерін және бай тәжірибелерін әр елдегі кедейшілікпен күресте, экономикалық өсімді және өмір сүру сапасын көтеру үшін пайдаланады. 2002 жылы Бүкіләлемдік банк клиент-елдерге 19,5 млрд. долл. қарыз берген. Ол 100-ден аса дамушы елдердегі кедейшілікпен күреске баса көңіл бөліп, жәрдем береді.
Дүниежүзілік банк - БҰҰ жүйесіндегі бірнеше халықаралыққаржыұйымдарынан тұратын топ. Оған Дүниежүзінің қайта құру және даму банкі (ДҚҚДБ), Даму жөніндегі халықаралық ассоциация, Инвестициялықкепілдік бойынша халықараралық агенттік, Инвестициялық қайшылықтарды реттеудің халықаралық орта және Халықаралық қаржы корпорациясы кіреді. Штаб-пәтері — Вашингтон қаласында орналасқан. Банктың қызмет түрлеріне әр түрлі мемлекеттерде экономика реформаларды жүргізуге көмектесу, нарық бәсекелестігін дамыту, кәсіпорын және қаржы секторларын реформалау, әлеуметтік қорғау жүйесін орнықтыру, айналадағы ортаны қорғау, экономиканың әр түрлі салаларының жұмысын жақсарту, т.б. жатады. Қазақстан Республикасы Дүниежүзлік банкке 1993 жылдан мүше.
ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization — UNESCO) — Біріккен Ұлттар ҰйымыныңБілім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы.
Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы Лондон конференциясында 1945 жыл қарашасында қабылданып 1946 жыл 4-ші қарашасында, қабылдауы туралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақтауға өткізгеннен кейін күшіне енеді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше. 1972 жылы ЮНЕСКО 1975 жылы күшіне енген Әлемдік мәдени және табиғи мұраларды қорғау конвенциясын қабылдайды, дәл қазір 184 елде бекітілген (КСРО — 1988 жылы). 1999 жылдан бастап ЮНЕСКО-ның бас директоры — Коитиро Мацура. 2005 жылы ол 4-жылдық мерзімге қайта сайланды.
XX ғ. ЮНЕСКО-ның аса мәнді жобалары мыналар: II дүниежүзілік соғыс жылдарында әскери әрекеттерден зардап шеккен кітапхана және мұражай қорларын қалпына келтіру; Азияда, Африкада, Латын Америкасында бастауыш білім беру жүйелерін дамыту; құнды еңбектерді аудару, тікелей байланыстар орнату арқылы Батыс пен Шығыстың арасында мәдени алмасуды дамыту; дамушы елдердегі сауатсыздықты жойып, "негізгі білім беру" жүйесін қалыптастыру (оқу орталықтары Камбоджада, Үндістанда, Таиландта, Оңтүстік Кореяда, Либерияда, Түркияда, сондай-ақ бірқатар, Латын американдық елдерде, Таяу Шығыс елдерінде); өркениет ескерткіштерін сақтау. 1959 ж. ЮНЕСКО-ның қамқорлығымен Мәдени құндылықтарды сақтау және қалпына келтіру бойынша Халықаралық комитет жұмыс істей бастады
3
Шыңғысхан(1206-1227)
7
Үгедей(1229-1241)
Гүюг(1246-1248)
Мөңке(1251-1259)
Құбылай(1260-1294)
Тоныкөк(1333-1370)
20-билет
1. ХV – ХVІІ ғғ. қазақ халқының ауыз әдебиеті.
2. Қазақстан экономикасының соғыс жағдайына (1941-1945 жж.) бейімделуі.
3. Әмір Темір жорықтары туралы кестені толтырыңыз.
Жауабы:
1. ХV – ХVІІ ғғ. қазақ халқының ауыз әдебиеті.
