- •7. Ажж Құру мақсаттары және міндеттері
- •9. Ажж құрамдастары және қамтамасыз етулері
- •10. 40. Ажж классификациясы
- •23. Қалпына келмейтін жүйелердің сенімділігі
- •28. 3D үшөлшемдік графика бағдарламалық кешені
- •26. Автоматтандырылған жобалау жүйелері заманауи өндірісте
- •31.Шетелдік өндірушілер ажж
- •34. Cals,plm жəне erp технологиясы
- •37.EdgeCam
23. Қалпына келмейтін жүйелердің сенімділігі
АЖЖ-нің сенімділігінің сандық сипаттамаларын қарастырамыз.
Мұндай жүйелер үшін кездейсоқ шаманың ықтималдық сипаттамасын Т0 – пайдаланудың басталуынан бірінші тоқтауға дейінгі дұрыс жұмыс уақытын пайдаланады. Т0 таралу функциясымен толық сипатталады:
Q(t) = Pr { Т0<t}, Q(t) = 0, t ≤ 0 (16.1)
Q(t) функциясын сенімсіздік функциясы деп атайды. Сонымен қатар сенімділік функциясын жиі қолданады:
R(t) = 1 – Q(t) = Pr {Т0 ≥ t} (16.2)
Тоқтауға дейінгі атқарымның таралу заңының дифференциалдық пішімі түрінде таралу тығыздығы саналады:
q(t) = Q'(t) = {1 – R(t)}' = – R(t)' (16.3)
Қалпына келмейтін жүйедегі тоқтаулардың пайда болу ықтималдығының шартты тығыздығы саналатын тоқтаулар қарқындығы λ(t) қолданылады.
24. АЖЖ-нің аппаратуралық сенімділігін анықтау әдістері
Жобалауды автоматтандыруда ЭЕМ-ны тиімді пайдалану сенімділігін талдау маңызды мәселе болып табылады. Ол үшін алдымен жүйенің тізбекті, қатарлас (параллель), қарапайым және күрделі элементтер түсінігін енгіземіз.
Кез келген элементтің тоқтауы жүйені толығымен істен шығаратын элементтердің қосылуы тізбекті деп аталады.
Бір ғана элемент жұмысқа қабілетті болғанда, жүйенің жұмысқа қабілеттілігі сақталатын болса, мұндай қосылуды қатарлас деп атайды.
25. АЖЖ-нің локалді есептеу желілері
Локалді есептеу желілері (ағыл. Local Area Network, LAN) – салыстырмалы түрде шағын аумақты немесе ғимараттардың шағын тобын (үй, кеңсе, фирма, институт) қамтитын компьютерлік желі.
Желілерді классификациялаудың негізгі критериі басқару амалы. Желіні немесе оның сегментін басқарушы желілік администратор деп аталады.
Желілік администратор – локалді желінің немесе оның бөлігінің жұмысына жауапты тұлға. Желінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін физикалық байланысты қамтамасыз ету және бақылау, беделді жабдықтарды және жалпы қатынауды икемдеулер желілік администратордың міндетіне жатады.
Желідегі компьютерлер өзара қосылу үшін түрлі қатынау орталарын пайдаланады: мыс өзекті металл сымдар (өрілген жұп), оптикалық желілер (оптикалық кабелдер) және радиоарналар (сымсыз байланыс технологиялары). Сыммен жалғасқан байланыс Ethernet арқылы, сымсыз - Wi-Fi, Bluetooth, GPRS және т.б. арқылы орнатылады. Жеке локалді есептеу желісі басқа желілермен шлюз арқылы байланыс құрады
Қарапайым локалді желіні құру үшін маршрутизаторлар, коммутаторлар, сымсыз қатынау нүктелері, сымсыз маршрутизаторлар, модемдер және желілік адаптерлер қолданылады. Орта түрлендіргіштері (конверторлар), сигналды күшейткіштер (түрлі қайталағыштар) және арнайы антенналар сирек қолданылады.
Локалді желілер технологиясы OSI моделінің екі төменгі физикалық және арналық деңгейлерін ғана жүзеге асырады. Бұл деңгейлердің қызмет мүмкіндігі LAN қолдайтын стандартты топология шеңберінде кадрларды жеткізуге жеткілікті. LAN топологияларына ұяшықты, сақиналы, жұлдызды, «сатылы жұлдыз», жалпы шина (сурет 25.1) құрылымдары жатады.