Қазақ халқының жан дүниесі,ой-арманы,тұрмыс тіршілігі мазмұны терең,көркемдігі жоғары,құнарлы қазына-ауыз адебиетімен кең өрістеді. XV-XVII ғасырларда қазақ ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған халық арасынан шыққан талантты адамдар – ақындар мен сал серілер болғаны белгілі:
Жыраулар мемлекеттік,ұлттық мәселелер жөнінде,адамгершілік ар-намыс,адам өмірі туралы өлең тілінде ой толғады.
Сал-серілер суырып салма ақындығымен қатыр,ән шығарып,оны өзі орындайтынжезтаңдай әнші болды.
Серілердің әндері нәзік әндермен,өлең ұйқасының шебер үйлесуімен ерекшеленеді.
Жыраулар мектебінің белгілі өкілдері — Қазтуған, Асан қайғы (XV ғасыр), Доспамбет жырау (XVI ғасыр), Шалкиіз жырау (1465—1560 жылдары), Жиембет жырау, Марқасқа жырау (XVII ғасыр), Ақтамберді жырау (1675—1768 жылдары), Тәтіқара ақын (XVII ғасыр), Үмбетей жырау (1706—1778 жылдары), Бұқар жырау (1693—1787 жылдары), Шал ақын (1748—1778 жылдары), Жанақ ақын (1770—1856 жылдары), т.б. жатады. М.Әуезов жырау деген атакка ие болған шығармашылық өкілінің өз ортасында ерекше салмағы бар қоғамдық тұлға екендігін айта отырып, оның негізгі функциясы елеңшілік емес, елге басшылық жасап, басалқы айту болатын олар хан қасындағы қалың елдің ішінен қосылған қариялар кеңесінің өкілдері деген тұжырым жасайды. Жыраулар шығармашылығының ақындық поэзиядан негізгі ерекшелігі — жыраудың тек үлкен эпостарды жырлайтындығымен ғана емес, елдің іргелілігі үшін ақылгөйлік, көрегендік, даналық сөздер айтатын көсемдік табиғатымен тікелей байланысты. XVIII—XIX ғасырлардағы жыраулар поэзиясында еліміздің тарихы көрініс тапқан. Тек ауыз әдебиеті шығармаларын тарихи дереккез ретінде қарастырғанда, біз бірінші кезекте әрбір тарихи деректің дәлдігімен қатар тарихи оқиғалардың желісін іздейміз. Ақындар шығармашылығы Қазақ халқының XV-XVII ғасырлардағы рухани мәдениеті әткен замандар мәдениетімен, оның ең құнды дәстүрлерімен сабақтас болды.Ауыз әдебиеті мазмұны жағынан барынша байып, жетілді. Тарихи өлең-жырлардың негізгі тақырыбы — қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы күресі болды. XV ғасырдың соңы — XVII ғасырдың бас кезі қазақ халқының өз алдына дербес хандық құрып,феодалдық мемлекеттің іргетасын қалап, нығая бастаған кезі. Осы кезден қазақ халқының ұлттык, мәдениетінің езіндік бет-бейнесі айқындала бастады. Ол, әсіресе халықтың әдебиетінен, қолөнерінен және әдет-ғұрпынан байқалады. XVI ғасырдың мәдени мұрасы — кейбір жазба ескерткіштерінің таза қазақ тілінде жазылуы соның дәлелі (“Құтты білік", "Ақиқат сыйы", "Жылнамалар жинағы", т. б.). XV—XVII ғасырларда өмір кешкен ақын-жыраулардыңпоэзияларынан халықтың ой-ерісін, салт-санасын, тілек-мақсатын айқын аңғарамыз. Олар толғауларында халықтың небір нәзік сырларын, келер ұрпаққа айтар өсиетін, мұң-мұқтажын, қуаныш-сүйінішін, қайғы-қасіретін аша білді. Біз оны XV—XVII ғасырларда өмір сүрген қазақ даласының қоғамдық-саяси, әлеуметтік ой-пікірлерінің көшбасшысы болған жыраулар:Доспамбет,Сыпыра,Қазтуған,Асан қайғы ,Бұқар жырау толғауларынан байқап білеміз.
